№ 10 САБАҚ. «ЖАСАНДЫ
ИНТЕЛЛЕКТ, ОҒАН СӨЗСІЗ СЕНУГЕ БОЛА МА?»
Сабақтың мақсаты:
оқушыларды жасанды интеллекттің озық
технологиясымен таныстыру. Негізгі міндеттер:
1. Интернеттегі балалардың мінез-құлық нормалары мен
ережелерін әзірлеу 2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Құралдар: осы тақырып бойынша иллюстрациялар,
проектор, компьютер.
Сабақ барысы
1. Кіріспе (2
минут)
Жасанды интеллект жүйелерінің қолдану салалары:
робототехника, сараптамалық жүйелер, есептерді әмбебап шешушіні
жасау, бір тілден екінші тілге аудару, мәтінді рефераттау,
пайдаланушыны компьютермен ыңғайлы диалогін қамтамасыз ететін
интеллектуалды интерфейсті жасау. 2.Негізгі бөлім (6 минут)
Оң әсері:
мәліметтерге негізделген тиімді
шешімдер;
субъективтіліктің аздығы;
ескірген бюрократиялық құрылымды жаңаша
ұйымдастыру;
жаңа және инновациялық жұмыс
орындары;
энергия тасымалдаушыларға тәуелді
болмау;
медицина ғылымында жетістікке жету, дерттерді
түбегейлі жою.
Теріс
ықпалы:
есеп беруге міндеттілік (жауап беруші, заң
аспектілері, құқықтар);
жұмыс орындарын жоғалту;
хакерлік / киберқылмыс;
қалыптасқан түсініктің шектен
шығуы.
«Жасанды интеллект технологиялары
мүмкіншіліктерінің тиімді және тиімсіз жақтары» тақырыбында пікір
алмасу.

3. Қорытынды (2
минут) Пайдалы сілтеме:
https://youtu.be/cHlTBit1Pbo?si=87b0BDZRlgwdqNvm
|