2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / 4кл Кітап-сарқылмас бұлақ ҚМЖ тәрбие

4кл Кітап-сарқылмас бұлақ ҚМЖ тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
4кл Кітап-сарқылмас бұлақ ҚМЖ тәрбие
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

«Кітап -сарқылмас бұлақ» /

«ЖКО-да зардап шеккен балалар жарақаттарының негізгі түрлері мен себептері» ЖЖЕ №5

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

27-САБАҚ

4 -сыныптар:«Тамақпен эксперимент жасаудың қауіптілігі»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға кітаптың маңыздылығы туралы түсінік беру, кітапқа деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оқу мәдениетін дамыту.

Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында салауатты өмір салты негіздерінің құрамдас бөлігі, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығына дұрыс қарауға дағдыландыру.

Дәйексөз

«Патриотизмі жоқ халық жаны жоқ тәнмен тең»

Құндылық

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

- Психологиялық ахуал қалыптастыру.

- Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру.

-Қызығушылықты ояту: (Миға шабуыл)

Мұғалім жұмбақ жасырады:

Қабат - қабат қаптама, ақылың болса таптама.Кітап

Үнсіз тілдесесің,

Өзімен күнде өсесің. Жауабы: Кітап

Бір сандық бар өзгеше,

Қолыңа алып жүресің.

Ішін ашып ақтарсаң

Өмір сырын білесің. Жауабы: Кітап


Қойған жеріңде жатады,

Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады.Жауабы: Кітап


- Мұғаліммен амандасады.

- Сабаққа дайындалады.

- Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Компьютер





Сабақ басы (10 мин)












ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

27 САБАҚ. «ТАМАҚПЕН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖАСАУДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ»


Денсаулықтың қадірін Саулық – байлық негізі.

Тазалық – саулық негізі Ауырғанда білерсің.

Көзің ауырса қолыңды тый Ауырмайтын жол ізде.

Ауырып ем іздегенше Ішің ауырса, аузыңды тый.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызда не туралы айтылады?

- Денсаулық және оны сақтау туралы.

3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

«Пайдалы және онша пайдалы емес тағамдар» ойыны

- Мен тағам түрін атаймын, егер ол пайдалы болса, шапалақтаймыз, ал пайдалы болмаса, жұдырығымызды түйеміз.

Қолданылатын сөздер: алма, торт, қияр, балық, тәтті, сәбіз, ірімшік, зефир, чупа-чупс, мармелад, сыр, бұрыш, сүт, бал. Әңгіме не туралы болады?

4.Сабақтың негізгі бөлімі Тақтадан не көріп тұрсыздар?


- Иә, бұл тамақтандыру фирмаларының логотиптері. Сіздер олар туралы білесіздер ме, олардың өнімдерін жеп көрдіңіздер ме? Ұнай ма? Оларды қандай тағам түріне жатқызуға болады? (пайдалы, не зиянды тағам).


- Кімнің телефонында бұл қосымша жүктелмеген?

- Бұл қосымша туралы білетіндеріңізді айтып беріңіздер (балалардың жауабы).

- TikTok – бұл қолданушыларға кез келген тақырыпқа арналған 15 секундтық бейнероликтерді дайындауға және жариялауға мүмкіндік береді.

«TikTok» әлеуметтік желісінде балалар челлендждерді іздейді, ал олар қауіпті болуы мүмкін.

- Челлендждер әртүрлі болады: қауіпті, зиянсыз, ал кейде пайдалы.

- Қаралған бейнеролик қай топқа жатады?

- Енді олар қандай қауіп төндіретінін талқылайық.

5. Бекіту.

-Естеріңізде болсын, адам денсаулығы бәрінен маңызды. Өзіңді және денсаулығыңды сақта!

6. Қорытынды. Рефлексия.

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

- Мен бүгін досыма қандай кеңес беремін?



























































Пайдалы сілтемелер:



https://youtu.be/jYGQOcCA2JM?si=sVmJrYSo6iKba6mg


https://youtu.be/FgLou94O9RQ?si=gAgjLQwPYw65mIfI





Ортасы (30 мин)


Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,

Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.

Әрі ақылшың – рухани қазынаң,

Құнды байлық баға жетпес бұл өте - деп ақын жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі – осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.


Мұғалім «Кітап – сарқылмас бұлақ» мәтінін оқып береді.

Оқушылар мәтінді түсініп оқиды.

Мәтін.

Кітап – біздің ең жақын досымыз. Ол бізге көптеген қызықты оқиғаларды айтып береді, жаңа нәрселерді үйретеді. Кітаптан біз ертегілерді, өлеңдерді, ғалымдардың ашқан жаңалықтарын оқимыз.

Кітап – білімнің бұлағы. Су болмаса, ағаштар мен гүлдер өспейді. Ал кітап болмаса, адам білімсіз қалады. Кітап арқылы біз әртүрлі елдер мен халықтар туралы білеміз, үлкендердің ақылын тыңдаймыз.

Кітапты таза, ұқыпты ұстау керек. Кітапты жыртпай, шимайламай, мұқият оқып, сөреге ұқыпты қою – әр оқушының міндеті.

Кітап – сарқылмас бұлақ. Неғұрлым көп оқысақ, соғұрлым ақылды, білімді боламыз!


Мәтін бойынша сұрақтар қою:


Кітап бізге қандай пайда әкеледі?

Кітаптан қандай мәліметтерді оқи аламыз?

Неліктен кітапты білімнің бұлағы деп атайды?

Егер су болмаса, не болады?

Бұл ой кітаппен қалай байланысты?

Кітап арқылы біз не туралы білеміз?

Кітапты қалай ұстау керек?

Кітапты таза, ұқыпты ұстау не үшін маңызды?

«Кітап – сарқылмас бұлақ» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

Сен қандай кітаптарды оқығанды ұнатасың?

Кітап оқудың адам өміріндегі маңызы қандай?


-Кітап туралы білетін өлеңдерін оқушар оқиды.


Топтық жұмыс: «Кітап – досымыз» постер жасау.

Оқушылар өз жұмыстарын таныстырады.

Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.



Жол-көлік оқиғалары (ЖКО) балалар үшін үлкен қауіп төндіреді. Балалардың жарақаттануының негізгі себептері мен олардың түрлерін білу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады.


1. Балалар жарақаттарының негізгі түрлері

ЖКО кезінде балалар әртүрлі жарақат алуы мүмкін. Ең жиі кездесетін жарақаттар:


Бас жарақаттары – дулыға кимеген велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерде кездеседі.

Сынулар мен шығып кетулер – көлік соқтығысқанда немесе құлаған кезде пайда болады.

Ішкі жарақаттар – қауіпсіздік белдігін тақпаған балаларда жиі кездеседі.

Кесу және жаралану – әйнек немесе көлік бөлшектерінен зақымдану нәтижесінде пайда болады.


2. ЖКО себептері

Балалар жолда жарақат алуының негізгі себептері мыналар:


Жол қозғалысы ережелерін білмеу немесе сақтамау


Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту

Қызыл шамда жүгіру немесе велосипедпен өту

Көліктің алдынан немесе артынан кенеттен жүгіріп шығу

Көлік жүргізушілерінің жауапсыздығы


Жылдамдықты асыру

Жаяу жүргіншілерге жол бермеу

Мас күйінде көлік жүргізу

Велосипед және самокат қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтамау


Қорғаныш құралдарын кимеу (шлем, тізеқап, шынтаққап)

Жолда қауіпті маневр жасау

Автокөлікпен қатар жүру

Ата-аналардың немқұрайлылығы

Балаларды көлік ішінде арнайы орындығысыз алып жүру

Қауіпті жерлерде ойнауға рұқсат беру

3. ЖКО алдын алу шаралары

Балаларға жол қозғалысы ережелерін үйрету

Қорғаныш құралдарын міндетті түрде пайдалану

Қауіпсіздік белдігін таққанын қадағалау

Жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге мұқият болуын талап ету


Оқушылар оқиды, тыңдайды

-оқышылар сұрақтарға жауап береді.

1-оқушы: Адамның досы – кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

2-оқушы: Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысаң кітап сырын алып неден.

3-оқушы: Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

4-оқушы: Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,

Өседі сол кітаптан бұлақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көктеп.

5-оқушы: Кітаптар - бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап ап,

Көтеріп күйін көңілдің.

6-оқушы: Айдың шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір,

Татпасаң нәрін шөлдерсің











Соңы


(2 мин)




«Кітап – сарқылмас бұлақ» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?






Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі


презентация















































Мәтін.

Кітап – біздің ең жақын досымыз. Ол бізге көптеген қызықты оқиғаларды айтып береді, жаңа нәрселерді үйретеді. Кітаптан біз ертегілерді, өлеңдерді, ғалымдардың ашқан жаңалықтарын оқимыз.

Кітап – білімнің бұлағы. Су болмаса, ағаштар мен гүлдер өспейді. Ал кітап болмаса, адам білімсіз қалады. Кітап арқылы біз әртүрлі елдер мен халықтар туралы білеміз, үлкендердің ақылын тыңдаймыз.

Кітапты таза, ұқыпты ұстау керек. Кітапты жыртпай, шимайламай, мұқият оқып, сөреге ұқыпты қою – әр оқушының міндеті.

Кітап – сарқылмас бұлақ. Неғұрлым көп оқысақ, соғұрлым ақылды, білімді боламыз!

Кітап бізге қандай пайда әкеледі?

Кітаптан қандай мәліметтерді оқи аламыз?

Неліктен кітапты білімнің бұлағы деп атайды?

Егер су болмаса, не болады? Бұл ой кітаппен қалай байланысты?

Кітап арқылы біз не туралы білеміз?

Кітапты қалай ұстау керек?

Кітапты таза, ұқыпты ұстау не үшін маңызды?

«Кітап – сарқылмас бұлақ» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

Сен қандай кітаптарды оқығанды ұнатасың?

Кітап оқудың адам өміріндегі маңызы қандай?











07 Сәуір 2025
251
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі