400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

4 сыныпта математикадан үй тапсырмасының форматы

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпта математика сабағынан үй тапсырмасын беру туралы өз тәжірибемнен алынған ақпарат. ЖБМ бойынша үй тапсырмасын берудегі түрлі әдістердің тиімділігі жайында. Білім алушының жас ерекшелігі мен қабілетін ескеру арқылы математикадан үй тапсырмаларын берудің тәсілдерімен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 сыныптағы математикадан үй тапсырмасының форматы

Математика бойынша бастапқы білім - сыни тұрғыдан ойлу қабілетін дамытады, зерттеу және қарым – қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың дағдыларын қалыптастырады.

Бастауыш сынып білім алушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, заңдылықтарды анықтауды, математикалық тілдің терминдерін игереді. Нәтижеде оқу білімге негіз болады.

Жаңартылған оқу мазмұны негізінде дайындалған математика оқулығы жеңілден күрделіге қарай бағытталған. Бөлімдер мен бөлімшелердегі білім негіздері жыл сайын толықтырылып, білім алушының сауаттылығын дамыта түседі. Жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушыларына арналған математика оқулығы 4 бөлімнен құралған. Осы оқулықтарда (Математика, Алматыкітап-2019, 3 – бөлім) сабақ барысында бірнеше тапсырмалар қамтылған. Олар алдымен тақырып мазмұнын ашатын, білім алушының жаңа біліммен өткен білімді ұштастыра алуына мүмкіндік береді. Білім алушы сабақ үдерісінде:

  • Есептерді арифметикалық және алгебралық тәсілмен орындайды;

  • Топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындайды;

  • Зерттеу тапсырмалары;

  • Сыни ойлау дағдыларына да тапсырмалар орындайды.

Математика оқулығының тиімді тұсы «үй тапсырмасы» ретінде ұсынылатын жұмыс алдын -ала берілген. Бұл мұғалімнің уақытын және шешімін жеңілдетсе, екінші жағынан білім алушы тапсырманың қандай болатынын алдын- ала біліп бағытталуына мүмкіндік береді.

4 сыныптағы білім алушының жас ерекшелігін ескеретін болсақ, кейде дайын белгіленген «үй тапсырмасының» жеңілдеу берілуі де мүмкін. Мұндай жағдайда мұғалім шеберлігі мен ұстанымы басты рөл ойнары сөзсіз.

Үй тапсырмасы - білім алушының бүкіл оқуының бөлінбес бір бөлігі. Сондықтан да оқулықта автор (оқу стандарты) нақтылаған үй тапсырмасына қосымша ретінде сол оқу мақсатында көзделген критерилерге сай келетін бірнеше тапсырмалар бөлігін де ұсынуға болады.

4 сыныпта білім алушының басым көпшілігі күрделі теңдеудің алгоритмін өте жақсы меңгерсе, теңдеу шешуді жеке жұмыс ретінде ғана орындап қалған бөлігін үй тапсырмасына енгізуге болады.

Көптаңбалы сандарды екі-үштаңбалы сандарға көбейту мен бөлу алгоритмін де балалар жетік меңгереді. Осында типтегі тапсырмаларды беруге де мүмкіншілік бар.

Математикадан үй тапсырмасын беруде оқушының қабілетін, деңгейін ескере отырып та ұсынуға болады. Үй тапсырмасын жалпы сыныпқа 100 пайыз бір нұсқадағы есепті беру шарт емес. Мысалы жазықтық фигураларын жасау, оның ерекшеліктерін білу, білім алушының айтылым дағдысын дамытуға септігі тиеді. Бұл тапсырманы орындау барысында (цилиндр, куб, пирамида) бала үйде өзі ғана емес, отбасы мүшелерінмен жасауына мүмкіндік алады. Бұл тапсырма бір сәт болса да отбасы мүшелерінің бірігуіне, ұйымдасуына ықпал етеді.

Үй тапсырмасын орындауда балаға отбасы мүшелерінің білім деңгейі әсер етеді. Кейбір балалар үнемі көмекке мұқтаж болары сөзсіз. Егер отбасы мүшелерінің көмек қолын созбауы оның оқуға деген ынтасын әлсіретуі де мүмкін.

Білім алушының үй тапсырмасын орындауындағы белсенділік пен олқылықтарды мұғалім үнемі байқап, бақылап отырады. Үй тапсырмасын орындауда кедергілерге тап болған баланы сабақ барысында бақылап, бағыт берілсе қателік өз шешімін табуы тиіс.

Мен өз тәжірибемде үй тапсырмасына басты назар аударуға мән беремін. Үй тапсырмасын қалай орындау керектігіне сілтеме беруге тырысамын. Әрбір үй тапсырмасы алдын -ала сараланып, талдануы тиіс. Білім алушы үйде өзі жеке орындай ала ма, қанша уақыт кетуі тиіс, сабақта ұқсас тапсырма орындалды ма, бала соны ескереді деген ықтимал пайымдау болғаны дұрыс.

Осы тақырып аясында көптеген пікірлерді саралап оқып шықтым. Шетелдік әріптес, білім саласының докторы, педагог Dr. Cathy Vatterott пайымдауынша : үй тапсырмасын беруде тек қана баланың білім деңгейі емес, ата -анасының да сауаттылығын ескере жүрген абзал – депті.

Мен бұл пікірді қолдаймын. Балаға үй тапсырмасын беруде «таразының басының бірінде Сіз мұғалім тұрсаңыз, екінші жағында Ата-ана тұратын секілді ... . Менің көз алдыма солай елестегендей болды.

Үй тапсырмасын беруде саралау әдісін қолданып, білім алушының қабілетін ескере отырып түрлі форматта ұсынуға болады.

Логикалық есептерді шешуде – зерттеу (тәжірибе жасау) арқылы орындау берілсе, қабілетті балаларға ұсынып оны келесі күні сабақта сыныптастарына көрсетуіне (демонстрациялау) де болады. Сынып ішінде қызығушылық арта түседі. Мұндай үй тапсырмалары – баланың ғылыми зерттеу жұмыстарына бастау болады

Математикадан үй тапсырмасы көп емес, үйіп-төгілген деңгейде емес; білім алушының кешегі және бүгінгі алған білімімен ұштасатын, қабілетіне қарай, практикалық та шығармашылық түрде ұсынуға болады.



Абдуажитова К.М

Степногорск қаласы, Қаныш Сәтпаев атындағы №9 ЖББОМ

бастауыш сынып мұғалімі





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
576
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі