400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5-9 сынып жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
алгебра жайлы ұғым,оқу жоспары бойынша жұмыс!ҚМЖ. Жасау,сабақты тиімді пайдалану Оқушылар мен байланыс орнату
Материалдың қысқаша нұсқасы
5-9 СЫНЫПТАРЫНЫҢ ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫ БОЙЫНША
РУБРИКА ӘЗІРЛЕУДІҢ 5 ҚАДАМЫ

Рубрикаторлар – бұл нақты өлшемдер бойынша
білім алушылардың жетістіктер деңгейінің толық
сипаттамасы. Әдетте рубрикаторлар кесте
(матрицалар) түрінде көрсетіледі, онда әрбір
критерий үшін индикаторлар (критерийлерді
нақтылауға болатын маңызды көрсеткіштер)
ұсынылған.
Рубрикатор-бұл өлшемдерге негізделе отырып,
білім алушының прогресін бағалау үшін
қолданылатын матрица түріндегі бағалау құралы.
Ол оқу материалын меңгеру деңгейі бойынша әрбір
сипаттаманың сапасын көрсететін (бастапқы, орта,
жоғары) бағаланатын қатардан тұрады.
1 қадам

Пән бойынша білім алушылардың жетістіктерінің
сараланған деңгейлерін анықтау (кесте 1). Мұғалім
оқу процесінің материалдарын, нысандары мен
тәсілдерін мұқият таңдап, материалдың
әрқайсысының мақсатын айқындап, жеке оқу
элементтеріне бөле отырып, сараланған тәсілде
іске асыру.
Кесте 1. Оқытудағы кері байланыстың деңгейлік
дифференциациясының сипаттамасы.

Кесте 1. Оқытудағы кері байланыстың деңгейлік
дифференциациясының сипаттамасы.
Деңгейлер

Тапсырмаларды орындау
пайызы

Бастапқы

0%-39%

Сипаттама

·

пәндік терминдер мен
ұғымдарды түсінеді және
өз ойын айтады,

·

қарапайым
тапсырмаларды
орындайды және тікелей
нұсқауларға сәйкес
орындау процедуралары
қажет
ақпаратты әртүрлі
нысандары (кестелер,
графиктер
және
диаграммалар)
негізінде ұсынады
және
қарапайым
қорытындыларды
тұжырымдайды,
қарапайым тапсырмаларда
шаблондарды таниды
Орта

40%-84%

· пәндік терминдер мен
ұғымдарды жеткілікті
біледі және түсіндіреді,

· тапсырмаларды
орындайды және білімін
практика жүзінде қолдана
алады,

· ақпаратты жинақтайды
және қорытынды
шығарады, алынған
нәтижелерге дәлел
келтіруі мүмкін
· типтік
тапсырмалардағы
үлгілерді таниды,
стандартты шешу
жолдарын ұсынады және
пайдаланады,

· берілген
тапсырмалардың шешімін
табуда басқа пәндерден
алған білімін,
дағдысын пайдаланады.

Кесте 1. Оқытудағы кері байланыстың деңгейлік
дифференциациясының сипаттамасы.
Деңгейлер

Тапсырмаларды орындау
пайызы

Жоғары

85%-100%

Сипаттама

·

пәндік терминдер мен
ұғымдар бойынша терең
білімі мен түсінігін
көрсетеді,

· күрделі
тапсырмаларды
орындайды және алған
білімін табысты
қолданады,
· ақпаратты әр түрлі
көздерден жинақтайды
және толық негіздеумен
қорытындыларды
құрастырады, нақты,
алынған нәтижелерге
қисынды дәйекті дәлелдер
келтіреді,

· күрделі тапсырмаларды
шешу жолдарын біледі,
бірнеше жауаптар
ұсынады

· әр түрлі стратегияларды
пайдаланады,
алынған нәтижелердің
маңызы мен
негізділігін бағалайды
2 қадам

Типтік оқу жоспары мен оқу бағдарламасын
зерделеу, оқыту мақсаттарына талдау жүргізу, білім
алу үдерісінде ерекше қиындықтар туғызатын оқыту
мақсаттарын анықтау, оқу бағдарламасына сәйкес
оқыту мақсаты негізінде бағалау критерийлерін құру.
3 қадам

Етістіктерді қарастыру - Блум пирамидасына сәйкес
үйрену. (Кесте 2.)

Кесте 2. – Ойлау әрекетінің деңгейлері және
етістіктер. Рубрика құруға арналған әрекеттер.
Ойлау әрекетінің деңгейлері

Білім алушылардың осы деңгейге
жетуін көрсететін нақты ісәрекеттері

1.Білім (Берілген жаңа түсінікті ұғу, еске
ұстау, бұрынғы білімді еске түсіру).

- терминдерді, нақты фактілерді,
әдістер мен рәсімдерді, негізгі
ұғымдарды,
ережелер мен
қағидаттарды айтады.

2. Түсіну (Жаңа материалда берілетін
білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе
болжам жасауы.)

- фактілерді, ережелерді, қағидаларды
түсіндіреді;
- сөздік материалды математикалық
өрнектерге түрлендіреді;
- қолда бар деректерден болашақта
туындайтын салдарларды сипаттайды.

3.Қолдану (Жаңа жағдайларда ұғымдар
мен қағидаларды пайдаланады, әдісті
немесе әрекетті дұрыс қолдануын
көрсетеді).

- нақты практикалық жағдайларда
заңдарды, теорияларды қолданады;
- жаңа жағдайларда ұғымдар мен
қағидаларды қолданады.

4.Талдау (Біртұтастың бӛліктерін
белгілеу: олардың өзара байланысын
айқындау).

- біртұтастың бөліктерін ажыратады;
- олардың арасындағы өзара
байланысты анықтайды;
- ұйымдастыру принциптерін
анықтайды;
- ойлау логикасындағы қателіктер мен
олқылықтарды көреді;
- фактілер мен салдары арасындағы
айырмашылықты жүргізеді;
- деректердің маңыздылығын
бағалайды.

5.Жинақтау (Жеке бөлшектерден, дара
ұғымдардан тұтас дүние жасау).

- шығарма, баяндама, реферат жазады;
- эксперимент немесе басқа әрекеттер
жоспарын ұсынады;
- тапсырма сызбасын құрастырады

6.Бағалау (Жаңа ұғым, жаңа
материалдың құндылғын, керектігін
анықтау, пайымда).

- жазбаша мәтінді құру логикасын
бағалайды;
- қорытындылардың қолда бар
деректерге сәйкестігін бағалайды;
- қызметтің қандай да бір ӛнімінің
маңыздылығын бағалайды.

4 қадам

Рубрика оқушыға түсінікті болуы шарт, оны әрі
қарай оқуға ынталандыруы тиіс. Кері байланыстың
сипаттамасын ескере отырып, рубрикада
конструктивтік байланыс болуы тиіс, ол білім
алушылардың белгілі бір білімдерге, дағдыларға қол
жеткізу деңгейін бағдарлама ұсынымдарын ескере
отырып толық көрсетуі тиіс. Конструктивті кері
байланыс қателіктерді ғана көрсететін етістіктерді
қолданудан бас тартуы керек. Конструктивті емес кері
байланыс оқушының жіберген қателіктеріне мән беріп
және де ол өз кезегінде оқушы мен ата-анаға кері
әсерін береді.
5 қадам

Рубрика бөлім/тоқсандық жиынтық бағалау
нәтижелері бойынша ғана емес, жазбаша жұмыстан
кейін де қолданылуы тиіс. Рубрикалар оқушыларға
жұмысты орындауға кіріскенге дейін белгілі
болуы тиіс.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
әдістемелік ұсынымдары негізінде әзірленген
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.07.2021
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі