5 саны және оның қасиеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

5 саны және оның қасиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
4-5 жастағы балалардың 5 санын көзбен көру және есте сақтау, зейінін қабілетін дамыту үшін танымдық оқу қызметі.Дидактикалық ойындар арқылы және М.Монтессорийдің технологиясы бойынша өткізілген,ұсақ қол моторикасын дамыта отырып құмда 5 санын саусақтың ұшымен жазу арқылы есте сақтау қабілетін арттыру. Геометриялық фигуралардан құрастыру арқылы сиқыршының үйін құрастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күншуақ»шағын орталығы

















"Ғажайып сандар мен пішіндер"

5 саны және оның қасиеті







Тәрбиеші: Абзалбекова Асем











Қарауылтөбе ауылы, 2017 жыл.

Тақырыбы: 5 саны және оның қасиеті.
Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Жапсыру.
Мақсаты: Балалардың сандар туралы білімдерін толықтыру, олардың қасиеттері туралы түсініктерін бекіту. Заман талабына сай топтық жұмыстарды өзара ынтықмақтаса жүргізу арқылы қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілеттерін ұсақ қол маторикасын дамыту. Сандарды ұнтақ бетіне бейнелеуге үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, үйрету, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, сергіту сәті қорытындылау.
Көрнекілік - құрал: Слайд, сурет, сандар, үлестірмелі материалдар, суреттер,
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Шаттық шеңбер:

Қолды көкке созайық,
Азайтайық, қосайық.
Сан есептің сарайын,
Қане бірге ашайық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Қане, көктем мезгілінің ай аттары қалай аталады?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Өте жақсы балалар!!!

Осы кезде топта ерекше бір ғажайып сәт болады. Топқа сиқыршы тамаша бір әуенмен кіреді. Сиқыршы балалармен сәлемдесіп,өзімен бірге әкелген сиқырлы сандықшасын балаларға көрсетіп,тамсандырады. Балаларға сандықшадағы асықтарды алдыртады.Қазір сандықшадан алған асықтардағы сандарды тура және кері санау әдісі арқылы екі топқа "Шаршы" және "Шеңбер" топтарына бөлініп, сәйкес партаға отырғызады.

 Балардың назарына сандар және олардың қасиеттері сипатталатын видеоролик ұсынылады.

    Сиқыршы кіріп, өзінің ғажайып әлемінен келгенін айтады және сиқырлы

сандықшасында балаларға арналған тапсырмаларының бар екенін айтады.

 1-тапсырма:

Балалар М.Монтессоридің таяқшаларын қолдана отырып, әрбір ұяшықта тек бес санын қалдырып,сол санның қасиетін айтуы тиіс.

(Топқа бөліне тұра әр баламен жеке жұмыс жүргізіледі. Бірақ бағалау топ балаларының жауап бергеніне сәйкес кеуделеріне көңілді смайликтер жапсыру арқылы жүргізіледі.)

2-тапсырма:
Балалар Монтессори әдісі арқылы 1-тапсырмада сипаттаған сандарды

саусақтарымен құмның бетіне салуы тиіс

Сергіту сәті.

3-тапсырма:

Суреттердегі заттарды санап, шеңбер ішіне жазу керек

4-тапсырма:

Балалардың бұл тапсырмасы шығармашылықпен ұласады. Яғни, тәрбиешінің тақтадағы үлкен ақ қағазға көрсеткен үлгісі бойынша, түрлі-түсті қағаздан қиылған геометриалық пішіндердегі сандарды сәйкестендіріп, «Шеңбер» тобы мен «Шаршы» тобына сиқыршының үйі бейнеленген суретті жапсыру тапсырмасы беріледі.

Қорытынды:

Балалар тәрбиешінің сұрақ қоюы арқылы 4-тапсырмада орындаған жұмыстарына нені құрастырып шыққанын және ол үшін қандай сандарды, пішіндерді пайдаланғанын айтып қорғайды.

Сиқыршы «Шаршы» және «Шеңбер» тобының барлық тапсырманы орындау барысында жинаған жұлдызшаларының санын есептеп шапалақ соғу арқылы марапаттайды. Сондай-ақ, балаларды ынталандыру мақсатында сыйқырлы сандықшасынан балаларға көңілді бауырсақтар мен татті кәмпиттер беріп марапаттайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1129
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі