Материалдар / 5cынып жаратылыстану пәні бойынша барлық тақырып бойынша анықтамалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5cынып жаратылыстану пәні бойынша барлық тақырып бойынша анықтамалар

Материал туралы қысқаша түсінік
5cынып жаратылыстану пәні барлық тақырып бойынша анықтамалар, білу керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2024
69
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 «Ә»сынып Жаратылыстану

1.Ғылым адамзат қызметінің бір түрі

2. Ғылымның түрлері: жаратылыстану, техникалық, қоғамдық – гуманитарлық

3. Ғылымның міндеттері: танымдық, білімдік, мәдени, тәжірибелік

4.Зерттеу жұмысын жүргізудің кезеңдері:

Зерттеу мәселесі. Зерттеу пәні. Зерттеу нысаны. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді іздеу. Зерттеу тақырыбын анықтау. Зерттеу мақсаты. Болжам. Зерттеудің нақты қадамдары. Қорытынды

5. Жабдықтар 3ке бөлінеді.

1.өлшеуіш жабдықтар

2.ұлғайтқыш жабдықтар

3. зертханалық жабдықтар

6.Өлшем: мм, см, м, км.

Масса: мг, г, кг, ц, т

Көлем: см³

Уақыт: с, мин, сағ

Температура: градус (°С)

7. Орта арифметикалық мән - бірнеше сандардың тізбегін сипаттайтын орташа мән.

Формуласы

СА=(a1+a2….+an)/n

8. Микроәлем- материалдық әлемнің бір бөлігі. Оған кішкентай нысандар жатады: молекулалар, атомдар, қарапайым бөлшектер.

9. Макроәлем- материалдық әлемнің бір бөлігі. Оған молекулалардан үлкен, бірақ жұлдыз жүйесінен кішкентай нысандар жатады.

10.Атмосфера-ауа қабаты

Биосфера - тіршілік қабаты

Гидросфера - су қабаты

Литосфера - жердің қатты қабаты

11. Жердің ішкі құрылысы: жер қыртысы, мантия, ядро

12.Жер шарының пайда болу дәуірлер

1.Архей 2.Протерезой 3.Палеозой 4.Мезозой 5.Кайназой

13. Саналы адам- Homo sapiens

14.Глобус- жер ғаламшарының тұтас бейнеленген моделі

15. Жер бетінің жеке аумақтарын жазықтықта бейнелеу тәсілдері: фотосурет, аэрофотосурет, жергілікті аумақ планы, карта.

16.Шартты белгі-бұл план мен картада түрлі нысандарды белгілейтін таңбалар

17. Масштаб- жергілікті аумақ қашықтығының планға, картаға немесе глобусқа түсірілгенде бірнеше есекішірейтілген өлшемі.

18. Нәсілдер- бұл ортақ, тұқым ұуалайтын сыртқы белгілері ұқсайтын адамдар тобы. Еуропалық, Экваторлық, Моңғолоидтық нәсіл.

19.ҚР БҰҰ мүше болып 1992жылы 2 наурызда енді.

20. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымы 1995жылдың 1 наурызында құрылды.

21. Материктер

Еуразия, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Африка, Антарктида , Австралия

22.Мұхиттар

Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды Мұхит

23.Денелер- біздің айналамыздағы әртүрлі заттар

24.Зат - физикалық денелердің құрамы болып табылады.

25.Диффузия - бір зат бөлігінің өздігінен екінші зат бөлігіне ену құбылысы

25.Заттың агрегаттық күйі: қатты, сұйық, газ

26.Заттардың физикалық қасиеттері: агрегаттық күйі, түсі, дәмі, иісі, температурасы, иілгіштігі, тығыздығы, жылу өткізгіштігі, электр өткізгіштігі, ерігіштігі

27.Құбылыс - денеде болатын өзгерістер

28.Табиғат құбылыстары: биологиялық, физикалық, химиялық

29.Барлық тірі табиғи денелерде, яғни организмде болатын құбылыстарды биологиялық құбылыс деп атайды.

30.Физикалық құбылыстарда жаңа заттар пайда болмайды, бірақ зат пен дененің көлемі, пішіні, орналасуы, агрегаттық күйі өзгереді.

31.Химиялық құбылыс- бұл құбылыс кезінде бір заттан екінші заттың пайда болуы.

32. Бір ғана заттың бөлшегінен құралған және тұрақты физикалық қасиеті бар зат таза зат деп аталады.

33. Қоспа өзара араласқан екі және одан да көп заттар.

34. Заттардың бөлшектері көрінбейтін қоспаны – біркелкі қоспа деп атайды.

35. Көзбен көрінетін зат бөлшектері бар қоспаны біркелкі емес қоспа деп аталады.

36.Қоспаны бөлу - компонеттерін жеке шығару

37. Қоспаны бөлу әдістері: тұндыру, сүзу, елеу, буландыру.

38. Ерітінді – кем дегенде екі, бөліну шегарасы байқалмайтын компонеттерден тұратын біртекті қоспа.

39. Металл- иілгіштігімен, созылмалылығымен, ерігіштігімен ерекшеленетін қатты зат.

40. Бейметалл - металдардың физикалық қасиеттері жоқ химиялық элементтер.

41. Синтетикалық талшық - жасанды жолмен алынған химиялық талшық.

42.Табиғи талшық – өсімдіктен, жануарлардан немесе минералдан алынған талшықтар.

43. Үгілу – тау жыныстарының бұзылып, ұсақ бөліктерге ыдырауын айтады. 3 түрі бар: химиялы, органикалық, физикалық.

44. Жанды табиғат денелерін организм дейді.

45. Қоректену-организмге қоректік заттардың түсуі және сіңірілуі.

46. Өсу-организмнің көлемі мен массасының біртіндеп ұлғаюы.

47. Даму- органимнің құрылысы мен жекеленген бөліктеріндегі өзгерістер.

48.Көбею-организмнің өздеріне ұқсас организмді өмірге келтіруі.

49.Тітіркенгіштік – организмнің қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді сезу қабілеті.

50. Төрт жанды табиғат патшалығы бар: бактериялар, саңырауқұлақтар, жануарлар,өсімдіктер.

51.Жасуша – тіршіліктің ең кіші бірлігі.

52.Популяция - белгілі бір жерлерде ұзақ уақыт мекендейтін бір түрдің жиынтығы.

53. Жасуша---Ұлпа-----Мүше-----Мүшелер жүйесі ------Организм

54.Микроскоп- бейнені жүздеген және мыңдаған есе ұлғайтатын құрал.

55. Микроскоптың құрылысы: окуляр, тубус, обьектив, зат үстелі, бұранда, штатив, айна.

56. Фотосинтез – (грекше фото-жарық, синтез-пайда болу) өсімдік жапырағында күн жарықта жүретін үдеріс.

57. Хлорофилл – өсімдіктерге жасыл түс беретін пигмент.

58. Фотосинтез жүру үшін қажетті заттар: күн сәулесі, көмірқышқыл газы, су, өсімдік жапырағындағы хлорофилл.

59.Энергия – бұл дененің жұмыс істеу қабілеті.

60. Энергияның түрлері: механикалық, жылу, электр.

61. Адамның энергияны қажет етуі килокалориямен (ккал) өлшенеді.

62. Температура - дененің жылу жағдайын сипаттайтын шама.

63.Термометр - дененің температурасын өлшейтін құрал.

64. Механикалық қозғалыс - кеңістіктегі денелердің бір – бірімен салыстырғандағы орналасуының өзгеруі.

65. Қаңқаның түрлері: ішкі (омыртқа жотасы, бассүйек), сыртқы (қатты қабық хитин)

66. Экожүйе –жансыз табиғатта белгілі бір жағдайда өмір сүріп, онымен энергия алмасуға қатысатынтірі организмдер қауымдастығы.

67.Экожүйе терминін ұсынғаг ғалым А.Тенсли.

68. Экожүйелер шығу тегі бойынша екі типке бөлінеді: табиғи және жасанды.

69. Экожүйелер көлемі бойынша төрт типке бөлінеді:микроэкожүйе, мезоэкожүйе, макроэкожүйе, ғаламдық экожүйе.

70. Экологиялық факторлар үшке бөлінеді: Абитикалық, биотикалық, антропогендік.

71. Патшалықтар: Жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, бактериялар

72. Біржасушаларылар - бір ғана жасушадан тұратын организмдер.

73. Қызыл кітап – сирек кездесетін және жер бетінен біржола жойылып кету қаупі бар жануарлармен өсімдіктер, саңырауқұлақтардың түрлерінің таралуы жайлы мағлұмат беретін және үнемі жаңартылып отыратын ресми құжат.

74. Қызыл кітапты алғаш рет ұйымдастырған ағылшын орнитологі Питер Скот 1966жылы.

75. Қазақстанда “Қызыл кітап” тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Зоолог А.А.Слудскийдің зор еңбегінің арқасында жарық көрді..

76. Кітаптың екінші басылымы 1981ж омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. 1991 жылы толықтырылды.

77. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы 1996ж қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты.

78. .“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:

1-категория – жойылып бара жатқан;

2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;

3-категория – сирек кездесетін;

4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;

5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген.

79. Қорықтар

Алматы мемлекеттік қорығығы(Іле Алатауы)

Ақсу-Жабағлы мемлекеттік қорығы(Талас Алатауы)

Барсакелмес қорығы(Барсакелмес аралы)

Қорғалжын(Ақмола облысы)

Наурызым мемлекеттік қорығы(Қостанай мемлекеттік аймағы)

Марқакөл мемлекеттік қорығы(Оңтүстік Алтай)

Үстірт қорығы (Маңғыстау)

Батыс Алтай қорығы(Шығыс Қазақстан)

Алакөл қорығы(Алматы облыс Талдықорған)

Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы (Оңтүстік Қазақстан облысы)






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!