Материалдар / 6-сынып. Қазақ тілінен олимпиада тапсырмасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

6-сынып. Қазақ тілінен олимпиада тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі және әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2024
722
16 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Олимпиаданың бірінші кезеңі (мектепішілік)

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

1-15 тапсырмалар [әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі]

1. Тұлғасы өзгертілген біріккен сөздерді табыңыз

A) Жарғанат B) Өнеркәсіп C) Тоғызқұмалақ D) Аққұтан E) Жолсерік

2. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз

A) еш кім, кей бір, бір келкі B) кей кезде, әр уақытта, еш адам C) әл ауқат, салт сана, тұрмыс салт

D) оқу жылы, қысы жазы, оқу құрал E) әр зат, кей адам, туған жер

3. Дефис арқылы жазылатын сөздерді табыңыз

A) Ел –орда B) Х-том C) Болыпты-мыс D) 2021-жыл E) Әйтеке - би

4. Дефис арқылы қате жазылған сөзді табыңыз

A) Алай-дүлей B) Жиырма -төрт C) Әл-Фараби D) Ыдыс-аяқ E) Сап-сары

5. Әрбір сөзі бөлек жазылатын күрделі атауларды табыңыз

A) Ақ шабдар, жирен B) Елу, алпыс C) Тоқсан тоғыз,жүз D) Қара ала, құла қасқа E) Ала, жирен

6. Екпінге тән қатар

A) Буын үндестігі B) Тіркес C) Буын D) Дыбыс үндестігі E) Сингармонизм

7. Неологизмдер-

A) Жаңа сөздер B) Байырғы сөздер C) Кәсіби сөздер D) Нақыл сөздер E) Көнерген сөздер

8. Белгілі бір аймақта тұратын тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер қалай аталатынын табыңыз

A) Кәсіби сөздер B) Көнерген сөздер C) Диалект сөздер D) Кірме сөздер E) Неологизмдер

9. Көнерген сөзді табыңыз

A) Үнтаспа B) Күпі C) Әуежай D) Дарабоз E) Кереует

10. Термин сөзді табыңыз

A) Бағдаршам B) Жарық C) Қызыл D) Пәрбі E) Дисфемизм

11. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.

A) Жүректің кілті B) Ақ орамал C) Тәтті тоқаш D) Қызыл гүл E) Қалың кітап

12. Диалект сөзді анықтаңыз

A) Нағашы B) Жиен C) Әуе D) Құдағи E) Абысын

13. Кәсіби сөз түрлерін белгілеңіз

A) Білімге байланысты B) Қолөнерге байланысты C) Ғылымға байланысты

D) Әдебиетке байланысты E) Ауыл шаруашылыққа байланысты

14. Жаңа сөздерді табыңыз

A) Жолсерік B) Ана тілі C) Бау-бақша D) Теңіз E) Жеделхат

15. Тарихи сөздер қатарын анықтаңыз

A) Тиын, қызылотау B) Дәрмен, дулыға C) Аға сұлтан, қызыл әскер

D) Ауыл маңы, барлаушы E) Жорға, жоқшылық

16-25 тапсырмалар [әр дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі]

16. Эвфемизм сөздерді белгілеңіз

A) Мылжың, жылампаз B) Өсекші, сөзуар C) Қолды болды, қол салды D) Ұрланды, ақсаусақ

E) Боқмұрын, қортық

17. Ойды орағытып, тұспалдап айту

A) Аллегория B) Арнау C) Антитеза D) Гипербола E) Пейзаж

18. Абайдың поэмаларына тән қатарды белгілеңіз

A) Ақын өлімі туралы аңыз B) Ескендір C) Біздің дастан D) Дала E) Күй

19. Әбу Насыр Әл-Фарабидің трактат жазған салаларын табыңыз

A) Математика B) Өнер C) Химия D) Технология E) Тарих

20. «Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе» - деген үзінді қай ақынның шығармасынан алынған?

A) М.Әуезов B) С.Торайғыров C) Қ.Мұхамедханов D) М.Жолдасбеков E) А.Байтұрсынов

21. Сайын Мұратбековтің шығармаларын көрсетіңіз

A) Адасқан өмір B) Дос іздеп жүрмін C) Кедей D) Айтыс E) Көгілдір таулар

22. Оралхан Бөкейдің алғашқы жинағы

A) Біздің жақта қыс ұзақ B) Қамшыгер C) Қайдасың, қасқа құлыным? D) Үркер E) Мұзтау

23. «Аяз би» ертегісіндегі уәзірлер тапқан шөптің, құстың жаманын көрсетіңіз.

A) Шеңгел B) Алабұта C) Сауысқан D) Қарға E) Қарақоға

24. Алып Ер Тұңға жырының негізгі идеясы

A) Батырлықты дәріптеу B) Тұран елін сыртқы жаудан қорғау C) Адамгершілікті, адалдықты сақтау

D) Жас ұрпақты білімге, өнерге шақыру E) Елін сүю, қадірлеу

25. Аяз биге тән қатарды белгілеңіз

A) Тарихта болған адам B) Жыршы C) Болыс D) Хан E) Ақын

26-30 тапсырмалар [әр дұрыс жауап үшін 3 ұпай беріледі]

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге

жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере

алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет

ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

26. Нағыз достық не береді?

A) Сенім береді. B) Шабыт береді C) Құндылық береді

D) Шынайылық береді E) Адалдық

27. Достыққа не кедергі бола алмайды?

A) Сатқындық B) Адалдық C) Сыйластық D) Шынайылық E) Мінез

28. Өмірлік мақсаттардың бірі

A) Дос таңдай білу. B) Достықты таңдай білу. C) Еңбек түрін таңдай білу.

D) Арманға қол жеткізу. E) Бақытты болу.

29. Сілтеу есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек.

B) Досы жақсының, өзі де жақсы.

C) Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.

D) Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.

E) Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік.

30. Достықты берік ететін не?

A) Сенім, жарқын көңіл B) Татулық C) Саяси тұрақтылық

D) Ынтымақтастық E) Шыдамдылық

































Қазақ тілі. 6-сынып

  1. А

  2. А

  3. С

  4. В

  5. D

  6. C

  7. A

  8. C

  9. B

  10. E

  11. A

  12. D

  13. E

  14. E

  15. C

  16. C

  17. A

  18. B

  19. A

  20. B

  21. B

  22. B

  23. A

  24. A

  25. D

  26. В

  27. Е

  28. А

  29. D

  30. A



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!