4 сыныптың математика пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

4 сыныптың математика пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Математика

Мектеп: 23

Машықкердің аты – жөні: Оспанова Аяулым Бекзатқызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сыныбы: 4 «А»

Күні: 10.02.2021

Тақырыбы: Таңдап алу тәсілімен шығарылатын комбинаторлық есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме):

4.4.4.1 «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Комбинаторлық есептердің анықтамасын біледі, түсінеді

Көпшілік оқушылар:

«Таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығара алады

Кейбір оқушылар:

Берілген есептерді таңдап алу әдісі бойынша шығара алады

Бағалау крийтерилері

«Tаңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығара алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

«таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді қалай шығаруға болатынын түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

«таңдап алу» әдісі, комбинаторлық есептер.

Диалогке/жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы.

Талқылау:

Комбинаторика қандай сұрақтармен айналысады?

«Таңдап алу» әдісін түсіндіріп бер?

« Таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді қалай шығаруға болады?

Жазу:

Есептердің шешуін жазу.

Алдыңғы меңгерілген білім

Комбинаторлық есептер.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурс

тар

Сабақтың басталуы

Амандасу

Психологиялық ахуал

«Жылы жүрек – жақсы тілек»

Оқушылар ортаға шеңбер құрып тұрады да, алдын-ала үрленген шарларды алып, сыртына тілек жазады. Барлығы тілектерін жазып болған соң, шарды бір-біріне лақтырады. Әр оқушы өзіне жазылған тілекті оқып, бір-біріне алғыстарын айтып, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Фломастерлер, түрлі түсті шарлар

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

Комбинаторлық есептер – берілген нысандардан есепті шығару барысында бір немесе басқа да шарттарға бағынатын түрлі комбинация жасауға және түрлі комбинациялардың санын санауға тура келетін есептер.

Жай есептер түрлі кесте немесе сызба жасамай-ақ, мүмкін болатын тәсілдерді әдеттегідей толық таңдап алу арқылы шығарылады.

Қарапайым жағдайларда біз өзімізге қажетті барлық түрлі комбинацияларды жазып және олардың санын анықтай аламыз.

Мысал. Берілген үш пәннен үй жұмысына дайындалудың мүмкін нұсқаларын табыңыз




1 – тапсырма

Оқушылар оқулық бойынша берілген тапсырманы орындайды.

Би үйірмесіне Арман, Серік, Ерлан, Нұрлан, Дана, Айна, Әлия, Маржан қатысады. Ұлдар мен қыздар қандай би жұптарын құра алады?

Дескриптор:

  1. Оқушылар ережені қолдану арқылы есепті шығара алады.


2 – тапсырма

«Кім жалдам?»

Оқушылар кесте бойынша берілген есептерді шығарады. Көрсетілген кесте бойынша өрнектер құрып, олардың мәнін табады.


d

c

d + c + 3

45 146

648

d – (c - 369)

9 825

986

d * 3 + * 2

6 959

473

Дескриптор:

  1. Оқушылар кесте бойынша өрнектер құрып, оның мәнін таба алады.


3 – тапсырма

«Ойлан, жұптас, бөліс» тапсырманы «таңдап алу» әдісімен орындайды.

Егер сандарды жазуда цифрлар қайталанбайтын болса, онда 1, 2, 3 цифрларынан қанша екі таңбалы сан құрастыруға болады.

Дескриптор:

  1. Барлық мүмкін жағдайларды көрсетеді;


4 – тапсырма

Егер сандарды жазуда цифрлар қайталанбайтын болса, онда 1, 2, 3, 4, 5 цифр­ларынан қанша екі таңбалы сан құрастыруға болады?

Дескриптор:

  1. Оқушылар барлық мүмкін болатын жағдайларды көрсетеді;

  2. Есептерді таңдап алу әдісі арқылы орындайды.





































Оқулық, дәптермен жұмыс







Карточкалар, дәптермен жұмыс









Оқулық







Дәптермен жұмыс

Сабақтың аяқталуы

Кері байланыс

«Алақан» әдісі

Оқушылар берілген ақ бетке сол қолын немесе оі қолын бастырып сызады. Содан кейін:

Бас бармаққа – Сабақтан не ұнағанын;

Сұқ саусаққа – Өзіне сабақтан не алғанын;

Ортаңғы саусаққа – Сабақта не кедергі болғанын;

Аты жоқ саусаққа – Тағы не білгісі келетінін;

Шынашаққа – Тілек жазады;


Ақ қағаздар, қалам


Пән

Сынып

Тақырып

Мақсаты

Құрал - жабдықтар

Әдіс - тәсілдер

Сабақтың нәтижесі

Математика

4 «А»

Таңдап алу тәсілімен шығарылатын комбинаторлық есептер

4.4.4.1 «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару


Шарлар, фломастерлер, оқулық, дәптер, карточкалар, А4 форматындағы қағаздар

«Жылы жүрек – жақсы тілек», «Кім жылдам?»

«Ойлан, жұптас, бөліс», «Алақан» әдістері

Бүгінгі сабақта оқушылар таңдап алу әдісі арқылы есептерді шығаруды үйренді. Ең алдымен таңдап алу әдісі және комбинаторлық есептердің анықтамаларымен танысып алды. Оқушылар тақырыпты тереңінен түсіну үшін әртүрлі бағыттағы есептерді шығарып, тақырып бойынша білімдерін кеңейтті.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.05.2021
809
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі