Материалдар / 5-9 сыныптар үшін диктанттар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5-9 сыныптар үшін диктанттар

Материал туралы қысқаша түсінік
5-9 сыныптар диктант
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2019
7157
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





















Диктанттар жинағы

(5-9 сыныптарына арналған)



Оқу орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде жүретін

мектептердегі қазақ тілі
































Алматы қаласы, «Республикалық 45 minut.kz »басылымында қарастырылып,баспаға ұсынылды






Пікір жазған: «Республикалық 45 minut.kz»газетінің редакторы: І.Б.Набиев






Автор- құрастырған: Уразаева Фатима Кенесовна

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі




Оқу орыс,өзбек,ұйғыр тілдерінде жүретін мектептердің 5-9 кластарына қазақ тілінен арналған диктанттар жинағы. Әдістемелік жинақ орыс тілді оқушыларының кластарының деңгейлеріне сәйкестендіріп алынған.

Жинақ жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.































Алғы сөз

Тіл – адамның қоғамдық қатынас құралы, ол үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Бұл ретте оқушының грамматикалық ережелерді жалаң жаттап алып, дайын мысалдарды мүдірмей айтып беруі мүлдем жеткіліксіз болады. Оқушы неғұрлым теориялық білімді практика жүзінде толықтырып, шығармашылық ісімен бекітіп отырса ғана тілді дұрыс игереді.
Осындай шығармашылық жұмыстардың бір түрі – диктант. Диктант латынша «дикто» деген сөз. Оның мағынасы – естіртіп айту деген ұғымды береді.Диктант жұмысын жүргізу көбінесе оқушылардың теориялық білімін сынауға қолданылады.Мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылып отырған бұл диктантар жинағының құрастырылу мақсаты-оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға,тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге,нығайтуға және жетілдіруге,коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Диктант мәтіндері окушылардың меңгеруге тиісті сөз мөлшерін молайтады, лексикасын байытып, ойын, тілін дамытады. Сонымен бірге, оқушылардың бағдарлама бойынша түсінбеген тақырыптарын анықтап, білім сапасына, үлгеріміне талдау жасауға, бақылау сынақтарын жүргізуге мумкіндік туады.Мәтіндерді іріктеуде тіл үйренушілердің сауаттылық деңгейін, танымдық, логикалық ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсаты да ескерілген. Окушыларға жүйелі, тиянақты, саналы білім беріп, сауатты жазуға үйретуде еңбектің маңызы зор.



















Орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi қазақ тiлi пәнiнен жүргiзiлетiн диктанттың орындалу ережесі


Диктант жұмысының нормалары:


Кластар

Сөздер саны

1

15 - 20

2

20 - 25

3

30 - 35

4

40 – 45

5

50 – 55

6

60 – 65

7

70 – 75

8

80 – 85

9

90 – 95

10

100 -105

11

105-110


Диктант мәтiнiне байланысты мұғалiмдердiң ескеретiндерi:

  • қажет болған жағдайда мәтiн мазмұны жөнiнде қысқаша мәлiмет беру;

  • сөйлемдердiң құрылысы мен тыныс белгiлерiн, оқылу интонациясын ескеру;

  • жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердiң түрлерiнiң барын анықтау;

  • сызықша, тырнақша тәрiздi белгiлердi қолдану жүйесi;

  • егер диктанттың мәтiнiнде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсiндiрiмеген қиын сөздер кездессе, онда олар тақтаға жазылады;

  • диктант мәтiнiн қайтадан көшiруге болмайды;

  • бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгiлiк қателерi есептеледi.



Бағалау нормалары

«5» деген баға:ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;

«4» деген баға:емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;

«3» деген баға:емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгі қатесі болса;

«2» деген баға:емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін;




Ескерту:

Бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады.Егер бір қате бір сөздіңқұрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі.Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есптеледі.


Диктант мәтініне қойылатын талап:

а) көлем сынып ерекшелегіне сай болуы тиіс;

ә) тәрбиелік мазмұны болуы керек;

б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс бағдарламаға сәйкес болуы керек ;

в) мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген жөн;


Грамматикалық тапсырмалы диктант сабағының құрылымдық кезеңін шамамен былай көрсетуге болады:

а) тілдік дайындық(өтілген грамматикалық материалдарды еске түсіру)4-5минут.

ә)берілген тапсырманы орындату-4-5 минут.

б) диктант мәтінімен таныстыру, жазғызу -30-35 минут.

в) тексеру, жинау-2-3 минут.


Белгілер мәні:

/- емле қатесі

V- тыныс қатесі

/-азат жол артық қойылған

?- түсініксіз

/- қайталанған ойлар, стилдік қателер, сөз қалдырған

/-жүйе үзілген


Диктантты бағалауда мына параметрлерді есте сақтау керек:

- фонетикалық талдауды білуі;

- сөз құрамына талдауды білуі;

- сөз табына талдауды білуі;

- сөйлемді талдауы;

- сөйлем мүшесіне талдауды білуі;

- морфологиялық талдауды білуі;

- синтаксистік талдауды білуі;

- лексикалық талдауды білуі.






Жазба жұмысына байланысты қатемен жұмыс жүргізу жолдары

Қазақ тілі сабағында алған білімдерін жазбаша сауатты көрсете білуде жазба жұмысының алатын орны ерекше. Ол сабақ құрылымының 3 түрлі мақсатына сәйкес грамматикалық сауаттылығын тексеріп қана қоймай, есте сақтауын, көркем жазуын, ұқыптылығы мен өз - өзіне деген сенімін нығайтады. Соның ішінде бақылау диктантында қатемен жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Диктанттың негізгі мақсаты - оқушылардың теориялық білімін сынау, бағалау, оларды сауатты жазуға үйрету болса, қатемен жұмыс жүргізудің мақсаты - жіберілген қатемен сауатты жұмыс жасау болып табылады. Диктантты дұрыс, сауатты жазу үшін грамматиканы үйреніп, талдай білу жеткіліксіз, сонымен қатар көркем әдебиетті көп оқу керек.
Қазақ тілі пәнінен алынған жазба жұмыстардағы жіберілген қате бойынша саралау кестесі әрбір жазба жұмысынан кейін сараптамалық талдау негізінде жасалып, оқушымен деңгейлік тапсырмалар негізінде тікелей жұмыс жасауға ықпал етеді. Сондай - ақ жазба жұмыстарын бір - бірімен салыстыруға да мүмкіндік береді.

Қатемен жұмыс жүргізу жолдары:
1. Тексерілген жұмыспен оқушы танысып, қызыл сиямен көрсетілген сөзді жол басына ең әуелі қате түрін, содан кейін сызықша қою арқылы жол аяғына дейін қатесіз жазу керек;
2. Қате жазылған немесе оқушыға таныс емес сөздерге қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалана отырып, мағлұмат беру;
3. Жіберілген қате туралы өтілген тақырып бойынша ережені еске түсіру, мысалдар келтірту;
4. Қате жазылған сөзге фонетикалық, лексикалық, морфологиялық талдау жасату;
5. Оқушылардың тасымал, тыныс белгі туралы білімдерін нақтылау, бағдар беру;
6. Диктант мәтініндегі тірек сөздерді тапқызып, сөйлем құрату.
7. Сабақты шығармашылықпен ұштастыра отырып, қате жіберілген сөздердің прозалық, поэзиялық шығармаларда қолданылуына назар аударту, нәтижелі болу үшін жатқа айтқызуға болады.










5-сыныптар үшін диктант мәтіндері


Менің досым

Менің ең жақын досым –Асқар. Оның бойы ұзын,шашы бұйра,көзі қара,бет-әлпеті әдемі. Ол -тәртіпті оқушы.Асқар сабақтан кешігуді білмейді. Оқулықтарын таза ұстайды. Қызықты кітапты көп оқиды. Сабақтан кейін апасына көмектеседі. Оның Анар есімді қарындасы бар. Асқар қарындасын ойнатады. Менің досым – адал,сенімді,әзілқой. Мен досымды мақтаныш етемін.(50сөз)


Тапсырма: тәуелдік жалғауды табыңдар.


Тәуелсіздікті ардақтайық

Биыл біздің тәуелсіз ел болғанымызға жиырма жыл. Бұл аз мерзім емес. Қанша уақыт өтсе де, біз кешегі 1986 жылы еліміздің тәуелсіздігі үшін орыс империясының бұғауын үзген желтоқсан ерлерінің ерлігін естен шығармауымыз керек. Себебі, біз солардың арқасында азат, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз.
Ендеше, ағалардың қанымен келген тәуелсіздігімізді ардақтап, оны мәңгі сақтайық.(50 сөз)


Қыс.

Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ,күн қысқа. Қыста мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын, сүртемін, шашымды тараймын, тамақ ішемін. Сонан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, үстіме жылы пальто, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң,мектептің мұз айдынына барамыз.Мұз айдыны мектептен алыс емес.

(51 сөз)


Тапсырма: бастауыштын астын сызыңдар.



Қысқы ағаш

Қыс ағашқа қауіпті. Қарсыз аязды күндері суықтан жарылып кетеді. Ағаш қысқа өзінше дайындалады. Оның өркендеп өсуі үшін қорек зат керек. Ол қыста жетіспейді. Сондықтан ағаш қыста өсуін тоқтатады. Ағаштың суықтан қорғайтын қалың қабаты бар. Жыл өткен сайын оның қабағы қалыңдай түседі. Ағаштың түбін қармен көм. Сонда ағаштың тамырына суық өтпейді. (51 сөз)


Тапсырма:

1. Соңғы сөйлемнен етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.

2.Маңырайды, боздайды, кісінейді деген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.



Менің атам – ардагер

Менің атам – соғысқа қатысқан адам. Ол бір мың тоғыз жүз отыз тоғызыншы жылы Шымбай қаласынан әскери қызметке алынды. Атам әскери қызыметте жүрген кезде соғыс басталды. Майданда үш рет жараланды. Үшінші рет ауыр жараланып емханаға түседі. Ол кісінің соғыста алған ордендері көп. Атамның жасы қазір жетпіс бесте. Мен атамды өте жақсы көремін. (51сөз)


Шәкірт

Динаның әкесі Кеңже палуан әрі шебер домбырашы болған. Дина тоғыз жасынан бастап домбыраны игере бастайды.

Бірде осы ауылға атақты күйші Құрманғазы келеді. Ол Динаның домбыра тартысын көріп риза болады. Оған көптеген күйлерді үйретеді. Құрманғазы шәкіртіне өзінің домбырасын сыйлайды. Дина өз жанынан күйлер де шығарады. Оның алғашқы шығарған күйлері «Бұлбұл», «Көргентүн», «Байжұма» (51сөз)


Тапсырма:

1. Екінші сөйлемнен сан есімді тауып, астын сызыңдар.

2.Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жазыңдар. Жалғанған жұрнақтардың астын сызыңдар.



Қыс

Қыста күн қысқарады. Күн көзінің қызуы азаяды. Жер ақ көрпеге оранады. Өзен мен көл мұз жамылады. Терең інде жатқан жануарларға аяз жете алмайды. Олардың орны жылы болады. Қар суық өткізбейді. Қар астындағы өсімдіктерге де суықтың зияны тимейді.

Кейде ұйтқып боран соғады. Ондайда сыртқа шығу қиын. Ашық күндері қар үстінде ойнау көңілді. (51 сөз)


Тапсырма:

1. Соңғы сөйлемнен түбір күйінде жазылған сөзді табыңдар.

2.Бірінші сөйлемдеггі қосымшалы сөздерді табыңдар. Астын сызыңдар.



Ақылды  мал

        Жылқы – ақылды  мал. Шекарадағы  әскерлердің  аттары  бөтен  кісіні жанына  жолатпайды. Мұндай  аттардың  кейбіреуі  біздің елімізге жасырын өткен  жауларды  сезеді. Олардың  тығылып жатқан жерлеріне шекарашыларды  өздері  бастап  алып барады.

        Жылқы – мейлінше күшті. Ол ыстыққа да, суыққа да  төзімді. Қазақстанның  көп  жерлерінде  жылқы  қыс бойы  далада жайылады. Жылқы  қасқыр сияқты жауынан да  қорғана  біледі. (52 сөз)

 

Тапсырма. «Ақылды, жау, қыс, ыстық, көп» сөздерінің антонимдерін табу.


Абай Құнанбаев.

Абай Құнанбаев –қазақ халқының ұлы ақыны. Ол ерте кезде өмір сүреді. Қазақ халқын әр түрлі өнер үйренуге,білім алуға шақырады. Халқына еңбекті сүюдің,еңбек ете білудің пайдасын түсіндіреді. Ақын өсекші, өтірікші,жалқау, мақтаншақ адамдарды жек көрді. Абай өз шығармаларында мұндай адамдарды қатты сынады. Абай Құнанбаев – ұлы аудармашы болған. Ол барлық адамдарды дос болуға шақырды.

(54 сөз)


Тапсырма: “ақын,адам,дос,халық”- деген сөздеріне көптік жалғауларын жазыңдар.



Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин –қазақ халқының белгілі ағыртушы, жаңашыл педагогы, жазушы, қоғам қайраткері. Ол жасынан ынталы,зерек болды. Ыбырай Алтынсарин орыс әдебиетін көп оқыды.Халқына білім беруді арман етті. Балалар үшін Орысша-қазақша мектептер ашты. Оған арнап оқулықтар жазды. Оның өлендерін оқушылар жатқа біледі.Қостанайда Ыбырай Алтынсарин арналып мұражайлар шылып,ескерткіштер орнатылды . Ол –балалар әдебиетінің атасы.


(53 сөз)


Тапсырма: көптік жалғауды табыңдар.


Қоңыр күз.


Жаздан кейін қоңыр ,салқын күз кел де келіп жетеді. Бұл кезде күн қысқа, түн ұзақ болады. Қараңғылық ерте түседі.Аспанда қара бұлт қаптап, жауын да жиі-жиі жауады.Күз айлары-жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Бұл мезгіл-көкөніс,жеміс-жидектің піскен кезі.Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды. Қысқа көкөністерді тұздайды.Осындай кезде қыс та келіп қалады.(55 сөз)


Тапсырма.

1.Қосымшаларын табыңдар:

Қараңғылық, мезгілдерінің, көкөністерді.

2.Фонетика талдау: Салқын, піскен.


Астана - әсем қала
Астана қаласы – қазақ елінің астанасы. Күн сәулесіндей жарқыраған әсем қаламыздағы «Бәйтерек» монументі мен өзге де ескерткіштер келушілерге тарихымыздан сыр шертіп тұрғандай. Биыл Тәуелсіздігіміздің (неше?) жылдығы тойланады. Оған дейін әлі талай құрылыстар салынып, бас қаламыздың жаңғыра түсетініне сенемін. Мұның бәрі күні кеше ғана халық қайта сайлаған елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың еңбегі. Жасай бер, қазағымның жас қаласы!(54 сөз)



Тары


Тары-астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді. Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары-арпа мен бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан тазартылып және ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді.(55сөз)


Тапсырма:

1.Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.

2.Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.



Қошақан.

Дәулет пен Хасен құмнан жуа терді.Олар жолдың шетінде қалған ақ қозыны көрді. Қошақанның енесі жоқ екен. Қошақан өз аяғымен жүре алмады. Ол өте әлсіз еді. Екі бала қозыны кезектесіп көтерді.Екі дос түс ауа қошақанды ауылға аман- есен жеткізді. Олар қозыны аға шопанға әкеліп берді. Шопан балаларға алғыс айтты.(50сөз)


Тапсырма:

1.“Ақ ,түс”сөзінің омонимін тап “әлсіз”сөзінің антонимін тап

2.”балаларға” сөзін сөз құрамына талда.



Бурабай.

Көктөбе Жақыпбекке барлық сұлулықты жасырып тұрған шымылдық тәрізденді.Одан асқан соң Бурабай алқабы қыстыгүні болса да көгере бөртіп жайнап сала берді. Көкшетаудың Бурабай көлі тұсындағы шатқалдары ақ қағазға қоңыр, көк бояумен салынған суреттей боп көрінеді. Дүние жүзіне аты жайылған бұл сұлу көлді солтүстігінен бастап батысқа орғыта келіп, оңтүстігін ала айналсоқтай иіліп, тау қоршап тұр.(54сөз)


Жолаушылар


Біз Қараойдан кешкісін шықтық. Аяққұдық деген құдыққа жеттік. Осы құдықтың басында дем алмақ болдық. Аттарды қаңтарып арбаға байладық. Мен жерге жата кеттім. Жер сыздау екен. Болатбай жерге қалың сабан төседі. Біз сабан үстіне жаттық. Самал жел сабанды анда-санда сыбдырлатады. Мен елегізіп біраз ояу жаттым.

Дала түні қызық қой! Жер ана маужырап ұйқыға кетіпті.(54сөз)


Тапсырма: Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар.


Қар


Ертеңгілік жапалақтап қар жауды. Жел жоқ. Тынық күнгі қардың жауғаны әдемі болады екен. Аспаннан ақ мамық түсіп тұрған сияқты. Жасұлан далаға шықты. Оның киімі аппақ болды. Қызығып кеткен Жасұлан алақанын тосты. Қолғабына ақ жұлдызшалар түсе бастады. Ол жаңа жауған қар үстінде ойнауға кірісті. Жылы жауған қар жабысқақ келеді. Ондай қар домалатып ойнауға ыңғайлы болады. (54сөз)


Тапсырма:

1. Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.

2.Үшінші сөйлемнен сын есімді табыңдар. Астын сызыңдар.



Сауысқанның белгісі


Орман ішімен түлкі келе жатыр. Ашық жерлермен жүгіріп өтеді. Ағаштардың арасынан

сыбдырлатпай ептеп жүрді. Ол кенет жер бауырлап жата кетті.Әлденені аңди қалды. Бөдене балапандарының иісін сезді. Түлкінің дәл төбесінде сауысқан шықылықтады.Ол сауысқанға тісін ақсита қарады.Түлкінің арам ниеті белгілі болды. Бөдене балапандары ұша жөнелді. Сауысқанның белгісін ормандағылар түгел түсінді.(52сөз)


Тапсырма:

1.Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

2.Қатаң дауыссыздарды табыңдар.


Орман достары

Тоқылдақ пен сарышымшықтар – орман достары. Олар қыста көп пайда келтіреді. Себебі қыста олар зиянды жәндіктердің жұмыртқасын тауып жейді. Құстың тоюы үшін бірне

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!