6-сынып тест тапсырмалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

6-сынып тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
пысықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған қорытынды тест тапсырмалары І нұсқа
1.Сын есімнің неше шырайы бар?
A) 3. B) 4. C) 2. D) 5.
2.Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Ағырақ, көкше. B) Қуаң, бозаң. C) Сұрша, бозғыл.
D) қып-қызыл, теп-терең.
3.Сөйлемнен сан есімді көрсетіңіз. Біз дүкеннен төрт нан алдық.
A) Біз. B) төрт C) Әдемі. D) Бөліндік.
4.Етістіктің келер шақ түрін табыңыз.
A) Барамын. B) Кетпекпіз. C) Алмадық. D) Айтқанмын.
5. Өткен шақта тұрған сөзді анықтаңыз.
A) Қарайтынмын. B) Айттым. C) Келіппін.D) Болыпты.
6.Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Қай жыл мезгілі
A) қыс B) жаз. C) көктем D) күз
7. Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Па! Шіркіннің сөзі! B) Мынаны қоян жепті ғой.
C) Не күдігіңіз бар еді? D) Қандай айғақ таптыңыз?
8. Жалпы зат есімді табыңыз.
А) Екібастұз.  В) Оқулық. С) Әлішер.
Д) Балдырған. Е) Арман.
9. Дұрыс аударманы көрсет: «половина второго»
А) екі жарым В) бір жарым С) екіден жиырма минут кетті
Д) екіге бір сағат қалды Е) сағат тура үш
10. Түбірлес сөздерді тап.
А) уақыт, мезгіл В) бүгін, ертең С) уақытты, уақытша
Д) түн, күнЕ) жап, аш
11. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз.
А) –нікі,- дікі, -тікі В) -лі, - лы, -гі, -ғы. С) – ты, -ті, -ды, -ді.
Д) –дан, -ден, -тан,-тен.
12. Барыс септігіндегі сөзді көрсетініз.
А) көлікпен В) есікке  С) суды 
Д) кітаптың  Е) ауылдан
13. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Кітаппен В) Қаламды  С) Етікшімін 
Д) Сағаттың  Е) Балықтан
14.Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Кірпіш үй. B) Бес бала. C) Оқыған қыз.
D) Сөзіне таңғалды. E) Әдемі әуен.
15.Менің досымның мінезі қандай? – сұраққа жауап бер
А) ақылды В) ұзын С) әдемі Д) мейірімді








Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған қорытынды тест тапсырмалары ІІ нұсқа
1.Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
A) Оқымақпын. B) Кетпекпіз. C) Алмадық. D) Айтқанмын.
2.Менің досымның мінезі қандай? – сұраққа жауап бер
А) ақылды В) ұзын С) әдемі Д) жақсы
2.Сан есімнің сұрақтарын тап.
A) қанша? B) қалай? C) қандай? D)не?
3.Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Ағырақ, көкше. B) Қуаң, бозаC) Сұрша, бозғыл.
D) Қып-қызыл, көкпеңбек.
4.Сөйлемнен сан есімді көрсетіңіз.
Біздің сыныпта жиырма оқушы бар.
A) Біз. B) жиырма C) Әдемі. D) Бөліндік.
5.Тәуелдік жалғаулы сөзді тап.
A) анаға. B) анам. C)ананы D) ана
6. Осы шақта тұрған сөзді анықтаңыз.
A) Қарайтынмын. B) Айтқанмын. C) отырмын. D) Алған.
7.Құстар жылы жақтан ұшып келді. Қай жыл мезгілі?
A) қыс B) жаз C) көктем D) жыл
8. . Қазақ тілінде үндестік заңының неше түрі бар көрсетіңіз.
А) 2. В) 1. С) 4. Д) 5.
9. Жалқы зат есімді табыңыз.
А) Екібастұз.  В) Оқушылар. С) Асхана. Д) Кітапхана
10. Дұрыс аударманы көрсет: «половина третьего»
А) тура екі В) екі жарым С) екіден жиырма минут кетті
Д) екіге бір сағат қалды
11. Түбірлес сөздерді тап.
А) уақыт, мезгіл В) бүгін, ертең С) түн, түндік Д) түн, күн
12. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз.
А) –мен, -бен, -пен В) -лі, - лы, -гі, -ғы. С) – ты, -ті, -ды, -ді. Д) –дан, -ден, -тан,-тен.
13. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Кітаппен В) Қаламды  С) Аңшымын  Д) Сағаттың 
14 Сын есім сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Кірпіш үй. B) Бес бала. C) Биік үй. D) Қалаға барды.

15.Қазақ тілінде неше септік бар?
A) 5 б)7 B)8 с)4




















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2018
1312
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі