Ақтөбе қаласы, №40 жалпы білім беретін орта мектебінің, математика пәнінің мұғалімі Жанабергенова Аикенженің 6-класс математика пәнінен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуге есептер шығаруға өзіндік жұмысы» тақырыбына сабақ жоспары.
Күні:
Мектебі: № 40 жалпы орта білім беретін мектебі
Класы: 6 «Ә» класы
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуге есептер шығару. Өзіндік жұмыс.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуді және олардың негізгі қасиеттерін үйрете отырып, есеп шығару барысында қолдана білуге машықтандыру және алған білімдерін тексеру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың қортынды жасай білу, нақтылау, жалпылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік мақсаты: Оқушылар берілген тапсырманы ұқыпты, шапшаң және тиянақты орындауға, ережелерді есте сақтап дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қортынды, қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: Дәріс, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай үлестірме қағаздары.
Әдебиеттер: Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов «Математика» 6 класс, Алматы «Атамұра»
Әдістері: Сұрақ – жауап, баяндау, түсіндіру, бақылау, өз бетімен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, информатика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Өзіндік жұмыс жүргізу.
ІІІ. Қортындылау.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, оқушы қатысымына және сынып тазалығына назар аудару. Психологиялық треннг жүргізу.
Психологиялық тренинг.
Екі қолға қалам алып бір уақытта 1 – 9 дейін сандар салу.
1 саны ұқсаса – өзімшіл.
2 саны ұқсаса – болашақта бастық болатын адамдар.
3 саны ұқсаса – конфликтіні шешіп, тығырықтан шығатын жолды тез табатын жандар.
4 саны ұқсаса – өз басына проблема тауып, соны шеше алмай жүретін проблемашыл адамдар.
5 саны ұқсаса – ақылды адамдар.
6 саны ұқсаса – керемет қыз, жігіт төресі.
7 саны ұқсаса – гармония ішкі және сыртқы дүние үйлесімділігі.
8 саны ұқсаса – қауіптену керек.
9 саны ұқсаса – адал адамдар.
ІІ. Өзіндік жұмыс жүргізу.
1 – тапсырма.
Суреттегі таразының сол жақ табақшасына 3 дорба ұн, ал оң жақ табақшасына 1 дорба ұн және 4 кг кір тасы салынған.

Сурет бойынша сызықтық теңдеу құрыңдар, мұндағы 1 дорба ұнның массасы х кг.
Теңдеуді шешіп, 1 дорба ұнның массасын анықтаңдар.
Шығарылу жолы:
Сол жақ табақшада – 3 дорба
Оң жақ табақшада – 1дорба, 4 кг кір тасы бар.
1 дорба ұн – ? масса
Шешуі: 3х = х + 4
3х – х = 4
2х = 4
х = 2
3 * 2 = 2 + 4
6 = 6
Жауабы: 1 дорба ұнның массасы 2 кг
2 – тапсырма
Суреттегі таразының сол жақ табақшасына массалары бірдей 5 орамжапырақ және 500 г кір тасы, ал оң жақ табақшасына 2 орамжапырақ және 2 кг кір тасы салынған.

Сурет бойынша сызықтық теңдеу құрыңдар, мұндағы 1 орамжапырақтың массасы у кг.
Теңдеуді шешіп, 1 орамжапырақтың массасын анықтаңдар.
Шығарылу жолы:
Сол жақ табақшада – 5 орамжапырақ, 500 г кір тасы
Оң жақ табақшада – 2 орамжапырақ, 2 кг кір тасы бар.
1 орамжапырақ – ? масса
Шешуі: 2 кг = 2 000 г
5х + 500 = 2х + 2 000
5х – 2х = 2 000 – 500
3х = 1 500
х = 500
5 * 500 + 500 = 2 * 500 + 2 000
3 000 = 3 000
Жауабы: 1 орамжапырақтың массасы 500 г.
3 – тапсырма.
Суретте таразының сол жақ табақшасында 4 бөлек шай және 50 г кір тасы, ал оң жақ табақшасында 1 бөлек шай және 500 г кір тасы кескінділген.

Сурет бойынша теңдеу құраңдар, мұндағы 1 бөлек шайдың массасы х кг. Теңдеуді шешіп, 1 бөлек шайдың массасын табыңдар.
Шығарылу жолы:
Сол жақ табақшада – 4 бөлек шай, 50 г кір тасы
Оң жақ табақшада – 1 бөлек шай 500 г кір тасы бар.
1 бөлек шай – ? масса.
Шешуі: 4х + 50 = х + 500
4х – х = 500 – 50
3х = 450
х = 150
4 * 150 + 50 = 150 + 500
650 = 650
Жауабы: 1 бөлек шайдың массасы 150 г.
4 – тапсырма.
Суретте таразының сол жақ табақшасында бал құйылған ыдыс және 500 г кір тасы, оң жақ табақшасында бос ыдыс және кір тастары кескінделген. Бал құйылған ыдыс пен бос ыдыстың массалары тең.

Сурет бойынша теңдеу құрыңдар, мұндағы бос ыдыстың массасы m кг, ондағы балдың массасы х кг.
Теңдеуді шешіп, ыдыстағы балдың массасын анықтаңдар.
Шығарылу жолы:
Сол жақ табақшада – бал құйылған ыдыс, 500 г кір тасы
Оң жақ табақшасында – бос ыдыс, 3 кг кір тасы бар.
Шешуі: 3 кг = 3 000 г
m + х + 500 = m + 2 000 + 1 000
m + х – m = 2 000 + 1 000 – 500
х = 2 500 (г)
х = 2,5 (кг)
2,5 + 0,5 = 2 + 1
3 = 3
Жауабы: Ыдыстағы балдың массасы 2,5 кг.
ІІІ. Қортындылау.
Оқушылардың бақылау жұмыстарын толықтай тапсыруын қадағалау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
6-сынып. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуге есептер шығаруға өзіндік жұмысы

шағым қалдыра аласыз