72 сағаттық оқуды оқығанын растайды

Тақырып бойынша 11 материал табылды

72 сағаттық оқуды оқығанын растайды

Материал туралы қысқаша түсінік
72 сағаттық оқуды оқығанын растайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Әр өлеңі-бір әлем"

Алматы облысы, Талғар ауданы, Кіші Байсерке ауылындағы №40 орта мектепте шындықтан туған поэзияның иесі қазақтың қара өлеңіне ешкімге ұқсамайтын өзгеше рең, өшпес бояу беріп, қайталанбас құбылысқа айналған Мұқағали ақынның туған күніне арналған "Әр өлеңі - бір әлем" атты әдеби сазды кеш өтті. Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,- деп жырлаған ақын биыл тірі болса,

9 - ақпанда 90 жасқа толар еді. Оқушылар кеште ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен таныса отырып, өлеңдері мен әндерін сүйсіне тыңдады. Кеште оқушылар өздері шығарған арнауларын оқып, сырларымен бөлісті. Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат - бұл мәңгілік тақырып. Бірақ ән ақын өз сезімін, өзінің жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес. Иә, махаббат әллемін Мұқағалидай жырлаған адам кемде кем шығар. Ол "нағыз мааббатты армандады", ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады. Кешке Мұқағалидің махаббат тақырыбына жазған "Ғашықпын" және "Махаббат диалогіне" арнап қойылым қойылды.

Мектебіміздің жас мамандары да қалыс қалмады. Жас мамандар ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Кешке қатысқан ұстаздар мен оқушылар Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болды деп ойлаймын. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары деп, жастарға сенім артамыз. "Ғасыр ақыны" атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға ғасырдан - ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали -мәңгілік өмір.





40 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Курманова Балжан Толеубековна













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
308
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі