6 сынып қазақ тілі. Тіркес екпіні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

6 сынып қазақ тілі. Тіркес екпіні

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып қазақ тілінен тіркес екпініне жұмыс парағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушының аты-жөні________________________________________



























































Сабақтың тақырыбы: Ұлттық құндылықтар: Отбасындағы сыйластық.Тіркес екпіні

ОЙТҮРТКІ

 1-жаттығу 

  1. Жақсы, жаман қасиеттерді өз ойыңмен жалғастыр.  2б

  2. Қарамен берілген сөз тіркестеріне екпін түсіріп оқы.

Адамның жақсы қасиеттері: мейірімділік, ________________________________________________________
Адамның 
жаман қасиеттері: ұрлық жасау, ________________________________________________________


ОҚЫЛЫМ

  2-жаттығу 

  1) Мәтінді оқып, мазмұнын түсініп ал. Қарамен берілген сөз тіркесіне қарап, сөйлемнің стильдік ерекшелігін анықта: ауызекі сөйлеуге жата ма, әлде көркем әдебиет стиліне жата ма? 

 2) Мәтіннен тіркес екпіні түсіп тұрған сөздерді тап.

. Қара тон

Менің бала кезім. Ата-анам мал бағып, алыс қыстауда отырмыз. Сол қыс ерекше суық болып еді. Әкем үлкен қара тонын киіп, атына отырып малға кетеді. Анам отты маздатып жағып, ет асып, бәріміз кешке әкемді күтіп аламыз. Әкеміздің шешіп қойған тонын сіңлім екеуміз жабылып, орнынан әзер қозғайтынбыз. Бәлкім, біз кішкентай, тон шынымен де ауыр болған шығар.

Бірде әкемнің малға мініп жүрген екі жылқысының біреуі қолды болды. Ол кезде заң қатал, колхоздың жоғалған малын төлейсің не сотталасың. Ата-анамның қатты қайғырып, милицияға хабарлағаны есімде. Біраз күн өткен соң милиция келіп, әкем айтқан жылқыға ұқсас жылқыны жетекке алып, қырғыз асып бара жатқан бір салт аттыны ұстағандарын айтты. Әкем үлкен қара тонын киіп, жылқысын көріп, тану үшін мәшинеге мініп, милициялармен бірге кетті. Кешке қайтып келді. Жүк мәшинесіне жылқысын тиеп, өзі кабинадан түсіп келе жатқан әкемнің алдынан жүгіріп шыққанда байқағаным – үстінде тоны жоқ. «Тоның қайда?» – деп сұраған анама:

Әлгі ұры байғұстың үстіндегі киімі жұқа екен. Соған бердім. Оны мен құсатып жылы кабинаға кім отырғызады дейсің. Қарны ашып қалмасын деп біраз ақша бердім, – деген еді.

Балалық қой, ауыр тонды сүйрелеп, жинаудың машақатынан құтылғаныма бір жағы қуанғандай болсам, екінші жағынан: «Жылқысын ұрлаған адамға тонын шешіп бергені несі екен?» – деп сол кезде қатты таңғалған едім. Қазір ойлап отырсам, әкем үлкен жүректі адам болған екен ғой. Еш нәрсеге қарамастан, адамға шын жаны ашып, қайтарымсыз қамқорлық жасау – екінің бірінің қолынан келе бермейтін қасиет екеніне қазір көзім жетіп жүр.

*** қолды болды – ұрланды

Сұраққа жауап бер:

«Қайтарымсыз қамқорлық» дегенді қалай түсінесің? Өзің біреуге жақсылық жасап көрдің бе? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________






ЖАҒДАЯТТЫҚ ТАПСЫРМА

3-жаттығу

  1. Әкейдің ұрымен кездескен тұсын елестетіп, оқиғаны өз ойыңнан өзгертіп жаз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


ТАЛДАЙМЫН

4-жаттығу. Сөз тіркесіне морфологиялық талдау жаса.

Әкемнің тоны, әкеміздің, милициялармен, мәшенисіне.

















ЖАЗЫЛЫМ

  5-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Айтылған ақылды өз өміріңде қолданып жүруге тырыс.

Есте сақта!

  • Біреуге жақсылық жасасаң, ешқашан сол адамнан оның қайтарымын күтпе. Жасаған жақсылығың бекер кетпейді, ол басқа кезде, басқа біреуден қайтуы мүмкін.

  • Адамдардың бәрі қателеседі: кейбіреу өтірік айтады, ұрлық жасайды т.б. Олардың әлсіздігін кешіре біл. Адамдарды жақсылық жасау арқылы да тәрбиелеуге болатыны есіңде болсын!


ТҮЙІНДІ ОЙ

6-жаттығу. «Қара тон» әңгімесінің мазмұнына сай келетін мақалды тауып, көшіріп жаз.

Жақсылық таудың басында,

Жамандық табан астында.


Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі,

Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.


Жамандықты көп қусаң,

Құтылмас пәле жолығар,

Жақсылықты көп қусаң,

Бақ-дәулетің молығар.


Жақсылық еткен кісінің

Есігінен Қыдыр кетпейді.


17-19 – 10б

13-16 -9 б

10-12 – 8б

7-9 – 7б

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2024
254
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі