400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

5 сынып, Буллингтен қорған, Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып, Буллингтен қорған, Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып: 5 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Буллингтен қорған

Құндылықты дарыту

Буллинг туралы оқушыларға мағұлмат беру

Қауіпсіздік сабағы

Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері

Мақсаты



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу және оқушылардың назарын аудару.

Оқушыларға бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.


Оқушыларға «Буллинг» сөзімен таныстыру және оның мағынасын талдау.

Сұрақ: «Сендер буллинг деген сөзді естідіңдер ме? Оның не екенін білесіңдер ме?»

Түсіндіру: Буллинг — бір немесе бірнеше адамның басқа адамға психологиялық, физикалық немесе әлеуметтік қысым көрсетуі.


Рөлдік ойын
Тапсырма: Сыныпта буллинг жағдайын модельдеңіз. Бір оқушы буллингке ұшырайды, екіншісі буллинг жасайды, ал үшінші адам оны тоқтатады. Әр оқушының рөлін ойнап, осындай жағдайда қалай әрекет ету керектігін көрсетіңіз.

Плакат жасау
Тапсырма: Буллингтің зияны туралы плакат жасаңыз. Сурет немесе жазбалар арқылы бұл мәселенің маңыздылығын көр



презентация

Сабақтың ортасы

Буллингтің түрлері:

Физикалық буллинг: ұрып-соғу, итеру, заттарын сындыру.

Психологиялық буллинг: қорлау, мазақтау, кемсіту, үрейлендіру.

Әлеуметтік буллинг: топтан шығару, жалғыз қалдыру, сырт айналу.

Кибербуллинг: интернет арқылы қорқыту, қоқан-лоққы көрсету.

Буллингтің себептері:

Әлеуметтік жағдай, өзін өзгелерден төмен не жоғары санау;

Эмоционалдық және психологиялық мәселелер;

Үлкендерден немесе қоғамнан көрген теріс үлгі.

Буллингтің зияны:

Физикалық зиян: денсаулығына нұқсан келтіру.

Психологиялық зиян: адамның өзін-өзі бағалауына, эмоциялық жағдайына әсер ету. Буллинг құрбыларының кейбірі күйзеліске ұшырайды, сабаққа деген қызығушылығы төмендейді.

Әлеуметтік зиян: қоғамнан алшақтау, достарының болмауы, қорқыныш пен сенімсіздік.

Оқушыларға сұрақтар:

«Буллингтен қалай қорғануға болады?»

«Егер сен буллинг көрсең немесе куәгер болсаң, не істеу керек?»

Оқушылардың пікірін тыңдау:

Әр оқушыға сөз беріп, өз ойларын ашық айтуға мүмкіндік беру.


Дневник немесе хат жазу
Тапсырма: Буллингті көрген немесе оған куә болған оқушы ретінде, өз сезімдеріңізді жазып, бұл жағдайдан қалай шығуға болатыны туралы ойларыңызды жазыңыз. Хатты достарға немесе ата-аналарға жіберу түрінде жасай аласыз.

Топтық жұмыс
Тапсырма: Буллингтің түрлі түрлері мен себептері туралы топпен зерттеу жүргізіп, қысқаша тұжырымдамалар жасаңыз. Әр топ мүшесі өз үлесін қосып, зерттеудің нәтижелерін сыныпқа ұсынсын.



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

  1. Бейнеролик көрсету (қажет болса) немесе қысқа әңгіме (мысалы, буллингтен аман қалған бір адамның оқиғасы туралы).

  2. Мақал-мәтелдер арқылы буллингтің алдын алу.

    • Мысалы: «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Жақсылықпен жер көгерер, батамен ел көгерер».

Оқушыларға буллингтің зияны туралы ақпаратты жинақтап, әрқашан бір-біріне қолдау көрсету керектігін түсіндіру.

Әрқашан достық пен сыйластық қарым-қатынасты ұстану маңызды.

  • Оқушылардан бүгінгі сабақтан қандай ой түйгендерін сұрау.

  • Сабақ соңында әрбір оқушыға бір-біріне жылы сөздер айтқызып, достыққа шақыру.


Оқиға жазу
Тапсырма: Буллинг туралы қысқа әңгіме жазыңыз. Әңгіме басында буллингті бастаған адам мен оны тоқтатқан адам туралы көрсетіңіз, олар өз әрекеттері үшін қандай жауапкершілік арқалауы керек екенін сипаттаңыз.


презентация

Қауіпсіздік сабағы

Сабақтың мақсаты: оқушыларды көшеде қауіпсіз ережелерімен таныстыру. Сабақтың міндеті:

Өз өміріне деген қамқорлықпен қарауды тәрбиелеу.

Сабақ барысы

  1. Кіріспе (2 минут) Сәлемдесу:

Педагог оқушылармен амандасып, сабақ тақырыбын, мақсатын айтады. Жаңа тақырыпты түсіндіреді.

  1. Негізгі бөлім (6 минут)

Көшедегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру

  1. Қайда бара жатқаныңызды, кіммен және қашан қайтатыныңызды атаанаңызға үнемі ескертіп отырыңыз. Бұл өте маңызды, қауіп төнген жағдайда сізге көмектесе алады!

  2. Қараңғыда көшеде жалғыз жүрмеңіз. Бұл жағдай туындаса, тек жарықтандырылған жерлерге барыңыз. Егер сіздің жолыңыз қараңғы және тар аллеялардан өтсе, ата-анаңызға қоңырау шалыңыз және олардан сізбен кездесуін сұраңыз.

  3. Телефоннан қатты музыка тыңдау арқылы өзіне назар аудармау, т.б.

  4. Пәтер кілттерін мойынға іліп қоюға болмайды және оны шалбардың белдігіне ілуге болмайды.

  5. Ешқашан, ешбір жағдайда, қоғамдық орында ұрыспаңыз.

  6. Көшеде адамдар сізге келіп, көшені қалай табуға болатынын сұраса, сіз оған қалай жетуге болатынын түсіндіре аласыз, бірақ ешбір жағдайда оларды шығарып салмаңыз.

  1. Қорытынды (2 минут)

Сабақты қорытындылау

Балаларға жедел жәрдем нөмірлерін тарату.

  1. Ережелерді қайталау:

Осы тақырыпты талқылау ұнады ма?

Бұл туралы ата-анаңызға айтасыз ба?

«Көшеде қауіпсіз ережесі» бойынша кеңестері бар парақшаны тарату. Пайдалы сілтемелер:

https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp https://youtu.be/8rz3wsHhc0Y?si=gM_6ok5B2tqAdkJw

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
196
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі