Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
§50.Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
10 сынып ЖМБ №25
ДӘІЖО___________
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«»
КММ
(білім беру ұйымының
атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі. §50.Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі.
(Сабақ тақырыбы)
Бөлім: |
Бөліп шығару |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Күні: |
|
Сыныбы: 10 «ә,б» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі. §50.Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
10.1.5.1- зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру; |
Сабақтың мақсаты: |
зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіреді; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы Бұрынғы білімін еске түсіру |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау. «Бір қадам алға..» әдісі арқылы өткен материалды және үй жұмысын пысықтау мақсатында тапсырма беру. Бұрыңғы кілт сөздер: 1. Ацетил-КоА түзілуі 2. Цитрат түзілуі 3. Изомеризация 4. Декарбоксилдену реакциялары 5. Сукцинил-КоА түзілуі 6. Сукцинаттың түзілуі 7. Фумарат және малат түзілуі 8. Оксалоацетаттың қайта түзілуі |
Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды. Оқушылар үй жұмысы бойынша өткен білімдерін еске түсіреді. Берілген тапсырманы орындайды. |
Дескриптор: -тапсырманың әр дұрыс жауабы үшін -1 балл; -әр кілт сөздің дұрыс мазмұны үшін - 1 балл; |
Интерактивті панель, презентация |
Оқушылардың назарын аудару |
«Ой қозғау» «Үш үрдіс» Дәйек сөз немесе цитата: "Бүйрек – организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтаушы ең маңызды орган, ол қанды сүзгіш ретінде жұмыс істеп, өмірлік маңызды теңгерімді қамтамасыз етеді." — Генри Г. «Қызықты деректер» - Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді. |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019ж
|
Сабақтың мақсатын таныстыру |
10.1.5.1- зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру; Дәйек сөз немесе цитата: "Бүйрек – табиғаттың керемет сүзгісі, ол тіршілікті сақтауға қажетті тепе-теңдікті қамтамасыз етеді." — Гомер Смит |
Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж |
Құндылық: «жасампаздық және жаңашылдық» |
Теориялық білім: зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін сипаттайды; Практикалық дағдылар: зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін модельдейді; Функционалдық сауаттылық: зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіреді; |
Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация |
Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты таныстыру |
«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру. «Шумақтық сүзілу» «Түтікшелердегі қайта сіңу» «Түтікшелік секреция» |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды. |
Дескриптор: - Нақтылау тапсырмның әр дұрыс жауабы үшін -1 балл; |
Интерактивті панель, презентация |
Оқушыларға бағыт бағдар беру |
«Кинометафора» әдісі. Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады. |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
Дескриптор: - бейнефильмнен түсінгенін сипаттағаны үшін -2 балл; |
Интерактивті панель бейнефильм https://www.youtube.com/watch?v=EpUrRMEZOO8 |
Практикалық тапсырмалар беру |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады. |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Интерактивті панель, презентация |
Бағалау |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады. |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Интерактивті панель, презентация Үлестірме парақтар |
Сабақтың соңы Кері байланыс беру |
"Кері байланыс парағы" әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды. Оқушыларға дайын сұрақтары бар парақ таратылады. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель Презентация "Не ұнады?" "Не қиын болды?" "Қандай қосымша ақпарат қажет?" |
Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру |
Шығармашылық жұмыс Тірек сызба §51.Су алмасуды реттеу. §52.Нысана мүшелер. §53.Әсер ету эффекті» |
Оқушылар берілген тақырыпша бойынша тірек сызба жасайды, берілген тапсырманы орындайды. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША
«Ой қозғау»
«Үш үрдіс» әдісі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі. Несеп түзілуінің үш үрдісін сипатта.
Үш үрдіс |
Мазмұны |
|
? |
«Қызықты деректер»
- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.
Бүйрек – өте қуатты сүзгі:
Екі бүйрек тәулігіне шамамен 50-60 рет бүкіл қанды сүзеді. Бұл шамамен 1700 литр қан сүзгіден өтеді деген сөз.
Алғашқы зәрдің көлемі өте үлкен:
Шумақшалық фильтрация нәтижесінде күн сайын шамамен 180 литр алғашқы зәр түзіледі, бірақ түпкілікті зәр мөлшері тек 1,5 литр ғана. Бұл бүйректің кері сіңіру жұмысының тиімділігін көрсетеді.
Бүйрек энергияны көп тұтынады:
Бүйрек денедегі ең жоғары қан айналымы бар органдардың бірі және денедегі оттегінің 10%-ын тұтынады. Бұл энергия негізінен реабсорбцияға жұмсалады.
Бір бүйрекпен өмір сүру мүмкін:
Егер бір бүйрек алынып тасталса немесе жұмыс істемей қалса, қалған бүйрек оның қызметін 70%-ға дейін өтей алады. Бұл бүйректің бейімделу қабілетінің жоғары екенін көрсетеді.
"Бүйрек тастары" құрамындағы тарих:
Кейбір бүйрек тастарының құрамында жүздеген жылдар бұрынғы ағзалық материалдар болуы мүмкін. Олар кальций оксалатынан, фосфаттардан немесе зәр қышқылынан түзіледі.
Зәр шығару арқылы су ішуді бақылау:
Ертедегі саяхатшылар зәрдің түсіне қарап, организмдегі судың жеткіліктілігін анықтаған. Қанық сары түс сусыздану белгісі болып саналған.
Бүйрек – қан қысымын реттеуші:
Бүйрек тек зәр шығарумен шектелмейді; ол ренин деп аталатын ферментті бөлу арқылы қан қысымын бақылайды. Сондықтан бүйрек жұмысы бұзылғанда қан қысымы да өзгеруі мүмкін.
Бүйрек адамды тұзға тәуелді ете алады:
Бүйрек натрий деңгейін бақылайды. Егер көп тұз тұтынсаңыз, ол зәр арқылы шығарылады. Алайда үнемі жоғары тұзды тағам тұтыну бүйрекке артық жүктеме түсіруі мүмкін.
Түйе бүйрегінің ерекше қабілеті:
Түйелер бүйрегінің құрылымы суды үнемдеу үшін бейімделген. Олар өте қою зәр шығара алады, бұл шөлді ортаға керемет бейімделу.
«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.
Мұғалім жаңа тақырыпты түсінуге бағыт бағдар беру. Тапсырма арқылы нақтылыққа үйрету.
-
«Шумақтық сүзілу»
-
«Түтікшелердегі қайта сіңу»
-
«Түтікшелік секреция»
«Шумақтық сүзілу»
-
Шумақтық сүзілу қан плазмасынан Шумлянский-Боумен капсуласына қарай жүзеге асады.
-
Нәтижесінде белоксыз плазма ультрафильтраты-біріншілік немесе провизорлық несеп түзіледі. (тәулігіне 150-180л)
Сүзілуге тосқауыл 3 қабаттан тұрады:
-
Капиллярлар эндотелиі
-
Базальдық мембрана
-
Капсуланың ішкі қабатының эпителийі (подоциттер)
Сүзілу кестесі
С.қ = К.қ – (О.қ + Б.қ)
С.қ – сүзілу қысымы (20 мм.с.б.)
Қ..қ – шумақ капиллярларындағы қан қысымы (70 мм. с.б.)
О.д – қан плазмасының онкотикалық қысымы (30 мм. с.б.)
Б.қ – капсула қуысындағы сұйықтық қысымы (20 мм. с.б.)
«Түтікшелердегі қайта сіңу» (реабсорбция)– заттардың түтікше саңылауынан қанға қайта сіңуі.
Қайта сіңу механизмі
1. Активті тасымалдану
а) біріншілік-активті (Na иондары)
б) екіншілік-активті (глюкоза, амин қышқылдары)
2. Пассивті тасымалдану (H2O, Cl иондары, мочевина)
Түтікшелердің проксималдық бөлімде міндетті түрде қайта сіңетін заттар:
- Глюкоза
- Амин қышқылдары
- витаминдер
- су
- 4/5 NaCl, тұздар
Табалдырығы бар және табалдырығы жоқ заттарды ажыратады. Табалдырық заттар - толық реабсорбцияға түсе алмайтын заттар. Олардың реабсорбциясы қандағы концентрациясына байланысты.
Глюкоза – табалдырығы бар зат. Егер глюкозаның қандағы мөлшері 10 ммоль/л-ден артық болса ол толық қайта сіңбейді (реабсорбцияланбайды). Сондықтан несептің құрамында болуы мүмкін. Глюкозаның несепте пайда болуы глюкозурия деп аталады. Креатинин, инулин – табалдырығы жоқ заттар (қайта сіңбейді).
Бүйрек түтікшелерінде судың 98-99%-ы қайта сіңеді:
-Проксималдық бөлімде судың – 40-45%-ы,
-Генле ілмегінде – 25-28%-ы,
-дисталдық бөлімде - 10 %-ы,
-жинағыш түтіктерде – 10-15 %-ы қайта сіңеді
Генле ілмегінің төмен түсетін бөлімінде су қайта сіңеді (осмос градиенті бойынша пассивті түрде).
Генле ілмегінің жоғары өрлейтін бөлімінде негізінен натрий иондары қайта сіңеді (активті тасымалдау, сукцинат дегидрогеназа).
Дисталдық иірім түтікшелер мен жинағыш түтіктерде судың факультативті (антидиурездік гормонның (АДГ) әсерімен, ал Na альдостерона әсерімен) қайта сіңуі жүреді .
Бүйректің айналдыра кері ағызу жүйесі (осмостық қоюланған несептің түзілу механизмі).
«Түтікшелік секреция» – заттардың қаннан түтікшелер саңылауына өтуі және заттардың түтікшелер эпителиінде синтезделуі.
Секрецияланатын заттар:
1. Гиппур қышқылы.
2. NH3
3. K+
4. H+
5. Бөгде заттар (ПАК, диадраст, пенициллин, холин)
Нақтылау тапсырмасы.
Зәр түзілу кезеңдері |
Нефронның қай бөлігінде жүреді? |
Қандай процестер жүзеге асырылады? |
Қандай заттар сүзіледі? |
Зәрдің құрамы қандай? Мөлшері қанша? |
Фильтрация |
|
|
|
|
Реабсорбция |
|
|
|
|
Секреция |
|
|
|
|
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАПСЫРМАСЫ
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________
Негізгі сұрақ : Егер ағзадан қажетсіз заттар бөлініп шықпаса ағза қандай күйге шалдығар еді?
Тапсырма-1. Фильтрлеу кезінде қанда қалатын және нефронға өтетін заттарды көрсететін кестені толтырыңыз.
Қанда қалатын |
Нефронға өтетін |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор:
- фильтрлеу кезінде қанда қалатын және нефронға өтетін заттарды сипаттайды – 2 балл;
Тапсырма-2. Бірінші және екінші реттік зәрді салыстырыңыз.
Зәр түзілу кезеңдері |
Үдеріс |
Тәуліктік мөлшері |
Қайда түзіледі |
Құрамы |
Бірінші реттік зәр |
|
|
|
|
Екінші реттік зәр |
|
|
|
|
Дескриптор:
-ультрафильтрация және реабсорбция, секреция процестерін түсіндіреді – 2 балл;
-зәрдің құрамын сипаттайды – 1 балл;
-бірінші және екінші реттік зәрдің құрамын салыстырады – 2 балл;
Тапсырма-3. Нефронның құрылысы және оның атқаратын қызметі арасындағы сәйкестікті орындаңыз.
1 Шумлянский-Боумен капсуласы капиллярлық шумақ |
А Секреция |
2 Жинағыш түтікше |
В Реабсорбция |
3 иірім өзекшесінің дистальді бөлігі және жинағыш түтішенің басты |
С Ультрафильтрация |
4 Генли ілмекшесінің төменгі бөлігі |
D Экскреция |
Дескриптор:
- нефронның құрылысы және оның атқаратын қызметін сәйкестендіреді – 1 балл;
Тапсырма-4. Суретті пайдаланып сүзілу арқылы сүзіндіге өтетін заттардың тұсына қосу (+) белгісін қойыңыз
Су |
|
Несепнәр |
|
Тұз иондары |
|
Глюкоза |
|
Дескриптор:
- суреттегі ақпаратты пайдаланып сүзіндіден өтетін заттарды анықтайды – 1 балл;
Тапсырма-5. Дұрыс жауапты белгілеңіз. Сүзілуден кейін барлық глюкоза нәтижесін атаңыз.
-
қайта сіңіріледі
-
сүзіледі
-
шығарылады
Дескриптор:
- сүзілуден кейінгі барлық глюкоза нәтижесін белгілейді – 1 балл;