Материалдар / 5-7 сынып күзгі бал сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5-7 сынып күзгі бал сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
күзгі балға сценарий
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күзгі бал – 2023 сайысы


Жүргізуші:
Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.
Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.
Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз
----------------------

Жүргізуші:
Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.

Әділ – қазылар мүшелері.
-------------------

Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік

1 – тур:
Айтыс түрінде таныстыру
2 – тур: «Өнерің өрге жүзсін»
3 – тур: Көрме.
Үздік икебана.
4 – тур: «
Қолдан жасалған күздік Сән үлгісі»
Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз «Таныстыру» сайысы! Ортада 1 – ші жұп!
2-жүп

3-жұп

4-жұп

Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе
«Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.

Жүргізуші:
Модельер болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.
Әр жұп дайындаған киімдерін киіп мода көрсетеді.

Жүргізуші:
4 – тур: Көрме. Үздік «Икебана» байқауына көшейік. Бұл «Күзгі бал» сайысының ең соңғы қорытынды байқауы!

Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.
«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!
---------------------------------
Жүргізуші:
Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне жетті.Ең бастысы жоғарыда айтып кеткенімдей біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да анықталды.
«Күз ханзадасы»:
«Күз ханшайымы»:
Жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстауым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!
Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!