Материалдар / 4-сынып оқушыларының тілдік дағдыларының дамуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

4-сынып оқушыларының тілдік дағдыларының дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәжірибені жетілдіруде жас маманның жасаған зерттеуі. Іс әрекетті зерттеу сабағына рефлексивті есебі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2022
568
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4 сынып оқушыларының тілдік дағдыларының дамуы

Қараша 2021ж

Мұғалім мектеп оқушыларына қажетті әдеттер мен дағдыларды қалыптастырып дамыта білуі керек. Ол баланы саналы түрде оқуға, жазуға және сөйлеуге үйрету. Оқушы дағдысының дамуы біркелкі болмайды. Ол әр оқушыда түрліше дамып отырады. Тілдік төрт дағды бұл тыңдалым, жазылым, оқылым және айтылым дағдылары яғни коммуникативтік дағдылар болып табылады. Ал енді өз сыныбымда, яғни 4 сынып оқушыларының тілдік төрт дағдысы қалай қалыптасқан? Балалардың қалай білім алатынын ескеретін болсақ, тыңдалым дағдысының қалыптасуына оқу пирамидасының әр бөліктерінің маңызы зор. Әр ұйымдастырылған сабағымда тыңдалымды аудио, видео жазбаларды, аялдамамен оқыту, мұғалімнің оқуы, бір-бірімен диалогке түсу, сұрақ құрастыру, талқылау арқылы жүзеге асырамын. Тыңдалым арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады. Оқушыларда тыңдалым дағдысы қалыптасқан. Айтылым тілдік төрт дағдының бірі, қарапайым тілмен айтқанда айтылым дегеніміз – өзге адамдармен қарым – қатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану. Осы орайда өзімнің 4 сыныбымда айтылым дағдысы жақсы қалыптасып келеді деп айтар едім. Себебі сөйлеу барысында кейбір әрекеттерді жиі қодлданамыз. Мысалы: Сұрақтарға жауап беру, бірнәрсені түсінбеген жағдайда түсіндіріп беруді өтіну, ым-ишара (вербальды емес тілдік нормалар) мимиканы қолдану,оқиғаларды баяндап беру, бір-бірінің ойын толықтыру. Жазылым продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни продуктивті дағды дегеніміз тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Қағаз бетіне түсіруде әрине сауаттылықты, көркем және таза жазуға бала дағдылану керек. Яғни орфографиялық қатесіз жазу, әріптерді дұрыс және қосып жаза білу, пунктуацияны дұрыс қолдану сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу. Жазылымды барлық пәндерден көруге болады. 4 сыныпта жазылым дағдысы 66,6 пайызды құрайды. Оқушылардың барлығы жазуды меңгерген, әріптерді дұрыс және қосып жазады, алайда көбінде таза, көркем, сауатты жазуда қателіктер жібереді. Ал кейбір оқушылар сауаттылыққа қатысты дағдыларды сақтайды. Бұларды қайдан көріп байқауға болады? Әсіресе қазақ тілінен жазба жұмыстарын жүргізгенде, яғни сабақ барысында болатын жазылым түрлерінде оқушылар өз-өздерін және бір-бірлерінің жұмыстарын бағалағаннан және өзіміз әр жұмысты бақылап бағалаудан көруге болады.Осындай кедергілерді жоюда оқушыларға кері байланысты, түсіндірмелерді тиімді, нақты беру керек. Оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтудан гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. Былайша айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Сыныпта оқушылардың барлығы дерлік оқуды меңгерген, бірақ көбінде тереңінен түсініп оқу, қатесіз оқу жеткіліксіз болып отыр. Осы оқылым дағдысын әлі де дамытуда алдын-ала мәтінмен танысу әр сөздеріне мән бере отырып оқу тапсырмаларын беремін. Мәтіндерді сабақ үрдісінде мақалмен байланыстыру арқылы жүзеге асырдым.











Сынып жетекші: Айнамкөз Аманғалиқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!