400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

6-7 сынып БЖБ #2 Бөлім бойынша жиынтық бағалау III тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ III тоқсан бойынша 6-7 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Тақырып

Ұлы Дала мұрагері – қазақ халқы қалай қалыптасты?

Оқу мақсаты

7.1.1.3 Ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау

7.1.1.4 «Қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру

7.2.3.5 – Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің тарихи дерек ретінде құндылығын түсіндіру


Бағалау критерийі

Оқушы

  • Қазақ халқының халық болып қалыптасуының кезеңдерін сипаттайды

  • «Қазақ» этнонимінің мағынасын ашады

  • Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінен бір мысал келтіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут


1.Төмендегі кестеде берілген тірек сөздерді мәтіндегі бос орындарға дұрыс орналастырыңыз.


Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек,қола дәуірі (Андронов,Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ,сармат, т.б.) түр тұрпаты ________, ал тілдері ________ болған.

Алайда б.з. I – IV ғасырларында Қазақстан территориясына шығыстан келген ғұн тайпаларының қоныстануына байланысты жергілікті тұрғындардың сыртқы түр тұрпатында ________ белгілер пайда болды.

VI ғасырдан бастап Қазақстан территориясы бірнеше түрік мемлекеттері құрамында болды.Бұл мемлекеттердің негізгі халқы ________ тілінде сөйледі және олардың түр тұрпатында ________ нәсілдің белгілері басым болған.

XIII ғасырдан бастап моңғол шапқыншылығы кезінде Қазақстан территориясындағы ру тайпалардың халық болып қалыптасу үдерісі тежеліп,басқа бағытқа бұрылды.Өйткені аумаққа шығыстан жаңа түркі-моңғол тайпалары келіп орнықты.Уақыт өте олар ________ тілін, мәдениетін қабылдап, жергілікті халық арасына сіңіп кетті.


1

2

3

4

5

6

моңғолоидтық

үнді-ирандық

еуропоидтық

моңғолоидтық

түркі

қыпшақ


2. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің тарихи дерек ретінде құндылығын түсіндіріп бір мысал келтіріңіз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



3.Қазақ сөзі қандай мағына береді, зерттеушілердің қазақ сөзіне қатысты бір пікірін жазыңыз

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қазақстан территориясындағы халықтар мен тайпалар тілінің (лингвистикалық) және сыртқы түр-тұрпатының (антропологиялық) қалыптасу үдерісін көрсетеді.

1

Қола және ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың сыртқы түр тұрпатын көрсетеді.

1

Қола және ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың тілдерін көрсетеді

1

Қазақстан территориясына шығыстан келген ғұн тайпаларының қоныстануына байланысты жергілікті тұрғындардың сыртқы түр тұрпатын көрсетеді

1

Қазақстан территориясы бірнеше түрік мемлекеттері құрамында болған халықтардың тілдерін көрсетеді


1

Қазақстан территориясы бірнеше түрік мемлекеттері құрамында болған халықтардың нәсілін көрсетеді


1

Шығыстан келген түркі-моңғол тайпаларының тілін көрсетеді

1

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің тарихи дерек ретінде құндылығын түсіндіреді

2

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінен бір мысал келтіреді

1

Қазақ сөзі қандай мағына береді, зерттеушілердің қазақ сөзіне қатысты бір пікірін жазады

3

қазақ” сөзіне қатысты зерттеушілердің бір пікірін жазады

1

Барлығы

8


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
04.03.2025
233
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі