6 сынып жолда жүру ережелері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

6 сынып жолда жүру ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережелері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директоры

«Жолда жүру ережелері » оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары

5-8 сыныптардың 10-сағаттық жол ережесі бойынша тақырыптар кіріктірілді. Кіріктірілген тақырыптар сыныптар бойынша төмендегіше бекітілді.

6-СЫНЫП

р/т

айы

Сабақ тақырыбы

Күні, айы, жылы

Сағат саны

1

қыркүйек

Жол жүру ережелері (қайталау).

1

2

қазан

Көлік құралдарының қозғалысы.

1

3

қараша

Көлік құралдарының аялдау жолы.

1

4

желтоқсан

Оқушылардың жол-көлік оқиғасы кезінде өзін-өздері ұстаулары.

1

5

қаңтар

Әртүрлі жарақат алғанда алғашқы медициналық көмек.

1

6

ақпан

Жарақаттанғанда, жаралап алғанда және жазатайым жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері.

1

7

наурыз

Жол қозғалысының қауіпсіздігі.

1

8

сәуір

Қозғалыстың жас инспекторлары-ҚЖИ

1

9

мамыр

Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері.

1

10

мамыр

Жаяу жүргіншілерге арналған жол жүру қозғалысы ережелері. Жол "қақпандары".

1

Барлығы:

10

Сынып жетекшісі:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Күні:

Сынып жетекші:

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Жол жүру ережелері (қайталау).»

Сабақтың мақсаты:

Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Жол белгілері, бағдаршам макеті, қиылған жіңішке ұзын жолақшалар (зебра жолы), , сюжетті суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты сабағымызды өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түген

деледі, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер

Сабақ басы (15 мин)

«Ой қозғау» Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)

2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) 5. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол) 6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Сұрақ: — Бағдаршам деген не? — Ол қандай қызмет атқарады?

Оқушылар қойылған сұраққа жауап береді

слайд

Ортасы (20 мин)

« Кел, танысайық!» айдары

Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек.

Бағдаршам — жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді. Біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Сұрақ: — Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме ? — Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол) — Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

Хормен: Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға! Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға! Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін, жасқанба! ( Әр топ оқушылары бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады) Қызыл – Тоқта! Сары – Сақтан! Жасыл – Жол ашық!

3. «Жол белгілерін білеміз бе?»

(Оқушыларды жол белгілерімен толық таныстыру)

Сергіту сәті: Қызыл : қолымызды жоғары көтереміз.

Сары: бір- бірімізбен амандасамыз.

Жасыл: құшақтасамыз.

4. Топтық тапсырма: Жол белгілерінің суретін салу, қорғау.

5. «Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!»

Сұрақ-жауап:

1. Жолаушылар дегеніміз кімдер? Кез — келген көлік түрін пайдаланатын адамдар. 2. Бағдаршам дегеніміз не? Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді. 3. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады? Жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат. 4. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек? Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара6 ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр

5. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.

6. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? Аялдамада

7. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті? Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді. 8. Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер көліктері өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? Иә, міндетті.

9. Жолда қай жерден өту керек?

Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.

Жол белгілерімен танысады

Жол белгілері

Соңы (5 минут)

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.

Стикермен түсінгендерін белгілейді

Стикер

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Күні:

Сынып жетекші:

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарының аялдама жолдары.»

Сабақтың мақсаты:

а) көлік құралдарының жүрісі, қызметі туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Мақсаты: психологиялық ахуал қалыптастыру. Сәлемдесу.

Оқушылар сәлемдесіп,

түгендеу

Сабақ басы (15 мин)

Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді көлік құралдарының көшеде жүру тәртібімен таныстырамын. Өздерің жол-көлік оқиғаларыңа тап болмас үшін зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

Интербелсенді тақтада көлік құралдарының жүрісі туралы мәлімет.

Әрбір елде автокөліктердің жолдарда,көшелерде жүріп-тұру тәртібін белгілі заң немесе ереже реттеп отырады. Біздің елде де жолда, көшеде қалай жүру керектігі арнайы заңда көрсетілгендей, оң қапталмен жүру тәртібі қабылданған. Олай болса, автомобиль, мотоцикл және велосипед жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер көшелер мен жолдарда оң қапталмен жүруге міндетті.

Кейбір алыс шетелдерде, мәселен,Ұлыбритания, Жапония, Үндістан, Малайзия және тағы басқа елдерде жолдың немесе көшенің сол қапталымен жүріп-тұру белгіленген. Соған орай, әрбір елде қабылданған заң талаптары бұзылмауы тиіс.

Қалалар мен елді мекендерде, кенттерде жолда жүру ережелеріне сай көлік құралдарының рұқсат етілген жүру жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан, қаладағы тұрғын аймақтарда – 20 шақырымнан аспауға тиіс. Ал сырт жолдарда, оның ішінде үлкен даңғылдарда жеңіл көліктердің және рұқсат етілген ең көп массасы 3,5 тоннадан аспайтын жүк автокөлктерінің жүру жылдамдығы сағатына 110 шақырымнан, ал басқа жолдарда – 90 шақырымнан аспауы тиіс.

Халықаралық және ерекше шағын автобустар мен мотоциклдерге жылдамдықты сағатына 90 шақырымнан асырмау белгіленген.

Басқа автобустарға, тіркеме сүйреткен жеңіл автокөліктерге, салмағы 305 тоннадан артық жүк автокөліктеріне даңғыл жолдарда сағатына 90, басқа жолдарда – 70 шақырым жылдамдықпен жүру белгіленген.

Оқушылар слайд көреді.

слайд

Ортасы (20 мин)

Интербелсенді тақтада жолда жүру қауіпсіздігі шаралары.

1. Қалаларда немесе қала сыртындағы жолдарда жүргізушілер, әдетте, ауа райына немесе қалалардағы көліктің жиілігіне байланысты жылдамдықты өздері таңдайды. Мәселен, көктайғақ, жауынды күндері, тұманда жүргізушілер жүрістерін еріксіз баяулатып, ақырын жүреді. Мұндайда көлікті дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік болады.

2. Ірі қалалардағы көше бойында көліктердің бірнеше қатар болып жүретіні белгілі. Көп қатарлы жүруді ұйымдастыру – ол көшелердегі «тығындарды» барынша болдырмауға септігін тигізеді.

3. Велосипедпен, мопедпен және ат-арбамен оң қапталмен, жаға жолға жақын жүруге тырысу қажет.

4. Көшедегі машиналардың жүріс қатарлары арасындағы қашықтықты сақтау үшін жүргізуші көліктің екі бүйіріндегі айнаның көмегімен қадағалап отыруы тиіс. Ал тізбектеліп келе жатқан алдыңғы және артқы машина арасындағы қашықтық қатаң сақталуы қажет.

5. Әрбір жүргізуші ара қашықты өзінің жүру жылдамдығына қарай таңдайды, өйткені алдыңғы машина тежеуішті басқан кезде соқтықпайтындай мүмкіндік болуға тиіс. Машина жылдам жүрген сайын ара қашықтық та алыстау болғаны дұрыс.

6. Көшедегі көліктер түрлі жылдамдықпен жүреді. Сондықтан алдыңғы машина баяу жүріп бара жатса, оны басып озуға болады. Басып озатын машиналар кейде тұтас сызықты басып, қарсы жолаққа шығып кетуге мәжбүрленеді. Ондайдада басқа жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де өте сақ болғаны жөн.

7. Жол мен көше қашан да көлік құралдарының арнайы жүретін орны болса, жаяу жүргіншілерге – жағажолмен жүру белгіленген. Әрқашан көлік құралдарын өткізіп жіберуге, олардың жүрісіне кедергі жасамауға, көшеден өтерде, белгіленбеген жерден өтпеуге, оқыстан жолға шығуға болмайтындығын есте ұстаған жөн.

8. Жүргізушілер қараңғы мезгілдерде, бұлтты күндері автокөліктердің сыртқы жарық беру құралдарын қосып жүреді. Әрбір автокөліктің алды мен артында жанатын жарық құралдары ( фаралары, олардың кішілеуі мен үлкендеуі) бар екенін білесіңдер. Әрбір автокөліктегі фаралардың жарығы алысқа немесе жақынға түсетіндей жанады. Кей кездері күндіздің өзінде, тұманда, жауын-шашында, тоннельдерден өткенде, басқа көлікті сүйретіп келе жатқанда, жарық беру құралдары пайдаланылады.

9. Елді мекендердің, қалашықтардың көшелері жарықпен қамтамасыз етілген болса, жүргізушілер машиналардың көлемін көресететін жарық құралдарын қосып, жарығы алысқа түсетін фараларын пайдаланбаса да болады немесе жүргізушілер жарығы жақынға түсетін фараларын қосса да жетеді. Жарығы алысқа түсетін фараларды пайдаланатын болса, қарсы келе жатқан жүргізушінің көзін шағылыстырып кедергі жасауы мүмкін. Мұндай жарық жүргізушінің ғана емес, жаяу жүргішінің де көзін шағылыстырады, жол-көлік оқиғасына ұшыратуы мүмкін. Сондықтан жарығы алысқа түсетін фараны тек сырт жолдарда, алыс сапарларға шыққан кезде пайдаланған жөн.

10. Екі машина бір-біріне қарама-қарсы жүріп келе жатқанда, жарығы алысқа түсетін фараларын 150 метрге дейінгі қашықтықта жарығы жақын түсетін

күйге алмастыруға міндетті. Велосипедшілер мұндайда жүру қатарын алмастырмай-сақ, тоқтап, автокөлікті өткізіп жіберулері тиіс.

11. Машиналар тұраққа тоқтайтын жағдайда айналасы қараңғы болса, онда көліктің көлемін білдіретін жарық беру құралдарын қосып қойған жөн.

12. Кейде жол үстінде аялдаған машина әрі қарай жүруін тоқтатып, немесе бұзылып қалса, басқаларға ескерту үшін машинаның арт жағынан 25-30 м жерге арнайы апаттық ескерту блгісін немесе жыпылықтағыш қызыл фонарь жағып қоюға міндетті.

13. Барлық мотцикл мен велосипед мінушілер де қараңғы мезгілде алдыңғы және артқы фараларын жағып месе жарық шағылыстырғыш белгі орнатып жүруі тиіс.

14. Жаяу жүргіншілердің де қараңғы мезгілде сақтық шараларын ойластырып, жарық шағылыстырғыш заттарды арқасына тбайлап алуына болады.

15. Реттеуші тік тұрып, таяқшасын жоғары көтерсе, бұл – бағдаршамның сары жарығына сәйкес дайындалу керектігін ескертеді.

Жолда жүру қауіпсіздігін игереді.

Жол белгілері

Соңы (5минут)

Өмірде ережеде көрсетілгендей, жазып, сызылғандай мүмкіндіктер бола бермейді. Балалардың арасында ойын ойнап жүріп ойламаған жерден кездейсоқтыққа ұшырап қалатын жайлардың болатынын да ұмытпаңдар

Стикер

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Күні:

Сынып жетекші:

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Көлік құралдарының аялдау жолы.»

Сабақтың мақсаты:

а) көлік құралдарының жүрісі, қызметі туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Мақсаты: психологиялық ахуал қалыптастыру. Сәлемдесу.

Оқушылар сәлемдесіп,

түгендеу

Сабақ басы (15 мин)

Мұғалім: — кейбір алыс шетелдерде, мәселен,Ұлыбритания, Жапония, Үндістан, Малайзия және тағы басқа елдерде жолдың немесе көшенің сол қапталымен жүріп-тұру белгіленген. Соған орай, әрбір елде қабылданған заң талаптары бұзылмауы тиіс.

а)оқушыларға жол-көлік оқиғасы бола қалған кезінде өздерін ұстай білу ережелерін меңгерту;

ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Мақсаты: психологиялық ахуал қалыптастыру. Сәлемдесу.

Оқушылар сәлемдесіп,

түгендеу

Сабақ басы (15 мин)

Жол-көлік оқиғаларының себептері
Жол-көлік оқиғаларының жиі кездесетін себептері:
1. Жақын жүретін көліктің алдында белгіленбеген жерде көлік жүретін бөлікке шығу (біздің балаларымыздың арасында көлік жүретін бөлікті өтер алдында тоқтап қалу, көлік жүретін бөлікті өтер алдында оны мұқият қарап шығу, басын бұрып мұқият қарап шығу және қозғалыс кезінде жағдайды сол және оң жақтан бақылау әдеті аз).
2. Автобусқа немесе басқа кедергіге байланысты жолға шығу (біздің балалар жаяу жүргіншілер өткеліне көлік құралынан шығып кетуге немесе бұталар мен қар құрсауынан шықпас бұрын жолды тексеруге үйренбейді).
3. Жолда ойнау (біздің балаларымыз барлық бос аумақ ойын алаңы екендігіне үйренеді).

4. Жүріс бөлігімен жүру (жақын жерде тротуар болса да, балалардың көпшілігі жүріс бөлігімен жүруді әдетке айналдырады, ал көбінесе барлық бұзылулармен).
Интербелсенді тақтада оқушылардың жол-көлік оқиғасы кезінде өздерін ұстай білу ережелері

Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың арасында жүргізушілер, жүргіншілер, жолаушылар, жұмысшылар, оқушылар және басқа адамдар болуы мүмкін. Ережелер бойынша жол-көлік оқиғасына тікелей қатысты жүргізушіге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Велосипед мінгендерде жол-көлік оқиғасына қатысты болуы мүмкін. Оған қоса, жүргіншілердің, жолаушылардың, оқушылардың да өздеріне лайықты жауапкершілігі болатынын ұмытпаңдар.

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда не істеуіміз керек?

Оқиға болған жерден көлікті және оқиғаға қатысты басқа заттарды қозғамау керек.

Жарақаттандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету қажет.

Шұғыл түрде полиция бөліміне хабарлап, оқиға болған жердегі жағдайды тексеруге атсалысу керек.

Көліктердің тежеу жолдарын, іздерін сол қалпында сақтауды ұмытпаған дұрыс

Болған оқиғаны көрген адамдардың мекен-жайын, телефон нөмірлерін, аты-жөнін жазып алу да пайдалы болады.

Полиция келгенше, көліктің нөмірлерін, модельдерін жазып алып, ал оқиға орнынан қашып кететін жағдайда тиісті мекемелерге хабарлау қажет.

Оқушылар жол-көлік оқиғасында болатын ережені біледі.

слайд

Ортасы (20 мин)

Жолда және көлікте қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша нұсқаулық.

1. Далаға шыққан кезде алдымен солға, содан кейін оңға қарай қараңызшы.
2. Мектепке маршрутты ең қауіпсіз, көшені немесе жолды жиі өтетін жерді таңдап ал.
3.
Қала көшелерімен жүргенде абай бол. Торопись. Тек тротуарға немесе жол жиегіне бар.
4. Аз өту-аз қауіп.
5. Тротуардың оң жағында асықпаңыз.
6. Жол жиегі бойымен жолдың шетінен алыс.
7. Көшенің немесе жолдың жүру бөлігіне шықпаңыз.
8. Қақпаның жанынан өтіп, әсіресе абай бол: қақпадан автомобиль шыға алады.
9. Тұрған автокөліктің жанынан абайлап өту: жолаушылар есікті ашып, сені ұра алады.
10. Көшені тек жаяу жүргіншілер өткелімен өт.
11. Көшені өтпес бұрын солға қараңызшы. Егер жүру бөлігі бос болса, - бар. Жолдың ортасына дейін тоқтаңыз. Егер көлік қозғалысы басталса, "қауіпсіздік аялдамасын"күтіп тұр. Енді оңға қараңыз. Егер жүру бөлігі бос болса, өту аяқталады.
12. Көшеге жоқ жаяу жүргіншілер керек көшетін бір бұрышын тротуар басқа да қауіпсіз.
13. Егер көшеде үлкен қозғалыс болса, ересек немесе милиция қызметкерінен оны көшуге көмектесуді сұраңыз.
14. Аялдама көрсеткішінде отырғызу алаңында немесе тротуарда көлікті күтіңіз.
15. Автобустарға, троллейбусқа, трамвайға отырғызу кезінде тәртіпті сақта. Басқа жолаушыларға кедергі келтірме.
16. Автобус, троллейбус, трамвай артқы есіктер арқылы кіре алады.
17. Тек алдыңғы есіктер арқылы шығу. Алдын ала шығу, алға өту.
18. Кіргенде және үйден шыға салысымен, көлік, цемент және толкайся.
19. Трамвай алдында. Автобус және троллейбус-арт. Автобустан, трамвайдан шыға отырып, тротуардан жаяу жүргіншілер өткеліне дейін жету керек және тек оның бойымен басқа жаққа өту керек.
20. Көшені өткенде бағдаршамның сигналын ізде: қызыл-тоқта-барлығы тоқтау керек; сары-назар – келесі сигналды күтіңіз; жасыл-жүріңіз-көшені өтуге болады.
21. Жүргенде көлікте, ходи бойынша салонына, төбелесетін үшін поручень емес выглядывай терезесінен емес, высовывай қолына емес, нажимай жоқ қажеттіліктерге арналған авариялық түйме.
22. Жол үстінде немесе жолдың жанында ойын ойнамаңыз. Жолдың жүру бөлігінде велосипедпен, роликті конькилермен және т.б. сырғанамаңыз.
23. Жақын келе жатқан көліктің алдында көшені немесе жолды кесіп өтпеңіз.
24. Жақын маңдағы көлік үшін шынжыр бермеңіз.

Оқушылар өз ойын саралайды.

Жол белгілері

Соңы

(5 минут)

Жол-көлік оқиғасына қатысқандар мен оны көрушілердің өзін-өздері ұстау.

Стикер

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Күні:

Сынып жетекші:

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Әртүрлі жарақат алғанда алғашқы медициналық көмек.»

Сабақтың мақсаты:

Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарымен таныстыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға алғашқы көмектесуге тәрбиелеу.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Мақта, орама бинт, «Зеленка», «Иод», мақталы таяқшалар т.б.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Мақсаты: психологиялық ахуал қалыптастыру. Сәлемдесіп, түгендеу.

Оқушылар сәлемдесіп,түгендеу

Сабақ басы (15 мин)

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Сәлеметсің бе» «Амансың ба»

«Саумысың» деген сөздерді ғажайып сөздер ретінде әңгімелесу.

Неліктен олай деп ойлайсындар?

«Денсаулық дегеніміз не

Амансың ба деген сөз нені білдіреді?

Адамның байлығы не?

Денсаулық болу үшін не істеу керек?

Бейне баян көреміз. Денсаулық.

Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педагог өзі бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады.

«Бәріміз – біріміз үшін, біріміз-бәріміз үшін»деп деніміз сау болсын деп тілейік!

Жолда жүру ережесі?

Қауіпсіздік мектебі?

Жаманнан жирен?

Жарақаттың алдын алу?

- Міне, осы сұрақтар не жайлы айтады? Жарақат алу деген не? Қандай жағдайларда жарақат алу мүмкін? Оның алдын-алу жолдарын білеміз бе? Сол жөнінде мәліметтермен таныс боламыз, тәжірибе түрінде көрсетеміз.

Жарақат алудағы алғашқы көмекті жүргізу жолдарын білуіміз керек. Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымдалған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті әсері өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден орташа кеткенде, ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырылуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

слайд

Ортасы (20 мин)

Қан кету түрлері: Зақымдалған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы артериялық (күре тамырлық), веналық (көктамырлық), капиллярлық (қылтамырлық) және паренхиматоздық болып бөлінеді. Артериялық қан кету жүректен ағза мен ұлпаларға қан баратын ең ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз, ірі күре тамырлардан аққан қан жараланған жерден атқылап немесе фонтанша ағады, түсі ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды, жарақаттанған адамның өміріне елеулі қауіп төндіреді. Көктамыр деп жүрекке қайта бара жатқан қан айналымын айтады, оның түсі қара қошқыл болады, ол үздіксіз, баяу ағады. Қылтамырлық қан кету ұсақ тамырлардан ағады, ол тамшылап ағады, өздігінен тоқтайды. Алғашқы медициналық көмек: Уақытша қолда бар құралдармен қан ағуды тоқтату.

Қан ағуды тоқтату тәсілдері:

1) Аяғын жоғары көтеру, бұл жағдайда қан миды қоректендіреді;

2) Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен атқаруға болады. Егер білек жараланса - онда қанды тоқтату үшін артерияны иық сүйегіне, қолтық жағынан қатты қысып басады. Артериялық қан сирақтан ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады. Самай күре тамырын бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады. Ұйқы күре тамырын зақымдалған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып орайды. Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады. Кәрі жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке басады. Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады таңғышпен қатты таңып тастау.

Артерияны саусақпен қысудың нүктелері: .

3. Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш жігерді қажет етеді және саусақ тез талады, сондықтан мүмкін болатын болса бұрау немесе ширатпаны жылдам қою дұрыс болады. Қан тоқтататын ширатпа жалпақ иілмелі резина кесіндісі, оның бір шетінде ілгек екінші шетінде ілмегі бар жүзікше бекітілген.

4) Келесі қан тоқтату әдісі аяқ-қолды қатты бүгіп таңып тастау, бұл әдіс көктамырдан да аққан қанды тоқтатады. Ширатпа (жгут) немесе бұраумен қою әдістері. Ширатпа жазда екі сағаттан артық, ал қыста бір сағаттан артық қойылмайды, бұл аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соқтырады.

Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуды күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мүмкін.

Таяқшаны бұрау арқылы, жгутты қысып қан тоқтағанша тартады.

Байланған таяқша ашылып кетпес үшін бинтпен орау қажет. Қан

жүруінің тоқтап қалмауы үшін, әрбір 15 минут сайын, жгутты босатып отыру керек.

Оқушылар қан кеткенде алғашқы жәрдемді көрсетеді.

Жол белгілері

Соңы

(5 минут)

- Осымен өз білгенімізше алғашқы медициналық көмек бере аламыз ба?

- Қане, кім не әкелді? Медициналқ көмек беру жолдарын білу парыз.

- Мәселен жарақат алған жағдайда не істей аласыңдар?

Оқушылар тәжірибе барысында көрсетті

Стикер

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Күні:

Сынып жетекші:

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Жол қозғалысының қауіпсіздігі.»

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды жол тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу

2. Жолда жүру ережелерін меңгерту және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік сезімді дамыту,ой – өрісін кеңейту, қауіпсіздікті сақтау, сыныпта бірін-бірі құрметтеуге үйрету

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Бес саусақ» әдісі арқылы 5 түрлі адам өміріндегі басты орын алатын қағидалар мен қасиеттерді сараптап, бір – біріне тілегін жеткізу

Топқа бөлу «Бағдаршам»

Сар, жасыл, қызыл түстер арқылы топқа бөлу

Оқушылар сәлемдесіп,түгендеу

Қорапша, қима қағаздар, стикер

Сабақ басы (15 мин)

«Миға шабуыл»

Видеоролик «Жол – көлік оқиғасы»

Балалар, видеодан не байқадыңыздар?

Осы оқиғаның орын алуына не себеп деп ойлайсыңдар?

Бұл оқиғадан қандай ой түйдіңдер?

Осы оқиғаның алдын алуға болатын ба еді, қалай ойлайсыңдар?

Осы сұрақтарды қою арқылы сабағымыздың тақырыбы ашылады. Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады

Оқушылар видеороликке көріп ойын айтады

слайд

Ортасы (20 мин)

Мұғалім сөзі: Болашақтың кілті, елдің ертеңі, даңғыл жолы – жас ұрпақ, сендердің қолдарыңда. Сендер сол жолға түсу үшін жан – жақты білімді, сауатты болуларың керек.. Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында қарапайым жол ережелерін білмеу – үлкен қайғыға ұласып жатыр. Жол ережелері – өзіңнің және өзгенің өміріне жауапкер іспеттес. Сондықтанда, балалар, жолда қандай қауіпсіздік ережелерін ұстау керек деп ойлайсыңдар. Постерге түсірейік.

«Тайқазан»

1-топ. жол ережелері және адам

2-топ. жол ережелері және зат

3-топ. шартты белгілер

Топтық жұмыс. Кері байланыс: талқылау

«Жұмбақ сайыс»

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

Арқаным бар тым ұзын,Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып, Тапшы мұны пысығым. ( жол)

Ала таяқ ұстаған,    Жол тәртібін нұсқаған.

  Өміріңді күзеткен,   Ысқырығы күшті адам.(Жол сақшысы )

Жұптық жұмыс. Кері байланыс: талдау

«Талқылайық»

Ал, балалар, әрдайым мынадай жол ережелерін есімізде мұқият сақтау үшін тағы да бір талқылайық және жаттап алайық.

1. Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар басқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да барар жерлерге дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2.Көшеде келе жатып, қақпадан шығып жатқан машинаны көрсең, сақтанып, күте тұр. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт. Машина есігін ашып қалуы мүмкін.

3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.

Транспорттың артына жабысуға болмайды. Құлап апа тқа ұшырауы мүмкін.

4.Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.

5. Аялдама тұрған автомобиль, автобус, троллейбустың, машинаның арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

6 Көшеден өтерде әуелі сол жағына көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағыңа көз сал. Егермашина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда күте тұр.

Оқушылар өз ойын саралайды. Сұрақтарға жауап береді.

Қағаз, түрлі – түсті маркерлер

Соңы (5 миунт)

Қорытындылау

«Қызылдар» тобы: Тоқта! Сен жолда жүру ережесін білесің бе? Бұл ережені білмесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да үнемі есіңде сақтап жүр, жас дос!

«Сарылар» тобы: Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.

«Жасылдар» тобы: Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!

Әр оқушы бүгінгі сабақтан түйген әсерін немесе есіне ерекше сақтап қалған жол ережесін стикерге жазып, «қауіпсіз жолға» жабыстыра

ды

Стикер

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Күні:.

Сынып жетекші:

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері әне жауапкершіліктері»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға жол ережесі туралы жалпы мағлұмат беру.

2. Жол ережесін бұзғанда болатын қауіп-қатер туралы ескерту.

Құндылықтарды дарыту

Жолда жүргенде абайлап жүруге тәрбиелеу.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Сурет, жол белгілері, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі

(3 мин)

Мақсаты: психологиялық ахуал қалыптастыру. Сәлемдесіп, түгендеу.

Оқушылар сәлемдесіп,түгендеу

Сабақ басы (17 мин)

Не білу керек?

* Жолаушының ережелерін, жол белгілерін ажырата білу.

Не істей білу?

* Жолда жүру ережелерін орындай білу.

Бағдаршамсыз жағдайда жолдан қалай өту керек?

Бағдаршамсыз жағдайда көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жағыңа қара. Жүріп келе жатқан көлік көрсең, оны өткізіп жібергенің дұрыс. Жолдан өтерде ешқашан асықпа, жүгірме.

Үлкен даңғылдарда өтіп үлгермеген жағдайда,

қай жерде күту керек?

Аялдамада тұрған автобустың қай жағынан өтуге болады?

Аялдамада тұрған автобустың сырт жағынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны көре аласың.

Көшеде әркімнің өз жолы бар:

Адам - жүргіншілер жолы

(ала жолақ), тротуармен.

Машиналар- даңғылмен.

Велосипед - жол жиегі.

Трамвай – рельспен.

Жаяу жүргіншіге арналған жадынама

1.Жаяу жүргінші жаяу жол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.

2.Елді мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;

3.Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;

4.Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;

5.Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;

6.Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік

аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;

7.Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн.

Жаяу жолда жүру тәртібі

Жеке жүрсең:

1. Жаяу жолдың оң жағымен жүр;

2. Жүгірме, асықпай адымда;

3. Жол жиегінен (бордюрден) аттама, оның үстімен жүрме;

4. Жаяу жол үстіндегі кедергілерді көлік жолға шықпай айналып өт;

5. Жаяу жолдың ортасына тұрма, үйлерге жақын барып тұр;

6. Жаяу жол үстінде ойнап, алыспа;

7. Әлдеқандай затыңды көлік жолға түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра;

8. Жолаушылар үшін жасаған қоршаудан қарғыма. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.

Топпен бірге жүрсең:

1. Қатардан шықпа;

2. Алысып ойнама;

3. Жүгірме, секірме, итеріспе;

4. Шуылдама;

5. Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама;

Оқушылар сұраққа жауап береді.

слайд

Ортасы (20 мин)

Жұмбақтар

1. Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. /Бағдаршам/

2. Өзі тым күшті, аяғы тісті.

Лезде тындырар қыруар істі /Трактор/

3. Үзеңгісін тептім,

Зымырап кеттім /Велосипед/

4. Төрт аяқ домалақ,

Адамсыз ол жүрмейді. /Машина/

5. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. /Бағдаршам/

6. Көліктің қаншасын жанынан өткізген,

Іздеген басталып, алысқа жеткізген. / Жол/

Сөзжұмбақ

1. Жүргізушілерге қозғалысты бағыттайды. Жол бойында кездеседі.

2. Қоғамдық көлік түрі.

3. Зымыран жүргізушісі.

4. Машина маркасы.

5. Бағдаршамның қай жарығы жаңғанда рұқсат етіледі?

6. Алғашқы медициналық пункті.

7. Машинаның аяқ киімі.

8. Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

9. Жолаушы көлікті қай жерде күтеді?

Жолды жаяу жүргінші арқылы өту ережесі

1. Жаяу жолдың шетіне барып, жаяу жүргінші өтпесіне жақындап, жол жиегінен баспай тоқта;

2. Солға және оңға қарап ал: жолдың бір жақты немесе екі жақты қозғалыста екенін анықта;

3. Жақын келе жатқан көлікті өткізіп жібер;

4. Жаяу жүргінші өтпесіне қарай артқа жүріп келе жатқан көліктің жоқ екеніне көз жеткіз;

5. Жолдан өтуді келе жатқан көлікпен арақашықтық қауіпсіз болған жағдайда ғана баста. Қашықтықты анықтағанда жолда кідіру мүмкіндігін ескерген жөн;

6. Көлік жолдан өткенде жүгірме, бірақ жылдам адымда!

7. Жолдан өткен кезде алдымен сол жақта келе жатқан көлікке, ортасынан асқан соң оң жақтағы көлікке қара. Бір жақты қозғалыстағы жолда жүріп келе жатқан көлік түрлерін бақыла;

8. Жол өтпесінен өткенде жаяу жолға қарай қиғаштап емес, тура жүр.

Оқушылар жұмбақ пен сөзжұмбақты шешеді.

Жол белгілері

Соңы

(5 минут)

Қорытынды:

Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де, барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындауы крек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады

Оқушылар жол тәртібін толық меңгереді.

Стикер

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Күні:

Сынып жетекші:

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Жаяу жүргіншілерге арналған жол жүру қозғалысы ережелері. Жол "қақпандары".»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар жау жүргіншілерге арналған ережелерін біледі.

Құндылықтарды дарыту

Әрдайым жолда жүргенде абай болу керектігін меңгереді.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Слайд, суреттер.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі

(5 мин)

Мақсаты: психологиялық ахуал қалыптастыру. Сәлемдесіп, түгендеу.

Оқушылар сәлемдесіп,түгендеу

Сабақ басы (20 мин)

Сұрақ-жауап

1) Жаяу жүргінші жағажолмен қозғалыс кезінде қай жағын ұстануға тиіс?

Жаяу жүргіншілер жағажолмен жүрген кезде оң жақ қапталымен жүруге тиіс.

2) Жүргіншілерге велосипед жолымен қозғалуға рұқсат беріле ме?

Жағажол немесе жолдың жиегі болмаған жағдайда кез келген жаяу жүргіншіге велосипед жолымен жүруге рұқсат етіледі.

3) «Автоарна» белгісімен таңбаланған жолда жүргіншіге қозғалуға рұқсат

беріле ме?

Мұндай автомагистральдарда жаяу жүргіншілердің жүруіне болмайды.

4) Интербелсенді тақтада жүргіншіге көшені (жолды) егер жүргінші өткелі жоқ болса, кесіп жүріп өтуге рұқсат беріле ме?

Кез келген жаяу жүргіншіге өткелі жоқ көшеден өтуге болмайды. Ол үшін жақын жағындағы көше қилысына немесе «жаяу жүргінші өткелі» деген белгі орнатылған жерге дейін барып, арнайы өткелден өтуі керек.

5) Интербелсенді тақтада жол бойында өсіп тұрған бұта несімен қауіпті?

Жол бойында өсіп тұрған бұта немесе ағаштар тасасынан жаяу жүргіншілердің шығуы өте қауіпті. Жолда келе жатқан машина байқамай немесе тоқтап үлгере алмай, жүргіншілерді қағып кететін жайлар да кездеседі.

Интербелсенді тақтада жаяу жүргінші тоқтап тұрған екі автомобильдің арасынан жолды кесіп жүріп өтуді бастағанда қандай сақтық шараларын қабылдауға тиіс?

Жаяу жүргінші тоқтап тұрған екі автомобильдің арасынан жолды кесіп

өту үшін міндетті түрде тоқтап тұрған автокөліктердің артқы жағын

айналып өтуі тиіс. Сонда келе жатқан келесі машиналарды көре

алады.

6)Интербелсенді тақтада автобустан түсісімен жолды қалай қауіпсіз кесіп жүріп өтуге болады?

Автобустан түсісімен жолды қауіпсіз кесіп жүріп өту үшін қалада

болса, қиылысқа дейін, сыртта болса, автобусты артқы жағынан

айналып өткен дұрыс.

7) Интербелсенді тақтада жолда қандай «тұрмыстық» дағдылар қауіпті?

Жолда жүргенде, тоқтап демалатын немесе от жағып, тамақ дайындайтын сәттер де болады. Мұндайда отты толық өшіріп, отырған жеріңді ластамай, жинастырып кету

қажет.

8) Интербелсенді тақтада егер жолды кесіп жүріп өтіп бара жатқаныңда қандай да бір затыңды түсіріп алсаң не істеу керек?

Ондай жағдайда жан-жағыңа қарап, көліктің жоқтығына көз жеткізуің керек. Сонан кейін ғана затыңды алуға болады. Өйтпесе, машинаның қағып кету қаупі төнеді.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

слайд

Ортасы (15 мин)

Жаяу жүргіншілерге арналған ереже

Жаяу жүргіншілерге қандай жағдайларда жүруге рұқсат етілмейді:

1. Жүргінгілерге жаяужол, жаяу жүргіншілер немесе велосипед жолағы, жолдың жиегі тұрған кезде жолдың жүріс бөлігінің шетімен жүруге болмайды.

2. Жолдың жүру бөлігінде, соның ішінде қарама-қарсы бағыт пен бағыттас ағынды бөліп тұратын көлденең жолдағы белгілерде аялдап, тоқтауға рұқсат етілмейді. Тек аялдауға болатын қауіпсіз бөліктерде ғана тоқтап тұруға болады.

3. Жолды жерасты, жер үсті немесе жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі болмаса кесіп өтуге болмайды. Әсіресе:

көшені бөліп тұратын жолақ, аймақ болса;

жолақтың жалпы саны алты немесе одан да көп болса;

жол қоршаулары орнатылған болса, тек жерасты, жер үсті немесе жер үсті жаяу жүргіншілер өткелімен ғана өту керек.

4. Көшеде көлік немесе жолды көрсетпей тұрған басқа нысан тұрса, жақындап келе жатқан көлік құралдарының жоқтығына көз жеткізбестен, жолдың жүріс бөлігіне шығуға болмайды

Оқушылар ережені меңгереді.

Жол белгілері

Соңы

(5 минут)

Қортыныды: Әрдайым жол ережесін есімізде сақтап, барынша сақ болайық.

Оқушылар жол тәртібін толық меңгереді.

Стикер

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Күні:

Сынып жетекші:

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыстың жас инспекторлары-ҚЖИ

Сабақтың мақсаты:

оқушыларға жолда жүру жас инспекторлары жұмысы туралы түсінік беру;

өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Құндылықтарды дарыту

оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі

(5 мин)

Мақсаты: психологиялық ахуал қалыптастыру. Сәлемдесіп, түгендеу.

Оқушылар сәлемдесіп,түгендеу

Сабақ басы (15 мин)

- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:

1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? - Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2.Жиекжол дегеніміз не? - Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? - Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады? - Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады? - Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.

6.Ал жиекжолда қалай жүру керек? - Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды. 7.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді? - Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.

Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.

1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус) 3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

4.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді, Есіркеп ешбір адам жемдемейді. Жүк емес жануарға жүз адам да, Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. ( Трамвай)

5.Арқаным тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. (Жол) 6.Қозғалмасаң құлайды, Сүйемесең сұлайды. Құйымшақты ері бар, Бұл не деген жануар? (Велосипед)

Оқушылар сұраққа жауап береді.

слайд

Ортасы (20 мин)

Қимылды ойын: «Бағдаршам»

Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткеде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтаймыз.

Балаларға алдын-ала дайындалған дөңгелек, шеңбер, үшбұрыш және басқа да белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойларында, көшелерде ілініп тұратын белгілерді барлықтарын көрдіңдер. Бұлар — жол белгілері.бұл белгілердің арнайы

жарқырап тұратын, белгілердің тиімділігі — жол бойының нағыз хабарландырушысы екендігінде.

Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:

Ескерту белгілері, ұшбұрышты қызыл болумен көмкерілген бұл белгілер жол бойындажайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.

Көрсеткіш белгілер, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.

Есіңе сақта.

Көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күт. • Жол қиылысында аса абай бол. • Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр. • Көшелер мен жолдарда шанамен сырғанап ойнама.

Бағдаршамға қарауды ұмытпа. • Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт. • Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілісіп кетпе.

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететінінің салдарынан бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Ал кейбіреулер өмірлік мүгедек болып қалады.

Оқушылар зейін салып тыңдайды.

Жол белгілері

Соңы

(5 минут)

Қорытындылау:

Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!

Оқушылар жол полиция жұмысын бақылап келу.

Стикер

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Күні:

Сынып жетекші:

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Жарақаттанғанда, жаралап алғанда және жазатайым жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері.»

Сабақтың мақсаты:

Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарымен таныстыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға алғашқы көмектесуге тәрбиелеу.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Мақта, орама бинт, «Зеленка», «Иод», мақталы таяқшалар т.б.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Мақсаты: психологиялық ахуал қалыптастыру. Сәлемдесу.

Оқушылар сәлемдесіп,түгендеу

Сабақ басы (15 мин)

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Сәлеметсің бе» «Амансың ба»

«Саумысың» деген сөздерді ғажайып сөздер ретінде әңгімелесу.

Неліктен олай деп ойлайсындар?

«Денсаулық дегеніміз не

Амансың ба деген сөз нені білдіреді?

Адамның байлығы не?

Денсаулық болу үшін не істеу керек?

Бейне баян көреміз. Денсаулық.

Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педагог өзі бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады.

«Бәріміз – біріміз үшін, біріміз-бәріміз үшін»деп деніміз сау болсын деп тілейік!

Жолда жүру ережесі?

Қауіпсіздік мектебі?

Жаманнан жирен?

Жарақаттың алдын алу?

- Міне, осы сұрақтар не жайлы айтады? Жарақат алу деген не? Қандай жағдайларда жарақат алу мүмкін? Оның алдын-алу жолдарын білеміз бе? Сол жөнінде мәліметтермен таныс боламыз, тәжірибе түрінде көрсетеміз.

Жарақат алудағы алғашқы көмекті жүргізу жолдарын білуіміз керек. Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымдалған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті әсері өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден орташа кеткенде, ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырылуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

слайд

Ортасы (20 мин)

Қан кету түрлері: Зақымдалған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы артериялық (күре тамырлық), веналық (көктамырлық), капиллярлық (қылтамырлық) және паренхиматоздық болып бөлінеді. Артериялық қан кету жүректен ағза мен ұлпаларға қан баратын ең ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз, ірі күре тамырлардан аққан қан жараланған жерден атқылап немесе фонтанша ағады, түсі ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды, жарақаттанған адамның өміріне елеулі қауіп төндіреді. Көктамыр деп жүрекке қайта бара жатқан қан айналымын айтады, оның түсі қара қошқыл болады, ол үздіксіз, баяу ағады. Қылтамырлық қан кету ұсақ тамырлардан ағады, ол тамшылап ағады, өздігінен тоқтайды. Алғашқы медициналық көмек: Уақытша қолда бар құралдармен қан ағуды тоқтату.

Қан ағуды тоқтату тәсілдері:

1) Аяғын жоғары көтеру, бұл жағдайда қан миды қоректендіреді;

2) Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен атқаруға болады. Егер білек жараланса - онда қанды тоқтату үшін артерияны иық сүйегіне, қолтық жағынан қатты қысып басады. Артериялық қан сирақтан ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады. Самай күре тамырын бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады. Ұйқы күре тамырын зақымдалған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып орайды. Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады. Кәрі жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке басады. Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады таңғышпен қатты таңып тастау.

Алғашқы медициналық көмек ережелері

Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде төрт негізгі ережені сақтау керек. Бұл оқиға орнын тексеру, жәбірленушіні тексеру, жедел жәрдем шақыру және жәбірленушіні қайта тексеру. Алғашқы медициналық көмек әдетте оқиға орын алғаннан кейінгі алғашқы сәттерде жасалады.

Оқиға орнын тексеру. Жәбірленушінің, айналадағы адамдардың өміріне не қауіп төндіруі мүмкін екенін тексеру керек. Мысалы, ашық жатқан электр сымдары, қирандылардың құлауы, түтін немесе терең су сынды факторлар. Егер сіздің өміріңізге қауіп төнуі мүмкін болса, онда жедел жәрдем шақырып, көмек көрсетуді мамандарға қалдыру керек. Зардап шеккен адамды сабырға шақыруға тырысыңыз.

Жәбірленушіні тексеру. Тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін тексеру керек. Егер науқас ес-түссіз жатса, оның тірі екеніне көз жеткізу қажет. Ол тыныс алған кезде кеуде тұсы қозғалады. Сондықтан алақанды науқастың кеуде тұсына қойып, оның қозғалысын бақылау қажет. Егер ол тыныс алмай жатса, оны қолдан дем алдыру керек.

Егер тыныс алмай жатса, тамыр соғысын тексеру керек. Ол үшін мойындағы ұйқы күретамырын саусақпен басу қажет. Тамыр соғысы әлсіз болса, жүрек соғуын анықтау қиын болады. Мұндай жағдайда саусақпен мойынның шет жағындағы теріні басып тұру керек. Жүрек соғуы байқалмаса, жүрекке тікелей емес массаж жасап, қолдан дем алдыру керек.

Оқушылар қан кеткенде алғашқы жәрдемді көрсетеді.

Жол белгілері

Соңы (5 минут)

- Осымен өз білгенімізше алғашқы медициналық көмек бере аламыз ба?

- Қане, кім не әкелді? Медициналқ көмек беру жолдарын білу парыз.

- Мәселен жарақат алған жағдайда не істей аласыңдар?

Оқушылар тәжірибе барысында көрсетті

Стикер

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2025
223
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі