Материалдар / 5-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5-сыныпқа арналған тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2024
1000
21 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тест тапсырмалары

1.Ең көне тас құралы.

  1. Қайла

  2. Пышақ

  3. Тесе

  4. Балта

  5. Жарғыш тас

2.Тұрақтардан табылған еңбек құралдары қандай әдіспен жасалған?

  1. Тесу

  2. Соққылау

  3. Бөлу

  4. Кесу

  5. Жону

3.Ең көне тұрақтың бірі Шақпақ ата қай жерден табылды?

  1. Баянауылдан

  2. Қаратаудан

  3. Маңғыстаудан

  4. Жетісудан

  5. Балқаштан

4.А. Медоев қазақ тарихшыларының ішінде алғаш болып тапқан қоныс.

  1. Бөріқазған

  2. Құдайкөл

  3. Шақпақ ата

  4. Сырдария

  5. Қаратау

5.Ауа райы күрт өзгеріп, күн суытып, жердің бетін мұз басқан кезең.

  1. Неолит

  2. Энеолит

  3. Мезолит

  4. Мұз дәуірі

6.Мезолит дәуірінің жаңалығы.

  1. Мұйізтұмсықтар топан судан жойылып кетті

  2. Жабайы жылқыларды өсіру қолға алынды

  3. Бизондар пайда болды

  4. Балық аулау көбейді

  5. Жер бетін мамонттар басты

7.Неолит дәуірінде екі түрлі материалдан жасалған зат.

  1. Құмыра

  2. Құрамалы құрал

  3. Бумеранг

  4. Садақ пен жебе

  5. Қайық

8.Өндіруші шаруашылықтың пайда болып, өнімді еңбектің шығуы тарихта қалай аталады?

  1. Климаттық төңкеріс

  2. Мезолит төңкерісі

  3. Неолит төңкерісі

  4. Палеолит төңкерісі

  5. Энеолит төңкерісі

9.Энеолит дәуіріндегі мәдениет.

  1. Андрон мәдениеті

  2. Беғазы мәдениеті

  3. Малтатас мәдениеті

  4. Ботай мәдениеті

  5. Тасмола мәдениеті

10.Ботай ескерткішінің қазба жұмыстарына жетекшілік еткен археолог.

  1. В. Зайберт

  2. К. Ақышев

  3. Х. Алпысбаев

  4. Ә. Марғұлан

  5. А. Медоев

11.Ботай қонысы Еуразия даласындағы ... орталығы болған.

  1. қолөнер ісінің

  2. кен қазудың

  3. мал шаруашылығының

  4. егін шаруашылығының

  5. сауда

12.Ботай тұрағынан қазылып алынған жылқы саны.

  1. 60 000

  2. 30 000

  3. 20 000

  4. 50 000

  5. 70 000

13.Металлургия, жартылай көшпелі мал бағу, теселі егін егу, сауда, зергерлік өнері шаруашылықтың қай түріне жатады?

  1. Бастапқы

  2. Бірыңғай

  3. Ортақ

  4. Кешенді

  5. Жеке

14.Мыс кенінің ежелгі орталығы.

  1. Ақмола

  2. Маңғыстау

  3. Жезқазған

  4. Арқалық

  5. Рудный

15.Кенді қайламен қазу әдісі.

  1. Омыру

  2. Үгу

  3. Балқыту

  4. Уату

  5. Қазу

16.Балқыту пешінің қызуын күшейту үшін өзекшеден ауаны немен үрлеген?

  1. Қайламен

  2. Мұржамен

  3. Бұрғымен

  4. Түтікпен

  5. Көрікпен

17.Беғазы-Дәндібай мәдениетінде бақташылықтан кейін қандай шаруашылыққа көшті?

  1. Жайылымдық

  2. Теселік

  3. Өрістік

  4. Тебіндік

  5. Маусымдық

18.Оңтүстік Сібірдегі Андронов қонысына байланысты атау алған мәдениет түрі.

  1. «Беғазы-Дәндібай мәдениеті»

  2. «Андронов мәдениеті»

  3. «Оңтүстік мәдениет»

  4. «Сібір мәдениеті»

  5. «Ачинск мәдениеті»

19.Академик Ә. Марғұлан ашқан мәдени кешен атауы.

  1. Атасу-Ертіс

  2. Андронов

  3. Тасмола

  4. Берел

  5. Беғазы-Дәндібай

20.Зәулім тасты обалар кімдерге арнап салынған?

  1. Әскербасыларға

  2. Егіншілерге

  3. Көсемдерге

  4. Малшыларға

  5. Хандарға

21.Ежелгі адамдар жартасқа сурет салу үшін нені көп пайдаланған? (бір немесе бірнеше дұрыс жауап).

І) Ағаш көмірін

ІІ) Жосаны

ІІІ) Майды

22.Ежелгі адамдар суреттерді қайда салған? (бір немесе бірнеше дұрыс жауап).

І) Жартастарға

ІІ) Аң терісіне

ІІІ) Үңгір қабырғаларына

23.Ежелгі адамдар тастарға не бейнелеген? (бір немесе бірнеше дұрыс жауап).

І) Күн басты құдайларды

ІІ) Діни рәсімдерді

ІІІ) Аңшылық көріністерді

24.Елімізде петроглифтердің көп шоғырланға жері. (бір немесе бірнеше дұрыс жауап).

І) Ертіс бойы

ІІ) Тамғалы шатқалы

ІІІ) Мұғалжар таулары

25.Ежелгі адамдар жартастарда көбінесе нені бейнелеген?

  1. Күнді

  2. Соғыс арбаларын

  3. Жұлдызды

  4. Жылқыны

26.Орталық Қазақстан жерінен Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқан ғалым.

  1. З. Самашев

  2. Ә. Марғұлан

  3. Ә. Төлеубаев

  4. В. Зайберт

  5. К. Ақышев

27.Жылқыны алғаш болып қолға үйреткендер кімдер?

  1. Андрондықтар

  2. Беғазылықтар

  3. Ботайлықтар

  4. Дәндібайлықтар

  5. Берелдіктер

28.Дене бітімі, тұрпаты қазіргі адамға ұқсас адамдар қай дәуірде пайда болды?

  1. Кейінгі тас дәуірінде

  2. Қола дәурінде

  3. Неолитте

  4. Орта тас дәуірінде

29.Тас пен қола дәуірлерінен кейінгі кезең қалай аталады?

  1. Палеолит кезеңі

  2. Темір дәуірі

  3. Орта қола дәуірі

  4. Мыс-қола дәуірі

30.Ерте темір дәуірі.

  1. б.з.б. III ғасыр – б.з. VI ғасыр

  2. б.з.б. II ғасыр – б.з. V ғасыр

  3. б.з.б. VII–II ғасырлар

  4. б.з.б. VIII–III ғасырлар

31.Ежелгі археология орталықтарын ата.

  1. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан

  2. Орталық және Шығыс Қазақстан

  3. Оңтүстік және Батыс Қазақстан

  4. Солтүстік және Батыс Қазақстан

32.Ерте заманда кеншілер темірді немен өндірген?

  1. Пеш-қайламен

  2. Қарапайым пешпен

  3. Пеш-көрікпен

  4. Домна пешімен

33.Тебіндеп жайылуға икемсіз, қысқа жиналған жемшөппен қоректенетін түлік.

  1. Түйе

  2. Жылқы

  3. Ешкі

  4. Сиыр

34.Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығына көшу себебі.

  1. Көрші тайпалардың ықпалымен

  2. Көшпелі мал шаруашылығы болған жоқ

  3. Жаңа еңбек құралдарының пайда болуынан

  4. Климаттың өзгеруінен

35.Қысқы тұрақ.

  1. Көктеу

  2. Қыстау

  3. Күзеу

  4. Жайлау

36.Таза көшпелі тұрмыс қай аймақта қалыптасты?

  1. Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда

  2. Батыс және Орталық Қазақстанда

  3. Жетісу өңірінде

  4. Солтүстік Қазақстанда

37.Көшпелі халықтың негізгі баспанасы.

  1. Шатыр

  2. Абылайша

  3. Қараша үй

  4. Киіз үй

38.Киіз үйдің қасиетті бөлігі.

  1. Уық

  2. Есік

  3. Сықырлауық

  4. Шаңырақ

39.Киіз үйдің бөліктері.

  1. Сыртқы бөлігі

  2. Ішкі бөлігі

  3. Ошақ

  4. Сүйектері, киіздері, бау-шулары

40.Еліміздің елтаңбасында не бейнеленген?

  1. Кереге

  2. Киіз үй

  3. Шаңырақ

  4. Уық

41.«Наурыз» сөзінің мағынасы.

  1. Көктемнің алғашқы күні

  2. Жаңа күн

  3. Жаңа ай туған күн

  4. Мереке

42.Отқа табынудан қалған ырым.

  1. Құрбандық шалу

  2. Отқа май құю

  3. Аластау

  4. Тәңіршілдік

43.Көшпелілер ең қасиетті санаған дүние.

  1. Кереге

  2. Шаңырақ

  3. Ошақ

  4. Босаға

44.Қазіргі кездегі ұлттық ат спорты ойындарының бірі.

  1. Күрес

  2. Саятшы

  3. Ат жарысы

  4. Көкпар


45.Сақтар туралы мәлімет қай ел тарихшыларының еңбектерінде кездеседі?

  1. Қытай, орыс

  2. Иран, үнді

  3. Иран, парсы

  4. Грек, қытай

  5. Грек, парсы

46.Сақтарды «әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп атаған ел.

  1. Римдіктер

  2. Орыстар

  3. Ирандықтар

  4. Түріктер

  5. Гректер

47.Кімдерді шошақ бөріктілер деп атаған?

  1. Массагеттерді

  2. Дайларды

  3. Тиграхаудтарды

  4. Парадараяларды

  5. Хаумаваргаларды

48.Сақ әйелдері туралы «олар ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмектеседі» деп жазған грек тарихшысы.

  1. Плиний

  2. Ктесий

  3. Геродот

  4. Полибий

  5. Тацит

49.Есік қорғанынан «Алтын адамды» тапқан археолог.

  1. К. Ақышев

  2. К. Байпақов

  3. Ә. Төлеубаев

  4. З. Самашев

50.«Алтын адам» киімі қанша алтын әшекеймен безендірілген?

  1. 10 мыңға жуық

  2. 8 мыңдай

  3. 4 мыңға жуық

  4. 1 мыңнан астам

51.Ерте темір дәуіріндегі өнер қалай аталады?

  1. Классикалық стиль

  2. Бұйымдық стиль

  3. Аң стилі

  4. Сақ стилі

52.«Есік» қорғанынан табылған күміс тостағанда қанша таңба болған?

  1. 16

  2. 46

  3. 26

  4. 36

53.Геродот... Шығыстағы Алтай тауларын мекендейтін тайпа ретінде көрсетті.

  1. аландарды

  2. аримаспыларды

  3. исседондарды

  4. сарматтарды

  5. Массагеттерді

54.Шілікті қорымындағы қабір... тұрғызылды.

  1. қамыстан

  2. тастан

  3. қайыңнан

  4. топырақтан

  5. балқарағайдан

55.Ә.Төлеубаев «Алтын адамды»... тапқан.

  1. Есіктен

  2. Берелден

  3. Шіліктіден

  4. Бесшатырдан

  5. Тасмоладан

56.Б.з.б. V–IV ғасырларға жататын Жетісудағы «Патша қорғаны» – ... деп аталады.

  1. Берел

  2. Бесшатыр

  3. Түгіскен

  4. Жалаулы

  5. Есік

57.Берел қорымы қай ғасырларға жатады?

  1. Б.з.б. V–VІІ ғғ.

  2. Б.з.б. VІІІ–IV ғғ.

  3. Б.з.б. V–IV ғғ.

  4. Б.з.б. ІV–VІ ғғ.

  5. Б.з.б. VІІ–V ғғ.

58.1998–1999 жылдары Берелдегі №11-обаны зерттеген археолог-ғалым кім?

  1. Ә. Төлеубаев

  2. С. Черников

  3. З. Самашев

  4. К. Ақышев

  5. Х. Алпысбаев

59.Берел қорымынан табылған обалар саны қанша?

  1. 51

  2. 100

  3. 31

  4. 20-ға жуық

  5. 40-тан астам

60.Шығыс Қазақстандағы Берел қорымдары орналасқан елді мекенді белгіле.

  1. Аягөз

  2. Қатонқарағай

  3. Зайсан

  4. Тарбағатай

  5. Семей

61.Орталық Қазақстаннан табылған ерте темір дәуіріндегі ескерткіштердің ортақ атауын белгіле.

  1. Тасмола

  2. Шілікті

  3. Бесшатыр

  4. Ұлыбай

  5. Берел

62.Құрбандық шалынатын жер.

  1. үй маңы

  2. орталық алаң

  3. қорған маңы

  4. тау шатқалы

  5. бұлақ басы

63.Мұрт тәріздес тізбектер қайда бағытталды?

  1. батысқа

  2. солтүстікке

  3. шығысқа

  4. оңтүстікке

  5. оңтүстік-шығысқа

64.«Мұртты обадағы» обалар саны нешеу?

  1. төрт

  2. бес

  3. бір

  4. екі

  5. үш

65.Б.з.б. 570–520 жылдары өмір сүрген билеуші кім?

  1. Томирис

  2. Зарина

  3. Кир

  4. Филипп

  5. Македонский

66.Сақ жеріне Кир әскері қай жылы басып кірді?

  1. б.з.б. 525 жылы

  2. б.з.б. 515 жылы

  3. б.з.б. 530 жылы

  4. б.з.б. 510 жылы

  5. б.з.б. 520 жылы

67.«Томирис» фильмінің режиссері кім?

  1. Ш. Айманов

  2. С. Қожамқұлов

  3. С. Қожықов

  4. А. Сатаев

  5. А. Әшімов

68.Парсылар мен сақ әскерлері қай жерде шайқасты?

  1. Гиркан

  2. Үзбой

  3. Окс

  4. Яксарт

  5. Бозоқ

69.Сақтардың атты әскерлері туралы жазған ғұлама.

  1. Полиэн

  2. Геродот

  3. Горби

  4. Страбон

  5. Кир

70.Дарий патшаның сақтар жеріне жорық жасаған жылдары.

  1. б.з.б. 515–514 ж.ж.

  2. б.з.б. 513–512 ж.ж.

  3. б.з.б. 519–518 ж.ж.

  4. б.з.б. 516–515 ж.ж.

  5. б.з.б. 517–516 ж.ж.

71.Сақтардың жұмбақ сыйлығының сырын тапқан қолбасшы.

  1. Шырақ

  2. Горби

  3. Дарий

  4. Спитамен

  5. Кир

72.Шырақ кім болған?

  1. жауынгер

  2. бақташы

  3. бағбан

  4. ұста

  5. егінші

73.Сақтардың А.Македонскийге қарсы ерлік күресі туралы жазған тарихшы.

  1. Полиэн

  2. Арриан

  3. Помпей Трог

  4. Страбон

  5. Геродот

74.Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті бастаған сақ көсемі.

  1. Спаргапис

  2. Шырақ

  3. Скунха

  4. Томирис

  5. Спитамен

75.«Ескендір» поэмасын кім жазды?

  1. Аристотель

  2. Арриан

  3. Геродот

  4. Абай

  5. Шәкәрім

76.Сақтардың А. Македонский әскеріне қарсы соғысы қанша жылға созылды?

  1. 3 жылға

  2. 5 жылға

  3. 6 жылға

  4. 4 жылға

  5. 7 жылға

77.Үйсін тайпасы мекендеген жер.

  1. Сарыарқа  

  2. Батыс Қазақстан              

  3. Жетісу 

  4. Шығыс Қазақстан                  

  5. Алатау    

78.Үйсіндердің бас қаласы Чигу орналасқан жер.

  1. Жетісу

  2. ЬІстықкөл жағасы            

  3. Еділ маңы                                

  4. Арал маңы  

  5. Сырдария жағасы      

79.Жазба деректердегі үйсіндердің саны.

  1. 420 мың                       

  2. 800 мың

  3. 550 мың                         

  4. 630 мың                            

  5. 770 мың     

80.Үйсін басшысының атауы.

  1. Гуньмо      

  2. Хан

  3. Көсем

  4. Шаньюй

  5. Патша

81.Қаңлы иеліктерінің саны.

  1. 4

  2. 2

  3. 5

  4. 3

  5. 6

82.Қаңлылар кімдерді қолдады?

  1. үйсіндерді

  2. қытайларды

  3. исседондарды

  4. ғұндарды

  5. тиграхаудтарды

83.Қаңлы билеушісінің әскері неше мың адамнан құралған?

  1. 120 000

  2. 520 000

  3. 340 000

  4. 600 000

  5. 400 000

84.Ташкент төңірегіндегі жазиралы аймаққа тараған мәдениет.

  1. Қауыншы

  2. Берел

  3. Тасмола

  4. Жетіасар

  5. Отырар-Қаратау

85.«Ерте Хань әулетінің хроникасында» көрсетілгендей Қаңлы мемлекеті қашан құрылды?

  1. Б.з.б. V ғ. ортасында

  2. Б.з.б. I ғасырда

  3. Б.з.б. II ғасырда

  4. Б.з.б. V ғ. басында

  5. Б.з.б. IV ғ. Ортасында

86.Қаңлы мемлекетінің ең жоғары билеушісі.

  1. Рубасы

  2. Кіші хан

  3. Уәзір

  4. Көсем

  5. Хан

87.Сыма Цяньннің қаңлылар туралы жазған еңбегі.

  1. «Махабхарата»

  2. «Шицзи»

  3. «Цянь Ханьшу»

  4. «Авеста»

  5. «Тарих»

88.Қаңлы мемлекетінің астанасы.

  1. Маракана

  2. Битянь

  3. Суяб

  4. Шаш-Илақ

  5. Пұшық-Мардан

89.Ежелгі көшпелілердің негізгі баспанасы.

  1. балшық үй

  2. кірпіш үй

  3. ағаш үй

  4. саман үй

  5. киіз үй

90.Қаңлыларда өркендеген қолөнер түрі.

  1. мал өнімін өңдеу

  2. ыдыс-аяқ жасау

  3. қару-жарақ жасау

  4. зергерлік

  5. егіншілік

91.Қаңлылар мен үйсіндер неге табынды?

  1. аңға

  2. пұтқа

  3. күнге

  4. суға

  5. тотемге

92.Үйсін обасынан табылған алтын жүзікте бейнеленген жануар.

  1. елік

  2. қой

  3. түйе

  4. ешкі

  5. жылқы

93.Б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з. ІV ғасырында Орталық Азия аумағын қоныстаған тайпа.

  1. қаңлылар

  2. ғұндар

  3. сақтар

  4. үйсіндер

  5. Сарматтар

94.Ғұн мемлекетінің жоғары билеушісі.

  1. хан

  2. көсем

  3. шаньюй

  4. гуньмо

  5. патша

95.«Аспан ұлы» деген атақпен шексіз билікке ие болған тұлға.

  1. Мөде

  2. Чжи-Чжи

  3. Шуньвей

  4. Тұман

  5. Шоң би

96.Ғұндардың Хань династиясына қарсы соғысқан жыл.

  1. б.з.б.186 жылы

  2. б.з.б. 185 жылы

  3. б.з.б. 188 жылы

  4. б.з.б. 187 жылы

  5. б.з.б. 184 жылы

97.Хань әулетін жеңіп, салық төлеуге міндеттеген ғұн билеушісі.

  1. Атилла

  2. Чжи-Чжи

  3. Мөде

  4. Гаоцзу

  5. Лаушан

98.Б.з.б. 174–165 жылдары ғұндар кімдерді түпкілікті талқандады?

  1. юечжилерді

  2. қаңлыларды

  3. сақтарды

  4. қытайды

  5. үйсіндерді

99.Ғұндар кімдерді құл ретінде ұстады?

  1. салығын төлей алмағандарды

  2. ұрлықшыны

  3. соғыс тұтқындарын

  4. соғыстан қашқандарды

  5. ауыр қылмыс жасаушыны

100.Жауларының зәресін алып, аттарын үркітетін ғұн қаруы.

  1. ұзын семсер

  2. бұғалық

  3. қорған бұзғыш

  4. ысқырғыш жебе

  5. тас атқыш техника

101.«Халықтардың ұлы қоныс аударуын» кімдер бастады?

  1. үйсіндер

  2. қаңлылар

  3. ғұндар

  4. Сақтар

102.Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы қай ғасырларды қамтыды?

  1. б.з.б. IІ ғ. – б.з. VІ ғ. дейін

  2. б.з.б. I ғ. – б.з. IV ғ. дейін

  3. б.з.б. І ғ. – б.з. V ғ. дейін

  4. б.з.б. IІ ғ. – б.з. IV ғ. дейін

250 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!