5 сынып сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

5 сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Адал азамат адал еңбек адал табыс тәрбие жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Г.А.Имамбекова

Күні:

04.11.2024

Сынып: 5 б сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Адал азамат адал еңбек адал табыс

Құндылықты дарыту

Оқушыларға адалдық, еңбексүйгіштік және еңбек арқылы жетістікке жету жолдарын түсіндіру.

Адалдық пен еңбектің маңыздылығын ұғындыру арқылы оқушыларды жауапкершілікке, еңбекті қадірлеуге тәрбиелеу.

Қоғамға адал қызмет ету, өз еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарау, еңбекқорлық қасиеттерін дамыту.

Қауіпсіздік сабағы

«Денсаулықты сақтайтын әдеттер»

Мақсаты

салауатты өмір салтының пайдасы туралы және денсаулықты күтуді үйрету.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды шеңберге отырғызып, сабақтың тақырыбын таныстыру.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында "Құндылықтар шеңбері" атты ойын ойнату. Әр оқушы өз бойындағы жақсы қасиеттерді айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Сұрақ-жауап

Оқушыларға сұрақтар қою:

Адал азамат деген кім деп ойлайсыңдар?

Адал еңбек ету үшін қандай қасиеттер қажет?

Адам өз еңбегімен табысқа жету үшін не істеу керек?



презентация

Сабақтың ортасы

Мұғалім оқушыларға "адалдық", "еңбек", "табыстылық" ұғымдарын түсіндіріп, олардың өмірдегі маңыздылығын талқылауға шақырады.

Әр оқушы өз түсінігі бойынша адалдық туралы ойын айтады.

Қоғамдағы адал еңбектің және табысқа жетудің мысалдары көрсетілетін бейнеролик көрсету.

Қарапайым кәсіп иелерінің адал еңбекпен жеткен жетістіктері туралы әңгімелеу. Мысалы, наубайшы, ұстаз, дәрігер, т.б. мамандық иелерінің үлгісін көрсету.


Топтық жұмыс

Оқушыларды шағын топтарға бөліп, әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар беру:

"Адалдықтың мысалдары" – адалдық танытатын жағдайларды суреттеу.

"Адал еңбек" – өздерің білетін еңбексүйгіш адамдар туралы шағын әңгіме құрастыру.

"Адал табыс" – еңбегі арқылы жетістікке жеткен адамдар туралы баяндау.



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Әр топ өз жұмыстарын таныстырады. Басқа оқушыларға олардың жұмысындағы адалдық пен еңбектің маңыздылығын көрсету.

Оқушыларға "Сенің арманың қандай және оған қалай жетуге болады?" деген сұраққа жауап беру ұсынылады.

Сабақ соңында оқушыларға "Адал азамат болу үшін не істеу керек?" деген сұрақ төңірегінде қорытынды жасап, түйін сөз айту.

Қорытынды ой-пікір:
Адал азамат болу – қоғамға пайда келтіретін қасиет, ал адал еңбек арқылы жеткен табыс әрқашан бағалы. Еңбек пен адалдық – адамды табысқа жетелейтін негізгі жолдар.




презентация

Қауіпсіздік сабағы

Кіріспе (2 минуты)

Негізгі бөлім (6 минут) Зерттеу жұмысын өткізу.

Сынып топтарға бөлінеді. Зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әр топта денсаулыққа зиян келтіретін өнімдер жайлы зерттеу жұмысын жүргізген оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарымен бөліседі.

топ: Бір қорап сүтті зерттедік. Құрамында тағамдық қоспалар жоқ және жарамдылық мерзімі өткен жоқ. Бұл пайдалы өнім.

топ: Шаян еті. Біз одан зиянды E120, E160c бояғыштарын, E621, E631 хош иістендіргіштерін таптық. Олар теріге зиянды және ішектің бұзылуын тудырады. Бұл қауіпті өнім.

топ: «Кириешки» крекер. Дәмді күшейткіштер E627, E631 анықталды. Олар ішектің бұзылуын тудырады. Қауіпті өнім, бірақ көптеген оқушылар оларды жиі пайдаланады. Бұл туралы ойлануға тұрарлық.

топ: Газдалған сусын «Эстрагон». Бұл ең қауіпті өнім. Оның құрамында қатерлі ісік тудыратын антиоксидант E330, тәттілендіргіштер E954 - қатерлі ісік, E952 - тыйым салынған, E102 бояуы қауіпті. Бұл өнімді жеуге БОЛМАЙДЫ!

Денсаулықтың мықты болуы үшін дұрыс тамақтану аса маңызды!!! Қорытынды (2 минут)

Сабақты қорытындылау

Денсаулыққа не зиян екенін есте сақтау керек және денсаулықты сақтау ережелерін қайталау керек.

Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/sXN8vhXzEz8?si=Vc_teoFhifClwsCc https://www.youtube.com/watch?v=jWklhxwlxmA

10 САБАҚ. «БЕЙТАНЫС АДАМНЫҢ ШАҚЫРУЫНАН ҚАЛАЙ















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2024
158
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі