жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
57 бұйрық
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда № 7495 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа
редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің
15.08.2023 № 259 және ҚР
Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бірлескен бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа
редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің
19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бірлескен
бұйрығымен.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департамент (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) аталған бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
3) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарларына жеткізсін.
3. "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидасын әзірлеу және бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 657 бұйрығының (5116 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпанда № 24 (1424) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр |
Б. Жұмағұлов |
|
Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 33) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына орналасу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағына сәйкес тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы жұмысқа қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын қабылдау үшін конкурстық комиссияның оң қорытындысы негіз болып табылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын лауазымға тағайындау үшін үміткер ұйымға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 32-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
4. Азаматтық қызметке конкурстық негізде түсу ұйым басшысы айқындайтын конкурстық негізде ауыстырылатын бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға "Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы білім беру ұйымының бірінші басшысын лауазымға тағайындау ол тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау мен босату тәртібі
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімдері мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының (бұдан әрі – бірінші басшы) бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған кезде бес жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармаларына конкурс өткізу туралы өтініш жібереді.
6. Жергілікті атқарушы органның орта білім беру ұйымын құру туралы актісінің негізінде конкурс қорытындылары бойынша орта білім беру ұйымының бірінші басшысын тағайындауға жол беріледі.
7. Бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымының міндеттерін орындау осы білім беру ұйымы басшысының орынбасарына немесе педагогіне конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ осы Қағидалардың 81-тармағының талабы негізінде жүктеледі.
1-параграф. Бiрiншi басшының лауазымына конкурс өткiзу тәртiбi
8. Бірінші басшының лауазымына тағайындауға арналған конкурсты ведомстволық бағыныстылығына қарай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту (бұдан әрі – Министрлік) және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасы жеке құрылымдық бөлімшесі жариялайды.
9. Конкурс рәсімі бірқатар кезеңдерді қамтиды:
1) бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған күннен бастап он бес жұмыс күннен кешіктірмей конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурсты жариялаған мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланады;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;
3) кандидаттардың құжаттарын қарау "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) бекітілген Біліктілік талаптарына (бұдан әрі – педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары) сәйкес жүзеге асырылады;
4) заңнаманы білуге сертификаттау рәсімі (бұдан әрі – сертификаттау);
5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) келісу.
Мектепке дейінгі, арнаулы (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) ұйымының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі – ППТК), оңалту орталығының (бұдан әрі – ОО), қосымша білім беру, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитеті жаңындағы білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына орналасуға кандидатқа қатысты Қамқоршылық кеңеспен келісу қажет етілмейді;
6) конкурс жариялаған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы өткізетін кандидаттармен әңгімелесу (бұдан әрі - әңгімелесу).
10. Президенттік кадр резервіне кірген адамдар, Назарбаев Университетінің түлектері немесе Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқудан өткен шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, немесе Quacquarelli Symonds World University Rankings, Times Higher Education (THE) университеттерінің әлемдік рейтингтері бойынша әлемнің үздік 100 университетінде, әлемдік университеттердің Academic Ranking of World universities Шанхай рейтингінде оқыған түлектер сертификаттаудан босатылады, сондай-ақ кандидаттарды қамқоршылық кеңеспен келісу және тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі болған кезде, немесе осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағының 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, кандидат педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде әңгімелесуге жіберіледі.
11. Конкурсты өткізу туралы хабарландырудың мәтіні мынадай ақпараттарды қамтиды:
1) ведомствосы мен бағынысында мемлекеттік білім беру ұйымы бар мемлекеттік органның атауы;
2) конкурс жарияланған лауазымның атауы;
3) орналасқан жері, қызметінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген бірінші басшы лауазымының кандидатына қойылатын біліктілік талаптары;
5) бірінші басшының лауазымдық міндеттері;
6) лауазымдық жалақының мөлшері;
7) конкурсты өткізу мерзімі мен орны;
8) конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны;
9) осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
10) конкурстық комиссияның отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат. Байқаушылардың санын конкурс жариялаған мемлекеттік орган дербес айқындайды;
11) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары;
12) уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде бірінші басшының уақытша бос лауазымының мерзімі.
12. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган бос лауазымға кандидаттарды іріктеу үшін конкурстық комиссия құру туралы бұйрық шығарады.
13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармалары конкурстық комиссиясының құрамы кемінде жеті адамнан, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланған төрағадан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасының, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары, басшылардың орынбасарлары, әдіскерлері, педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санаты, білім беру саласындағы азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілі, бір тәуелсіз сарапшы енгізіледі.
14. Министрліктің конкурстық комиссиясының құрамы кемінде бес адамнан, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланған төрағадан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамына уәкілетті органның, ведомствоның құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына жетекшілік ететін өкілдер, білім беру саласындағы азаматтық қоғамның өкілі, бір тәуелсіз сарапшы енгізіледі.
15. Тәуелсіз сарапшылар ретінде мемлекеттік немесе азаматтық қызметкерші болып табылмайтын тұлға қатыса алады.
16. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және он сегіз жастан кем емес байқаушылар шақырылады.
17. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
18. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
19. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
20. Конкурстық комиссияның хатшысы бақылаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушыға арналған жадынамамен таныстырады.
21. Байқаушылар конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына конкурстық комиссияның жұмысы туралы өз пікірін жазбаша нысанда бере алады.
22. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды.
23. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
24. Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады.
25. Комиссияның әрбір отырысы төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
26. Комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі.
27. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
28. Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудио-бейнежазбалар бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы білім беру ұйымдарында сақталады.
29. Соттылығы болған немесе бар, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшыраушы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 1) және 2) тармақшаларының негізінде қылмыстық қудалаушылығы тоқтатылған тұлғалардан басқа), бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыстар және/немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдауды болдырмау мақсатында: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы, білім басқармасы органының кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде саласы сәйкес келетін уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы қосымша сұрау салу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментіне жолданады.
30. Сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы мәліметтер анықталған және (немесе) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын педагогикалық әдеп нормаларын бұзған кезде кандидат кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.
31. Кандидаттардың құжаттары педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды конкурс жариялаған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
32. Кандидаттардың құжаттарын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның, конкурс жариялаған уәкілетті орган ведомствосының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) сертификаттаудан өту туралы анықтамасы бар кандидаттарды қоспағанда, кандидаттарды сертификаттаудан өту үшін жібереді.
2-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
33. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және (немесе) облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбесі) осы Қағидалардын 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.
34. Көрсетілетін қызметті беруші хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайды.
35. Бірінші басшылар лауазымына орналасуға кандидат жеке тұлға (бұдан әрі – кандидаттар) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш пен құжаттар береді.
36. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылады.
37. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама не өтінімді одан әрі қарау туралы дәлелді бас тарту келіп түседі.
38. Мемлекеттік қызметті алуға құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі.
39. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
40. Қалыптастырылған өтініштерді (құжаттар топтамасымен бірге) Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
41. Кандидат Тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
42. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
43. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының

