6 сынып қазақ тілі. Дыбыс екпіні жұмыс парағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

6 сынып қазақ тілі. Дыбыс екпіні жұмыс парағы

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілінен 6 сыныпқа дыбыс екпіні тақырыбына жұмыс парағы
Материалдың қысқаша нұсқасы



































Оқушының аты-жөні________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық құндылықтар: Айтыс өнері, Дыбыс екпіні

1-жаттығу

1) Баланың атасы туралы жазбасын оқып шық. Қай дыбыстар-ды созып айттың? Неліктен?

2) Көңіл күйді білдіретін сөздер қалай аталушы еді? Есіңе түсір.________________

Атамның қызық әдеті бар. Қуанышын, таңданысын, ризашылығын әсте жасыра алмайды. Міне, қазір теледидардан айтыс көріп отыр. Ақындардың тапқыр сөздеріне баладай қуанады.

Ә-ә-әп, бәрекелді!

Па-ах, шіркін!

Та-ма-ша!

Атам теледидарға қарап, мен атама қарап, екеуміз де мәз болып отырмыз.


ОҚЫЛЫМ

 2-жаттығу 

  1) Мәтінді оқып, негізгі ойын анықтайтын жетекші 3 сұрақ құра. 

  2) Мәтіндегі қай сөздер көркем әдебиет стиліне тән екенін тап.

Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр. Топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Көшпелі елдің қызығы мен қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт сөз сайысына түскен екі ақынның тапқырлығына куә болып, біреуінің жанкүйеріне айналады.

Көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте берген. Тыңдаушысы да, төрешісі де халық болған. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер етті. Көшпелі тұрмыста шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, кішігірім ауыл айтыстары өтіп отырған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын болған. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпеген.

Кемпірбай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл тәрізді ақындар өлеңнің «киесі бар, иесі бар» деп білген.

Айтыс тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс, мадақ айтыс тағы басқа болып жіктеледі.


Сұрақтар:

  1. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  2. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  3. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3-жаттығу. 1) Айтыстан берілген үзіндіні оқып шық. Мағынасына мән бер. Сен төреші болсаң, жеңісті кімге берер едің? Неліктен? _____________________________________________________________________________

Құлмамбет:

     ...Аманжол Қасқарауда, бек Ноғайбай,

    Түп-түгел мал мен бастың бәрі де сай,
    Ерте жатып, кеш тұрған өңшең сабаз,
    Ішкені шай бұлардың, жегені май...

     ...Жүз мың теңге сандықта шіріп жатыр,
    Баласы Ниязбектің Сәрсенбайда.
    Дәме еткен сары майдан кеудең қайда?
    Жамбылым, енді келдің, құлар сайға...


Жамбыл:

    ...Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
    Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
    Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
    Оны мақтап сандалмай, жөніңе қайт!..

     ...Баймын деп сендей тасыман,
    Кедеймін деп жасыман!
    Берекелі елді айтам,
    Ел тұтқасы ерді айтам,
    Басымнан сөз асырман!..

негізгі ойы

қай ақын айтты?

Елдің татулығы мен берекесін дәріптеді. Ел қорғаны болатын ерлерді мақтан етті.


Елінің байларын үлгі етті. Тек байлық туралы жырлады.



ЖАЗЫЛЫМ

 4-жаттығу. Берілген сөздермен бірнеше сөйлем құра.

Бә-ре-кел-ді! Ой-пыр-май! Қа-ап, аттеген-ай! Ке-ре-мет!



ТҮЙІНДІ ОЙ

5-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасына зер сал. Бүгінгі сабақ тақырыбына сәйкес келмейтін мақалды белгіле.



10-11 – 10б

8-9 – 9б

7-8 – 8б

6-7 -7б

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2024
243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі