Әлемде Наурыз мейрамы қалай
тойланады?
Әзірбайжан Мереке күні ас
дайындайды, адамдар бір-біріне бақыт пен молшылық тілейді. Дәстүр
бойынша «тонгал» деп аталатын от жағып, одан жеті рет секіретін
болған. Мерекелік дастарханның басты тағамы шекербура дайындалады.
Ол - Ай пішіндес қамырдан жасалған тәтті тағам. Бидай қуырылып,
жұмыртқалар қызылға боялады. Әзірбайжан халқында Наурыз күні жаңбыр
жауса, “келер жыл өте жақсы, берекетті” болады деген сенім
қалыптасқан.
Қырғызстан. Мейрамда дастархан
жайылып, май, қант және бидай ұнынан жасалған дәстүрлі ұлттық тағам
– сумелек (сүмөлөк) және көже дайындалады. Халық арасындағы сенімге
байланысты “су” және “мелек”(періште) сөздерінен құралған. Және бұл
тағам жәннәт тағамы, қасиетті екендігі айтылады. Қар жауу да -
жақсылықтың нышаны.
Өзбекстан Наурызды қалай күтіп
алса, жыл солай өтеді деп сенеді. Дәстүрлі түрде жәрмеңкелер, жалпы
халықтық шерулер, ит және әтеш шайқасы, ат шабысы ұйымдастырылады.
Негізгі тағамдары - сумаляк – өмірді, денсаулықты, молшылық пен
жылулықты білдіреді.Өзбекстанда аналар қыздары мен келіндерін
жанына алып түрлі жеміс пен көкөніс тағамдарын жасап, дастархан
жаяды. Қазанды толтырып тамақ пісіреді. Бұны “қазан толды” дейді,
онысы “ризығымыз толы болсын” деген ниетке
саяды.
Түрікменстан Көктем мейрамы.
“Наурызда қар немесе жаңбыр жауса – жыл егінге қолайлы әрі өнімді
болады” топшылаған, шопандар қасқырларға шабуыл жасайтын алабайлар
шайқасын ұйымдастырады, мейрамда ұлттық киім киген ерлер ас
әзірлейді.
Тәжікстан Тәжікстан тұрғындары
мереке күндері бір-бірімен ерекше түрде сәлемдеседі: Мерекенің
басты тағамы – кәуап және дәндерден қосып жасалған тәтті палауды
ерлер дайындайды. Тәжіктерде Наурыздың басты символы – от. Яғни,
жаңару мен емдік қасиеті бар деп сеніп, отқа байланысты көріністер
қойып, көрсетілімдер орын алады. Қытай Қытайда күн мен түннің
теңелген Наурыз мейрамын этникалық ұйғыр, қазақ, өзбек, дүнген т.б.
халық мекендеген Шыңжаң-ұйғыр автономиялық округінің тұрғындары
атап өтеді. Адамдар ашық түсті киімдер киіп, ғибадат үйлеріне
барады. Мерекелік киімдердің түстері - ақ, қара, жасыл және сары
болады. Олардың әрқайсысы от, су, ағаш, металл және жерді
әспеттейді.
Үндістан Үндістан мұсылмандары
да шырайлы көктем мерекесінде керемет үстел дайындап, әдемі киім
киініп барлық нәрсені гүлмен көркемдейді. Мұнда да үлкен етіп от
жағады және үндістер "түтінмен бірге кетер жылдың барлық
сәтсіздіктері осы отпен бірге кетеді" деп
сенген.
Ауғанстан Наурыз мейрамы
21-наурызда тойланады, жанұяның барлық мүшесіне жаңа киімдер
тігіледі. Жақындарына сыйлықтар беріліп, үйге тазалық жасалады,
жанұядағы баланың санына байланысты жұмыртқа пісіріліп, түрлі-түске
боялады. "Бақытсыздықты өзімен бірге алып кетеді" деген ырыммен,
жанұядағы әр балаға жегізеді
Иран Наурызда үстелге міндетті
түрде айна мен жанып тұрған балауыз қойылады. Ал, тазаланған зығыр
дәні немесе бидай - денсаулық пен жаңарудың символы іспеттес
дастархан көркін келтіретін болған.
Түркия Наурыз - Aнадолуда
“Султан-ы Невруз”, “Невруз Султан” сияқты аттармен танылған.
Салт-дәстүр бойынша Наурыздың алғашқы күні не көрсе немесе байқаса,
адам жыл бойы сонымен бірге болады деп жорамалдаған.
Әулеттің үлкендеріне барып
құттықтап, батасын алып қайтады.
adebiportal.kzhttp://adebiportal.kz/kz/news/view/3010
|