Материалдар / 5 - 7 сыныптарға арналған кеш; Мен жастарға сенемін
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 - 7 сыныптарға арналған кеш; Мен жастарға сенемін

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2018
458
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайыстың тақырыбы: Мен жастарға сенемін

Мақсаты: Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармаларын терең таныту,сөз құдіретін танытудағы шеберлік өрнегін ашу,шығармашылық қабілеттерін шыңдау;

шығармалары арқылы елін,жерін сүюге,ізгілік қасиеттерге,ұлы адамдар өмірінен

өнеге алуға тәрбиелеу.

Түрі:сайыс

Көрнекіліктер:М.Жұмабаев портреті,ақын туралы жазылған пікірлер,суреттер,

буклеттер


«Мен жастарға сенемін» атты сайыстың бағдарламасы:

1.Таныстыру.

2.Білгенге маржан (сұрақ-жауап).

3.Ақынға арнау (оқушы шығармашылығы).

4.Адасқан сөздер (өлең жолын құрастыру).

5.Ән көңілдің ажары (топтың атына байланысты ән).

Жүру барысы:

І. Кіріспе сөз.

Мағжан Жұмабаев-қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.

Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кетті.

Жарты ғасырдан аса оның есімін де, шығармаларын да атай алмай келген халқы

көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынмен қайта қауышты.

Мағжан тек қазақ халқының ғана емес,бүкіл түрік жұртының мүдде-мақсатына ортақтас болған.Ақынның осындай еліне,халқына,бүкіл түрік нәсілдес,қандас халықтар-ға деген сүйіспеншілігін тоталитаризм заманы айыптап, оған «ұлтшыл», «түрікшіл»

деген таңба тағып,талай қуғын-сүргінге ұшыратқан,ақыры жазықсыз жала құрбаны болды.

Бүгінгі сайысымыз М.Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай өткізіліп отыр.


ІІ.«Мен жастарға сенемін» атты сайыс.

1- кезеңі.

«Таныстыру». Әр сынып өздерін таныстырып, аттарын қорғайды.

«Ұлан» -5-сынып

«Туған жер» -6-сынып

«Түркістан» -7-сынып

Әділқазы бағасы.

2-кезең.

«Білгенге маржан» (сұрақ-жауап)

«Ұлан» тобы

1.М.Жұмабаев қай жылы дүниеге келді? (1893 жыл)

2.Мағжанның әкесі.(Бекен)

3.Үзінді қай өлеңінен алынған?

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз,бабам тілі,сен қалдың! («Қазақ тілі»)

4.Мағжанның тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады? («Шолпан»)

5. Өлең жолынан теңеуді табыңдар.

Жұмсақ мінез жібектер,

Сүттей таза жүректер,

Қасиетті тілектер-

Мен жастарға сенемін. (сүттей)


«Туған жер» тобы

1.М.Жұмабаев қай жерде дүниеге келді? (Солтүстік Қазақстан облысы,

Булаев ауданы)

2.Ақын неше жасында сауат ашты? (4 жасында)

3. Үзінді қай өлеңінен алынған?

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ер жеткен бе?

Кең ақыл,отты қайрат,жүйрік қиял,

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе? («Түркістан»)

4. «Шолпан»жинағы қай жылы басылып шықты? (1912 жылы)

5. Өлең жолынан эпитеттерді табыңдар.

Лебізі,жібек желі,жұмақ желі

Каусардан татқан адам қалар қанбай. (жібек жел,жұмақ жел)

«Түркістан» тобы

  1. М.Жұмабаев қай жылы әкесі Бекен ашқан мектепте білім алады? (1897 жылы)

  2. МағжанУфадағы Медресе-Ғалияға қай жылы түсті? (1910 жылы)

  3. Үзінді қай өлеңінен алынған?

Сылдыр,сылдыр,сылдыр…

Қанымды қайнатты құрғыр.

Шық-шық жүрекке тиеді,

Күлпара талқан боп сыңғыр! («Шолпы»)

4.Ақынның «Шолпан»жинағы қай қалада басылды? (Қазанда)

5.Өлең жолынан теңеу,эпитетті табыңдар.

Кең дала ,көресің ғой ,ана жатқан,

Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.(кең дала,жібектей жасыл шөп)

Әділқазы бағасы.

3-кезең

Ақынға арнау (оқушы шығармашылығы).

Әр сынып өздерінің ақынға арнаған арнауларын оқиды.

Әділқазы бағасы. 4-кезең

Адасқан сөздер (өлең жолын құрастыру).

«Ұлан» тобы

Шын хакім,сөзің асыл-баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хәкім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес!

«Туған жер» тобы

Қазағымды ,қалың елді сағындым,

Сарыарқамды-сайран жерді сағындым.

Балдай бұлақ,мөлдір күміс көбікті,

Арқадағы айдын көлді сағындым.


«Түркістан» тобы

Қарашы төңірекке мойның бұрып,

Алтай,Орал бойында тұрған түрік.

Аты да,заты да жоқ,дыбысы жоқ,

Жойылған әлдеқайда іріп,шіріп.

Әділқазы бағасы.

5-кезең

Ән көңілдің ажары (топтың атына байланысты ән).

Әділқазы бағасы.

ІІІ.Кешті қорытындылау.

«Абай-ақылдың ақыны,Мағжан-ақынның ақыны»,-деп ұлы жазушымыз

М.О.Әуезов баға берген Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған

сайыстың қорытындысын айту үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

ІҮ.Жеңімпаздарды марапаттау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!