5-9 сыныптарды тарих пәнінің берілу жағдайын зерделеу анықтама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

5-9 сыныптарды тарих пәнінің берілу жағдайын зерделеу анықтама

Материал туралы қысқаша түсінік
5-9 сыныптарды тарих пәнінің берілу жағдайын зерделеу анықтама
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-9 сыныптарда тарих пәнінің берілу жағдайын зерделеу нәтижесі бойынша


АНЫҚТАМА


Зерттеу объектісі: 5-9 сыныптардағы тарих сабағы, ҚМЖ


Зерттеу мерзімі: 09-31 қаңтар, 2024 - 2025 оқу жылы


Тексеру мақсаты: Оқушылардың тарихи ойлау дағдыларының деңгейін анықтау, әдістерді зерделеу


Бақылау нысаны: Тақырыптық


Тексерді: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары


Бақылау барысында анықталды:


Мектепішілік бақылау іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде, 2023-2024 оқу жылының ІІ жартыжылдығының басталуын ұйымдастыру мақсатында 2024 жылғы 8 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында 5-9 сыныптардағы тарих сабағының берілуіне, күнтізбелік – тақырыптық жоспарларда берілген тақырыптар мен оқу мақсаттарының сәйкестігі, күнделікті жазылатын қысқа мерзімді жоспарларға тексеру жүргізілді. Бұған дейін пән мұғалімдеріне қысқа мерзімді жоспар құрылымының жасалу жолдары туралы ұсыныстар берілген.

Қысқа мерзімді жоспар ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 382(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығын басшылыққа ала отырып жазылады.

Қысқа мерзімді жоспарда мыналар көрсетілуі керек: Нысан ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Білім беру ұйымының атауы, Пәні, Сабақтың тақырыбы, бөлім, Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), күні, сынып: қатысушылар саны; қатыспағандар саны, Сабақтың тақырыбы, Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары, сабақтың мақсаты, Сабақтың барысы: сабақтың кезеңі/уақыты, педагогтың әрекеті, оқушының әрекеті, бағалау, ресурстар бөлімінен құрастырылады.

Сабақ жоспарының аталған тармақтары міндетті болып табылады. "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ Заңының 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын өз еркімен таңдайды.

Егер сыныпта мүмкіндігі шектеулі оқушылар болса, әдістемелік бірлестіктермен мақұлданған жеке бағдарламаларды бейімдеу және жүзеге асыру бойынша әрекет қарастырылған.

Тексеру кезінде мұғалімдердің барлық сабақ беру үдерісінде қолданылатын Қысқа мерзімді жоспар талапқа сай жазылған. Мұғалімдер қысқа мерзімді жоспарларын көрсетілген тармақтарды толық қамтыған. Сабақ үдерісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқуына көмектесу үшін оңтайлы жоспарланған. Қысқа мерзімді жоспарлар оқу бағдарламасына сәйкес дұрыс құрастырылған, бірақ жекелеген мұғалімдерде аздаған кемшіліктер болды. Бірақ ауызша пікірлерден, қолдау көрсетуден кейін барлық кемшіліктер түзетілді.

Бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар:

  1. Барлық мұғалімдер сабақ үдерісінде талапқа сай берілген бағдарламаларды меңгертуге жұмыс жасады.

  2. Мұғалімдер Қысқа мерзімді жоспардың құрылымын, мазмұнын, дайындауға қойылатын талаптарды сақтайды.

  3. Мұғалімдердің жұмысы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында шебер сыныптар, тренингтер ойластырып жоспарлау.



Ұсыныс:

  1. Зерделеу барысында көрсетілген кемшіліктер түзету;

  2. 5-9 сыныптарда тарих сабағының берілуі бағдарламаға сәйкес жүзеге асыру;

  3. Қысқа мерзімді жоспардың жазылуында тармақтары талапқа сай жүзеге асырылу.











Бақылауды жүргізген директордың

оқу ісі жөніндегі орынбасары: Тауекелов Д

Молдажарова А



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
611
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі