Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
6 сыныпта "Жер қыртысының қозғалысы" ашық сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәні: география
Сыныбы: 6
Күні:
Сынып: 6
Тақырыбы: Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жер қыртысында болып тұратын қозғалыстар жайында білім беру. Оқушылардың «жер сілкіну», «жердің баяу қозғалыстары», «эпицентр» жайлы ұғымдарын және жер қыртысының үнемі дамуда болатындығы туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Қосымша білім көздерін пайдалана отырып,жер қыртысының қозғалуын ғылыми тұрғыдан ойлау біліктілігін дамыту, географиялық көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру мақсатында оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, ластамауға тәрбиелеу, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, глобус, «Литосфераның құрылысы» суреті, «Жер сілкінудің» суреті
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а/ Сынып оқушыларын түгендеу
ә/ Психологиялық дайындық
Оқушыларды тақтаның алдына шығарып, мұғалім тілек айтып сыйлықтар береді ,сол сыйлықтың астында топтың аты жазылған.Оқушылар белгі бойынша топтарға бөлініп отырады.Енді оқушылар алдарындағы смайликтер арқылы сабақ алдындағы көңіл күйлерін білдіреді.
1-оқушыға Тұрсын сен бұлақтай мөлдір таза бол!
2-оқушыға: Алмас таудай талапты бол!
3-оқушыға:Ақниет айың оңыңнан тусын!
4-оқушыға Жанаргүл жұлдызың әрқашан жарық болсын!
5-оқушы: Нұргүл гүлдей жайнап өс!
6-оқушы: Тәбия қызғалдақтай құлпырып бер!
7- Дастан сенің көілің әрдайым көлдей шалқысын!
б /Үй тапсырмасын сұрау.
б/1 «Географиялық лото» ойыны.
46- Жер шарында қанша ірі литосфералық тақта бар? /7/
15- Еуразиялық тақта қай аймақты қамтиды? /Еуразия мат.Атл.м сол. жағ. және Сол.м.м.үлкен бөлігі кіреді/
5- Жеке дара тұрған қандай тақталар?Тынық м.және Наска тақтасы/
10- Литосфералықтақталаржылынақаншасм-геқозғалады? /2-5см/
20- Африкатақтасыныңқамтитынаумағы. /Атлан м.үнді м. іргелес бөлігі/
25- Литосфералықтақталарқалайорынауыстырады? /матияныңбеткі қабатымен жылжиды.
4-Тақталарды атап,картаданкөрсет.
-
-
Жердің тас қабаты не деп аталады?(Литосфера)
-
55-жер қыртысынан2900 м тереңдікте небар /мантия/
9-Ішкі ядро қандайэлементтердентұрады?/темір мен никелден/
51- Латынтіліненаударғанда мантия қандаймағынаныбереді?
42-Таулар қандайаймақтардатүзіледі? / тақталардыңтүйіскен жерінде/
Табиғат құбылыстарына байланысты суреттер ,видео көрсету арқылы оқушылардың ойларын сұрау.
М: Мына суреттерге қарайық не бейнеленген?
-үйлер қираған
-ағаштар сынған т.б.
М: бұл суреттер жер сілкінісінен кейінгі көріністер
Енді бүгінгі тақырыбымыз «Жер қыртысының қозғалысы.Жер сілкінісі
-
Жер қыртысының қозғалыстары
-
Жер сілкіну
-
Жер сілкінуді зерттеу
Жер беті жұмбақ әлем.
Былай қарағанда жер беті бізге мызғымай, еш уақытта қозғалмайтын, бірқалыпта тыныш тұрғандай көрінеді. Ол шын мәнінде солай ма? Егер біз жердің адамзат баласы пайда болғаннан бергі тарихына үңілсек, онда жер беті үнемі қозғалыста болғанына көзіміз жетер еді. Ондай қозғалыстардың іздерін жер шарының көптеген өңірлерінен табуға болады. Мысалы: Италиядағы Венеция қаласы қазір жартылай су астында тұр,кезінде ол түгелдей құрлық бойына салынған
Жер қыртысы ешқашанда тыныш жатпайды: оның кейбір аумағы көтерілсе, басқа бір жері шөгеді. 1. Жер қыртысы қозғалысының екі түрі болады: 1 – жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі: Мысалы, Скандинавия жағалары жылына шамамен 1 см-ге көтеріліп, ал Жерорта теңізі аймағы шөгіп бара жатқанын аңғарған. Бұл процесс жер бетінің географиялық жағдайларын өзгертеді. Мәселен, теңіз жағалаулары – құрлыққа, шығанақтар – көлдерге, аралдар – түбектерге айналды.
Жер қыртысының екінші қозғалысы – тау жасалу процесі
Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс – жер сілкінулерге апарып соғады.
2. Жер сілкіну дегеніміз – жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелістері.
Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жерін жер сілкіну ошағы (гипоцентр) деп атайды.
Ошақтағы дүмпудің жер бетіне шығатын жері эпицентр (эпи – үстіңгі, центр – шеңбердің орталығы) деп аталады..
3. Мифтік аңыз әңгімелер.
Жер сілкінуінің себептері туралы аңыздар ел арасында көп таралған. Ертеде жер беті сілкінісі жер шарын көтеріп тұрған алып жануардың қозғалысына байланысты деп жорамалдаған.Бір елдер піл десе,екіншісі жайын, енді біреуі өгіз деп есептеген.
Ғылыми тұрғыдан қарасақ . Литосфера тақталары мантияның беткі қабатымен баяу жылжып,орнын ауыстырады. Литосфералық тақталардың жылына 2-5см ығысатынды. Таулардың түзілуі бірыңғай материктік тақталардың бір-бірімен соқтығысқан жерлерінде де жүреді. Мәселен,Еуразия тақтасының Үнді-Аустралия тақтасымен соқтығысқан жерінде Жер шарындағы аса биік Гималай таулары түзілген. Жер сілкіну жиі болып тұратын аймақтар сейсмикалық аймақтар деп аталады. Жер шарында жер сілкінісі жиі болып тұратын екі үлкен белдеу бар. Олар: Жерорта теңіздік және Гималай Тынық мұхит белдеулері. Жер шарында 100-ге жуық сейсмикалық стансалар бар. Жер қыртысының қозғалысын өте сезімтал келетін сейсмограф құралдары тіркеп отырады.
Жер сілкінісі кезінде халық шаруашылығы мен адам өміріне қатер төндіретін қосалқы әрекеттеріне тау көшкіні, цунами, өрт, сел жатады.
Тау көшкіні- тау баурайындағы шөгінді тау жыныстарының босап, төмен қарай жылжуы.
Цунами.
Цунами- мұхит түбіндегі жер сілкінісі әсерінен туатын апатты толқын.
Өрт.
Өрт ошақтарының қирауынан, электр сымдарының үзілуі салдарынан өрт шығады.
Сел.
Сел тау бауырайындағы су сіңіп ылғалданған топырақтың жер сілкінісі әсерінен саймен жылжып ағуы.
Цунами ( Жапония еліндегі цунамиден бейнематериал 01.10.2009)
Жер сілкінуді зерттеу.
Жер қыртысының қозғалысын сейсмограф құралы арқылы тіркеп отырады.Жер сілкінісінің күшін 1-12 балдық шкаламен өлшейді.
Жер сілкінісі зардабын азайтудың 2 түрлі жолы бар.
Жер сілкінісін болжау.
Төзімді берік құрылыс салу.
Жер сілкінісін болжау дегеніміз – оның күшін анықтау.
Биологиялық әдістердің орны ерекше.Жер сілкінісі алдында жәндіктер мен жануарлардың мазасызданып, ерекше күйге түсуі ертеден-ақ белгілі, Бұл әдіс ғылымда кеңінен пайдаланып келеді.
Жер сілкіну 12 балдық шкаламен өлшенеді
БАЛЛ
1 - 2 - 3 - 4 Елеусіз әлсіз сілкінулер
5 - 6 Күшті сілкіну
7 - 8 Өте күшті қиратушы сілкінулер
9 - 10 Жойқын сілкіну
11 - 12 Апатты сілкіну
ХХ - ХХІ ғасырдың жер сілкінулері
Жер сілкінісі болған аймақтар
1 1988 жылы арменияда жер сілкінісінің әсерінен Спитак қаласы жермен -жексен болды.
3 1923 жылы Жапониядағы жер сілкінісінен қаланың көп бөлігі қирап, жойқын су тасқыны болып,өрт шықты, 175 000 жуық адам қаза тапты.
4 .1999 жылы тамызда Түркиядағы жер сілкінісінен Измир қаласы түгелдей қирап, 15 000 адам опат болды.
5.2004 жылы желтоқсанда Оңтүстік Шығыс Азияның Малайя архипелагы мен іргелес жатқан Үнді мұхиты аралдарында соңғы 40 жылдағы ең күшті жер сілкінісі болды. Бірінен кейін бірі қайталанған жер сілкінісінің күші 9 балға жетіп, оның әсерінен жер білігі батыстан шығысқа қарай 6 см-ге ығысқан, мұхиттан көтерілген сұрапыл толқыннан 300 000 адам опат болды.
1.Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
Семантикалық кесте толтырту
|
|
Эпицентр |
Ошақтағы дүмпудің жер бетіне шығатын жері эпицентр деп аталады. |
Жер сілкіну ошағы |
Жердің терең қойнауындағы тау жыныстарының кенет жарылып, ығысатын жерін жер сілкіну ошағы деп аталады |
Жер сілкінісі дегеніміз |
Жер сілкіну дегеніміз – жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелістері. |
Сейсмограф |
Жер қыртысының қозғалысын сейсмограф құралы арқылы тіркеп отырады. |
Жер сілкінісі болып тұратын белдеулер |
Жер шарында жер сілкінісі жиі болып тұратын екі үлкен белдеу бар. Олар: Жерорта теңіздік және Гималай Тынық мұхит белдеулері. |
Жер сілкінсінің қосалқы әрекеттері |
Өрт,цунами,сел тасқындары,тау көшкіні. |
Жер сілкінсінің күші қанша бал мен өлшенеді? |
Жер сілкіну 12 балдық шкаламен өлшенеді |
Сергіту сәті: Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз сіздерге үрей тудырған сияқты ,бірақ біз тұрған жерімізде жер сілкініс болмайді өткені таулы аймақ емес.Енді жайланып отырып ,жаман энергиямызды шығарып, отанымыздың тамаша табиғатын тамашалап тынығып алайық.
/Видео көрсету/
-
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
«Әлемнің жеті кереметінің суреттерінің астына сұрақтар жасырып, оқушы жауап бергеннен кейін сол суретке түсінік беріп отыру.
2. Жерсілкінісініңошағықалайаталады?
6. Жер қыртысы қозғалысының неше түрібар?
Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма : 20 Аса күшті жер сілкінулер және оның зардаптары жайында хабарлама жасаңдар.