5-7 cыныптарға арналған "Тарих пәнін оқытуда белсенді әдістерді қолдану" бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

5-7 cыныптарға арналған "Тарих пәнін оқытуда белсенді әдістерді қолдану" бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәнін оқытуда белсенді әдістерді қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПAВЛOДAР OБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ, AҚҚУЛЫ AУДAНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ «AҚҚУЛЫ AУЫЛЫНЫҢ ЖAЛПЫ БІЛІМ БEРУ МEКТEБІ» КММ










КAМБAРOВ РУСЛАН АКЫНБОЛАТОВИЧ







«Тарих пәнін оқытуда белсенді әдістерді қолдану»

(Әдістемелік құрал)
























Пaвлoдaр oблысы, 2024 жыл

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Бұл авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімдеріне арналған. Бағдарламада қазіргі білім беру талаптарына сай белсенді оқыту әдістері жүйелі түрде енгізілген және оларды тарих сабағында тиімді қолдану жолдары қарастырылған.

Бағдарламаның басты мақсаты – оқушылардың тарихи білімін тереңдетіп, сыни ойлау, талдау, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын дамыту. Осы мақсатқа жету үшін оқыту процесінде түрлі белсенді әдістер: пікірталас, рөлдік ойындар, жобалық жұмыстар, кейс-талдау, визуалды тапсырмалар мен рефлексия тәсілдері қолданылады.

Тарих пәнінің ерекшелігі – оқушылардың өткенді түсініп, болашаққа көзқарасын қалыптастыруында. Осыған орай, белсенді оқыту әдістері тек білім беріп қана қоймай, оқушылардың азаматтық ұстанымын, ұлттық сана-сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді.

Бағдарлама барысында оқушылар тарихи деректермен жұмыс жасап, түрлі құжаттарды сараптайды, оқиғаларға өзіндік көзқарас қалыптастырып, дәлелдейді, топпен және жұппен бірлесіп жұмыс істеу арқылы жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін дамытады.

Бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңартылған білім беру мазмұнына, тарихи білім берудің заманауи үрдістеріне және құндылықтық бағдарға сәйкес жасалған.

Бағдарламаның өзектілігі: Қазіргі уақытта білім беру саласы оқушыны ақпаратты жаттап алушы емес, оны түсініп, талдап, қолдана білетін тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді. Осы тұрғыдан алғанда, тарих пәнінде белсенді әдістерді қолдану — оқушылардың білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын жоғарылатудың тиімді жолы.

Жұмыстың ғылыми–әдістемелік деңгейі: Авторлық бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігінің орта білім беру мазмұнын жаңарту талаптарына, тарихи білім берудің заманауи концепцияларына және оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесіне негізделген. Бағдарламада білім берудің негізгі құндылықтары — отансүйгіштік, жауапкершілік, ынтымақтастық, академиялық шынайылық және өмір бойы білім алуға бейілділік – белсенді әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми негізі ретінде тарих ғылымының әдіснамалық тұжырымдары, ХХІ ғасыр дағдылары, Блум таксономиясы, конструктивистік білім беру теориясы, Джон Дьюи, Лев Выготский, Жером Брунер сынды ғалымдардың оқыту теориялары басшылыққа алынған. Бағдарламада оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастырумен қатар, сыни ойлау, шығармашылық ізденіс, зерттеу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады. Әдістемелік тұрғыда бағдарламада белсенді оқыту әдістері жүйелі және мақсатты түрде кіріктірілген. Әдістер оқушылардың жас ерекшелігіне, тақырыптың мазмұнына, оқу мақсаттарына сай таңдалып, тиімді қолдануға бағытталған:

  • Ойын әдістері (рөлдік ойындар, симуляция) – тарихи оқиғаларды сезініп, кейіпкер рөліне ену арқылы терең түсінуге жағдай жасайды.

  • Зерттеу әдістері (кейс-стади, жобалық жұмыс) – оқушыларды дербес ізденіске, талдауға үйретеді.

  • Интерактивті әдістер (дебат, талдау, талқылау) – оқушылардың коммуникативтік, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады.

  • Визуалды әдістер (сұлба, диаграмма, хронологиялық карта) – тарихи материалды көрнекі түрде меңгеруге көмектеседі.

Сабақ құрылымында саралау, оқыту үшін бағалау, кері байланыс, рефлексия жүйелі қолданылып, әр оқушының тұлғалық дамуын ескеруге мүмкіндік береді.

Бағдарламада әрбір тақырыптың мазмұны мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін белсенді әдістер жүйелі таңдалып, қолдану тәсілдері нақты көрсетілген. Бұл мұғалімдерге оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға және әрбір оқушының жеке оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді.

Жаңашылдық және педагогикалық мақсаттылық:

Жаңашылдық: Бағдарламада қолданылатын белсенді оқыту әдістері – білім берудің дәстүрлі тәсілдерінен өзгеше, оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған инновациялық тәсілдер. Жаңартылған білім беру мазмұны талап ететін функционалдық сауаттылық, шығармашылық ойлау, өз ойын еркін білдіру және топпен жұмыс істеу дағдылары осы әдістер арқылы тиімді қалыптастырылады.

Бағдарламада қолданылған жаңашыл тұстар:

  • Интерактивті әдістерді жүйелі біріктіру: дебат, кейс-стади, "RAФT", "Fishbowl", "Hot seat", тарихи рөлдік ойындар.

  • Блум таксономиясы мен жобалық оқыту технологиясына сүйене отырып, тапсырмаларды әр деңгейде құру.

  • Цифрлық ресурстар мен платформаларды (Google Jamboard, Quizizz, Kahoot, Padlet, интерактивті карталар) кіріктіру арқылы сабақты қызықты әрі заманауи форматта өткізу.

  • Оқушылардың зерттеу және талдау дағдыларын дамытуға бағытталған шығармашылық тапсырмалар.

  • Оқушының дербес білім алу траекториясын құруға мүмкіндік беретін саралап оқыту тәсілдерін қолдану.

Педагогикалық мақсаттылық:

Бағдарлама құрылымы оқытудың нақты мақсаттары мен нәтижелеріне бағытталған. Әр сабақтың, әр әдістің қолданылуы белгілі бір оқу мақсаттарына сәйкес келеді. Бұл:

  • оқу үдерісінің жүйелілігін қамтамасыз етеді;

  • мұғалім мен оқушының мақсатты әрекет етуіне жол ашады;

  • оқу нәтижелерін нақты бағалауға мүмкіндік береді.

Оқытудағы негізгі педагогикалық мақсат – оқушыны тек білім алушы емес, белсенді ізденуші, ойлау мен пікір айтуда еркін, тарихи санасы қалыптасқан тұлға ретінде тәрбиелеу. Белсенді әдістер арқылы оқушының тарихи оқиғаларға деген сыни көзқарасы қалыптасып, өз елінің өткенін құрметтеуге, болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.

Бағдарламаның мақсаты:

Оқушылардың тарихи білімін тереңдету, сыни ойлауын, талдау, бағалау және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы тарих пәнін тиімді оқыту.

Міндеттері:

  1. Белсенді оқыту әдістері арқылы тарихи оқиғаларды терең меңгерту;

  2. Тарихи деректермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

  3. Топпен жұмыс, пікір алмасу, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасын арттыру;

  4. Сыни ойлау, зерттеу және талдау қабілетін дамыту;

Теориялық маңыздылығы:

Тарих пәнін оқытуда белсенді оқыту әдістерін қолдану — қазіргі білім беру жүйесінде құндылыққа айналған оқушының жеке тұлғалық дамуына бағытталған оқыту моделін жүзеге асырудың бір жолы. Бұл тәсіл педагогика ғылымындағы оқушының танымдық белсенділігін дамыту, ынтымақтастықта оқыту, сыни және шығармашылық ойлауды қалыптастыру сияқты тұжырымдарға сүйенеді.

Белсенді әдістер білім алушылардың субъект ретіндегі рөлін күшейтеді, яғни оқушы тек тыңдаушы емес, білімді өз бетімен меңгеретін зерттеуші ретінде қарастырылады.

Жаңа педагогикалық теориялар (Ж.Дьюи, Л.Выготский, Блум таксономиясы, конструктивистік тәсіл және т.б.) оқытуда интерактивті және белсенді әдістерді қолдануды қолдайды, себебі олар білімнің терең әрі тұрақты меңгерілуіне ықпал етеді.

Бұл әдістерді қолдану оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделіне толық сәйкес келеді, өйткені оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылығын ескеруге мүмкіндік береді.

Практикалық маңыздылығы:

Практика жүзінде белсенді оқыту әдістерін қолдану келесідей нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  1. Оқушының сабаққа қызығушылығы артады.

Рөлдік ойындар, дебаттар, жобалық жұмыс арқылы оқушы сабаққа белсенді қатысады. Қиын тарихи материалдар жеңіл әрі қызықты формада ұсынылады.

  1. Тарихи ойлау дағдылары қалыптасады.

Оқиғалар арасындағы себеп-салдар байланысын түсіну; Хронологияны меңгеру; Тарихи тұлғалар мен үдерістерге баға беру қабілеті дамиды.

  1. Топпен жұмыс жасау және коммуникация қабілеті жетіледі.

Диалог жүргізу, пікір алмасу, өз көзқарасын дәлелдеу дағдылары дамиды.

Ынтымақтастық пен көшбасшылық қасиеттер қалыптасады.

  1. АКТ мен цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы оқыту тиімділігі артады.

Презентациялар, тарихи бейнероликтер, онлайн тесттер оқушы мотивациясын арттырады.Сандық сауаттылық дамиды.

  1. Оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдері қолданылады.

Дәстүрлі тестпен шектелмей, жобалар, постерлер, пікірталастар арқылы бағалау жүргізіледі. Формативті бағалау негізінде оқушының прогресі айқын көрінеді.

Күтілетін нәтижелер:

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде оқушыларда келесі білім, білік және дағдылар қалыптасуы күтіледі:

Танымдық және зерттеушілік қабілеттер дамиды:

  • Оқушылар тарихи дереккөздермен жұмыс істей алады;

  • Ақпаратты талдап, салыстырып, қорытынды шығарады.

Тарихи ойлау және сыни пайымдау қалыптасады:

  • Себеп-салдар байланысын анықтайды;

  • Оқиғаларға түрлі көзқараспен баға береді;

  • «Егер бұлай болмаса, не болар еді?» деген сұраққа негізделген ойлау машығы дамиды.

Коммуникативтік дағдылар жетіледі:

  • Пікірталас жүргізе біледі;

  • Өз көзқарасын дәлелдеп, тарихи оқиғаларға қатысты негізделген пікір білдіре алады;

  • Командалық жұмысқа қатысады.

Жауапкершілік пен ынтымақтастыққа бейімделеді:

  • Жобалық жұмыстарды орындау барысында өз рөлін анықтап, топ ішінде әрекеттеседі;

  • Уақытты жоспарлау, тапсырма орындауда жауапкершілік танытады.

Тарих пәніне деген қызығушылығы артады:

  • Сабақта белсенді қатысады;

  • Тарихи көркем әдебиет, фильмдер мен қосымша ақпарат көздерін өз бетімен зерттейд

Нәтижелерді тексеру тәсілдері:

Күтілетін нәтижелерді бағалау және тексеру бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:

1. Формативті бағалау (оқу үшін бағалау):

- Кері байланыс (ауызша/жазбаша);

- Рефлексия парақтары (мысалы: «Не білдім? Не қызық болды? Не түсініксіз?»);

- Бағалау парақтары мен бақылау кестелері;

- Өзара және өзін-өзі бағалау құралдары.

2. Суммативті бағалау (оқуды бағалау):

- Тест тапсырмалары (ашық және жабық түрлері);

- Эссе, тарихи шығарма жазу;

- Тарихи тұлғаға мінездеме беру;

-Тақырыптық жобалар, постерлер, презентациялар;

- Кейс тапсырмаларды шешу.

3. Практикалық жұмыс нәтижелерін бағалау:

- Жобаларды қорғау (ауызша/жазбаша);

- Рөлдік ойындарда қатысу және сценарий құру;

- Дебаттарға қатысу нәтижелері (арнайы критерийлермен);

- Инфографика, уақыт сызығы, тарихи карта жасау.

4. Бағалау критерийлері және дескрипторлар жүйесі:

- Нақты мақсаттарға сәйкес құрастырылған;

- Білім, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлері қамтылады (Блум таксономиясына сай).

Апробация:. «Орта ғасырдағы тарихи шығармалар» атты авторлық бағдарлама 2023–2024 оқу жылында Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққулы ауылының жалпы білім беру мектебінде 5–7-сынып оқушыларына тарих пәні бойынша апробациядан өткізілді. Бағдарлама негізінде орта ғасырлар кезеңіндегі тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы деректерді көркем және ғылыми танымдық шығармалар арқылы оқыту көзделді. Бағдарламаны іске асыру барысында қажетті оқу-әдістемелік материалдар мен ресурстар әзірленді. Оқушылардың бастапқы дайындық деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық тесттер жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың тарихи мәтінмен жұмыс жасау, оқиғалар ретін құрастыру, тарихи тұлғалар туралы ақпаратты жүйелеу және ой қорыту дағдылары қалыптаса бастағаны байқалды. 2024–2025 оқу жылында бағдарлама кеңейтіліп, Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен Аққулы ауданының «Жамбыл жалпы білім беру мектебі» КММ мен «Шарбақты жалпы білім беру мектебі» КММ-де қолданылды. Аталған білім беру мекемелеріндегі тарих пәні мұғалімдері бағдарлама аясында оқушыларға арналған тарихи дереккөздермен жұмыс, мәтіндік тапсырмалар, көркем шығармалардан үзінді талдау, тарихи эссе жазу сияқты жұмыс түрлерін тиімді пайдаланды. Бағдарлама оқушылардың тарихи танымын арттыруға, оқу сауаттылығын дамытуға және дерекпен жұмыс жасау біліктілігін жетілдіруге ықпал етті. Мысалы, әртүрлі деңгейдегі тарихи мәтіндермен жұмыс істеу, негізгі ойды табу, оқиға барысын сипаттау, тарихи шындықты көркем бейнеден ажырату сияқты тапсырмалар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырды. 2024–2025 оқу жылының соңында бағдарламаның тиімділігі нақты оқыту нәтижелері арқылы дәлелденіп отыр. Бағдарлама орта буын оқушыларына арналған тарих сабағында қолдануға ыңғайлы, мазмұны бай, оқушылардың қызығушылығын арттыратын, пәнаралық байланысқа негізделген тиімді оқу құралы ретінде ұсынылды.








Оқу тақырыптық жоспар

(Aптaсынa - 1сaғaт, жылдық - 34 сaғaт)


Тaқырып

Сaғaттар сaны

Сaбaқ түрі

тeoриялық

прaктикaлық

1

Кіріспе

1

Баяндау

Пәннің мақсатымен танысады, жоспармен жұмыс істеуді үйренеді

2

Көне түрік жазба ескерткіштері:

«Күлтегін»жазбалары

1

Тарихи мәтінмен жұмыс,талдау

Мәтінді оқып, мағынасын түсіндіреді, тарихи маңызын анықтайды

3

«Білге қаған» жазбалары

1

Тарихи мәтінмен

жұмыс,талдау

Тарихи контекстте оқиғаға баға береді, жазбаның мазмұнын талдайды

4

«Тоныкөк» жазбалары

1

Тарихи мәтінмен

жұмыс,талдау

Жазбадан дәйексөздер келтіріп, мазмұн бойынша сұрақтарға жауап береді

5

«Талас» ескерткіштері

1

Тарихи мәтінмен

жұмыс, талдау

Ескерткіштердің орнын картадан табады, тарихи мәнін анықтайды

6

«Оғызнама»дастаны

1

Тарихи мәтінмен

жұмыс, талдау

Дастан кейіпкерлерін талдайды, тәрбиелік мағынасын сипаттайды

7-9

«Қорқыт ата» дастаны

3

Тарихи мәтінмен

жұмыс, талдау

Әңгімені оқып, рөлге бөліп оқиды, көрініс қояды, мазмұнға сұрақтар құрастырады

10

«Кодекс Куманикус» жазбалары

1

Тарихи мәтінмен жұмыс, талдау

Көне сөздердің мағынасын табады, сөздікпен жұмыс істейді

11

Әл Фараби шығармалары

1

Зерттеу, ізденіс

сабағы

Ғалымның еңбектерімен танысады, негізгі идеяларын анықтайды

12

Әбу Райхан әл Бируни шығармалары

1

Зерттеу, ізденіс сабағы

Жаратылыстану мен тарихтағы еңбегін түсіндіреді

13

М. Қашғари «Диуани лұғат-ат түрік»

1

Тарихи

шығармамен топтық жұмыс

Сөздікпен жұмыс, түркі сөздерінің мағынасын ашу

14

Ж. Баласағұни «Құтты білік»

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

«Құтты білік» мазмұнын талдап, қазіргімен салыстырады

15

Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

Ақиқат пен білімнің мәнін түсіндіреді, афоризмдерді талдайды

16

Қ.А.Йассауи «Диуани Хикмет»

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

Хикметтерден мысалдар оқып, рухани-адамгершілік идеясын анықтайды

17

Моңғолдың құпия шежіресі

1

Зерттеу, ізденіс сабағы

Шежіредегі тарихи деректерді салыстырады

18

Бабырнама

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

Естелік жанрымен танысады, жазушы бейнесін сипаттайды

19-20

ХIV-ХV ғғ ауызша тараған әдеби туындылар: ертегілер, аңыз әңгімелер, эпостық жырлар

2

Талдау, ой бөлісу

Мәтіндерді мәнерлеп оқиды, ауызша әңгімелейді, сахналайды

21

Хорезми «Мухаббатнама»

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

«Мұхаббатнама» поэтикалық стилін талдайды

22

Хұсрау мен Шырын

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

Кейіпкерлер әрекетін бағалайды, сүйіспеншілік ұғымын түсінеді

23

Дүрбек «Жүсіп Зылиха»

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

Салыстырмалы анализ жасайды (шығыс, ислам әдебиеті)

24

Усман Кухистани «Тарихи Әбілхайыр хани»

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

Шежірелік деректермен жұмыс, оқиғаларды ретімен орналастырады

25

М.Х.Дулати «Тарихи Рашиди»

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

«Тарихи Рашидиден» үзінді оқып, негізгі ойды тұжырымдайды

26

Қадырғали Жалайыри «Жылнамалар жинағы»

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

Жылнамалармен танысып, оқиғалар хронологиясын жасайды

27

Шах Махмұд Шорас «Тарих»

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

«Тарих» шығармасындағы деректерге талдау жасайды

28

Өтеміс қажы «Шыңғыснама»

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

«Шыңғыснама» мәтінін негізге ала отырып, кейіпкерге мінездеме береді

29

Әбілғазы шежірелері

1

Тарихи шығармамен топтық жұмыс

Әулеттік шежірелер құрылымын зерттейді

30-31

Жыраулар поэзиясы

2

Талдау, ой бөлісу

Жырларды жатқа оқиды, мәнін түсіндіреді, өз көзқарасын білдіреді

32

Би-шешендер

шығармашылығы

1

Талдау, ой бөлісу

Би-шешен сөздерінен үлгі келтіреді, сөйлеу мәнерін зерттейді

33-34

Қорытынды қайталау

2

Реферат, ғылыми жоба қорғау

Сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекітед


Авторлық бағдарламаның мазмұны

  • Пәннің мақсат-міндеттерімен танысу

  • Ежелгі және ортағасырлық әдеби мұралардың тарихи-мәдени мәні

ІІ бөлім. Көне түрік ескерткіштері (4 сағат)

  • «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» жазбалары

  • Түркі халықтарының рухани мұрасы ретіндегі мәні

  • Жазбаларда кездесетін мақал-мәтел, нақыл сөздер

ІІІ бөлім. Түркі әлемінің әдеби жәдігерлері (5 сағат)

  • «Талас» ескерткіштері – жазу мен тіл дамуы

  • «Оғызнама» дастаны – батырлық жырдың үлгісі

  • «Қорқыт ата кітабы» – философиялық-поэтикалық мұра

  • Түркі мифологиясы мен дүниетанымы

IV бөлім. Шығыстық жазба мұралар (7 сағат)

  • «Кодекс Куманикус» – лексикалық-тілдік мұра

- Әл-Фараби, әл-Бируни – ғылым мен әдебиеттің тоғысы

- М.Қашғари, Ж.Баласағұни, А.Иүгінеки – адамгершілік пен тәрбие

- Қ.А.Йассауи – сопылық поэзия

V бөлім. Шежірелер мен тарихи шығармалар (9 сағат)

  • «Моңғолдың құпия шежіресі», «Бабырнама» – естелік жанры

  • «Мухаббатнама», «Хұсрау мен Шырын», «Жүсіп – Зылиха» – махаббат тақырыбы

  • «Тарихи Әбілхайыр хани», «Тарихи Рашиди», «Жылнамалар жинағы» – тарихи дереккөздер

  • Шах Махмұд Шорас, Өтеміс қажы, Әбілғазы шежірелері

VI бөлім. Ауыз әдебиеті (4 сағат)

  • Ертегілер, аңыз әңгімелер, эпостық жырлар – халық шығармашылығы

  • Жыраулар поэзиясы – ұлттық рух пен елдік идея

  • Би-шешендер мұрасы – шешендік сөздер, тапқырлық үлгілері

VII бөлім. Қорытынды және қайталау (2 сағат)

  • Білімді жүйелеу және бағалау

  • Шығармашылық жұмыстар мен презентациялар арқылы қорытындылау

Негізгі білім, білік, дағдылар:

  • Ежелгі жазба және ауыз әдебиет үлгілерін талдау

  • Кейіпкерлерді сипаттау, тарихи оқиғаларды салыстыру

  • Мәтінмен жұмыс істеу: мазмұндау, сахналау, иллюстрация жасау

  • Мәдени мұраны бағалау, ұлттық бірегейлікті түсіну

Әдістемелік қамтамасыз ету

1. Оқу-әдістемелік құралдар тізімі

Мұғалімге арналған:

- Қазақстан тарихы және әдебиетіне қатысты ғылыми-танымдық еңбектер:

- Қ. Салғарин «Түркі жазуының құпиясы»

- С. Қондыбай «Мифология әлемі»

- Ә. Марғұлан еңбектері

- Тарихи хрестоматиялар (5–7 сыныптарға арналған)

Электрондық платформалар:

  • e-history.kz

  • adebiportal.kz

  • kitaphana.kz

  • bilimland.kz

Оқушыға арналған:

  • 5-7-сыныптарға арналған Қазақстан тарихы мен әдебиеті оқулықтары

Қосымша әдебиет:

  • «Қорқыт ата кітабы» (балаларға арналған нұсқа)

  • «Оғызнама» (қысқартылған нұсқа)

  • «Диуани Хикмет» (қарапайым тілмен өңделген)

- Интерактивті жаттығу тапсырмалары (викториналар, QR-кодты тапсырмалар).

2. Оқыту әдіс-тәсілдері


Әдіс


Қолдану мақсаты


1

Мәтінмен жұмыс

Талдау, аннотация жасау, пікір айту

2

Салыстыру әдісі

Әдеби, тарихи, тілдік ерекшеліктерді табу

3

Рөлдік ойындар

Кейіпкерлер бейнесін түсініп, сахналау


4

«INSERT» әдісі

Мәтін ішіндегі жаңа, маңызды, түсініксіз ақпараттарды анықтау


5

«RAFT», «KWL» стратегиялары

Шығармашылық көзқарас қалыптастыру, білімді жүйелеу

6

Инсерт-кесте, венн диаграммасы


Ұқсастық пен айырмашылықты салыстыру




7

Пікірталас, диалогтік оқыту

Жыраулар мен би-шешен сөздерін талдау

8

Картамен жұмыс


Ескерткіштердің орналасуын табу, тарихи географияны меңгеру



9

Топтық/жұптық жұмыс

Бірлесіп сараптау, сұрақ-жауап, презентация жасау


3. Көрнекі құралдар

- Түркі жазбаларының фотосуреттері (Күлтегін, Тоныкөк, Талас т.б.)

  • Ертегілер мен дастандар бойынша иллюстрациялар

  • Қазақ шежірелері мен қолжазбаларынан үзінділер

  • Карта: "Қазақстандағы ежелгі және ортағасырлық жазба мұралар"

  • Интерактивті слайдтар, бейнематериалдар (YouTube, Bilimland)

4. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)

- Google Forms — білімді тексеру викториналары

- Kahoot / Quizizz — сабақ соңындағы ойын-сабақтар

- Padlet / Mentimeter — оқушылар пікірі мен рефлексия

- Canva — постер, буклет, жоба жасау

- PowerPoint / Prezi — оқушылар презентациясы

5. Бағалау құралдары

Қалыптастырушы бағалау:

  • Жазбаша жауаптар, кесте толтыру, эссе жазу

  • Мәтінге сұрақ құрастыру

  • Топтық постер қорғау

Жиынтық бағалау:

  • БЖБ: Мәтінді талдау, терминдерді түсіндіру, салыстыру

  • ТЖБ: Ашық/жабық тест тапсырмалары, шығармашылық жұмыс (шығарма, көрініс, пікір эссе)

6. Оқушылардың жобалық жұмыстары

- «Күлтегін ескерткіші – рухани мұра» — макет жасау

- «Менің ауылымның аңызы» — жергілікті аңыз-әңгіме жинау

- «Батырлар мен шешендер сөзі» — мәнерлеп оқу байқауы

- «Түркі жазуы: көнеден – келешекке» — зерттеу жұмысы

7. Мұғалімге арналған әдістемелік кеңестер

- Сабақта тарихи деректерді көркем әдебиетпен байланыстыра оқыту

- Термин, атауларға сөздік жүргізу

- Практикалық және шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушы белсенділігін арттыру

- Жетістік деңгейіне қарай саралап оқыту (жас ерекшелігіне сай бейімдеу)







БAҒДAРЛAМAҒA AРНAЛҒAН ДИДAКТИКAЛЫҚ МAТEРИAЛДAРЫ


  1. Көне түрік жазба ескерткіштері "Күлтегін" жазбалары

Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, бойындағы Эрдени Цзу монастырының (ҮІІІ ғ.) жанына орнатылған. Ескерткіштең биіктігі 3,15 м., ені 1,34 м. қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдағы батыс зерттеушілерінең еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды. 1893 жылы 25 қарашада Дания ғылым академиясының мәжілісінде В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері "тәңірі" және "түрік" деген сөздер екенін жариялады. Содан кейін Ресей академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. В.В.Радлов, С.Е.Малов, қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Қ.Әмірғалиев, т.б. түркітанушылар Орхон жазба жәдігерлерінең түркі тіліндегі мәтінін оқып, оны тілдік, әдеби, тарихи тұрғыдан зерттеді. И.В.Стеблева Орхон жазбаларын тұңғыш рет көркем туынды, поэзиялық шығарма ретінде қарастырса, оның қазақ әдебиетіне ықпалын алғаш рет М.Жолдасбеков ғылыми тұрғыдан негіздеді. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштең бірі ғылымда "кіші жазу", ал екіншісі "үлкен жазу" деп аталып кеткен. Бұлардың әрқайсысын түркі елінең даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннең жауынгерлік жорықтарын мадақтап, жырлауға арналған қаhармандық дастандар деуге болады. Күлтегін батыр жайындағы бұл екі дастанның да авторы өз дәуірінең аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Йоллығ тегін (ҮІІІ ғ.). "Күлтегін" (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз топтамадан тұрады. Әрбір топтама - мазмұны жағынан бір-бір хикая. Оның бірінші топтамасы - қағанның өз халқына айтқан үндеуі; екіншісі Түрік қағандығы жерінең кеңдігін суреттейді; үшіншісі түркілердең әскери жорықтарын жыр етеді; төртіншісі көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесіншісі табғаштармен қарым-қатынас түркілерге ажал қатерін төндіретіні жайында; алтыншысы түркі халқының көреген емес екені туралы; жетіншісі түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған жҿнінде; сегізінші топтама осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жайттарды баяндауға арналған.

Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір топтаманың өзі міндетті түрде мынадай үш бөліктен тұратын болған:

  • оқиғаның басталуы;

  • оқиға желісінең біртіндеп ұлғая түсуі;

  • осы топтамада айтылуға тиісті ой-пікірдең түйіні.

"Күлтегін" жырының кіші жазуындағы екінші топтаманың алғашқы үш жолы Білге қағанның түркі халқына айтқан үндеу сөзі, одан кейінгі төрт жол өлеңде Түрік қағандығы жерінең ұланғайыр кең екендігі, одан кейінгі екі жол осы топтаманың түйіні - түркі елінең жері мол, ал халқы көп екендігін баяндауға арналған.

"Күлтегін" жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар). Бұл жыр дербес алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған. Бірінші хикая - түркі халқының ұлы ата- бабалары туралы; екінші хикая - түркілерді табғаштардың бағындырып алғаны жөнінде; үшінші хикая - Елтеріс қағанды сипаттауға арналған; төртінші хикая - Қапаған қаған туралы; бесінші хикая - Білге қаған жайлы; алтыншы хикая - Күлтегін туралы.

"Күлтегін" жыры (үлкен жазу) жер мен көктең және адам баласының жаралуы туралы толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінең арасында адам баласы жаралған). Бұдан кейін бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінең басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан мен мадақталады. "Күлтегін" жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды.

Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінең тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген ("кіші інісі ағасындай болмады, ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен"). Табғаш елінең алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдең ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: "Бек ұлдары - құл болды, Пәк қыздары - күң болды", - дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінең оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінең әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінең "төрт бұрышындағы" барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннең ерлігі туралы: "Бастыны еңкейтті, Тізеліні - бүктірді", - дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені "Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым", - деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: "Күлтегін" жырының басты идеясы - түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнең төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар - елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

"Күлтегін" жыры - елдең ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды.

  1. "Білге қаған" жазбалары

Білге Қаған ескерткіші — Орхон түркі жазба ескерткіштерінең ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі ―мәңгі тас (көне түркі тілінде — ―Беңгү таш) қатарына жататын ескерткіш кешен. Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде орнатылған. Білге Қаған ескерткіші мен Күлтегін ескерткішін орыс ғалымы Н.М. Ядринцев тауып (1889), оны белгілі түркітанушы В.В. Радлов Дания ғалымы В.Томсен анықтаған әріптік жүйемен оқыды (1894). Білге Қаған ескерткішін А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т.б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. Ескерткіш Екінші Шығыс Түрік қағанатының атақты қағаны — Білге қағанға арналған. Көне түркі бітігіндегі ―Білге қаған деген сөздең мән-мағынасы білікті, билік-төрелікті ұстай білген, сұңғыла-білгір қаған деген ұғымды білдіреді. Білге қаған тұсында Екінші Түрік қағанаты территориялық тұрғыдан кеңейіп бекіді, аса қуатты құдыретті империяға айналды. Бұл жайында Білге Қаған ескерткішінде кеңінен мәлімет берілген. Ескерткіште көшпелілердең ―тәңрітекті түрік елі үшін Бумын, Естемі, Білге Құтылық қағандары мен баһадүр, ақылгөй ерлерінең ―ел-жер-тірлік тұтастығын сақтау, қорғау, болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ерліктері, мемлекеттік ұлы істең бірегей мақсат-мүддесі шебер тілмен, тұжырымды да тиянақты түрде жазылып, тарихи оқиғалар уақыт желісімен баяндалған. Ескерткіште ―елді халық едім, елім енді қайда! Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-күшімізді жұмсар екенбіз деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды. Тәңірі күш-қуат бергендіктен, қағандық әскері бөрідей, жаулары қойдай болды деген рухтандырғыш жолдар да мол. Білге Қаған ескерткішінде оғыз, тоғыз-оғыз, қырқыз, құрықан, отұз татар, татабы, қытан, ұйғыр, үч құрықан, қарлұқ, түргеш секілді көшпелі түркі этностары және де моңғол-манжұр тектес ру-тайпаларымен қатар Бөклі чөллік ел, түпүт, апар, пұрұм, табғач, т.б. отырықшы елдер туралы тарихи деректер, нақты мәліметтер баяндалған. Жер жүзінең төрт тарапы (бұрышы), Ұлы Түрік қағандығын нығайту, одан әрі ұлғайта дамыту жолындағы саяси іс-шаралар, көптеген жорық-шабуылдар, олар өткен Бөклі шөлі, Темір қақпа, Шантұң, Йашыл өзен, Көгмен, Қадырқан, Бесбалық, Селеңгі, Ертіс, Езгенті, Мағы Қорған, Байырқұ, т.б. жер-су, елді- мекендер көркем жырланады. Бұл ―мәңгі таста Білге қағанның інісі Күлтегін, дана білгір Тоныкөк жайында да сөз етеді.

Білге Қаған ескерткішіндегі көне түрік бітік-жазуын бекзада Йоллық-тегін 1 ай 4 күн бәдіздеп жазған (734). Білге Қаған ескерткіші сол заманға лайықты өте шеберлікпен жасалған. Кешен сегіз қырлы мәрмәр тас ескерткіш (құлпытас), тасбақа, тас мүсін (8 дана), бейіт тас (саркофаг) (4 дана), тасаттық тас (1 дана), арыстан бейнелі мүсін (2 дана) және балбал тастардан тұрады. Бұлармен қоса кесене (13×13×8 м), оны қоршаған қамал (80×70 м) орнатылған. 2,29×0,72×0,44 м. өлшемді тасбақа тасқа орнатылған 3,45×1,74×0,78 м түркі бітік жазулы (бір жағы қытай иероглифті жазулы) тас ескерткіштең жалпы биіктігі 3,89 м. Түркі бітік жазулы ескерткішінең күншығысқа қараған жағында 41 жол жазу, оның үстінде қағандық таңба, өзара алысқан екі айдаһар бейнесі [қалған 2 бойында 15 (15) жол (барлығы — 32), екі қырында бір-бір жолдан]. Барлығы — 80 жол жазуы бар. Қытай жазуы Таң мемлекеті кезеңіне қатысты. Ескерткіш о баста тасбақа тас үстіне күншығысқа қаратылып орнатылған. Қазір осы кешеннен үш бөлінген ескерткіш, бірнеше бөлшектенген тасбақа тас және де табиғат құбылыстары әсерінен ескіріп, талқандалған тас мүсін, балбалдар ғана сақталынған. Кесененең орны ғана білінеді. Білге Қаған ескерткішіндегі бітік жазудың біршама жолдары толық танылмайтындай, анық емес, кейбір жерлері кетіліп, өшіп кеткен. Дегенмен, жазулардың 70%-ке жуық бөлігі сақталған.

Білге Қаған ескерткіші кешенінең құрылысы, жасалуы тұрғысынан Күлтегін ескерткіш-кешенімен өте ұқсас. Сонымен қатар Күлтегін ескерткішіндегі бітік жазулы жолдардың 30-ы (68 жолдан) мазмұны, сөз қолданысы жағынан Білге Қаған ескерткішімен айна-қатесіз бірдей.

80 жол, 3000-нан астам сөз, 10 мыңдай таңба-әріп бар. Білге Қаған ескерткішінде көне түрік тілінең классикалық әдеби тіл нормасы кеңінен көрініс тапқан. Білге Қаған ескерткіші тасбақа үстіне орнатылған құлпытасқа жоғарыдан төмен қарай өте нақышты, бірыңғай өлшеммен көркем бәдізделген. Ескерткіштең төртінші, яғни. күнбатыс жағына қытай иероглифімен сол кездегі Таң (Табғач) мемлекетінең патшасы Минь-хуанның ―көңіл айту сөзі жазылған.

Ескерткіштең тілі ―таза сақталған, кірме сөздер өте аз дерлік. Сол себептен түркі этностарының тілдік табиғатын, тарихи, әдеби, этнографиялық, т.б. сыр-қырын анықтай зерттеу үшін қайталанбас дара мұра.

  1. "Тоныкөк" жазбалары

Тоныкөк жазба ескерткіші - Екінші (ҮІ ғ.) саяси, және ежелгі түркі стилінде зор шеберлікпен бейнелеп көрсеткен, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі биік әдеби жәдігер. Бұл жырдың мәтіні бедерлеп жазылған. Құлпытасты ХІХ ғасырда Солтүстік өзені бойынан тапқан. құрметіне қойылған бұл ескерткіш мәтінін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және оны ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне В. В. Радлов, А. Н. Самойлович, Г. А. Камалова, Л. И. Семенов т.б. ғалымдар үлес қосты. Тоныкөк жазба ескерткішін қазақ әдебиеті тұрғысынан тұңғыш рет зерттеген болды. Тоныкөк жазба ескерткіші 313 өлең жолынан тұрады. Жырдағы жалпы оқиғалар желісін зерттеушілер оны он төрт, яғни он төрт бөлікті қарастырады. Бұл жырда түркі елінең сан қырлы өмірінде ең тарихи рөл атқарғаны ерекше айтылады. Тоныкөк жазба ескерткішіне сарын беріп тұрған қанатты, бертін келе қазақ өзінең көркемдік жалғастығын тапты.

Ескерткіш 1897 жылы Монғолияның орталығы Улан - Батордың оңтүстік жағынан 36 шақырым жерден табылды.

Тоныкөк есімі, ежелгі түрік руна жазулары мен ескерткіштері айғақтағанындай, Шығыс Түркі қағанатының қалануымен, көшпелі халықтың Қытаймен күресте тәуелсіздігін орнатуымен байланысты. Тарихшы Ма-Шаңжудың айтуынша, Тоныкөк қарлұқ елінең Сабек тайпасынан шыққан. Қытай астанасында 13 жыл тұрып, сонда білім алады. Сонымен қатар, Тоныкөк Елтеріс, Қапаған, Білге қағандармен бірге қызмет еткен және олардың кеңесшісі болған, яғни оның мемлекет ісінде жоғары ықпалы мен рөлі болған.Елтеріс қаған лауазымен қабылдаған Шығыс Түркі мемлекетінең қағаны реформалар Құтлықтың серігі болған. Оның тұсында Тоныкөк бас қолбасшы болды. Ал ол өлгеннен кейін орнында қалды. Ол жоғары қолбасшылық дағдысымен ерекшеленді. Елтерістең балалары Білге қағанмен, Күлтегінмен бірге түргештер мен қытайларға қарсы әскери операцияларды басқарды. Екінші Түркі империясының оғыздар көтеріліс жасағаннан кейін әлсіреген үкіметін қалпына келтірді.

Түргештер мен қытайлардан тәуелсіздігін алғаннан кейін Тоныкөк тұрақты ішкі достық саясатын енгізді. Ол көршілермен әрқашанда жақсы қатынаста болу керек деп есептеді. Қытайлармен аса маңызды келіссөздер жүргізді. Кездесу нәтижелерінен елдер арасындағы бейбітшілік мәселелер шешілді. Ол әрбір жаумен болған күресті көрсететін тас қабірлерде (Орхон- Енисей жазбалары) із қалдырған жалғыз қолбасшы шығар. Жазуларға қарап, тарихшылар қарсыластар күшін, қару-жарағын, күрес орнын және уақытын анықтай алады.

Орхон-Енисей мәтіндерінде бірінші жақтан баяндалатын Тоныкөкке арнаған жазулар бар. Қаһармандық оқиғалар жайындағы әңгімелер былайша аяқталады: "Онда мен, ақылғойде Тоныкөк, сол жерге жеттім, сырты алтын, ашық күміс, әйелдер және қыздар жамылғылар (кілем) және асыл заттар сансыз көп әкелінді. Менең қағаным ақылғой Тоныкөктең ой-пікірін тыңдады да айтты. Мен оған ақылдылық ағайын және даңқ ағайын ретінде бағындым". Тоныкөктең арманы ішкі, сыртқы жауларынан тәуелсіз, бодандықсыз түркі халқының еркіндігі еді.

  1. "Талас" ескерткіштері

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы өңіріндегі Талас өзені бойынан табылған ескерткіштер. Қазіргі кезде бұл аймақтардағы Талас ескерткіштерінең саны шамамен 30-ға жетеді. 1896-1897 жылдары Әулиеата уезінең басшысы В.А.Каллаур мен мұғалім Гастев Талас қаласынан ("Әулиеатаі уезі" ) 8 км солтүстік-шығыста Айр-Там-Ой, Қалба сайы шатқалында көне түрік жазулы 3 домалақ пішінді тас табады. 1898 жылы А.О. Гейкель басқарған фин-угор ғылыми қоғамының экспедициясы тағы да көне түрік жазулы екі тас табады. 1932 жылы Талас өзені бойындағы Ашықтас деген жерде төртқырлы ағаш таяқшада ойылып жазылған көне түрік жазуы табылады.

Талас ескерткіштерін бірінші, екінші, үшінші тас ескерткіштері деп сандық ретпен атау қалыптасқан. Тарихи тұрғыда Түркі елі, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері дәуіріне қатысты делінеді.

Талас бітіктастары мен ескерткіштерінең мәтіндік зерттеулерін В.В.Радлов, А.О.Гейкель, Ю.Немет, С.Е.Малов, Х.Н.Орхун, А.М.Щербак, И.А.Батманов, Ч.Жумагулов, А.С.Аманжолов және т.б. ғалымдар жасады.

Тарихи-хронологиялық тұрғыдан ҮІІІ-Х ғасырларда тұрғызылған бітіктастар "Талас өзені бойындағы ескерткіштер" деп аталады. Бұл ескерткіштердегі жазулардан оның тек билік иелері немесе мемлекеттер арасындағы байланыс аумағында ғана емес, орташа, қарапайым халық арасында да кеңінен пайдаланылғанын байқаймыз. Мәселен "Талас" жазуы үлгілерінең бірінде "Отыз ұланның адал достары! Мешін жылы, елде жиырмада (еді)" деген жолда елі, жері үшін құрбан болған достар туралы, оның жастығы, жыл мезгілі жайлы хабар жазылған.

  1. "Оғызнама" дастаны

Үйсін мемлекетінең жерінде оғыз-қыпшақ тобының тілінде жазылған генеалогиялық аңызға негізделген эпикалық шығарма. "Оғызнама" - түркі тектес халықтарға ортақ көне әдеби мұра. Дастанның бірден-бір түпнұсқасы Париж қаласындағы Франция Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұр. Алғаш орыс тіліне аударған - академик В.В.Радлов.

Шығармада Оғыз батырдың ерлік жорықтары, ұрпақтарының игілікті істері, оғыз тайпаларының шығу тегі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, т.б. жайлы жазылған.

"Оғызнамада" батыр ұйықтап жатқанда шатырына көктен нұр сәулесінең түсуі, сәуле ішінен көкжал қасқыр шығып, оның қалың қолды бастап жүруі, аспаннан түскен сәуледен сұлу қыздың шығуы секілді діни-мифологиялық көріністер орын тепкен. "Оғызнаманы" ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деп қарастыруға болады. Мұнда алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, сақтар мен ғұндар дәуірінде, орта ғасырларда орын алған сан қилы тарихи оқиғалар өзара жалғаса мазмұндалған. Оғыз қағанды белгілі бір адам бейнесіне телу, яғни тарихтағы нақты тұлғасын тану мүмкін емес. Бірақ Оғыздың әдеби бейнесі белгілі тарихи тұлғалар іс-әрекетінең жиынтығы деуге негіз бар, себебі дастан тарихи оқиғалар желісі бойынша жазылған. Оғыз қағанның анасы Айқаған бейнесін ғалымдар отбасы қамқоршысы Ұмай-ана бейнесімен байланыста қарайды. Дастандағы мәліметтерді:

  • Оғыз-түрікмен эпосына негізделген (Оғыз бен оның ұрпақтарының жорықтары туралы аңыздар);

  • Тарихи негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен (оғыз тайпаларының көшіп-қонуы, қоғамдық-әлеуметтік өмірі туралы деректер);

  • Оғыз елінең көрші тайпалармен, тайпа бірлестіктерімен қарым-қатынасы жайлы аңыздар деген топтарға бөлуге болады.

"Оғызнама" - тарихи әрі әдеби ескерткіш. Онда түркі халықтарының көптеген аңыз әңгімелері көрініс тапқан. Оғыз төңірегіндегі Қыпшақбек, Қалаш, Қанғалық, Қаңлы, Қарлық, Сақтаб тәрізді есімдердең қазақ ру-тайпа атауларымен сәйкестігі дастанның қазақ ертегілерімен, эпостық жырларымен этностық жағынан жақындығын айқындай түседі.

"Оғызнама" шығармасының идеясы ерлікті, бірлікті уағыздайды. Мазмұны қазақ халқының эпос жырларымен сарындас.

  1. "Қорқыт ата" дастаны

Қорқыт ата - ортақ ұлы ойшыл, Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердең көпшілігі Қорқыт ата бойында өмір сүрген тайпалық бірлестігінде Х ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт ата- ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама , әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар - ретінде көрінеді. Қорқыт ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол - ұлысынан шыққан айтулы . Екіншіден, - сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден - әйгілі , оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби- тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт ата туралы аңыз әңгімелердең бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердең оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінең атасы болып табылады.

Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын ― “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінең этимологиясын Ә.Қоңыратбаев ― “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов ― “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, ― “дада”, “деде” деген сөздерді ― “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт атаны магиялық аспап - қобыздың иесі, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш - ― “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”).

"Қорқыт ата кітабын" тұңғыш қазақ тілінде сөйлеткен - ғалым-қаламгер Ә.Қоңыратбаев. Ғалым "Қорқыт ата кітабын" 1973 жылы қазақ тіліне толық аударып шыққан.

Кітаптың мазмұны Қорқыт айтты деген нақыл сөздер жиынтығынан және 12 жырдың қосындысынан тұрады:

  1. Дирсеханұлы Бұқашжан туралы жыр

  2. Қазан-Салордың ауылын жау шапқаны туралы жыр

  3. Байбҿрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр

  4. Қазан бектең баласы Ораз бектең жауға қалай тұтқын болғаны туралы жыр

  5. Тоқа баласы ержүрек Домрул туралы жыр

  6. Қаңлы оғыз баласы Қан-төрәлі жайындағы жыр

  7. Қазылық оғыз баласы Иекенек туралы жыр

  8. Төбекөз дәуді өлтірген Бисат туралы жыр

  9. Бекіл ұлы Әмран батыр туралы жыр

  10. Ұшан оғыз баласы Секрек туралы жыр

  11. Қазан-Салордың жауға тұтқын болғаны және оны баласы Ораздың азат етуі

12. Сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы бас көтеруі және Байрақтың қалай өлтіргені туралы жыр.

Бұл 12 жырдың мазмұны оғыздардың құрамына енген тайпалардың ертегі- аңыздарынан құрастырылған. Кітап жастарды тәрбиелі болуға, жерін, елін қорғауға, батыр да, батыл болуға шақырады.

  1. "Кодекс Куманикус" ескерткіші

"Кодекс Куманикус" (ХІҮ ғ.) - Жоңғар қақпаларынан Дунайға дейінгі ұлан-байтақ аумақта қыпшақтар үстемдік еткен кезеңдегі ғылыми-оқулық (және ішінара көркем) әдебиеттең классикалық үлгісі. Бұл - мазмұны мен құрылымы көрсететіндей, арнаулы сөздік және кейбір жағынан әр түрлі мақсаттармен Ордаға келген және латынша білетін европалықтарға, сондай-ақ латынша білгісі келетін қыпшақтарға арналған қыпшақ тілінең оқулығы. Сөздік екі бөлімнен тұрады, түркологтардың пайымдауынша, оларды түрлі авторлар әр түрлі мақсатта жазған. Сірә, итальяндар жазған болуы мүмкін бірінші бөлімі жақсы ойластырылған үш тілді латын-парсы-қыпшақ сөздігі болып табылады және қолжазбаның 110 бетін қамтиды. Дешті Қыпшаққа келіп, тіл жөнінен қиындық көргендерге көмек көрсету мақсатын көздеген адам құрастырғанын көрсетеді. Ғалымдардың пікірінше, бірінші бөлімді құрастырушы латыншаны өте жақсы білген, ал куман-қыпшақ тілі жөнінде бұлай деп айтуға болмайды.

"Кодекс Куманикустың" екінші бөлімі негізінен алғанда фольклорлық материалдардан: жергілікті ертегілерден, аңыздардан, мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан және христиан уағыздары мен Мария ананың, Христос пен оның апостолдарының өмірі туралы аңыздардан тұрады. Бөлім қолжазбаның 161 бетін қамтиды және тегінде, миссионерлік мақсатпен немістер құрастырған болса керек. Бұл бөлімде саны едәуір сөздер куман-неміс аудармасымен, ал өзге бір лексикалық ұғымдар аралас куман-латын тілі түрінде берілген. Мысал ретінде келтірілген мәтіндер, сондай-ақ сөздік лексика сол кездең тілін ғана емес, сонымен қатар Дешті Қыпшақтың көркемдік мәдениетін де сипаттайды. Сөздер мен сөз тіркестері жөнінде айтпағанның өзінде көптеген жұмбақтар, мақалалар мен мәтелдер, нақыл сөздер қазіргі қазақ тілі мен фольклорында сақталған.

  1. Әл Фараби шығармалары

Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейін екінші ұстазымыз деп таныған Әбунәсір әл-Фараби қазақ жерінде - Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталығы болған Бағдатқа кетіп, Сирияда, Шам шаһарында қайтыс болған (Дамаск). Өз ана тілі - түркі тілінен басқа араб, парсы, көне грек тілдерін жетік біліп, түрлі ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған. Философия, жаратылыстану, математика, музыка саласында әлем таныған құнды еңбектері бар. Поэзияның табиғатын талдайтын трактат жазып, өлең де шығарған. Әл-Фарабидең көне грек философтары мен математиктерінең еңбегіне зер салып, оларды араб оқушысына түсіндіруге тырысуы, грек ойшылдарының философиялық пікірлерін жаңаша дамытуы, энциклопедиялық білімін жан-жақты жұмсауы “Әл-Фарабиден Қайта өрлеу” (Ренессанс) дәуірінең ғылым саласындағы қайнар бастауында тұрған тұлға екенін көрсетеді. "Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы", "Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы", "Музыканың үлкен кітабы", "Өлең сөз және шешендік туралы", "Өлең өнерінең қағидалары туралы трактаты", "Логика" т.б. еңбектері - ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер.

Әл-Фараби "Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы" атты трактатында ізгі мемлекеттең болуы, ондағы халықтың бақытты, бай да алаңсыз өмір сүруі мемлекет басшысының ақыл-ойына байланысты дейді. Қоғамдағы озбырлықтар мен қаталдықтар адамгершілік ережелерінең өрескел бұрмалауынан деп түсіндіріп, қоғамды дұрыс басқарудың шарттарын ұсынады. Әділетсіздік пен біреудең елі мен жерін жаулап алушылықты әшкерелеп, халықты білімге шақырады.

  1. Әбу Райхан әл-Бируни шығармалары

Әбу Райхан әл-Бируни (973-1049). Негізгі еңбектері, минералогия, т.б. салаларын қамтиды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінең әйгілі "әл-Асар әл-Бақйия ән әл- Құрұн әл-Халийа" ("Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші") деген еңбегін жазды. 1010 жылы әкімі ұйымдастырған ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидең басшылығымен (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар жүргізді.

Әбу Райхан әл-Бирунидең ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол 150-ден астам еңбек жазған, олардың 45 мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында әл-Бируни дүниенең гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердең Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған. Арал теңізінең жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізген, Жер мөлшерін т.б. анықтаған. Әл-Бирунидең географиясында сол кездегі белгілі жерлердең бәрі айтылған, ірі қалалардың координаттары көрсетілген, құрлықтардың өзара орналасуы, бір-бірінең жалғасу реті картаға түсіріліп көрсетілген. Мұхит, теңіз, тау, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Әл-Бирунидең картасы Тынық мұхиттан, Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған. Оның географиясы геология, минералогия, экономика ғылымдарымен және халықтар мәдениетімен тығыз байланысты баяндалған. Әл-Бируни биология ғылымымен де шұғылданған. Әр түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Ол өзеңбектерінде ғылыми терминдерді бес-алты тілде келтіріп, мағынасын түсіндіріп отырған. әл-Бируни топографияға байланысты ― “Геодезия” атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Әл-Бирунидең тарихи-география еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс Сібірдең тарихи этнографиясы, сондай-ақ Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт- жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі. ― “Үндістан”(1031), ― “Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші” (1048), ― “Масғуд каноны” т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы т.б. тілдеріне аударылған.

  1. Махмұд Қашғари "Диуани лұғат ат-түрк"

Махмұд Қашғари - түркі халқының ХІ ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінең бірі. Ғалымдар оның атақты шығармасы "Диуани лұғат ат-түрк" ("Түркі сөздерінең жинағы") 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр. Махмұд Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Бірақ неге екені белгісіз, өтежас кезінен түркілер уалаятын (қазіргі қазақ сахарасын) аралап кетеді. М.Қашғари өзшығармасына материал жинау кезінде түркі әлемін көп аралаған, көргені мен көңілге түйгендерін қағазға түсіре берген.

Кейіннен ол бір кездегі әдеби, мәдени, рухани орталық болған Бағдадқа барады. Бұл кезде Бағдадты түркілердең селжұқ тайпасы басып алған, түркі тілінең дәуірлеп тұрған тұсы еді. Сондықтан да М.Қашғари түркілердең этнографиясы, ауыз әдебиетінең хрестоматиясы іспетті өзеңбегін араб халқына таныстыру мақсатымен араб тілінде жазған. Оның Бағдадта тұрып, өз шығармасын түркі тақырыбына арнауының өзі тегін емес. М.Қашғари өмір сүрген дәуір, бір кездегі гүлденген араб дүниесінең дәурені өтіп, тасы кері кете бастаған уағы болатын. Оның үстіне, М.Қашғари түркілер тарапынан өз туындысының ескерусіз қалмайтындығын да пайымдаған. Сондықтан да өз еңбегінең атын мазмұнына сай етіп "Диуани лұғат ат-түрк" ("Түркі сөздерінең жинағы") деп атаған. Бұл жинақ - "орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы" деп атауға тұратын шығарма, сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылғанүш томдық әйгілі еңбек.

"Диуани лұғат ат-түрк" үлкен көлемді үш том. Бірінші томы-436 бет, екінші томы-294 бет, үшінші томы-333 бет. Оларда түрлі текті рулар мен тайпалардың тілдеріндегі сөздерге арабша түсінік берілген; үлкен ру тайпалар тілдерінең ұқсастықтары мен өзгешіліктері бай, фактілермен айқын көрсетілген; 238 өлең, жыр, 270 шақты мақал-мәтел келтірілген.

Қашғаридең бұл еңбегі аталған жерлердегі халықтардың мәдени және рухани байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. А.Н.Кононовтың сөзімен айтқанда: "Түркі тілдерінең сөздігі" - ХІ ғасырдағы түркілердең өмірі, олардың материалдық мәдениеті, бұйымдары, тұрмыс-жайлары, этнонимдері мен топонимдері, қызмет адамдарының дәрежесі, тағам, сусын түрлері, үй жануарлары мен аумағындағы жабайы аң-құстар, мал шаруашылығы, өсімдік дақылдары, астрономия терминдері туралы, күнтізбелер, ай, апта, күн аттары, ауру түрлері, дәрі атаулары, анатомиялық терминология, минералдар мен материалдар туралы, әскери, спорт және әкімшілік терминологиясы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандардың есімдері, діни және этникалық дәстүрлер мен ғұрыптар туралы, балалар ойындары мен ермектері және басқалар туралы бірден-бір деректеме болып табылады".

  1. Жңсіп Баласағұни "Құтадғу білік"

Жүсіп Баласағұни (1015-1075) - ХІ ғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі. Толық аты Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни. Ғалым өзінең атақты дастаны "Құтадғу білік" ("Құтты білік") еңбегімен белгілі. Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіп Баласағұни ғылымның табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб, парсы тілі білімі сияқты салаларымен де айналысқан. Жүсіп Баласағұни, аты-жөніне қарағанда, Қарахандар мемлекетінең көрнекті қаласы және астанасы болған Баласағұн қаласында дүниеге келген. Атақты дастанын Баласағұн қаласында бастап, Қарахандар мемлекетінең шығыс бөлігінең астанасы - Қашқарда аяқтаған. Бұл - Қарахандар мемлекетінең саяи жағынан бытыраңқылыққа ұшырап, екіге бөлінген кезі. Ақын өзінең туындысын Боғра ханға сыйға тартқан. Бұған риза болған хан Жүсіпті сарайдағы уәзірлердең үстінен қарайтын үлкен қызметке сайлаған. Хас Хажиб деген үлкен атақ немесе бас уәзір деген өз оның атына осыдан қосылса керек. Жүсіптең басты көңіл бөлген мәселесі мемлекеттең саяси-қоғамдық және мәдени мәселелері болған. Ол өзінең еңбегінде: "Арабша, тәжікше кітаптар көп, ал бұл - біздең тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы", - деп, түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады. Бұл кітап ел арасында тез тарап, авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған.

"Құтадғу білік" - орта ғасырлар ескерткіштерінең ең көлемді және көркемдігі жағынан зерттеушілерін таңғалдырған әдеби-көркем туынды. Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілер мәдениетінең жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра.

  1. Ахмет Иңгнеки "Ақиқат сыйы"

Ахмет Иүгнекидең "Ақиқат сыйы" ("Һибат-ул хақайиқ") еңбегі, зерттеушілердең жобалауынша ХІІ ғ. аяғы - ХІІІ ғ. бас кезінде жазылған. Шығарма мораль, этика, адамгершілік тақырыбына арналған. Негізгі мақсаты - ақыл-кеңес беру, үгіт- насихат айту.Шығарма авторы бұрыннан келе жатқан үлгілі, өнегелі сөздерді мысалға келтіре отырып, өзінең қорытындыларын, тұжырымдарын айтады. Бұл әдеби мұраның сыртқы құрылысы мынадай: сол кездегі қабылданған әдеби дәстүр бойынша әуелі жаратушы Алла дәріптелген; Мұхамед пайғамбар мен оның төртдосына мақтау сөз айтылған. Одан кейін автор өзінең кітабын Тат Испаһсалар Бектең есімін тарихта мәңгі қалдыру мақсатымен жазғандығына тоқтала келіп, оның жақсы жақтарын санамалап берген.

Кітаптың негізгі бөлігінде мына мәселелер сөз болады: білімділіктең пайдасы, надандықтың зияны дәлелденеді, аузына келгенін сҿйлей салған кісінең көп опық жейтінін, аузын баққанның жөн екенін, өтірік пен шынның қандай айырмасы бар екенін түсіндіреді; бұл дүниенең опасыздығы, тұрақсыздығы, баянсыздығы әңгімеленеді; сараңдықтан сақтандырып, жомарттыққа үндейді; тәкаппарлық пен кішіпейілділіктең сырын ашып береді; дүниеқоңыз, ашкөз адамдардың жиіркенішті қылықтарын баяндап, одан аулақ болуға шақырады; адамгершілік, адалдық, қарапайымдылық сияқты қасиеттерді бойға сеңіруді үгіттейді; ең соңында қоғамдық өмірдең бұзылғандығына қынжылғандық білдіреді; ақын үлгі-ҿнеге, ақыл-кеңеске толы кітабының аяқталғанын айта келіп, өзінең көзінең өз екендігін, артында атын қалдыру үшін түркі тілінде осы кітапты жазғандығын ескертеді.

Кітаптың соңында белгісіз ақын мен әмір Сейфаддиннең тҿрт-төртжолдан сегіз жолдық өлеңі, ХҮ ғасырдағы Батыс Түркістан билеушілерінең бірі - Арслан Хожа Тарханның атынан жиырма жолдық өлең тіркелген. Бұларда ақын Ахмет Йүгнеки туралы азын-аулақ мағлұмат айтылады.

  1. Қожа Ахмет Иассауи "Даналық кітабы"

Қожа Ахмет Иассауи - түркі халықтарынан шыққан алғашқы сопылардың бірі. Түркі тіліндегі сопылық әдебиеттең негізін қалаушы діндар ақын, кемеңгер ойшыл. Шамамен 1103 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы көне Сайрам шаһарында дүниеге келіп, 1228 жылы Иасыда (Түркістан қаласы) қайтыс болған. Әкесі Ибраһим мен шешесі Айша (кейбір деректерде Қарашаш) сауатты, білімді адамдар болған.

Жастайынан ата-ана тәрбиесімен діни білім алып, ислам құндылықтары жөнінде тереңдеп іздене бастаған Ахмет Иассауи жеті жасында Арыстан бабқа шәкірт болады. Он жеті жасында Түркістанға келіп, сондағы медреселердең бірінен дәріс алады. Ақынның өзі жырлағандай, жиырма жеті жасында Бұхараға барып, пірге қол тапсырады. Ғалымдардың есептеуінше, бұл Қожа Ахмет Иассауидең ұстазы Жүсіп Хамаданимен кездесіп, оған шәкірт болуы 1130 жылға сәйкес келеді. Ахмет Иассауи сол кездегі дін және білім ордалары Хорасан, Шам, Ирак жерлеріне саяхат жасайды.

Туған жеріне қайта оралған Қожа Ахмет Иассауи алған білімін халыққа таратып, ислам дінін насихаттайды. Араб тілінде жазылған құран мен хадистегі шариғат үкімдерін жергілікті тұрғындарға түсіндіру үшін түркі тілінде хикметтер жазып, сопылықты уағыздайды. Бұл жөніндеҚожа Ахмет Иассауи шығармалары мен өмірі зерттеуші ғалым М.Жармұхамедұлы " ақын мұсылман дінінең қайта ҿрлеу мақсатын көздеп, өзінең мәңгі өшпес, әйгілі мұрасы "Диуани хикмет" атты (Ақыл, даналық кітабы) жинағын сол кезде кең тараған шағатай тілінде (көне түрік тілінде) жазып таратады. Мұндағы ойы: түсініксіз араб, парсы тілінде жазылған құран мен мұсылман діні қағидаларын түркі тектес халықтарға кеңінен насихаттап түсіндіру еді. Сол талапқа орай, ол көшпелі елдең өмірінде елеулі орын алатын айшықты өлеңмен жазуды міндет санайды", - деп түсінік береді.

"Диуани хикмет" - Қожа Ахмет Иассауидең ислам діні, шариғат үкімдері, сопылықтың мәні, Аллаға ғашық болу, Мұхаммед пайғамбарды сүю, ақиқат шарабына мас болу жайында жазылған өлеңдер жинағы. "Диуани хикметтең" түпнұсқасы сақталмаған. Біздең заманымызға Қожа Ахмет Иассауидең хикметтері иасауия жолын ұстанған сопылардың көшірмелері арқылы жеткен. Түркістандық ақынның хикметтері ең алғаш ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында Стамбул, Қазан, Ташкент баспаханаларында жарық көрді. ҚҰ ҰК Сирек кездесетін кітаптап мен қолжазбалар орталығында "Диуани хикметтең" бірнеше нұсқасы сақтаулы.

ҚР ҚК қорында сақтаулы Қожа Ахмет Иассауи мен оның ізбасары Сүлеймен Бақырғанидың қолжазбалық мұралары 2003 жылы "Әлемнең жады" ("Memory of the World") аталатын ЮНЕСКО бағдарламасының халықаралық тізіміне енгізілген.

  1. "Монғолдың құпия шежіресі"

"Монғолдың құпия шежіресі" - 1240 жылы Шыңғыс хан империясы туралы жазылған ескерткіш. Алғашқы нұсқасы және кім жазғаны қазірге дейін белгісіз. Кҿптеген ғалымдардың, әсіресе, чех ғалымы Поухоның пікірінше, бұл еңбекті Шыңғыс ханға ең сенімді мемлекеттік тҿреші, түркі Шикіқұтылық жазған. Ол түркі тілінде Шыңғыс империясының ішкі-сыртқы саясатын, ханның бұйрық- әмірін орданың құпия "Кҿк дәптеріне" белгілеп отыратын жауапты адам болған деп жорамалданады. Қытайша аты: "Юань Чао Би Ши" (Юань-мемлекет аты, Чао- құпия, Би Ши-тарих), моңғолша аты: "Моңғол-ұн нығұча тобчыйан" (моңғол-ұн - моңғолдың, нығұча - құпия, тобчыйан - шежіре). 1382 жылы басылған нұсқасы Пекин кітапханасында сақталып қалған. 1866 жылы ғалым И.Кафаров орыс тіліне, 1940 жылы моңғол ғалымы Ц.Дамдинсүрен қазіргі моңғол тіліне аударып бастырды. Бұл еңбекте Шыңғыс ханның өмірі, түркі-моңғол тайпаларының тарихы, Шыңғыс хан империясының жарты әлемді жаулап алуы жыр мен қара сөз кезек келіп, шебер баяндалған. Шығыстанушы ғалымдардың тұжырымдауынша,

"Монғолдың құпия шежіресіндегі" сөздердең елу пайызы қазақ тілінең сөздік қорымен сәйкес келеді екен. Бұл адамзат тарихында өзіндік орны бар ескерткіш - қазақ халқы үшін маңызды құндылықтардың бірі. "Алтын шежіренең" екінші нұсқасы осы "Монғолдың құпия шежіресіндегі" деректермен толықтырылған.

  1. З.Бабыр "Бабырнама"

Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр (1483-1530) Әндіжанда туған, Темір ұрпағы. Өтешиеленісті, соғыстар мен қауіп-қатерге толы өмір сүрген. Әкесі өлген соң, 12 жасында-ақ Ферғана тағына отырды. Шайбанилерге қарсы күресте жеңіліс тауып, Бабыр Отанына кетті. 1525 жылы Ауғанстан мен Үндістанға жорық жасады. Үнді сұлтаны Ибрагимді жеңіп, Пенджаб алқабында Лахор қаласын алды, сонан соң Дели мен Аграны басып алып, жаңадан "ұлы моғолдар мемлекетін" құрды, ол ХІХ ғасырда Үндістанды ағылшындар басып алғанға дейін өмір сүрді. Бабыр Қазақ хандығымен де тығыз қарым-қатынас жасады, Қасым ханмен және Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатимен туыс болатын, соңғымын оған қиын болған кезде тіпті паналатты да. Ол Аграда қайтыс болып, Кабулда жерлерген.

Бабыр жан-жақты дарынды адам: аса көрнекті қолбасшы және мемлекет қайраткері, талантты ғалым және ұлы ақын болған. Ол музыка тарихы жөнінде, әдеп және әскер ісі жөніндеқұнды еңбектер жазды. Бізге оның тек "Бабырнама" деген тамаша кітабы, азын-аулақ ғажайып газельдер мен рубаилары, сондай-ақ "Аруз туралы трактат" деген ғажайып теориялық еңбегі ғана жетті.

Оның мемуарлық әдебиет жанрында жазылған және көп жағынан өмірбаяндық сипаттағы "Бабыр-нама" деген кітабы кеңінен мәлім. Кітапта Бабыр Отанында болған кезде Орта Азия мен Қазақстанда ХҮ ғ. аяғы - ХҮІ ғ. басында болған барлық негізгі оқиғалар, сондай-ақ оның жат елде болған тарихы қамтылған. Соған сәйкес оны шартты түрде екі бөлікке бөлуге болады: 1494-1508 жылдар аралығында болған фактілер мен оқиғаларды баяндау. Бұл уақытта ол Темір империясын қайта түлету мақсатымен шайбанилерге қарсы қиян-кескі, бірақ нәтиже бермеген соғыс жүргізді. Кітаптың екінші бөлігі оның Үндістанды жаулап алып, өзмемлекетін құруына арналған. Бұл кітапта Бабыр тарих пен саясат, мемлекеттік және әскери құрылыс саласында энциклопедиялық білімі бар талантты қолбасшы және аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде көрінеді. Ол толып жатқан фактілерден ең бастысын бөлікалып, нақты тұжырымдар жасай білген.

"Бабырнаманың" тілі түсінікті, баяндау стилі жеңіл, жекелеген суреттемелері мейлінше көркем және толық, ал мұның өзі кітапты жазбаша әдебиеттең ғажайып ескерткіші етеді.

  1. ХІҮ-ХҮ ғғ. ауызша таралған әдеби туындылар (ертегілер, эпостық жырлар)

Халық арасында ертеден келе жатқан мифтер мен ертегілер, аңыз-әңгімелер кең таралды, олардың бір бҿлігі жаңартылып, өзгертіліп отырды. Ертедегі туындылармен қатар, сол кезде ұлан-байтақ Дешті Қыпшақ даласында болған оқиғалар туралы, оларға белсене қатысып, жалпы алғанда Шыңғыс ұрпақтары, жекелеп алғанда Жошы ұрпақтары мемлекетінең одан әрі өмір сүруінде тағдырлы рөл атқарған жеке адамдар туралы эпикалық жаңа туындылар жасалды.

Ол кезеңдегі фольклордың ең ертедегі үлгілері ғарыштық, тотемдік сипаттағы алуан түрлі мифологиялық сюжеттер болатын. Оларда Ғарыш пен Жердең Ғайыптан пайда болғаны туралы, Күннең, Айдың және басқа да аспан шырақтарының қайдан шыққаны туралы айтылатын. Мифтерде алғашқы адамдар мен жануарлардың жарық дүниеге қалай келгені, таулардың, көлдердең, өзендердең және басқа да Жер объектілерінең қалай пайда болғаны туралы баяндалды, т.б. Рулар мен тайпалардың мифтік тарихы да баяндалып, олардың генеологиясын жануарлармен, тотемдік бабалармен байланыстарға апарып тірейді.

Халық арасында ғажайып-батырлық және ғибратты мазмұндағы ертегілер ("Құламерген-Жоямерген", "Жерден шыққан Желім батыр", "Ер Төстік", "Керқұла атты Кендебай", "Хан Шентей", "Еркем Айдар", "Аяз би", т.б.) кең таралды. Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінең батырлары ақылды, өнегелі, үлгілі, асқан балуан, аса сезімтал көреген келеді.

Ауыз әдебиетінең ертеден ел аузында айтылып келе жатқан ірі саласының бірі - эпостық жырлар. ҮІ-ҮІІІ ғасырлардан бастау алған батырлық жырлары көптеген көріністермен толықтырылып, ХІҮ-ХҮ ғасырларда эпостық жырға айнала бастады. Алтын Орда ыдыраған кезде "Ер Тарғын", "Орақ-Мамай", "Ер Қосай" сияқты тарихи батырлық жырлар пайда болған. Жырлардағы елін, жерін жаудан қорғаған батырлар бейнесі халықтың ерекше құрмет тұтатын тұлғаларына айналған.

ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда халқын жат жерліктердең шапқыншылықтарынан қорғап, ауыр азаптардан құтқарған ғажайып күш иесі - батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы дастан. "Ер Тарғын", "Ер Сайын", "Қамбар", "Алпамыс", "ЕрҚосай", "Төрехан", "Телағыс", "Құбағұл" т.б. дастандада елін қорғаған ер бейнесі көркем тілмен кестеленеді.

  1. Хорезми "Мухаббат-наме"

Хорезми-Раванидең "Мухаббат-наме" ("Махаббат хаттары") деген мифтік поэмасы ХІҮ ғасырдағы көркем әдебиеттең тамаша үлгісі болып табылады. Оның авторы мен жасалу тарихы туралы мәліметтер туындының өзінде бар. Онда Хорезмидең көп саяхат жасағаны, Рум (Византия) мен Шамда (Сирия) болғаны және "Мухаббат-намені" Ақ Ордада тұрған кезінде Сырдария жағасында 1353- 1354 жылдары бітіргені айтылады. Автордың өзі жазғандай, поэма 1342 жылы төңкеріс жасап және ағасы Тыныбекті өлтіріп, таққа ие болған Жәнібек ханға туыс болып келетін қоңырат бегі Мұхамедқожаның өтініші бойынша жазылған. Жәнібек елде 1342-1357 жылдары билік құрған.

Біздең заманымызға дейін келіп жеткен Хорезми қолжазбалары көшірмелер болып табылады. Зерттеушілер жуырдағы уақытқа дейін "Мухаббат-наменең" екі көшірмесі сақталған деп санап келді. Біреуі-араб, екіншісі-ұйғыр қарпімен жазылған, екеуі де Британ мұражайында сақтаулы. Алайда түрік ғалымдарының жинақтаушы еңбегінде "Мухаббат-наменең" Стамбулдағы Ұлттық кітапханада тағы да екі көшірмесі бар екені хабарланған.

"Мухаббат-наме" - орта ғасырлардағы түрік әдебиетіндегі түрі мен мазмұны жағынан жаңа туынды. Ол шын сүйетін жас жігіттең өз сүйіктісіне поэтикалық хаттар түрінде жазылған. Құрылымы жағынан поэма бірнеше бөліктерден: құдіреті күшті жаратушыға жүгіну, поэманы жазуға тапсырыс берген Мұхамед қожа бекті мадақтау, сүйіспеншілік өлеңдер-хаттар, рақым жасауды өтініп, құдайға жалбарыну, өзін-өзі сипаттау мен өзі туралы әңгімелеу бөліктерінен тұрады. Сүйіспеншілік хаттарының арасында және жекелеген бҿліктер арасында автордың тыңдаушылар мен шарап құюшыларға арнаған сөздері беріледі. Поэманың мазмұны таза махаббатқа арналған. Лирикалық кейіпкерлер 11 поэтикалық хат жолдайды, оларда өзсүйіктісін бейнелеп суреттеп, оған өзінең сезімін білдіреді, оның сырт келбетін бейнелеп, мінез-құлқын сипаттайды.

Хорезмидең "Мухаббат-наме" поэмасы Дешті Қыпшақтың рухани мәдениетінде қарапайым адамның жоғары сезімін мадақтайтын және әдебиет тууының басы болды.

  1. Құтб "Хұсрау мен Шырын"

Алтын Орда дәуіріне жататын елеулі туындылардың бірі - "Хұсрау мен Шырын" дастаны, оның авторы - шыққан тегі қыпшақ, ақын Құтб. Құтбтың өмірі туралы толық мәліметтер жоқ. Оның 1330-1340 жылдары Ақ Орданың астанасы - Сығанақ қаласында тұрып, өздастанын сонда жазғаны, оны билеуші Тыныбек пен оның әйелі Мәлике-хатунға арнағаны мәлім. Құтб дастанды 1341-1342 жылдары бітірген болуы керек. Қолжазбаның бірнеше көшірмесі болған. Соның біреуі Приждең ұлттық кітапханасында 312-нөмірмен сақтаулы.Оның Парижге қалай жеткізілгені жұмбақ.

Құтбтың "Хұсрау мен Шырыны" Низамидең осы аттас дастанының мақамы бойынша жазылған. Құтб Низами поэмасының бүкіл желісін сақтап, негізгі көріністері мен ең басты қатысушы адамдарын өзгеріссіз қалдырған. Низами сияқты ол да өздастанында екі тақырыпты: шексіз таза махаббат пен мінсіз билеуші тақырыптарын өрбітеді. Екі тақырып та шексіз берілген махаббат - адам мен қоғамның жетілуіне бастайтын негізгі кілт, махаббат - адамды тазартып, оған ізгілік беретін ғана емес, сонымен қатар оны өзгертетін де сезім деген идеяға сүйенеді.

Құтб үшін әділ билеуші және мінсіз қоғам туралы тікелей деректеме Жүсіп Баласағұнидең "Құтты білік" дастаны болған. Құтб пен Баласағұнидең пікірлері бойынша, халықты дана әрі әділ адам басқаруға тиіс, ол ең алдымен халықтың игілігін ойлап, өзінең маңындағыларына, ұлықтары мен чиновниктеріне қатаң бақылау жүргізуге және қиянат жасағаны үшін оларды аяусыз жазалауға міндетті. Егер әмірші мұндай болмаса, ол халықтың қарғысына ұшырайды.

Шығармада Алтын Орда хандарының өмірі мен тұрмысы, Дешті Қыпшақ пейзажы суреттеледі.

  1. Дурбек "Жүсіп-Зылиха"

Жүсіп-Зылиха - Шығыстағы көп елге тараған ғашықтық дастан. Негізінен Інжіл мен Құран Кәрімде баяндалатын Жүсіп пайғамбар туралы оқиғаға құрылған. Сюжеті Шығыстың көп ақындарының шығармаларына өзек болған. Оның ауызша нұсқаларымен бірге жазба нұсқалары да бар. Дастанның көне қолжазбалары Британия музейінде және кітапханасында сақталған. “Жүсіп-Зылиханың” сюжетіне дастан жазған ақындар көп болған. Солардың ішінде халық арасына кең тараған әрі кемел нұсқасы - Абд әр-Рахман (Әбдірахман) Жәми жырлаған дастан. Қазақ халқы арасына Жүсіп-Зылиха жыры ерте кезден-ақ кеңінен тараған. Мысалы, дәуірі әдебиетінең аса көрнекті өкілі ақын да оғыз- қыпшақ тілінде Жүсіп- Зылиха дастанын жазған. Дүрбектең өмірі туралы көп мәлімет сақталмаған. Ақын ХІҮ ғасырдың ІІ жартысы мен ХҮ ғасырдың бас кезінде Сыр бойында өмір сүрген. Дүрбек Жүсіп-Зылиха дастанын 1409 жылы жазған. Дастанның 1516 жылы көшірілген ең көне нұсқасы Түркияның Топқани кітапханасында, ал 1563 жылы көшірілген 2-нұсқасы Париж ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Дастан Жақып пайғамбардың он бір баласы арасындағы күншілдіктен туған қайғылы жәйттерді баяндаудан басталады. Жақып он бір ұлының кенжесі Жүсіпті өте жақсы көреді. Әкесінең патшалық тағы мен тәжін Жүсіптен қызғанған он ағасы оны өлтірмек болады. Жүсіпті әулиелер мен періштелер аман алып қалады. Жүсіпті ағалары аяқ-қолын матап, құлдыққа сатып жібереді. Дастанда Жүсіптең ұзақ жылдар жат елдерде жүріп, жан төзгісіз қайғы-қасірет көргені суреттеледі. Ақыры Жүсіптең кемеңгер даналығы мен темірдей төзімділігіне Мағриб елінең патшасы Таймус, әміршілері Рян мен ерекше риза болады. Соның арқасында Жүсіп Мысыр еліне патша болып, сүйіктісі Зылиха сұлуға үйленеді. Патша Жүсіп бүкіл елдегі түрлі қантҿгістер мен соғыстарды тоқтатып, бейбіт, бақытты өмір орнатады. Дүрбектең “Жүсіп-Зылиха” дастаны сырттай қарағанда, пайғамбарлар, әулие-періштелер, патшалар өмірінен жазылған туынды сияқты болып көрінеді. Ал, шындығында, Дүрбек ежелгі аңыз сюжетін арқау ете отырып, өзі өмір сүріп отырған дәуірдең көптеген көкейкесті мәселелерін көтергенін аңғару қиын емес. Дүрбек Алтын Орда мен ХІҮ-ХҮ ғасырларда орын алған кейбір тарихи оқиғаларды өз дастанына өзек етіп алған. Әлемді дүр сілкіндірген 1405 ж. 19 қаңтарда қаласында кенеттен қайтыс болғаны мәлім.

Бұл хабарды естіген бойда-ақ Әмір Темір ұрпақтары тақ пен тәжге таласып, бүкіл Мауреннахр өңірін ұзақ жылдар бойы қанды шайқастар алаңына айналдырды. Міне, осындай соғыстардың бірі Әмір Темірдең ұлы пен немересі арасында 1409 ж. Балх қаласы үшін болған еді. Бұл соғыста Балх қаласының халқы түгел қырылғанын Дүрбек өз көзімен көреді. Алты ай бойы қоршауда қалған Балх қаласындағы жан шошырлық дозақ көріністерін Дүрбек “Жүсіп-Зылиха” дастанында шеберлікпен, сенімді етіп көрсете білген. Дастанның негізгі идеясы - ел билеушілер арасындағы тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстардың, ағайын адамдар арасындағы бақталастық пен алауыздықтың, шектен тыс қатыгездіктең зардаптарын көрсету. Ақын ел басқаратын жандардың ақылды, әділ, мейірімді, жомарт болуын көксейді.

Жүсіп-Зылиха” дастанының сюжетін өзге ақындар да нәзира үлгісімен қайта жырлаған. Мысалы, қазақ ақыны Жүсіпбек Шайхысыламұлы да осы сюжетті арқау еткен “Жүсіп-Зылиха” қиссасын жазып, оны Қазан баспаларынан бірнеше рет (1898, 1901, 1913) бастырып шығарған.

  1. Усман Кухистани "Тарихи Әбілқайыр хани"

Масуд ибн Усман Кухистани Әбілхайыр ханның баласы. Оның "Тарихи Әбілхайырхани" ("Әбілхайыр хан тарихы") еңбегі 1540 және 1551 жылдары (В.В.Бартольдтың пікірінше 1543/1544 жж.) парсы тілінде жазылған шығарма. Жалпы тарих бойынша ортағасырлық дәстүрлі шығармалар жинағы. Өзбек ұлысының (Әбілхайыр хандығының) билеушісі Шайбани Әбілхайыр ханның билік еткен жылдары туралы жазылған шығарма. Шығарма кіріспеден, 12 тараудан және қорытындыдан тұрады. Ғалымдардың есептеуінше "Тарихи Әбілхайырхани" еңбегі ХҮ ғасырдағы Шығыс Дешті Қыпшақ тарихы жөнінде жазылған бірден-бір еңбек болып табылады. Шығармада Әбілхайыр ханның билікке келгенге дейінгі өмірі, Жұмадық ханды жеңіп хандық билікке келуі туралы, Мауараннахрдағы тимуридтермен қарым-қатынас туралы жан-жақты жазылған. "Тарихи Әбілхайырхани" шығармасының көшірмелері Санкт-Петербург, Ташкент, Лондон қалаларындағы мұрағаттарда сақтаулы тұр. Шығарманы В.В.Бартольд, П.П.Павлов, Б.А.Ахмедов және т.б. ғалымдар зерттеді. Ал Қазақстандық ғалымдардан шығарманы С.К.Ибрагимов, В.П.Юдин, К.А.Пищулина және т.б. зерттеді.

  1. М.Х.Дулати "Тарихи Рашиди"

Дулати (1499-1551) - ортағасырлық тарихшы, әдебиетші. Моғолстан тарихын, басқа да түркі халықтары тарихын қамтыған әйгілі "Тарих-и Рашиди" шығармасының және "Жаһаннаме" дастанының авторы. Жетісу жеріндегі ежелгі дулат тайпасы әмірлерінең ұрпағы.

"Тарих-и Рашиди" ("Рашидтең тарихы") еңбегі -жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған. ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы Моғолстан мен Қашқарияның тарихына арналған. "Тарих-и Рашиди" екі дәптерден тұрады. Алғашқы дәптерде Моғолстанды билеген Шағатай әулеті хандарының тарихы жүйелі баяндалады. Екінші дәптер естеліктік сипат ұстағанмен, онда Мұхаммед Хайдардың Кашмирді жаулап алғанына дейінгі тарихи оқиғалар сөз болады. Сонымен қатар Сұлтан Саид ханның Моғолстандағы билік үшін күресі, оның 1514 жылы Қашқарды жаулап алып, Моғолия мемлекетін құрғаны, Шағатай әулетінең Моғолстанның бұрынғы аймағы- Жетісу мен Тянь-Шаньдағы ҿкімет билігін өзқолдарына алмақ болған әрекеттері, моғол хандарының Шайбани әулетімен және қазақ хандарымен қарым- қатынастары әңгімеленеді. Шығарма ХҮ-ХҮІ ғасырларда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістанда болған тарихи оқиғаларды да қамтиды. Шығармада -ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қала, егіншілік мәдениеті, тарихы, географиясы - жалпы орта ғасырлардағы Қазақстан жайлы құнды деректер бар. Бұл шығармада қазақ хандары Жәнібек пен Керейдең Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептері тұңғыш рет айтылды. Автор еңбегіне моғолдар арасына кең тараған дулат әмірлерінең аңыз-әңгімелерін, ресми құжаттарды, әсіресе, тарихшылар: Йакут, Жамал Қарши, Жуайни, Рашид әд-Дин, Қазуини, Абд әр-Раззақ Самарқани, Шараф әд-Дин Әли Йездидең еңбектерін арқау еткен. "Тарихи Рашидидең" парсы және түрік тілдеріне аударылған нұсқалары мен қолжазбалары Санкт-Петебургте, Ташкентте, Душанбеде сақтаулы. Еңбектең қазақ тіліндегі нұсқасын зерттеуші И.Жеменей аударған.

  1. Қадырғали Жалайыр "Жамиғат тауарих"

(1555 -1607) - ортағасырлық ғұлама, атақты би. Қадырғали Жалайыр Қазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесші және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз- Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскерлері тұтқындап, алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған "Жылнамалар жинағы" ("Жамиғат тауарих" тағы бір аты "Оразмұхаммед дастаны") атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын ҿтінген. Алғаш рет И.Н.Березин 1854 жылы Қазан қаласында бастырған. Шежіре қазақ тілінде 1989 жылы жарық көрді. "Жылнамалар жинағы" шығармасы үш бҿліктен тұрады: біріншісі - Борис Годунов патшаны мадақтау; екіншісі - Рашид ад-Диннең "Жами ат-таварих" деген еңбегінең парсы тілінен қысқартылған аудармасы; үшіншісі - Шыңғыс әулетінең Ораз- Мұхаммедке дейінгі тарихы, Алтын Орданың билеушісі Едіге туралы әңгіме, 1602 жылдың көктемінде Ораз-Мұхаммедтең Касимов тағына көтерілуі туралы хикая.

Бұл еңбек көп жағынан құнды. Оны ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың тарихи деректемесі де, әдебиет және тіл ескерткіші де, Борис Годунов пен Ораз-Мұхаммедтең даңқын дәріптеген туынды да деп санауға болады. Мұнда түрік-монғол халықтары патшалары мен олардың қызметіне байланысты оқиғалардың тарихи-аңызға айналдырылған хроникасын баяндаумен қатар, хан сарайының тұрмысы мен шаруашылығы суреттеліп, билеушілердең өздеріне ғана емес, сонымен қатар олардың дұшпандарына да сипаттама беріледі. Кітапта Ораз-Мұхаммед сұлтанның сарай адамдары мен жақындарының мінез-құлқы да мейлінше дәл бейнеленеді. Әдеби туынды ретінде бұл кітап Касимов қоғамының мінез-құлқы туралы, өмірге мұсылман дінінең тереңдеп енуі туралы, патшалық шонжарларының әл-ауқаты туралы толық түсінік береді. Автор Ораз-Мұхаммедтең таққа отыру сәтін егжей- тегжейлі суреттейді, сұлтанның таққа қалай отырғанын, мешітте кімнең намаз (құтпа) оқығанын және бұл салтанатқа қандай адамдардың қатысқанын көрсетеді.

"Бәрі, кәрісі де, жасы да, молда мен калхуддей, барлық мұсылман адамдар қатысты. Мінә жат етіліп намаз оқылды. Қарашалар мен аталықтар жоғары

мәртебелі ханның үстіне шашу шашты. Жиналғандардың бәрі жоғары мәртебелі ханды құттықтады. Осы айдың аяғына дейін бірнеше күн бойы күндіз-түні қонақасы беріліп, сый тартылды. Бұл күндері өтеүлкен той жасалып, көп мөлшерде бал мен шарап ішілді, сойылған жылқыға, қой мен сиырға сан жетпейді. Хан өте үлкен жиналыс шақырды. Жиналғандардың әрқайсысының қызметі мен атағын белгіледі. Молдалар мен хафиздерге, жетім-жесірлерге, кедейлер мен қайыршыларға сый тартып, қайыр-садақа берді".

Ораз-Мұхаммед бейнесі әділ де қайырымды билеуші етіп көрсетілген: "Үйсіздер мен кедейлерге мейірбандық пен ізгілік көрсетті. Оң қолымен істі шариғат бойынша басқарды, ал сол қолымен Борис Федорович патшаның жарлықтарына сәйкес ұры-қарылар мен лайықсыз адамдарды аяусыз жазалап отырды".

Сондай-ақ шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, қалалары мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежірелері айтылады. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы, заң ережелері туралы ғылыми құнды деректер берілген. Қадырғали Жалайыр шежіресі - Рашид әд-Дин жазбасының көшірмесі емес, көлемі шағын, бірақ тың тараулары бар жеке тарихи жазба. Ол Қазақстан, Орталық Азия, Алтай, Моңғолия елдерінең тарихын зерттеуде бірден- бір деректер болып табылады.

  1. Өтеміс қажы "Шыңғыснама"

Өтеміс қажының ― “Шыңғыснама” еңбегі XVI ғасырдың орта шенінде жазылған. Өтеміс қажының "Шыңғыснама" атты тарихи шығармасында Қыпшақ даласын билеген Жошы хан әулетінең тарихы баяндалады. Тарихи шығарманың алғашқы тараулары ел аузынан таралған аңыз-әңгімелерден құралған. Сонымен қатар бұл шығармада көптеген тарихи мәліметтер нақтылы деректер бойынша жазылған. Еңбектегі кездесетін аса бір құнды хабар - осы уақытқа дейін өлімі аңыз болып жүрген Жошы хан туралы дерек. Онда Жошы әкесі Шыңғыстың босқа қырғын жасап отырғанына қарсы болған. Өзіне қыпшақ жерінең ұнағандығын, әкесін бір аңға шыққанда өлтіріп, жаулаушылықты тоқтату туралы ойын айтады. Жошы ханның бұл сөзін Шағатай әкесіне жеткізеді. Қаһарына мінген Шыңғысхан Шағатай мен Үгедейді Жошыны жазалауға аттандырған. Алайда олар Жошыға жетпей, оның қаза болғандығы туралы хабар естиді. Шамасы, әкесі алдын ала Жошыны жазалайтын өзінең ең сенімді адамдарын жіберген тәрізді.

  1. Шах Мамұд Шорас "Тарих"

Шах Махмұд бен Мырза Фазыл Шорас ХҮІІ ғ. екінші жартысында Шығыс Түркістанда туған. Моғолстандағы ақсүйектер тобына жататын монғолдың шорас тайпасынан шыққан. Оның әкесі Мырза Фазыл Шорас Кашғардағы шағатайлық- хандар кезінде жоғары әскери-әкімшілік қызметтер атқарған, Баршық қонысының әкімі болған Шах Махмұд Шорастың ― “Тарих” (― “Хроника”) еңбегі 1087/1676-77 жылдары парсы тілінде жазылған және Моғолстан мемлекетінең билеушілерінең тарихына арналған шығарма. Шығармада Жүніс ханның (1462-1487) басқару кезеңінен Ысмайыл ханның (1670) билігі кезеңіне дейінгі аралықтағы тарихи оқиғалар қамтылған. Тарихи еңбек кіріспеден және 118 бөлімнен тұрады. Бұл шығарманы М.Х.Дулатидең "Тарихи Рашиди" еңбегінең жалғасы деуге болады. Шығармада ХҮІ ғ. ІІ жартысынан - ХҮІІ ғ. 70 жылдарына дейінгі Шығыс Түркістанның тарихы жөніндегі құнды деректер болып табылады. Сондай-ақ шығармада қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір хандар кезіндегі, ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ-моғол қарым-қатынастарының тарихы баяндалады.

Бұл еңбек туралы алғашқы мәліметті А.З.Валидов айтса, "Тарих" еңбегін 1976 жылы толық зерттеп, аударған шығыстанушы ғалым О.Ф.Акимушкин.

  1. Әбілғазы шежірелері

Әбілғазы Баһадүр (1603-1664) Үргеніш қаласында Жошы ұрпағы Араб Мұхаммед ханның отбасында туған. Оның анасы Мехрибану ханым да Шыңғыс ұрпағынан шыққан. Ҽбілғазы 6 жасында анасынан жетім қалып, ҿгей анасының қолында тәрбиеленген. Ол әкесі салғызған Арысхан медресесінде оқыды. Жас шағынан бастап әдебиет пен тарихқа бейімділік танытты, тарихты және ізашарларының шығармаларын оқып-зерделеді, әскер өнеріне жаттығып, мемлекеттік істерге қатысты. Әкесі қартайған шағында оның балалары арасында Хиуа тағы үшін күрес басталды. 1621 жылы шайқастардың бірінде Әбілғазы ауыр жараланып, Әмудариядан жүзіп өтеді де, Маңғыстау түрікмендерін паналайды, ал содан соң қазақ хандары Есім мен Тұрсынға кетеді. Алайда 1628 жылы ол қолға түсіп, Иранға жер аударылған. Ол Исфаханда аттай он жыл өткізіп, ақырында, 1638 жылы сәті түсіп айдаудан қашып шығады. Бірсыпыра уақыт ол қалмақ ханы Хоурлықта тұрды, бірақ көп кешікпей Арал өңірі қазақтарына барып, олардың Хиуа ханы, өзінең бауыры Спандиярға қарсы көтерілісін басқарды, бірақ жеңіліс тапты. 1643 жылы Арал өңірі қазақтары оны өздерінең ханы деп жариялайды. Ол Хиуа ханына қарсы тынымсыз соғыс жүргізіп, 1645 жылы тақты тартып алған. 1663 жылы елді басқаруды баласы Ануш-Мұмамедке өзеркімен беріп, "Түрік шежіресі" кітабын жазумен айналысты. Бірақ Әбілғазы бір жыл өткен соң қайтыс болып, кітапты оның ұлы бітірген.

"Түрік шежіресі" кітабы Шығыстың орта ғасырлардағы тарихи прозасы дәстүрлерінде жазылған және Адамнан бастап Әбілғазының өзіне дейінгі Шыңғыс әулетінең генеалогиясын баяндау болып табылады. Алғы сөз бен тоғыз тараудан тұратын ол таурат-құран сюжеттері мен ертедегі мифологияға, сондай сипаттағы ертедегі шығармаларға ("Оғызнама", "Алтан-тобчи", "Зафар-нама" және басқаларға) негізделген, оларды автор өзінше пайдаланып, шығармашылық тұрғыдан түрік тіліне көшірген. Баяндау стилі Әбілғазының дарынды адам болғанын, сөз саптауды жақсы білгенін көрсетеді. Әбілғазы еңбегінең алғы сөзінде үш түрлі өнерді жақсы меңгергендігін жазады.

  • Біріншісі - әскери өнер, әскери басқару.

  • Екіншісі - ақындық өнер.

  • Үшіншісі - тарихшы ретінде Арабстан, Иран, Тұран, Монғолия

сияқты елдердең тарихын меңгерген. Оларда болған ірі оқиғаларды білген. 1661 жылы жазылған "Түрікмен шежіресі" және 1665 жылы жазылған "Түрік шежіресі" еңбектері түркітануда және Қазақ тарихын оқып білуде өте құнды саналады.

Тарихи жағынан қызықты оқиғаларды, әсіресе соғыс қимылдарын суреттеген кезде Әбілғазы өзін көркем сөздең хас шебері көрсетеді, ол әдеби баяндау тәсілдерін шебер қолданып, жағдайды дәл әрі ықшам береді, қолбасшылардың қиын-қыстау сәттердегі мінез-әрекетін көрсетіп, шайқас көріністерін көзге елестете суреттеп, кейде ұсақ-түйекті де ұтқыр аңғарады.

  1. Жыраулар поэзиясы

Дербес мемлекеттілік, оны қорғау мен нығайту қажеттігі жағдайында бір мезгілде әрі көреген суырып салма ақын, әрі хандықтың бас идеологы, әрі хандардың серігі және кеңесшісі, әрі тайпаның бас идеологы, әрі хандардың серігі және кеңесшісі, әрі тайпаның жауынгер-басшысы ретінде көрінген жыраулардың рөлі едәуір арта түсті. Жыраулар поэзиясы мемлекет пен билеушіге қызмет етті және мемлекетке қызмет көрсететін әдебиетті қалыптастырды. Олар мемлекет пен билеушіге қызмет етуді өздерінең басты мақсаты деп білді, күшті әміршіні дәріптеді. Ханның кеңесшісі және идеологы болған жыраулар мемлекеттік өмірдең аса маңызды мәселелері бойынша суырып салып айтып, өзсөздерін тікелей әміршіге арнаған. Олар толғауларын хан кеңесінде немесе бүкілхалықтық жиналысты айтқан және олардың айтқандары поэтикалық ойланыс-толғау не арнау түрінде болған, олар бұл туындыларында өздәуірі мен өткен дәуірді өсиеттік-философиялық тұрғыда жырлап, оларды салыстырып отырған, елдегі жағдайға баға беріп, болып жатқан оқиғалар туралы өзпікірлерін білдірген, ақыл-кеңес айтып, ұсыныстар берген, көбінесе сәуегейлікпен болжам жасаған.

Жыраулардың шығармаларында кейде оппозициялық ой-пікірлер білдірілді. Олар өздерінең ханға немесе сұлтанға арнаған жырларында билеушінең белгілі бір шешімін не іс-әрекетін мақұлдамайтынын ашық айтып, әміршіні сынап та отырған. Жыраулар өздерінең сынында мемлекет мүдделерін негізге алған және "бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" деген принцип ұсталып, шешендік өнер жоғары құрметтелген, қоғамда олардың беделі де жоғары болған.

Жыраулар поэзиясының басты тақырыптары Қазақ хандығын құраған тайпалардың топтасқандығы мен бірлігі, мемлекетті және оның әскери күш-қуатын нығайту мәселелері болды. Мұның өзі жыраулар поэзиясында ерлік тақырыбының басымдық алып, өзмемлекетінең тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру жолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қайсарлығын жырлауға жеткізді. Жыраулар билеушілердең және адамдар жоқшылық дегенді білмей, молшылықта өмір сүретін қоғамның мінсіз бейнелерін жасады. Олар өздерінең поэтикалық монолог- толғауларында маңызды мемлекеттік проблемалармен қатар әдеп пен мораль, ар-намыс пен қадір-қасиет мәселелеірн қорғады, өмір мен ҿлім туралы, дүниенең құбылмалылығы мен жалғандығы туралы өз ойларын толғады.

ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясының аса ірі ҿкілдері - Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560), Доспамбет жырау (шамамен 1490-1523), Жиембет жырау (ХҮІІ ғ.), Марғасқа жырау (ХҮІІ ғ.), Ақтамберді жырау (1675-1768), Тәтіқара ақын (ХҮІІІ ғ.), Үмбетей жырау (1697-1786), Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787).

ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы өмір сүрген жыраулар халқымыздың басына ауыр күн туғанда ақыл-кеңес берген данагөйлері, жау шапқанда, қолдарына ақ найзаларын ұстап қарсы шыққан батырлар. Олардың есімдері тарихымызда мәңгі сақталады.

  1. Би-шешендер шығармашылығы

Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының өзіндік ерекшелігі, халық өмірінең ерекше жағдайлары мен өзіндік өзгешелігі бар қоғамдық уклад "билер сөзі", "билер айтысы", "билер дауы", "төрелік айту", "шешендік сөздер"деп аталатын көркемдік мәдениеттең бірегей түрін туғызды. Әдебиеттең бұл түрін шығарушылар негізінен ХҮ-ХҮІІ ғасырларда қазан хандығында, сондай-ақ ХІХ ғасырда, Қазақстан бұл кезде Ресей империясының құрамында болса да, қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен айналсқан билер болатын.

ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда билер сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Олар хан кеңесінең мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене қатысты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел өмірін басқарды, жиналыстарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады.

Билер дипломатиялық елшіліктерге қатысты, мұндай қызмет олардан тапқыр шешен болуын талап етті, сонымен қатар барлық билер мұсылманша сауатты болған және олардың кейбіреулері шет тілдерін білген. Билер туралы айта келіп, Ш.Уәлиханов былай деп жазған: ". шешендік өнермен ұштастырылған сот ғұрпындағы терең білім ғана қазақтарға осынау құрметті атақты берген. Би атағын алу үшін қазаққа өзінең заң білімін және шешендік қабілетін халық алдында талай рет көрсету керек болған".

Осының бәріне қоса, билердең поэтикалық таланты зор және суырып салып айту мен сөз арқылы поэтикалық айтыстың тамаша шеберлері болған.

Би-шешендер әр түрлі өмірлік жағддайлар мен жекелеген даулар бойынша "шешендік толғаулар" туғызған, оларда нақты ұсыныстармен қатар қоғам өмірінең фактілерін қорытқан, табиғат құбылыстары мен адамдардың жай-күйін суреттеп, салыстырған, ғибрат берген.

Би-шешендер әдебиетінең тақырыбы өтекең, ал олар қозғайтын проблемалар қоғамдық жағынан маңызды әрі оппозициялы: Әділеттік-озбырлық, достық- жаулық, ізгілік-зұлымдық, ұжымдылық-бытыраңқылық, адалдық-опасыздық, мейірбмандық-қатыгездік, т.б. Би-шешендер өзшығармашылығында ҿздерінең өмірге, оқиғалар мен адамдарға көзқарасын ғана білдіріп қойған жоқ. Олар хандық тұрғындары ұмтылуға тиіс болған мұраттарды жырлап, орнықтырды. Олардың толғауларынан мұрат туралы сол кездегі қоғамдық түсініктерге сәйкес сипатталған еркек мұратын, мінсіз әйел мен мінсіз ұл-қызды көруге болады.

ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінең маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінең күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665- 1765) және Әйтеке Байбекұлы (1682-1766) ерекше бөлек орын алады, олар Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Цинь империясында танымал болған.

Қорытынды

«Орта ғасырдағы тарихи шығармалар» тақырыбын оқыту арқылы оқушылар Қазақстан тарихындағы жазба дереккөздердең маңызын терең түсінеді. Бұл бағдарлама аясында оқушылар тек тарихи тұлғалар мен олардың еңбектерімен танысып қана қоймай, дерекпен жұмыс жасау, тарихи мәтіндерді талдау, салыстыру, интерпретациялау дағдыларын меңгереді.

Ортағасырлық тарихи шығармаларды оқу – тек өткенді тану емес, сонымен бірге ұлттық мұраны құрметтеу, тарихи сананы қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Бағдарлама оқушылардың тарихи танымын кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, дербес ойлау және пікір білдіру мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етеді.

Бағдарлама мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері мен пәндік құзыреттіліктеріне сай құрылып, жаңартылған білім беру талаптарына сәйкестендірілді. Оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар оқушыларды белсенді оқу процесіне тартады, сыни тұрғыдан ойлауға, дәлелмен сөйлеуге, тарихи фактілерге сүйене отырып тұжырым жасауға баулиды.

Жалпы, бұл бағдарлама – ортағасырлық мұралардың тарихи білім берудегі орнын нақтылап, оқушылардың тарихи сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды оқу құралы болып табылады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы, кҿне заманнан бүгінге дейін, І, ІІ том, Алматы «Атамұра» 2010.

  2. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том.

  3. «История Казахстана» энциклопедический справочник, Алматы «Аруна», 2010.

  4. Қазақстан балалар энциклопедиясы «Алтын Орда» І

бөлім, Алматы«Аруна», 2007.

  1. Қазақстан балалар энциклопедиясы «Қазақтың кҿне эпосы», Алматы «Аруна LTD», 2008.

  2. Орынбай Жанайдаров Қазақстан балалар энциклопедиясы «Ежелгі Қазақстан аңыздары» Алматы «Аруна LTD», 2007.

  3. Орынбай Жанайдаров «Жусуп Баласагуни», Алматы «Аруна LTD», 2007.

  4. Сәуле Байниетова «Қожа Ахмет Иассауи», Алматы «Аруна LTD», 2007.

  5. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Шағатай-қазақ тілінен аударып, алғы сөзін жазғандар Н. МинГулов, Б. Көмеков, С. Өтениязов. Жалпы редакциясын қараған Мұхтар Мағауин. - Алматы, 1997.

  6. «Әдеби жәдігерлер» 1,6-том («Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары), Алматы, 2007.

  7. «Жеті ғасыр жырлайды» (ХІҮ ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары), І том.

  8. Орхон ескерткіштерінең толық атласы [Текст]/М.Жолдасбеков. - Астана : Күлтегін, 2005.

  9. М.Мағауин «Қобыз сарыны», Алматы «Мектеп», 2007.

  10. Б.Кенжебайұлы «Түрік қағанатынан бүгінге дейін», Алматы 2010.

  11. «Қазақ халқының философиялық мұрасы», Астана «Аударма» 2007.

  12. «Қазақтың тҽлімдік ойлар антологиясы», Алматы «Сөздік-Словарь» 2007.

  13. «Батырлар жыры» 1-3 том, Алматы «Жазушы» 2006.

  14. https://kk.wikipedia.org/wiki/


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2025
321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі