Тақырып бойынша 31 материал табылды

5-сынып. Ашық сабақ Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұл-еңбек адамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кейіпкердің бойындағы еңбек адамына тән қасиеттерді көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті ЖББ №16 орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кошенова Жанар Кусайновна

5-сынып

Сабақ тақырыбы

ІІ тарау. «Тәрбиенің қайнар бұлағы»..

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұл-еңбек адамы

Оқу мақсаттар

Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау (5.Т/Ж1)

әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау (5.Т/Ж2)

Сабақ мақсаты

1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;

2. әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

3. Кейіпкердің бойындағы еңбек адамына тән қасиеттерді көрсету.

Бағалау критерийі

  • Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды;

  • әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

  • кейіпкердің бойындағы еңбек адамына тән қасиеттерді көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Қажетті лексика мен сөз тіркестері: Қыпшақ Сейітқұл, отыз үйлі тобыр, қатарға қосу, жортуыл басы, мекен ету, Торғай төрі, қалың қыпшақ, жер тегістеу, егін егу, мекен еткен жер, арық басы, жарлы-жақыбай, жұрт ағасы, көшпелі ел...,

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Менің ойымша...., мынадай мысалмен дәлелдеймін, былай қорытынды жасаймын...

Құндылық

тарға баулу

  • Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы;

  • өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау;

  • ақынның болмысын тану, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттану, тарих, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Д.Бабатайқлының «О,Ақтан жас,Ақтан жас» өлеңін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасамын. Сабаққа дайындықтарын тексеремін.

Сынып оқушыларын «Пазл-қима қағаз» әдісі арқылы топқа бөлемін. 1. Кетпен. 2. Күрек. 3. Тырнауыш.


Психологиялық ахуал орнату.

«Сені көргеніме қуаныштымын...» тренингі

Жаттығудың сипаттамасы: Сынып оқушылары шеңберге тұрып, «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі... » деп бір-біріне гүл күлтешесін ұсыну арқылы тілек пен сәттілік тілейді.


«Таныстырылым» әдісі арқылы сұраққа жауап бере отырып, ақынның бейнесін анықтайды.

Суретпен жұмыс. «3 сұрақ»

  • Аты-жөні- Ы.Алтынсарин.

  • Қызметі. Ағартушы –педагог, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, балалар әдебиетінің атасы.

  • Шығармалары. «Кел,балалар,оқылық!», «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай жомарт», «Дүние қалай етсең табылды» әңгімелері

Мұғалім әрекеті: Суретті анықтағаннан кейін сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өтеді.


Суреттер салынған қима қағаздар.


Shape1






Сабақтың ортасы

30 минут

Түсіну.

ТЖ. 1-тапсырма. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипатта.

Фабула –көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу.


А). «Джигсо» әдіс арқылы топтар мәтін мазмұнының бөліктерімен жұмыс жасайды. Бөлімге ат қояды. 5 минут уақыт беріледі. Уақыт жеткенде әр топ өз мәтін бөлігінің мазмұнымен таныстырады және тақырыбын айтады.

Ә). «Хикая картасы» арқылы мәтіннің сюжеттік дамуын сипаттайды.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнымен танысады, бөлімге ат қояды.

  • Сюжеттік дамуын сипаттайды.

Қ.Б. «Басбармақ» әдісі


Тапсырма арқылы саралау

А шығарма мазмұнын баянда

В тақырыбына түсінік бер

С сюжеттік желісін сипатта


Жинақтау.

2-тапсырма. «3 сөйлем» әдісі арқылы әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықта.

Тақырыбы: Бейнетпен жетістікке жеткен еңбек адамы.

Идеясы: Еңбек-ердің көркі, Ер-елдің көркі.


Дескриптор:

  • әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Қорытынды саралау

А шығармның тақырыбы мен идеясын анықтайды.

В идеяны ашуға негіз болатын мақалдарды табады.

С өмірмен байланыстыра, ой қорытындысын жасайды.

Қ.Б. «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағаланады.

3-тапсырма

Кейіпкер бойынан еңбек адамына тән қасиеттерді Постерге түсіру арқылы көрсетіңіз.

Дескриптор:


Қолдау арқылы саралау

А тобындағы оқушыларға: бәрекелді, жақсы, ым-ишаралар.

В тобындағы оқушыларға: жарайсың, толықтырсаң жақсы болар еді.

С тобында оқушыларға: өте жақсы, тамаша, жарайсың, іздене бер.т.б.


Қ.Б. «Өзара бағалау» әдісі арқылы бағалаймын.




Интер белсенді тақта.

Слайдтар


































Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. «ПОПС» формуласы» шығармаға өз көзқарасын білдіреді, қорытынды шығарады.

П-ұстаным: Менің ойымша...

О-талқылау: себебі...

П-мысал: оған дәлел...

С-ой-пікір: қорытындылай келе...

Үй жұмысы: Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты мәтінді оқу, негізгі ақпараттарды жазу.

3-тапсырма.










Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сұрақтарды пайдалану арқылы саралау

А шығарманың әртүрі дегенді қалай түсіндің?

В негізгі ерекшеліктері қандай болды?

С құндылығына қандай баға берер едің?

Қорытынды саралау

А өлеңнің идеясын жазады.

В идеяны ашуға негіз болған сөздерді жазады.

С өмірмен байланыстыра ой қорытындысын жазады.

Тапсырмалар арқылы саралау

А мазмұндас өлеңдерді салыстыр.

В өзіндік ұқсастықтары мен айырмашылықтарын мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

С ақындардың ортақ ойына баға бер.

Қолдау арқылы саралау

А тобындағы оқушыларға: бәрекелді, жақсы, ым-ишаралар.

В тобындағы оқушыларға: жарайсың, толықтырсаң жақсы болар еді.

С тобында оқушыларға: өте жақсы, тамаша, жарайсың, іздене бер.т.б.

Сабақта топтық, жұптық жұмыс формаларында «Бас бармақ», «Қол шапалақтау», «Өзара бағалау» тәсілдері мен бағалау парақшаларын қолдану арқылы қалыптастырушы бағалауды жүргіземін.

Оқушыларға жағымды орта туғызу үшін сабақтың ұйымдастыру кезеңінде «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі...» әдісі арқылы психологиялық ахуал жасалады. Ақынның өлең жолдары жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлемін. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесі сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
716
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі