Тақырып бойынша 11 материал табылды

5 сыныптың бейімделу кезеңінде жаңа тақырыптарды меңгерудегі қиындықтарды анықтау нәтижесі бойынша АНЫҚТАМА

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныптың бейімделу кезеңінде жаңа тақырыптарды меңгерудегі қиындықтарды анықтау нәтижесі бойынша АНЫҚТАМА
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 «А» сыныбының бейімделу кезеңінде жаңа тақырыптарды меңгерудегі қиындықтарды анықтау нәтижесі бойынша

АНЫҚТАМА


Зерттеу объектісі: І тоқсан қорытындысы және оқу әрекеттері


Зерттеу мерзімі: желтоқсан, 2024 - 2025 оқу жылы


Тексеру мақсаты: Оқушылардың бейімделудегі кедергілерді анықтау және шешімін іздеу

Бақылау нысаны: Тақырыптық


Тексерді: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары


Бақылау барысында анықталды:


Бақылау барысында келесідегідей жұмыстар атқарылды:

  1. 5 «А» сыныбындағы барлық пәндер бойынша сабақтарға қатыстырылып, талдау жасалды.

  2. Оқу жылының І оқу тоқсанындағы нәтижелері талданды.

  3. Қазақ тілі, орыс тілі, математика пәндерінен дәптерлері тексерілді.

  4. Оқушылардың күнделіктері тексеруге алынды.

  5. 5«А» сыныбындағы пәндер бойынша білімділік деңгейлеріне диагностика жасалды.

Мектеп психологы тарапынан төмендегідей жұмыстар жүзеге асырылды:

  1. оқушылардың мотивация деңгейін зерттеу;

  2. оқушылардың ойлау процестерінің даму деңгейін зерттеу;

  3. оқушылардың еске сақтау деңгейін зерттеу.

Сынып жетекшісі сыныптағы әлеуметтік-психологиялық талдау жасалды.

5 «А» сынып оқушыларының жалпы даярлықтарын және негізгі мектепке оқуларын анықтау мақсатында қазақ тілі, математика, орыс тілі пәндерінің І тоқсан қорытындысын бойынша:

Орыс тілі пәнінен:

  • Білім сапасы-94,7 %

  • Ортақ баға – 4,2

  • Үлгерім -100%

19 оқушының 5-уі түбірдегі екпін түспейтін дауытылардың жазылуынан қате жіберген. Сондай-ақ, әріп тастап жазу, жіңішкелік белгісімен жазылатын сөздерден, ұқсас ж/ш, ча-ща буындарынан қателер жібереді. Мұғалім Ошақбаев Ғ. білім сапасын жоғарлату мақсатында меңгерілмеген тақырыптарға орай қосымша жұмыстар жүргізуді жалғастыру қажет.


Математика пәнінен:

  • Білім сапасы- 84 %

  • Ортақ баға – 4,3

  • Үлгерім -100%

Оқушылар есептеуден, теңдеу шешуден, мәселе есептерді шешуден қателер жібереді. Сондықтан мұғалім Оразғали Е. алдағы уақытта оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды шешу мақсатында дұрыс меңгерілмеген тақырыптарға қосымша жұмыстар жүргізуді жалғастыру қажет.

Қазақ тілі пәнінен

  • Білім сапасы - 95 %

  • Ортақ баға -4

  • Үлгерім-100 %

Жіберілген қателер: тыныс белгілерінен, әріп қалдыру, шылаулар емлесінен және ұқсас н/ң, қ/ғ, қ/к әріптерді ажыратпау, дифтонг дауыстыларды жазуда.

Мұғалім Тауекелова А. оқушылардың қателерін ескере отырып, орфографиялық дағдыларын жетілдіруде арнайы жаттығулар ұйымдастыруды жалғастыру керек.

5 «А» сынып оқушыларының оқу техникасы тексерілді.

Мемлекеттік стандарт бойынша 5-сынып оқушылары дауыстап оқығандағы сөз саны оқу жылында 100-120 сөз. Тексеру нәтижесінде оқу жылы басында оқу техникасының нормасын 3 оқушы. Олар:Әбдіманат М, Нұртасқызы А, Замир А. Нормадан жоғары оқығандар саны-3. Олар Әділ А, Серекеев Н, Сәрсенбай Ә. Өте нашар көрсеткіш деңгейін көрсеткендерРинатұлы С.-36сөз, Ерболұлы Р.-38 сөз,Мұратов Т.-51 сөз. Оқушылардың сауатты оқулары бойынша білім сапасы 72%, мәнерлеп оқуы бойынша 77%, түсініп оқуы бойынша 86% көрсеткіш болды. Сондықтан, оқушылардың оқу деңгейлерін көтеру мақсатында барлық пән мұғалімдері мәтіндермен жұмыс істеу, мәтінге өзіндік талдау жасату, оқылғандағы негізгі ойды тапқызып мазмұндату жұмыстарын жүргізу керек.

5 «А» сыныбындағы бақылау барысында 18 сабаққа қатысылды.

Қатысылған сабақтарда оқушылардың негізгі мектепке бейімделуін зерттеу, сабақ кезінде оқушылардың жеке бас ерекшелігі мен жас ерекшелегінің ескерілуі, сабақ мазмұнын ашуда мұғалімдердің әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, сабақта физиологиялық, гигиеналық талаптардың орындалуын байқау мақсаттары қойылды. Сыныпта барлығы 19 оқушы бар.

Қатысылған қазақ тілі пәнінің «Сөздің тура және ауыспалы мағынасы» атты сабақта мұғалім Тауекелова А. бастауыш сыныптың білім беру процесіндегі ұйымдастырудың негізгі тәсілдері мен түрлерін сақтап, дамыта білді. Оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлініп, жұмыстар арасында арнайы демалыс жаттығуы жасалды. Сынып бөлмесінде санитарлық норма сақталды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес көрнекілік әдістері қолданылды. Мұғалім Тауекелова А. оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналған жұмыстар жүргізіп, сабақта олардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс түрлерін ұйымдастырды. Сондай-ақ, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға назар аударып, олардың өзіндік тапсырмаларды орындауда таңдау жасай білуге баулыды. Дегенмен бұл сабақта мақсат қойылмады. «Синонимдер қатары» тақырыбындағы сабақта мұғалім сабақ мақсатын қоя отырып, оқушылар мотивациясын туғызды. Сабақ барысында оқушыларды жұмыстарға өздері бағалау жасауға, қойылған бағаларға оқушылардың комментарий жасауына жағдай туғызды. Жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын элементтері қолданылып, сабаққа оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын туғыза білді. Білімді өз бетімен игерутуге бағыттап, ережелер шығартты. Дегенмен, мұғалім келешекте сабақ тығыздығын арттыруға, сабақта қолданылған көрнекіліктің эстетикалық мәдениетіне көңіл аудару керек.

Қазақ әдебиетінен «Керкұла атты Кендебай» сабағында оқушылар үй тапсырмасына берілген сахналанған көрініс даярлықтары арқылы олардың шығармашылығын, әдеби тілдік мәдениетінің дамуына жағдай туғызды. Сабақта проблемалық жағдаяттар шешкізе отырып, олардың байқағыштық, еске сақтау қабілеттерін жетілдіруіне назар аударды. Сабақта пәнаралық байланыстар жүзеге асырылып, оларды өз ойларын дәлелдей білуге баулыды және мәтінмен жұмыс барысында мәнерлеп, сауатты оқуға көңіл бөлінді. «Өтірік өлең» тақырыбында мұғалім оқушылардың жалпы оқу дағдыларына көңіл бөліп, жас ерекшеліктеріне сай алфавиттік жұмбақтармен оқушылардың пәнге қызығушылығын туғызды. «не болды? Не болады?» кестесі арқылы өзіндік ой мен қиялды дамытуға жағдай жасады. Сабақта гигиеналық талаптар орындалды. Жұптық жұмыстар, жеке жұмыстар арқылы деңгейлеп оқытуды жүзеге асырды. Дегенмен, мұғалім ауыз әдебиетін оқытуда 5-сыныптардың жас ерекшелігіне сәйкес сөздік жұмыстарын жүргізе керектігін ескеріп, тақырыпқа жан-жақты мәтіндік талдау жасауды ұйымдастыру қажет.

Математика сабағын Оразғали Е. жүргізеді. «Өрнектер, формулалар» тақырыбындағы қайталау сабағында мұғалім сабақ кезеңдерінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану арқылы оқу мазмұнының нәтижелі меңгерілуіне жағдай туғызды. Көрнекі құралдарды жас ерекшеліктеріне сай тиімді пайдалана отырып, пәнге оқушылардың қызығушылығы мен білімді саналы меңгеруіне жетеледі. Қатараралық сайыстар және қатармен оқыту, жеке оқыту, топтық және жұптық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар ұтымды ұйымдастырып, 5-сыныптықтардың белсенділігін арттырды. Әр жұмыс соңында қорытындысы шығарылып, ескертулер мен табыстар айтылып отырылуы арқылы оқушылардың өзіндік бағалау жұмыстарын жасай білуге баулыды. Мұғалім оқушылардың ауызша есептеу, тез есептеу дағдыларына баса назар аударды. «2-ге, 5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілері» тақырыбындағы сабақта сабақтың гигиеналық талаптардың орындалуына назар аударылды. Мұғалім сабақта оқушыларды дәлелдей білуге жетелеу арқылы жаңа ұғымды өзіндік игеруге баулыды. Пәндік тілде сөйлеуге назар аудырылып, әр формулаға ойдан мысал келтірткізді. Сөйтіп, оқушылардың қорытынды шығара білу дағдыларының қалыптасуына назар аударды. Сабақтың өмірмен тығыз байланысын жүргізді. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жақсы энергияны бойға сіңіру туралы айтып, олардың келесі сабаққа психологиялық даярлықтарын жасады.

Орыс тілі пәнінен «Звуки и буквы» тақырыбындағы сабақта мұғалім Ошақбаев Ғ. сабақ мазмұнын меңгертуде түрлі көрнекіліктер мен тірек жазбаларын кеңінен қолданып, оқушылардың жас ерекшелігін ескерді. Сабақта тақырыптың нәтижелі меңгерілуіне оқылған орай өлеңді әнімен айтқыза отырып, олардың психологиясына әсер етіп, жағымды эмоция туғызды. Орыс тілінде сөздердің мазмұнын ашуға арналған түрлі салыстыру тәсілдері қолданылды. Оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, жаңа материалдың өзіндік меңгерілуіне жетеледі. Теорияны практикамен байланыстыруға назар аударды. Сабақта сергіту сәті жүргізіліп, гигиеналық талаптар орындалды. Алдағы уақытта мұғалім сабақ уақытын үнемді пайдалану керек.

Жаратылыстану пәнінде «Ғарышты зерттеу» тақырыбында мұғалім Әбілқасым Ш. сабақ мақсатын нақты қоя отырып, сабақтың әр кезеңінде олардың орындалуын оқушыларға жариялап отырды. Сабақта жалпы және арнайы оқу дағдыларының орындалуына назар аударды. Деңгейлеп оқыту арқылы әр оқушының қабілеттері ескерілді. Оқушылардың сабақ барысында ізденуіне жетелеу сұрақтарын ұйымдастырды. Сабақтың өмірмен байланысы жүзеге асырылып, оқушылар оқулықтағы негізгі ойды іріктей мысылдар келтірді. Қазіргі заман жаңалықтарымен таныстырылып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге жағдай туғызды. Үй тапсырмасын олардың іздену, зерттеу жұмыстарына бағыттай беру арқылы олардың шығармашылық қабылеттерінің дамуына жағдай жасады.

Қазақстан тарихы сабағында жаңа педагогикалық технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылды. Сабақтың Қазақстан әнұранымен басталуы, суреттер арқылы туған жер табиғатын мақтанышпен бейнелеп айтқызу арқылы мұғалім Сүгірова А. оқушылар бойында азаматтық патриотизмнің дамытуына жетеледі. Сабақта жеке бас қабілеттері ескеріліп, деңгейлік жұмыстар ұйымдастырылды. Аймақтық компонент сабақтың әр кезеңінде жүргізіліп отырылды. Сабақта сәйкестендіру тестілері, аяқталмаған терминдер, аудармашы ойыны, тірек сигналдармен сөйлеу тәрізді жұмыстар сабақтың тығыздығын арттырып, сабақ мазмұнының толық меңгерілуіне жағдай жасады. Сабақ барысында гигиеналық және физиологиялық талаптар орындалды. Термин сөздігін жүргізе отырып, оқушылар алдына проблемелық жағдаяттар туғызды, ойлануға жетеледі.

Көркем еңбек пәнінің «Қол тігістерін қолдану» тақырыбындағы қыз балалармен сабақта мұғалім Бектурова Н. сабақта оқушылардың жас ерекшелігін ескере, жұмбақтар шешкізу арқылы сабаққа қызығушылықтарын туғызды. Сән үйіндегі мамандықтармен таныстырып, кәсіпке баулыды. Топтық шағын-жоба жасап, оқушылардың шығармашылық, іздену қабілеттерін дамытты. Сабақта өзара бағалату, жұмыстарға комментерий жасай білуге баулыды. СТО технологиясының «ББҮ» стратегиясын қолданып, оқушылардың өзіндік ойлауын, айтылған ойды дәлелдей білуге жетеледі. Сабақта математика, география, биология пәндерімен байланыс жасалып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге жағдай жасалды.Сабақтың ғылымилық қағидасы орындалып, тығыздығы жоғары болды. «Темір металды түзету мен майыстыру» тақырыбындағы ұл балалармен сабақта мұғалім Карлыбаев Т. оқушылардың теориядан алған білімдерінің практикада қолдана білуіне жетеледі. Сабақта қауіпсіздік ережелернің сақталуы қайталанып, станоктормен жұмыс жасауда ерекше назарда болды. Оқушылар темірді балғамен түзету, формаға келтіріп қайшымен қию, станокпен майыстыру, егеумен тегістеу, станокпен егеу жұмыстарын қызығушылықпен істеді. Дегенмен мұғалім келешекте сабақтың теориялық жағын өткізудегі әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерін таңдап қолдану қажет.

Музыка пәнінің «Ұлттық музыкалық аспаптар» тақырыбындағы сабақ «НЕ? Қайда? Қашан?» атты танымдық ойын арқылы жүргізілді. Топтық жұмыспен өткізілген сабақтағы қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болды. Әсіресе, сабақта қолданылған «Жанды сұрақтар» бөлімі өте сәтті ұйымдастырылды. Сабақта оқушылардың эстетикалық мәдениетін дамытуға бағытталған әуендерге талдау жасату, музыка аспаптарының қоданылуы, күрделі оркестрдегі музыкалық аспаптардың дауыстарын ажырата білу жұмыстары жүргізілді. Музыкалық аспаптардың құрылысы жайлы білімдері есепке алынып, жасалу жолдары қайталанды. Оқушылардың өздерінің әндері тыңдату арқылы жеке бас қабілеттері ескерілді. Дегенмен, мұғалім оқушылардың орындаушылық қабілеттеріне назар аудару қажет.

Сыныптың қорытынды бақылау кезеңінде қазақ тілі, математика, орыс тілі пәндерінің дәптерлері тексеруге алынды.

Тексеру мақсаты:

  • Сыныптың бірыңғай орфографиялық тәртіпті сақтауы;

  • Пән мұғалімдерінің оқушылардың жұмысын жүйелі тексеруін қадағалау;

5 «А» сынып оқушыларының дәптерлерін тексеру қорытындысы:

Оқушы дәптері негізгі мектеп құралдарының бірі. Бастауыш сыныптан негізгі орта буынға өткенде дәптерге қойылаиын бірыңғай талаптар жалғастырылуы керек. Оқушы дәптерге сынып жұмыстары мен үй жұмыстарын, шығармашылық жұмыстарын, сызбалар мен кестелерді түсіре отырып еске сақтау қабілеттері мен орфографиялық сауаттылықтары жетілдіріледі. Осы мақсатпен сынып оқушыларының дәптерлері тексерілді.

17 желтоқсанда қазақ тілі пәнінен 19 оқушының дәптерлері тексеруге алынды. Тексеру нәтижесінде төмендегідей жағдайлар анықталды. Таза, ұқыпты ұсталған дәптерлер: Серкеев Н., Әділ А., Таңатар М., Жаңабай О., Бекмарат Н., Берікқызы А, Кенжебай Ы алайда бұл оқушының дәптерінің беті толық емес. Дәптердің сыртқы бетін қате толтырылған оқушылар: Қайырбекқызы Б., Ринатұлы С., Увакпаева З., Миранбекқызы К. Сондай-ақ, кейбір дәптерлер жүйелі тексерілмеген. Нұртасқызы А., Орынбасар А. тексерілмегені анықталды. Мұғалімнің каллиграфиялық үлгі жазуы өте сирек кездеседі. Жекеленген оқушыларда ғана ескертпелер жазылған. Пән мұғалімі Тауекелова А. оқушы дәптеріне қойылатын бірыңғай талапты жүйелі жүргізу керек. Осы күні орыс тілі пәнінен 19 оқушының дәптерлері тексерілді. Нұртасқызы А., Серкеев Н., Сәрсенбай Ә., Әділ А. дәптерлері таза, ұқыпты. Орыс тілі пәнінен 6 оқушының орфографиялық сауаттылықтары өте төмен . Замир А., Әбдіманат М., Кенжебай Ы., Әділбаева А., Қайырбекқызы |Б., Мұратов Т. Пән мұғалімі дәптерлерді жүйелі тексеріп отырған, дегенмен әріптердің жазу үлгілері көрсетілмеген.

Орыс тілі пәндерінің дәптерлерінде бір оқушыда ескерту жазылғанмен оқушының мотивациясын көтеруге арналған жазбалар мүлдем жоқ.

19 желтоқсан күні математика пәнінен 19 оқушының дәптерлері тексеруге алынды. Барлық дәптерлердің сырты қапталған. Мұғалім жүйелі түрде дәптерді тексеріп, ұқыптылығына көңіл аударып отыратындығы байқалды. Ескертулер мен оқушыны ынталандыратын жазбалар жазылған. Оқушылардың дәптерлерінің сыртқы мұқабалары қатесіз, ұқыпты толтырылған.

Жоғарыда айтылған пәндердің бірде-бірінде оқушының өзара тексеру жүргізуі, өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі тексеріп, қарындашпен бағалар қоюы кездестірілмеді. Қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің дәптерлерінде сауаттылығы мен ұқыптылығына, тапсырмаларды орындауына арналған арнайы бағалар жоқ. Оқушылардың әр түрлі шығармашылық жұмыстарды орындаулары өте сирек.


Ұсыныс:

  • Сынып жетекшісі Тауекелова А. оқушылардың табысты бейімдеу кезеңін ұйымдастыру үшін сынып ұжымын қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажет.

  • Мектеп психилогы Байсалбаева А. 5-сыныптың бейімделуін психологиялық зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажет.

  • Пән мұғалімдері Оразғали Е., Тауекелова А., Ошақбаева Ғ., Әбілқасым Ш. оқушылардың пәндік арнайы білім дағдыларын жетілдіруге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді кең көлемде қолдануды жалғастыру керек.



Бақылауды жүргізген директордың

оқу ісі жөніндегі орынбасары: Тауекелов Д

Молдажарова А

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.01.2025
212
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі