Материалдар / 4-сыныпқа арналған вариативті пәнге бағдарлама "Әдебиет әлемі"

4-сыныпқа арналған вариативті пәнге бағдарлама "Әдебиет әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қырқүйек 2020
1859
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат


Бұл «Әдебиет әлемі» бағдарламасы «Әдебиеттік оқу» оқулығына қосымша оқу құралы ретінде, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрастырылды. Бұл ретте бастауыш сыныптың оқу бағдарламасы басшылыққа алынды. Бағдарлама бағдарламадан, әдістемелік құралдан және дидактикалық материалдардан тұрады.

Қазіргі кезде мектептің алдына қойылатын мақсат – бастауыш сыныптарда қолданылатын технология жеке тұлғаның ойдағыдай қалыптасуына ықпал етіп, баланың өзімен - өзі ,айналадағы адамдармен, отбасымен, құрбы – құрдастарымен дұрыс қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеуді іске асыратындай болуға тиіс.

Жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті өлшемдер: бала өзгермелі жағдайларға үнемі икемделіп, өзінің бойында бар мүмкіндіктерін, туғаннан берілген нышандарын толық жарыққа шығара алатындай болғаны дұрыс.

Бүгінгі бала, ертеңгі азамат, мемлекетімізді ары қарай дамытушы тұлға. Сондықтан да білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланады. Бастауыш сатыдан бастап білім беру процесімен бірге тәрбие де жүреді.

Бағдарлама төмендегідей тараулардан тұрады. Мұнда халық ауыз әдебиеті үлгілері, жерлес ақын-жазушылардың шығармалары ,еңбектері, елге сіңірген еңбектері енгізілді. Соның нәтижесінде жас шәкірттің ой-өрісін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес дамыту ескерілді.


Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың ана тіліне қабілетін,қиялын, ойлауын, есте сақтауын, шығармашылық дағдыларын дамыту.


Бағдарламаның міндеті: Оқу сапасын ( дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

ақын –жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін , негізгі мазмұнын білгізу;

Оқушы қиялын, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін ұштау;


Бағдарламаның өзектілігі:

1. Білім беру процесінде жауапкершіліктің бір бөлігін оқушылардың өздеріне жүктеу.

2. Баланың білім мен білігін қалыптастыру үшін - айналадағы адамдар мен әлеуметтік қарым – қатынасқа түсу.

Оқушыларды әдебиетке баулуда оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата – ана арасында байланыс нығайып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығып, танымдық, шығармашылық қабілеттері артты. Ал, тәжірибе көрсеткендей, шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушының дүниетанымы артады.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылардың пәнге деген танымдық, шщығармашылық қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ынтасы дами түсті.

2. Білуге , үйренуге деген қызығушылықтары артты, ата-ана тарапынан баласына керекті кітаптарды тауып беріп, көмек көрсету жақсарды.

3. Кітапханамен тығыз байланыс орнады.

4. Оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сөздік қоры , ойлау қабілеті артты.

5. Оқушылардың ізденімпаздығы артып,шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланды.

6. Әр тақырып бойынша қосымша ізденіп оқу керектігіне дағдыланып, шапшаңдыққа, жинақылыққа , бәсекелестікке қабілеттілігі артты.

7. Республика, облыс, аудан көлемінде танымал , белгілі жерлес қайраткерлеріміз туралы кеңірек тани отырып, сөз маржанын теріп, мағынасына терең бойлап, жүйелі сөз , ақылды ой айта білуге үйренді.

8. Оқушыларда өздеріне деген сенім, үлкен жауапкершілік пайда болды. Өздерін дара тұлға ретінде сезініп, көп білуге ізденеді, қиялдары артады.

Таңдау пәнінің бағдарламасы. 4 -сынып.

- Орфографиялық талаптарға сай оқу

- Дыбысты, буынды, сөзді түсірмей анық айту.

Түсініп оқу:

- Сөз, сөйлем мәнін ұғынып оқу

- Дауыс ырғағын сақтап оқу

Шапшаң оқу:

- Бірінші жарты жылдықта 85– 90 сөз оқу

- Екінші жарты жылдықта 90 – 95 сөз оқу

Мәнерлеп оқу:

- Әуезді сазды ерекшелігін сақтау

- Сөз екпіндісін дұрыс қойып оқу

- Ой екпіндісін дұрыс қойып оқу

- Кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқу

Берілетін білім:

- Ауыз әдебиеті үлгілерін білу

- Қазақ балалар әдебиетінің поэзиялық және прозалық шығармаларын

білу.

- Оқыған шығарманың авторын білу

- Жанрлық ерекшелігін білу /өлең, мысал, әңгіме/

- Бастапқы әдеби түсінікті білу /пейзаж, сюжет, тақырып, негізгі ой, портрет, мінездеме, юмор, монолог, диалог)

- Жоспар құра білу

- Шығармадағы оқиғаны сақтап айта білу

- Шағын шығарманы толықтырып құрастыра білу

- Сынып бойынша белгіленген 4-5 үзінді, 6-9 өлеңді жатқа айта білу

- Жыл бойына 6 мазмұндама, 5 шығарма жазу

- Балаларға арналған басылымдарды пайдалана білу

- Сахналық көріністі көрсете білу.





«Әдебиет әлемі» пәні бойынша бағдарлама мектептің бастауыш сатысының

4 сыныбына арналған.

Бағдарламада оқу аясы төмендегідей:

1.Ауыз әдебиет үлгілері.

2.Қазақ балалар әдебиеті ақын-жазушылардың көрнекті шығармалары.

3.Білім өмір шырағы.

4.Туған елім – Туған жерім.

5.Өткен өмірден.


Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет деп түсінді.

Образдап ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол қоғам дамуының қай саласында туды дейтін мәселе төңірегінде сан-салалы пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде фольклор сөз өнері ретінде қалыптаса қойған жоқ еді дейтін пікірге сайып келсе, белгілі орыс ғалымы В.Е.Гусев мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс берген. Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор шығармалары мен халық поэзиясының табиғаты өзара жақын. Осыған біз «халық ауыз әдебиеті» деген атауды да қосып жүргенін білеміз.Халық әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның тікелей жемісі болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес.Алғашқы қоғам дамуының белгілі бір сатысында, жазба мәдениеті шыққан кезеңде туады да, оның өмір көріністерін белгілі бір көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль және жанр ерекшелігінде суреттеп көрсететін жеке айтушылары болады. Ауыз әдебиеті болса,көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық арасынан шығып отырған. Келе-келе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің арналы екі саласын жасаған.


Тақырыптар

Сағат

саны

Мерзімі


Ескерту


1

Кіріспе.

1



2

Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.

1



3

Күнді қарсы алу.

1



4

Білім өмір шырағы.

1



5

Өнер-білім бар жұрттар

1



6

Әдептілік әліппесі

1



7

Оқу - білім бұлағы

1



8

Жақсылардың жақсысы.

1



9

Мұғалім.

1



10

Ақыл мен арман

1



11

Жаңылтпаш айтып, жұмбақ шешіп, мақал- мәтел жаттайық.

1



12

Халық ауыз әдебиеті

1



13

Бесік жыры

1



14

Төрт түлік жырлары

1



15

Тазшаның өтірік өлеңдері

1



16

Жұмбақ,мақал,жаңылтпаш.

1



17

Қазақ балалар әдебиеті

1



18

Ыбырай Алтынсарин.

1



19

Абай Құнанбаев.

1



20

Сұлтанмахмұт Торайғыров.

1



21

Қадыр Мырза Әли

1



22

Бердібек Соқпақбаев.

1



23

Мұқағали Мақатаев

1



24

Шешендік сөздер.

1



25

Туған елім – туған жерім.

1



26

Туған жер. Туған тілім.

1



27

Мен елімді сүйемін.

1



28

Отан.

1



29

Астана - ақ ордам.

1



30

Қазақ даласы.

1



31

Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш

1



32

Батыр Бауыржан

1



33

Ол ақын болар ма еді?

1



34

Қорытынды сабақ

1


770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ