400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

5 сынып математика 4 тоқсан 8 сабақ Пайызы бойынша санды табу

Материал туралы қысқаша түсінік
5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Тарау немесе бөлім атауы:

5.4А Пайыз

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Күні:


Сабақтың тақырыбы:

Пайызы бойынша санды табу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу;


Сабақтың мақсаты:

Берілген санның пайызын табады;

Берілген пайызы бойынша санды табады;

Пайызға байланысты мәтін есептерді шығарады.

Құндылықтар:

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Еңбекті, өзінің және басқалардың еңбек нәтижелерін бағалау;

Еңбекті, мамандықтарды практикалық тұрғыда зерттеуге қызығушылық таныту;

Кәсіби өзін-өзі жетілдіру үшін еңбек қызметінің дағдылары жинақтау, еңбексүйгіштік, еңбекке баулу, табысты еңбектің маңыздылығын түсіну;

Уақытты тиімді жоспарлай білу және кез-келген іс-әрекеттің нәтижелеріне қол жеткізу және жақсарту үшін күш салу

Сабақтың барысы

Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут


Ұйым дастыру

Сәлеметсіздерме! Бүгін, Пайызы бойынша санды табу тақырыбын қарастырамыз. Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

-Берілген санның пайызын табады; -Берілген пайызы бойынша санды табады; -Пайызға байланысты мәтін есептерді шығарады.

Үй тапсырмасын тексеру. №1145.

Бекіту сұрақтары.

Пайызы бойынша санды табу үшін:

Санның пайызын табу үшін:




Сабақ мақсатымен танысады.


Үй жұмысын айтады.



Сұрақтарға жауап береді











Жалпы білім беретін мектептің 5–сыныбына арналған оқулық.

Оқулық авторлары: Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов

Алматы «Атамұра» баспасы 2017 жыл

10 мин

Жаңа сабақ

Пайызды жай немесе ондық бөлшек түрінде өрнектектейміз;

Берілген санды осы бөлшекке бөлеміз.

Әріптердің көмегімен келесі түрде жазылады: .

Мұнда – берілген пайызы бойынша табылатын сан (100%-ға сәйкес келетін сан).

– пайызы берілген сан.

– берілген пайыз.

Сұрақтарға жауап береді


Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады.



ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.





Слайд


20 мин

Тапсырмалар.

І деңгей
І қатар. 57, 200, 250 сандарының 10% - ін
ІІ қатар. 24, 96, 400 сандарының 50% - ін
ІІІ қатар. 36, 100, 360 сандарының 25% - ін

ІІ деңгей
І қатар. Шебер 295 бөлшек дайындап, жоспарды 18% - ке артық орындады. Шебер неше бөлшек дайындауды жоспарлаған еді?
ІІ қатар. Мектеп кітапханасында 2890 оқулық бар. Бұл - ондағы барлық кітаптың 85% - і. Мектеп кітапханасында барлығы неше кітап бар?
ІІІ қатар. Сыныпта 12 қыз бар. Бұл - сыныптағы барлық оқушылардың 40%- і. Сыныпта неше оқушы бар?

ІІІ деңгей
Оқулықтан №1153, №1156

Сергіту сәті
а) Жаттығу орындату (би)
ә) «Математикалық лото» логикалық сұрақтар:
1. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат – бірінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1 - Марат, 2 - Асет, 3 - Талғат
2. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
4. Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
5. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
Жауап берген оқушыға қалам және карандаш беру

Тақырыпқа қатысты есептерді шығарады

ҚБ: Бағдаршам арқылы бағалайды.


1-тапсырма

Қоланың 10%- ы қалайы, қалғаны мыс. 28кг қоланың құрамында неше килограм мыс бар?

2-тапсырма

Бағасы 3750 теңгелік зат бірінші ретте 14%-ке арзандады, екінші ретте соңғы бағасы 8%-ке қымбаттады. Заттың соңғы бағасы қанша теңге болды?

1-топ. Банк өз салымшыларына салымның жылдық өсімі 10 % болатына уәде берді. Бір жылдан кейін осы банке 4500 теңге салған салымшы қанша ақша алады?

Ш: 1) 4500*10%=450 (тг) – жылдық өсім

2) 4500+450=4950 (тг)

Жауабы: Бір жылдан кейін 4950 тг болады.

2-топ

Банкке жылдық өсімі 7% -бен салынған ақша жылдың соңында 13375 теңгені құраса, бастапқыда салынған ақша қандай мөлшерде болған?

Ш: 1) Бастапқыда салынған ақшаның 100%+7%=107% -ы 13375 –ті құрайды.

2) 107% =1,07

3) 13375/1,07=12500 (тг) – салым мөлшері

Ж.Бастапқы салым мөлшері 12500 тг.


Дескриптор: - берілген пайызы бойынша санды табады.


Дескриптор:

- Пайыз ережесін біледі.


Дескриптор: - берілген пайызы бойынша санды табады






Презентация

Интернет ресурстары



Жалпы білім беретін мектептің 5–сыныбына арналған оқулық.

Оқулық авторлары: Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов

Алматы «Атамұра» баспасы 2017 жыл


5 мин

Жеке жұмыс

1. Бөлшектерді процентпен жаз: 9/100;
2. Процентті ондық бөлшекпен жаз: 25%
3. Процентті жай бөлшекпен жаз: 116%
4. 310 санының 10% процентін тап
5. 12%- і 10, 8 – ге тең санды тап
6. (5, 23 +6, 47) *2 =

Берілген есептерді шығарады.




Дескриптор:

- Пайыз ережесін біледі.


Оқу құралдары





5минут







Соңы

Бүгінгі сабақта: -Берілген санның пайызын табады; -Берілген пайызы бойынша санды табады; -Пайызға байланысты мәтін есептерді шығарады

  • Рефлексия: 

  • Білемін

    Білдім

    Білгім келеді




  • Үйге тапсырма. №1149, №1150.




Тақырыпты меңгергенін анықтау





Кері байланыс






Презентация





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 сәуір
119
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі