Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
7-8 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
|||||
Бөлімі |
Парасаттылық және әдеп |
|||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Кіріспе. Жаһандық құзіреттілік деген не? |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Термин сөздермен таныстыра отырып,Жаһандық сөзінің мағынасын ашу. |
|||||
Сабақтың барысы: |
||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. Жаһандық құзыреттілік – бұл белгілі бір нақты дағдылар емес, басқа мәдени ортаға жататын адамдармен тікелей немесе виртуалды әрекеттестік барысында және жекелеген тұлғалардың қатысуымен жаһандық проблемаларды шешуде (яғни, адамның қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін, ұлттық шекаралары жоқ проблемаларды түсінуін талап ететін жағдайларда) табысты қолданылатын білімнің, дағдылар мен көзқарастардың, қарым-қатынастар мен құндылықтардың жиынтығы. Курстың юниттері |
Оқушылар жаһандану сөзіне талдау жасайды.
Жалпы жаһандану мәселелеріне тоқталады.
Курс юниттеріне толық мағлұмат береді. |
http://youtube.com/watch?v=QVb8EpkD7yo
Презентация |
|||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Жалпы Жаһандық сөзінің мағынасы қандай? -Қандай жаһандық проблемалар бар екен?
|
|
Кері байланыс тақтайшасы |
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Парасаттылық және әдеп |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Рухани қасиеттер - адам өміріндегі ең бастысы» (Абай) |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу Миға шолу Еңбек етсем, ертеңгі Бақытыма сенемін. Мақсатыма жеткізер Уақытыма сенемін. Достық іс пен қасты да Жеңеріме сенемін. Ақыл, сана, білім мен Өнеріме сенемін. Арым таза, ақкөңіл Адалдыққа сенемін. Абыройлы ақ ниет Адамдыққа сенемін. Әр адам - бір-бір қайталанбас тұлға, ол ерекше, тек өзіне ғана тән жеке қасиеттері бар. -Адам бойындағы қасиеттер..... «Рух» сөзіне постер Рухани бай адам қандай адам? Әділ,ізетті,ақылды,қонақжай,мейірімді,әдепті,қанағатшыл. Рухани - адамгершілік құндылық - адамдық қасиеттің өлшемі
Құндылық өзегі-адам, Тәрбиесі-адам болу.
Ізетті ұрпақ бойындағы асыл қасиеттер:Тұрақты,қуатты,сабырлы,білімді,ар-ұятты,тұрақты,әділетті,иманды......
|
Өлең шумағын оқиды.
Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап шығады Құрастырады. |
Презентация
Инт.белсенді тақта
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Бүгінгі сабақта не ұнады? -Бүгінгі сабаққа қандай ұсыныс ұсынар едің? |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Парасаттылық және әдеп |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қарым-қатынас жасау мәдениеті |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Тренинг жаттығулары арқылы бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке, өзін және өзгелерді құрметтеуге, түсіне алуға, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. «Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та бақыт та қонбайды»-деп Ж. Баласағұни айтқандай, адам өзінің түзу ниеті, ойы, іс – әрекеті арқылы жеңіске жетеді. Халқымыздың дамуында, халық болып қалыптасуында қарым-қатынас мәдениетінің алатын орны ерекше. Қарым-қатынас-белгілі бір әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара түсіністігінен туындайтын күрделі қоғамдық үрдіс. Қарым-қатынастың жүзеге асуының бірнеше жолдары бар. Соның ішінде тілдік қатынастың орны ерекше. Адам қарым-қатынасындағы ерекше орын алатын сәлемдесудің өз әдебі, жөн-жосығы бар. Әр халықтың сәлемдесу үрдісінде өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, Айн халқы /Хоккайда аралында тұратын халық /бір-бірінің құлағынан ұстап амандасса, самоастар бір-бірінің беттерін иіскеу арқылы сәлемдеседі. Сонымен қатар, лаонга қауымы қол соғу арқылы, үнділер екі алақанын біріктіріп, бас ию арқылы амандасады. Осының бәрі әрбір ұлт мәдениетінің ерекшелігін көрсетеді. Қазақ дәстүрінде сәлемдесудің бірнеше түрі қалыптасқан. Мәселен, жасы кішілер үлкендермен, ақсақалдармен кездескенде әдетте, «Ассалаумағалейкум» деп қол алысады. Оған жауап, яғни сәлемді қабылдау ретінде «Уағалейкумассалам» сөзі қолданылады. «Ассалаумағалейкум» – Ей, бауырым! Бейбітшілік, тыныштық, сенім, бақыт, көркем суретте болған әр нәрсе сенікі болсын дегені. «Уағалейкумассалам» – өзіңізге де тыныштық, бақыт болсын дегені. «Сәлем» сөзі арабша бейбітшілікті, сенімді баяндайтын мағынадан тұрады. «Сәлем» – адамдар арасындағы қарым-қатынасты, жастықты, адалдықты арттыратын құралдың бірі. Көптен кездеспеген ағайын-туыс, аға-іні, құда-жекжат, дос-жаран құшақтасып амандасады. Әр адамның қарым-қатынас мәдениеті оның жеке-даралық қасиеттеріменде тікелей байланысты. Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз – адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табу. «Ұқсастық шегі» жаттығуы Шарты: Қатысушылар жұптасып отырады, А 4 қағаз беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің ұқсастығымыз» деп А 4 қағаз бетіне жазады. Ұқсастық табу үшін 4 минут уақыт беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір – бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады «Суретті аяқта» жаттығуы Шарты: Оқушыларға алдын ала даярлаған плакатта немесе тақтада бір нүкте салынады. Оқушылар кезек-кезек шығып, сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап, әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.
|
Ой-толғау
Оқушылар қарым-қатынас туралы түсінік алады.
Тренингтерге қатысады.
|
http://youtube.com/watch?v=oEZunwPnO9E
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс
|
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Парасаттылық және әдеп |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Зорлық-зомбылық және қорлау: алдын алу және қорғану |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
|
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Миға шабуыл -Суреттен нені байқадыңдар? -Адамға зорлық-зомбылық жасауға болады ма? «Зорлық-зомбылық пен қатыгездік» түсінігі тар мағынада «агрессия» түсінігіне кіреді. Қатыгездік – адамның қайғысына енжарлық танытудан тұратын немесе оларға қайғы әкелуге ұмтылатын тұлға қасиеті . Зорлық – зомбылық бұл бөтеннің жүріс тұрысын бұзу. Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ. Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы. Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы. «Зорлық – зомбылық» түсінігі : Физикалық: итеру, жұлмалау, алақанмен жұдырықпен немесе басқа да заттармен ұру; Сексуалды: күштеп жыныстық қатынасқа итермелеу, қорқыту, бопсалау, зорлау; Психологиялық: ауызша тіл тигізу; бопсалау; өзіне қатысты немесе басқалардың тарапынан қоқан лоқы күш көрсету, қорқыту; бақылауға алу; Эмоционалдық: оның намысына тие отырып, орындауына мәжбүрлеу; Экономикалық: балаларды тәрбиелеуден бас тарту; Балалар еңбегін қанау: еңбек етуге мәжбүрлеу, құлдық, бопсалаушылық. Зорлық-зомбылық түрлері.Вербальды,Эмоциялық,физикалық,сексуалдық.
|
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашады. Зорлық-зомбылық туралы түсінік алады.
Зорлық-зомбылық бойынша оқушыларға кеңес. |
Презентация
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Бүгін сабақты өте жақсы түсіндім -Бүгінгі сабақта маған қызықты болды -Бүгін мен үшін қиын болды |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлімі |
Азаматтық және патриотизм |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Отан деген мен үшін... |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Миға шабуыл «Отан» сөзжұмбақ 1.Отан сөзінің синонимі 2.Мемлекеттік рәміздердің бірі 3.Ең жақын адам 4.Қасиетті тағам
Отан дегеніміз - адамның туып - өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып есептеледі. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек.
«Отанды сүю иманнан» әні
|
Сөзжұмбақты шешеді
Отан сөзіне түсініктеме алады. Постер құрастырады
Әнді тыңдай отырып,болашақта кім болатындығын атап өтеді
|
Инт.тақта
https://www.youtube.com/watch?v=Xo2Ye-q2GmA
https://www.youtube.com/watch?v=yGliM_IKDh8
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс
|
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Азаматтық және патриотизм |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Өзге тілдің бәрін сүй, өз тіліңді құрметте! |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға тілдің маңызын түсіндіру, оқушылардың ана тілі туралы ой-пікірлерін білу, оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Миға шабуыл -Бұл кісінің жан айқайы не деп ойлайсыңдар? -Бүгінгі күннің өзекті тақырыбы қандай? Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев: Ана тілің – арың бұл Ұлтың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл,барлығымызға қойылатын талап. Халық даналығы «Ананың балаға берер ең асылы тілі» дейді. Ендеше анамның тілін мен құрметтеп, оны мақтан етемін. Ана тілі деп аталуы да содан, сондықтан оны ұмыту, білмеу бұл үлкен қателік. Осыны түсінсе деп ойлаймын. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды..Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. «Тіл – еліміздің іргетасы»
|
.
Оқушылар бейнесюжетті көріп,ой қозғайды.
Оқушылар мегажоба жасайды. |
http://youtube.com/watch?v=TK-cL8icepg
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Бүгінгі сабақтан не қызық болды? -Бүгін сабақта қиын болды... -Бүгінгі сабақта қоржыныма саламын.... |
«ҚҚҚ» әдісі |
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Азаматтық және патриотизм |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Өз елін танымал еткен тұлғалар |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Жалпы тұлға сөзін ұғына отырып,еліне танымал тұлғалар туралы бейнеролик жасайды. Оларға құрметпен қарап үйреніп,болашаққа деген өз мақсаттарын айқындайды. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Миға шабуыл -Бейнебаяннан нені байқадыңдар? -Не себепті ана қызды қасқырларға тастап,ұлды алып кетті? Әлем адамды өзгерте алмайды, бірақ адам әлемді өзгертуі әбден мүмкін. Адамзат баласының дамуы, әлемнің дамуы. Әр заманның өз тұлғасы, танымал азаматы болады. Қазақтың өткен тарихына көз салған адам еліміздің арғы-бергі тарихында көптеген ел басқарған хан-сұлтандар, қол бастаған жаужүрек батырлар және сөз ұстаған ділмәр би-шешендер өткенін байқайды. Бұл сөз жоқ өткен тарих. Еліміздің мақтанышы. "Ел тұлғаны жасайды, Тұлға болмаса өркениетті өмір
жоқ. Оған қоса сапалы
білім,
еселі еңбек, өнiктi өнiм де болмақ
емес. Сондай-ақ тұлға
болмаса,
ғылым мен мәдениетте, өндірісте бәсекелестік те болмайды. «Еліміздің мақтанышы» |
Оқушылар бейнебаянды көреді, сұрақтарға жауап береді.
Жалпы қазақ елінің тұлғалары жайында түсінік алады.
Оқушылар тақырыпқа сай бейнеролик даярлайды. |
http://youtube.com/watch?v=_iyllyQvlFw
Интербелсенді тақта |
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтан алған әсерім.... -Алға қойған мақсатым.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Азаматтық және патриотизм |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Тарих беттерінен |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа, отаншылыққа, төрт түлікті қадірлеп-қастерлеуге тәрбиелеу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. «Білім – білікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» — деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов. Ойын 5 турдан тұрады. 1- ТУР ОЙЛАН ТАП 2-ТУР БҰЛ КІМ? 3-ТУР СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 4-ТУР ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ 5-ТУР ҰШҚЫР ОЙ
1-Тур ОЙЛАН ТАП 1 топ.
2 топ.
1 топ. 1. РХЕАГИЯОЛО – заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.
2 топ. 1. ГРАЭТФИЯНО – әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым.
2-ТУР «БҰЛ КІМ?» 1 топ.
2 топ.
1778 ж. ІІ Екатерина оны орта жүздің ханы етіп бекітті. Тұңғыш рет дауыс беру арқылы сайланған, қытай елімен тұңғыш сауда қатынасын жолға қойған қазақ ханы. Абылай хан 1771-1781 ж.ж.
Ыбырай Алтынсарин 1841-1889 ж.ж.
3-ТУР СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 1 топ.
ХІІІ-XIV
2 топ.
4-ТУР ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ 1 топ.
2 топ.
1995 жыл, 30 тамыз
(алтын адам және жолбарыс)
5-ТУР ҰШҚЫР ОЙ Берілген сөздерді пайдаланып, «Тарихыңды таны, жас ұлан» тақырыбындағы мәтін құра. Берілген сөздер: Отан, Атамекен, бабалар арманы, көне жазбалар, тарихи тұлғалар, болашақ, Қазақстан, ана тілі, ескерткіштер, ата-баба мұрасы, ұрпақ. Топпен жұмыс, флипчарт қағазға жазу.
|
Ой-толғау
Оқушылар топқа бөлініп интелектуалды сайысқа түседі.
|
Интербелсенді тақта
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Бүгінгі сабақтан алған әсеріңмен бөліс |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Телефон алаяқтары: не істеу керек? |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
|
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Миға шабуыл -Алаяқ деген сөзінің мағынасы қандай? -Алаяқтықтың қандай түрлері бар? Неден сақтану керек? Алаяқтар қолданатын әлеуметтік инженерияның заманауи әдістері тіпті тәжірибелі және қаржылық сауатты адамды да шатастыруы мүмкін. Сондықтан азаматтардың қаражатты жоғалтуына байланысты көп жағдайларда зардап шеккендер шотқа қол жеткізу үшін барлық қажетті ақпаратты алаяқтарға өздері хабарлайды. Сонымен қатар, алаяқтар көбінесе нақты телефон нөмірін жасыратын арнайы бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады. Сондықтан, сіздің телефоныңызда банктің таныс нөмірі болса да, бұл сөзсіз сенімге себеп емес. Егер күмәніңіз болса, дереу жедел желі нөмірін немесе Банктің call-орталығын қолмен теріңіз – оларды әрқашан банк картасының артқы жағынан немесе банктің ресми сайтынан табуға болады. Алаяқтар өздерін қалай жасырады? Алаяқтар әдетте өздерін қаржы ұйымының қауіпсіздік немесе киберқауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері ретінде ұсынады және «жүйе іске қосылып кетті» деп хабарлайды. Олардың айтуынша, дәл осы сәтте «клиенттің картасы немесе шоты бойынша күдікті операция жүргізіледі». Оны тоқтату үшін Сіз дәл қазір банк ұялы телефонға жіберетін код сөзін немесе SMS кодын атауыңыз керек. Сонымен қатар, алаяқтардың өздері картаның толық мәліметтерін және тіпті оның иесінің жеке куәліктерінің деректерін атайды. Қазіргі кездегі қылмыскерлер психологиямен жақсы таныс: жылдам және сенімді түрде сөйлейді, кәсіби терминдерді пайдаланады, офистің жұмысына ұқсайтын дыбыстардың реңін келтіреді. Осының барлығы олардың сеніміне кіруге көмектеседі және әңгімелесушінің қырағылығын төмендетеді. Бұл ретте олар клиентті асықтырады және қорқытады, оның сезіміне қысым жасайды және түзетілмейтін кемшіліктің болғанына сендіреді. Егер адам қобалжитын болса немесе ақпаратты ашудан бас тартса, оны оның картасындағы және шоттарындағы ақшаны осы қазір жоғалтады деп қорқытады. Осындай жағдайда не істеу керек? Егер банктің қауіпсіздік қызметіненмін немесе тіпті «жеке менеджеріңмін» деп қоңырау шалса, әңгімені бірден үзіп, тұтқаны қойған дұрыс. Себебі банктің қызметкері ешқашан осы деректерді сұрамайды және бірінші болып қоңырау шалмайды. Сонымен қатар, нағыз банк менеджеріне сіз туралы ақпаратты: тегіңізді және төлқұжат деректеріңізді, ресімделген карталарды және олардың деректемелерін, сондай-ақ ақша қаражатының қалдығын нақтылау үшін қоңырау шалудың қажеті жоқ. Банкте сіздің толық қаржы мәліметі ңіз және кредит тарихыңыз бар. Сондықтан банктің қызметкерлері осы мәселе бойынша ешқашан қоңырау шалмайды. Бұл ақпараты алаяқтар үшін ғана маңызды. Банктің қызметкерлері сізден операцияларды және ақы төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті банк картаңыздың деректерін мүлдем сұрамайды. Тіпті автоматтандырылған банк жүйелерінен келетін SMS-те де «Кодты ешкімге, тіпті банктің қызметкерлеріне де бермеңіз» деп көрсетіледі. Картаның қолданылу мерзімін де, CVC/CVV-кодтарды (сыртқы жағында көрсетілген үш мәнді код), код сөзін және ақша қаражатының қалдығын айтуға болмайды. Егер сіздің картаңыз немесе шотыңыз бойынша расында да күмәнді операциялар жүргізілсе, банк оларды оқшаулайды және картаңызды бұғаттап тастайды, ол туралы мобильдік қосымшада немесе SMS арқылы хабарлайды. Сол кезде сіз өзіңіз не call-орталық, не бөлімшесіне бару арқылы банкпен өзара іс-қимыл жасай бастайсыз. Осылайша, қаржы ұйымының «қауіпсіздік аясында» боласыз. Хабарласып тұрған адамның не айтқанына қарамастан, ешқашан үрейге берілмеңіз, тұтқаны қойып, банктің call-орталығына өзіңіз хабарласыңыз. Алаяқтық қаржылық алаяқтық қана болмайды Соңғы екі жылда алаяқтық қылмыстың ең кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстың жалпы құрылымында алаяқтықтың үлесі 10%-дан 13,3%-ға дейін өсіп, ұрлықтан кейін екінші орында тұр. Телефонмен жасалатын алаяқтық түрлерінің ішінде құқық қорғау органдардан хабарласып тұрмыз-дейтін алаяқтықты атап өтуге болады. Ол қаржылық алаяқтыққа тікелей жатпаса да Fingramota.kz олар жайында да ескертеді. Біріншіден, алаяқтар құжаттар мен түрлі хабарламаларды қолдан жасау үшін бағдарламалық қамтылымды пайдалануы мүмкін. Егер сіздің ақпаратыңыз қандай да бір жолмен алаяқтардың қолына түссе, олар, мәселен, салық органынан және прокуратурадан жалған хат жазып, оны сіздің электрондық поштаңызға немесе мессенджерлер арқылы жіберуі мүмкін, содан кейін алаяқ өзі жеке хабарласып, қорқытып, бопсалап, «жақсылықпен келісуді», мысалы, сіз электрондық әмиянға белгілі бір соманы жіберсеңіз, іс одан әрі насырға шаппайды деуі мүмкін. Пара беру қылмыс екенін атап өтеміз. Сондықтан да мәселені ешқашан пара беріп шешуге болмайды. Сонымен бірге егер расында айыппұлыңыз болса, алаяқтарға жіберген аударым сізді одан босата алмайды. Кейде алаяқ сіздің берешегіңіз туралы біліп алып, сізден ақша сұрайды, одан соң ізін суытады. Айыппұлыңыз бен берешегіңіз одан ешқайда кетпейді. Алаяқтардың түрлері мен әдістері көп Сонымен, алаяқтықтың өте күрделі тәсілі ішкі органдардың атын жамылып, солардың атынан қоңырау шалу болып табылады. Алаяқтар сіздің танысыңыздың, досыңыздың немесе туысыңыздың ісімен айналысатын заң қызметкері ретінде өздерін таныстырады. Олар үлкен проблемаларға тап болды, ауыр қылмыс жасады дегендей. Мысалы, ол адамды қағып кетті, немесе біреуді ұрды, немесе террористік ұйымда бой көрсетті немесе ауыр есірткі түрін таратты дегендей. Қалай болғанда да, жасалған қылмыс өте ауыр, ал оның салдары тіпті қорқынышты болатындай етіп көрсетіледі. Сосын мәселені белгілі бір ақша мөлшерімен шешуге болатынын айтады. Бір жағынан, бұл адамға әсер ету үшін жеткілікті, екінші жағынан, ақша соншалықты төлей алмайтындай көп емес. Негізінен, мұндай алдаудың құрбаны қарттар болып келеді, олар жақын адамдарына көмектесу үшін соңғы ақшаларын беруге дайын. Әдетте абоненттің қоңырауларға қол жеткізе алмауы - қосымша стресс фактор. Алаяқтар мұны да біліп алуға тырысады. Сұрақтарды осы сәттен бастаған дұрыс. Әлеуетті күдікті қай полиция бөлімшесінде? Оған қандай бап тағылып отыр? Қылмыстық әрекет қашан жасалды? Адвокаттың көмегі көрсетілді ме және бұл адвокаттың аты кім? Бұдан басқа, ҚР ІІМ жедел желі телефонына және өзіңіздің аудандық полиция бөлімшесіне қоңырау шалуыңыз керек. Қандай жағдайда болмаса да абыржымаңыз. Ақшаны бейтаныс адамдарға бермеңіз және олардың шотына аудармаңыз. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жалпы түсінік алады.
|
http://youtube.com/watch?v=rYjtYNxLp_o
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Тақырыпқа сай ережелер құру. |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Азаматтық және патриотизм |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Табысты арттыру жолдары |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
|
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Постер құрастыру Табыс деген не? Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, Үлкен болып қалу үшін ғаламда Үлкен арман керек екен адамға (Әбу Насыр Әл-Фараби) Кеңес Табысқа жету жолдары АРМАНДАУ ҮНЕМДЕУ АЛДЫНА МАҚСАТ ҚОЮ ОҚУ ЖӘНЕ ОҚУ ЕҢБЕК ЕТУ «Кез-келген қиындықтың астында үлкен мүмкіндіктер жатыр» (Шагармэн) Ойын: «Әріптер сыр шертеді» Берілген 4 әріпті таңдап алады.Мен сұрақ қоямын.Сол сұраққа әріптеріңе сәйкес қызықты етіп жауап бересіздер. 5 сұрақ қойылған сайын дұрыс жауап бермеген оқушы ойыннан шығып отырады. Сұрақтар: Сабаққа дайындығың қалай? Жасың нешеде? Аяқ астынан лотериядан миллион ұтсаң не істер едің? Қазіргі көңіл-күйің қандай? Ұнататын адамыңның аты? Шашыңды немен тарайсың? Өтірік атың кім? Қандай мамандық таңдадың? Өкпелеме ,өкінбе өміріңе Өмір,өмір болмайды түңілуге Мәңгі сені жазбаған сүрінуге Қайта тұрып хақың бар жүгіруге. (Мұқағали Мақатаев) |
Оқушылар постер құрастырады
Табысқа жету жолдарымен танысады.
Нақыл сөздің мағына сын ашу.
Әр топтан 4 оқушы шығады. |
А 4 қағазы
Интербелсенді тақта
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтан алған әсерің қандай? |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Азаматтық және патриотизм |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға және үнемдеуге болады. |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Отбасы бюджетін үнемдеу жолдарын анықтайды. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Миға шабуыл -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Отбасы бюджеті дегеніміз -әрбір отбасының кірісі мен шығысы есептеліп жасалған қаржылық жоспар. Отбасы бюджеті: Кірістер Зейнетақы,айлық жалақы,жәрдемақы,үкіметтен алған сыйақылар,шәкіртақы..... Отбасы бюджеті: Шығыстар Ақша,киім-кешектер,жиһаздар, қажетті техникалық құралдар,азық-түліктер.... Ақшаны үнемдеудің ең тиімді тәсілі- жоспарлау. № 1 кеңес. Шығыс пен кірісті жоспарлаңыз Ескерерлік жайт, кейбір адамдар өздерінің табыстарының нақты сомасын білмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда отбасылық бюджетті қалай үнемдемекпіз? № 2 кеңес. Несиеге «жол жоқ» Қаржы кеңесшілерінің айтуы бойынша, егер несиеге алынатын зат оны төлеу уақытынан ұзақ қызмет ететін болса, ары қарай табыс табуға септігін тигізетін болса, несие алған дұрыс. Мәселен, кәсіпкерлікті кеңейту үшін несие алуға әбден болады. Ал басқа мақсатта алынған несие – адамның өз ақшасын тиімді басқара алмайтынының көрсеткіші. Егер, Сіз, бүгін бір затты алу үшін ақша жинай бастамасаңыз, кейін мүлде қиналып қалуыңыз мүмкін. № 3 Ақшаңызды жинаңыз Отбасылық бюджетті үнемдеу үшін, ай сайынғы табысыңыздың 10%-ын жинақтауға кеңес береміз. Бұл сома айтарлықтай көзге көрінбегенімен, кейін қомақты қаржыға айналары сөзсіз. Қолыңызға күтпеген жерден ақша түссе, оны жұмсамай, жинақтаңыз немесе қарыздарыңыздан құтылып алыңыз. № 4 кеңес. Жоспарсыз сауда жасаңамыз Дүкенге барып, өзіңіз қатты қалап тұрған затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Осы оймен ұйықтап көріңіз. Таңертең оянғаныңызда бұл зат бұрынғыдай ерекше әрі сатып алуға тұрмайтындай көрінуі мүмкін. Мұндай «қажетті» заттарға: опа-далап, арзан аяқ-киім, ұсқынсыз жемпірлер мен жеңілдікпен алынған техниканы жатқызуға болады. Аталған заттар тек бір күндік қуаныш әкелуі мүмкін. Одан да қымбат әрі сапалы дүние алғаныңыз артық. Олар сізге ұзақ уақыт қызмет ете алады. № 5 кеңес. Дүкенге жұмыс күндері барыңыз Ұзақ мерзімді картоп, макарон, қант, жарма сынды тауарларды көтерме саудада үлкен қапшықтармен сатып алыңыз. Осылайша сіз ақшаңызды ғана емес, уақытыңызды да үнемдейсіз. Әркез сатып алуды қажет ететін нан, сүт өнімдерін дүңгіршектерден алған дұрыс. Үлкен дүкендердегі түрлі тауарлар мен науқандар көздің жауын алып, артық шығынға әкеліп соғуы мүмкін. № 6 кеңес. Тізімді қадағалаңыз Адам дүкенге барған кезде, міндетті түрде жарма, етті, сүтті өнімдермен қатар тәтті әрі зиянды өнімдерді де сатып алады. Тізімнің 30%-ын қытырлақ картоп, майлы жаңғақ сынды айтарлықтай қажеті жоқ тауарлар алады. № 7 кеңес. Ұсақ-түйекке жол бермеңіз Көше тамағы, шоколад, автоматтағы кофе, сағыз секілді ұсақ-түйектер отбасылық бюджетке жіті әсер етеді. Оның орнына кір жуғыш машинаны сатып алған әлде қайда арзан әрі тиімді. Мәселен жоғарыда атап өтілген тауарлардың бағасы арзан болғанымен, жинала келе қалтаңызды қағуы әбден мүмкін. Егер осы шығындарды жазып отырсаңыз, оны баяғыда байқаған боларсыз. № 8 кеңес. Үйде тамақтаныңыз Көпшілік сырттан тамақтанғанды ұнатады. Жол жөнекей коктейль ішіп, пицца жегіңіз кеп қалады. Салат пен бір стақан шырынды сатып алғаннан келіп кетер ештеңе жоқ секілді көрінеді. Десе де, жинала келе бір ай ішінде айтарлықтай шығын шығаруы мүмкін. Әрине, бюджетті қадағалаймын деп, мүлде өзіңізге шектеу қоймаңыз. Әрбір шығыныңыз алдын ала жоспарлансын. № 9 кеңес. Қымбат әрі сапалы заттар сатып алыңыз «Арзан дүние алатындай жағдайымыз керемет емес» деген сөз әлі күнге дейін өз күшін жойған жоқ. Жақсы әрі сапалы аяқ-киім ұзақ қызмет етері сөзсіз. Әр мезгіл сайын жөндетуді және ауыстыруды қажет етпейді. Нәтижесінде қымбат зат өз бағасын толығымен өтейді. Сонымен қатар киім, техника, косметика мен тамақтың да қымбат болғаны дұрыс. Сапасы жоғары дүниенің бағасы арзан болмайды. № 10 кеңес. Тазартқыш құралды үнемдеңіз Түрлі тазартқыш ұнтақтар мен еден жууға арналған арнайы сұйықтықтардың бағасы көкке шарықтап тұр. Кейбір фирмалар арнайы концентраттар өндіреді. Олардың бағасы қымбат болғанымен, ұзақ мерзімге жетеді және аз шығындалады. Бағасын көре сала теріс айналмай, қызмет ету мерзімін есептеп көріңіз. Осы кеңестерді өмірде қолданып жүрсеңіз, көп ұзамай ақшаңыздың демалысқа шығуға да жаңа ұялы телефон алуға да жеткілікті екенін байқайсыз. Осылайша сіз өз бюджетіңізді жоспарлауды үйренесіз. Отбасылық бюджетті үнемдеу – қарапайым әйелді нағыз ханшайымға айналдыра алатын, керемет өнер. |
Бейнесюжетті тамашалайды
Түсінік қалыптастырады.
Мамандар кеңесін тыңдайды. |
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Болашақта үнемдеу схемасын құруға ниет бар ма? |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Тіршілік қауіпсіздігі. |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Табиғаттағы, қауіпсіздік |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Табиғатты аялауға,қорғауға, табиғат әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Миға шабуыл ТБАИАҒТАҒЫТ СҚАІПКУІЗД -Қауіп деген
не? Төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер Теледидар,радио.... Катаклизм түрлері.... Табиғи /цунами,жер сілкінісі,дауыл..../,техногендік /көлік апаты,жарылыс, өрт,,,/, экологиялық /түрлі жарылыстар, вулкан, ракеталардың құлауы..../ Су тасқыны кезіндегі әрекет..... Жер сілкінісі кезінде қорғану әрекеттері..... Өрттен сақтану...... Есіңде болсын.....
Өрт сөндіру бөлімінің телефоны 101 Полиция телефоны 102 Жедел медициналық көмегінің телефоны 103 Төтенше жағдайлардың алдын алу телефоны 112 |
Оқушылар әріптерді орнына қойып,бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарады. Оқушылар толық мағлұмат алады. |
Интербелсенді тақта
http://youtube.com/watch?v=qBJUBxYe1xQ
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Тіршілік қауіпсіздігі. |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Техниканы қауіпсіз пайдалану |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Техника қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде қолдана білуді үйрету. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Миға шабуыл Қауіпсіздік ережесі не үшін сақталады? Егер оқыс жағдайда қандай көмек бересіздер?
Өрт қауіпсіздігі бойынша тест
Өрт шығып жатқанын көрсен қандай іс-әрекет жасайсын? А) «101» нөміріне қоңырау соғамын -1 Б) Көмекке шақырамын- 2 В) Ешкімге айтпай, қашып кетемін- 1
Егер бөлменін іші ащы түтін болса ? А) Есікті жаппай, терезені ашамын -0 Б) Шығып кетемін -0 В) Аузымды және мұрнымды суланған орамалмен жауып, еденге жабыса есікке қарай жылжып шығамын- 3
Электр сымы өртенсе ше? А) Су құямын -0 Б) Үлкендерді көмекке шақырамын- 3
Үстіңдегі киім өртенсе ше? А) Жүгірем, үстімдегі киімді шешуге тырысамын – 0 Б) Тоқтаймын, жерге домалаймын өртті сөндіру үшін -3 В) Көрпеге оранамын -2
Егер, тамақ әзірлеген уақытта тападағы май жанса? А) Суланған орамалды жабамын -3 Б) Су құямын -0 В) Тапаны далаға шығаруға тырысамын -0
Егер, өрт басталған кезде сен 5-ші қабатта болсан не істейсің ,телефон жоқ? А) Су шүберектермен есіктің тесіктерін бекітіп, терезеден көмекке шақырамын -3 Б) Шүберектерден арқан жасап терезеден төмен түсемін -1 В) Көмекке шақырамын -1
Өте қызық бағдарлама көріп отырғанда, теледидардың артынан түтін шықса, не істеуін керек?
А) Бағдарламаны көремін- 0 Б) Үлкендерді көмекке шақырамын -2 В) Телидидарды сөндіріп, өрт сөндірушілерге хабарлаймын -3 Электр құралдарын пайдаланған кезде біз қандай техника қауіпсіздік ережелерін білуіміз керек? -Ақауларды ажыратқыштарды,розеткаларды мен патрондарды қолдануға болмайды. -Электр сымдарына мөлшерден тыс салмақтың түсуіне,жоғары қуатты электр құралдарын бір розеткаға қосуға болмайды. -Ашық тұрған сымдарды ұстауға болмайды,себебі ток ұруы мүмкін. -Электр құралдарын қосып,қараусыз қалдыруға болмайды. |
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді. |
Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта
http://youtube.com/watch?v=UjiIs6ZTWxk
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды....
|
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
|||
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Тіршілік қауіпсіздігі. |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Мен не жеймін? Азық-түлік қауіпсіздігі. |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Жалпы тақырып жайында түсінік беру, оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу.
-Пайдалы әрі пайдасыз тағам түрлерін атаңдар.... -Сенің күнделікті жейтін тағамын...
Азық-түлік қауіпсіздігі - қазіргі таңда дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына айналып отырған мәселелердің бірі және бұл еліміздің Ұлттық қауіпсіздігінің негізгі салаларының бірі болғандықтан ерекше маңыздылыққа ие. 1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы Заңында азық-түлік қауіпсіздігіне мынадай анықтама берілген: «азық-түлік қауіпсіздігі – тұтынудың физиологиялық нормаларын және демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін білдіретін экономиканың жай-күйі». Қазіргі уақытта Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірушілер ретіндегі ішкі қатерлерге төмендегілер жатады: - егін алқаптарының қысқаруы және астық жинаудың төмендеуі; - ауыл шаруашылық малдарының қысқаруы; - ауыл шаруашылық өнімін сақтау және өңдеу салаларының дамымағандығы; - ауыл шаруашылық өндірушілеріне несиелеудің тиімді механизмінің болмауы; - жер ресурстарының тозуы, топырақтың құнарлығының төмендеуі және тұздануы; - импорттық азық-түлік пен ауылшаруашылық технологияларына тәуелділіктің өсуі; - табиғи апаттарға: жер сілкінісі, қуаңшылық, су тасқыны және т.б. жағдайларға дайындықтың болмауы; - агроном кадрларды дайындау сапасының төмендігі; - ауыл жастарының қалаға массалық ағылуы, бұл ауылдың демографиялық дағдарысына алып келеді. Азық-түлік қауіпсіздігінің үш деңгейі бар. Біріншіден, әр мемлекетте қолжетімділік болуы тиіс, яғни өнім мемлекеттің өзінде өндірілуі керек немесе ондай жағдай болмаса шетелден әкелінуі қажет. Екіншіден, азық-түлікті халықтың сатып алуға мүмкіншілігі болуы керек. Басқаша айтқанда, азаматтың өз қаражатына азық-түлік қоржынын нарықтық бағамен алуға шамасы келуі тиіс. Ал үшінші деңгейде азық-түлік сапасы жоғары болуы қажет.
|
Оқушылармен ой -толғау Азық-түлік қауіпсіздігімен танысады. |
Презентация
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды....
|
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Экологиялық мәдениет |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Менің өлкемнің, елімнің экологиясы |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
«Табиғатпен бірлікте қалай өмір сүру керек» тақырыбында ой қозғайды. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу.
Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен ұтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды. Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді. Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Жоғарыда айтылған қасіреттерді болдырмау үшін «Табиғатым- тал бесігім» деп дана халқым айтқандай өзіміздің туған өлкеміздің табиғатын қорғап, ластамау біздің парызымыз. «Табиғатпен бірлікте қалай өмір сүру керек» |
Оқушылар бейнесюжетпен танысады.
Оқушылар осы тақырыпта эссе жазады. |
http://youtube.com/watch?v=zw8Afy-jIlU
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Экологиялық мәдениет |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Табиғатпен үйлесімділік |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға табиғатты аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Тыныштық сәті. «Орманға серуен». Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз.Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!Рахмет. « Табиғат тазалығы - адамзат амандығы» Халық даналығы Сұрақтар: 1. Табиғат тазалығын қалай сақтау керек? 2. «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз? Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. «Күн, су, жер, өсімдіктің адамға қандай пайдасы және адамның оған тигізер пайдасы» |
Оқушылар мұғалімді тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді |
Аудио музыка
Интербелсенді тақта |
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
|||||
Бөлімі |
Парасаттылық және әдеп |
|||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Кіріспе. Жаһандық құзіреттілік деген не? |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Термин сөздермен таныстыра отырып,Жаһандық сөзінің мағынасын ашу. |
|||||
Сабақтың барысы: |
||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. Жаһандық құзыреттілік – бұл белгілі бір нақты дағдылар емес, басқа мәдени ортаға жататын адамдармен тікелей немесе виртуалды әрекеттестік барысында және жекелеген тұлғалардың қатысуымен жаһандық проблемаларды шешуде (яғни, адамның қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін, ұлттық шекаралары жоқ проблемаларды түсінуін талап ететін жағдайларда) табысты қолданылатын білімнің, дағдылар мен көзқарастардың, қарым-қатынастар мен құндылықтардың жиынтығы. Курстың юниттері |
Оқушылар жаһандану сөзіне талдау жасайды.
Жалпы жаһандану мәселелеріне тоқталады.
Курс юниттеріне толық мағлұмат береді. |
http://youtube.com/watch?v=QVb8EpkD7yo
Презентация |
|||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Жалпы Жаһандық сөзінің мағынасы қандай? -Қандай жаһандық проблемалар бар екен?
|
|
Кері байланыс тақтайшасы |
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Парасаттылық және әдеп |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Махаббат мәдениеті |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Махаббат туралы түсінік бере отырып, сүюге үйрету, махаббатты тануға үйрету, бақытты болуға үйрету, өзіңді – өзің құрметтей білуге үйрету, адам баласының бойындағы қасиетке үйрету. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы |
Амандасу. «Бәрінің бастауы махаббат» Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі. Махаббат – күшті мен керемет сезім. Отанға, өз үйіне, ата-аналарына, айналадағы дүниеге махаббат болады. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Дәл ол бұл әлемді мейірімдірек пен жарыктау жасайды. Махаббат пен құрмет - адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары. Осы ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы .Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды. Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған. Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі ,өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім. Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі. Ешбір геометриямен Өлшенбейтін көлемі Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері Ғашық болу келсе кімнің қолынан, әлем соған сенеді Құлай сүю- ерлікпен тең себебі! -деп Мұхтар ағамыз айтқандай.
Махаббат - бүкіл әлемді
ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді. Сезімдік — сұлулыққа сұқтанатын Махабаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп аталады. Махаббат деген – кіршіксіз ақ орамал, кестелеп ою тоқылған Махаббат деген – жас қайың, жерге көлеңке түсірген Махаббат деген – таза бұлақ, ешкімнің қолы тимеген Махаббат деген – асыл сөз, айтуға мұрша бергізген Махаббат деген – қыз бен жігіт, сезімдерін білдірген Махаббат деген – шын сезім, жүрекке әмір жүргізген Махаббат деген – жүрек, сезімді толық билеген. Махаббаттың 25-ке тарта түрі бар.Аталған махаббаттардығ қайсысы сіздің бойыңызда бар? -Ананың махаббаты... Әкенің махаббаты... -Бауырға махаббат -Отанға деген махаббат -Достыққа махаббат -Өмірге махаббат -Табиғатқа махаббат........ Екі топқа тақырыптық байқау...Тірек сигналдары арқылы өлең шумағын құрастыру немесе эссе жазу. 1 топқа. Армансыз адам болмайды,қиялым,үмітімді үзбедім,іздей-іздей шаршадым. 2 топқа. Сұлу сұлу емес,сүйген сұлу,адам құдіреті,лаулаған сезім,ғашық болып.... |
Нақыл сөзге түсініктеме береді.
Оқушылар пікірі
Оқушылар тапсырманы орындайды. |
Интербелсенді тақта
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Тіршілік қауіпсіздігі. |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Елің үшін еңбек қыл, отыра берме бекерге» (Дулат Бабатайұлы) |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Ақын шығармашылығының тәрбиелік мәнін ұғыну. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығы
СҮЛЕЙМЕНГЕ ...Күні өтіп, айы асқан, Енді қазақ ел болмас. Дәрігері дарын болса да, Ауруына ем қонбас. Мүйіздескен сиырдай, Байласаң, басжіп жетер ме? Еңбегің – еш, тұзың – сор, Қайратың селге кетер ме? Толқынды теңіз заманнан Сенімді кеме болмаса, Желқайықпен өтер ме?! Елің үшін еңбек қыл, Отыра берме бекерге. Көмбеге таяп қалғанда, Жүйрікке керек көтерме
«Сүлейменге» – алғаш рет «Өсиетнама» жинағында жарық көрген өлең. 2003 жылы шыққан жинақта жарияланған өлең мәтіні негізінде беріліп отыр. Сүлеймен – ХІХ ғасырда өмір сүрген ел билеушісі. Төре тұқымынан |
Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысады.
Өлең шумағын тыңдайды. |
https://www.youtube.com/watch?v=fu7lBoA3b7o
https://www.youtube.com/watch?v=1uITvnwXJhg
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Парасаттылық және әдеп |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» (Бұқар жырау) |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Жырау шығармашылығынан мағлұмат беру. Дос сөзінің қадір қасиетін білдіру. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Әкесі баласына достарының шынайы дос еместіктерін қанша айтып жүрсе де, баласы онымен келіспей «Сіз оларды білмейсіз – олар менің шын достарым» деп үнемі қарсылық көрсетеді. Бір күні әкесі: «Олай болса достарыңды сынап көрелік. Бір қойды сойып, оны бөлшекте дағы, қан-қан күйінше етті бір қапқа салып кел» – дейді. Бозбала айтқанды жасайды. «Енді», – дейді әкесі – «осы қапты алып достарыңа бар да «біреуді өлтірдім, сүйегі мына қапта… маған көмектес», – деп сұра. Достарыңның саған адал болғанын, болмағанын сонда көресің», – дейді. Бозбала бір досының үйіне барады да, біреуді өлтіріп қойдым деп, одан өлікті тығуға көмектесуін сұрайды. Бірақ досы келіспейді. «Менен алыс жүр!» бәледен аулақ деп есігі алдынан қуып жібереді. Тағы бір досына барса, ол да көмектеспей қайтарып жібереді. Басқалары да солай. Көңілі түсіп әкесінің алдына келеді. «Айтқаныңыз рас екен. Шын дос емес екен олар маған. Ешбірі көмектескісі келмеді», – дейді ол мұңая. Әкесі «Айттым ғой, саған», – деп, енді пәлен жерде тұратын, пәленше деген кісіге сәлемімді айтып бар да, достарыңнан сұрағанды одан да сұра дейді. Бозбала айтылған жерге барып, әкесінің досына жолығады. Әкесінің сәлемін айтып, «Біреуді өлтіріп қойдым, әкем сізді маған көмектеседі деп айтқан», – дейді. Әкесінің досы дереу оны үйге кіргізіп, өзі үйдің артқы бақшасынан бір ор қазады. Қапты сол орға көміп, үстінен қызғалдақтарды егіп тастайды. Бозбала үйге қайтып келіп әкесіне досының көмектескенін, қапты бақшасына көміп, үстінен қызғалдақ еккенін айтып береді. Бұл жолы әкесі: «Енді сол досыма қайтып бар да, ел-жұрттың алдында бүлік шығарып, оны мазала», – дейді. Баласы таң қалады, бірақ әкесінің айтқанын орындайды. Қайтып барып әкенің досына түрлі жаман сөз айтып, ел-жұрттың алдында бүлік шығарады. Сонда да ол кісі балаға: «Әкеңе сәлем айт. Мен бір боғауыз сөз үшін қызғалдақтары бар бақшамды қопаратын адам емеспін», – дейді. Әңгіме не жайында? Дос,достық дегенді қалай түсінесің?
Ал енді Бұхар жыраудың осы достық жайында не айтқанын тыңдайық. Жал-құйрығы қаба деп Жал-құйрығы қаба деп, Жабыдан айғыр салмаңыз! Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз! Жабыдан айғыр салсаңыз, Жауға мінер ат тумас. Жаман қатын алсаңыз, Топқа кірер ұл тумас. Жаман қатын алғаның – Төркініне бата алмай, Төсегіне жата алмай, Тең құрбысы келгенде, Оңды жауап қата алмай, Жалғанда қор болғаның. Таудан аққан тас бұлақ, Тасыса, құяр теңізге. Қанша малы көп болса, Бай қуанар егізге. Жаманнан жақсы туса, Жақсыдан жаман туса, Тартпай қоймас негізге. Жар басына қонбаңыз Жар басына қонбаңыз, Дауыл соқса, үй кетер. Жатқа тізгін берсеңіз, Жаламенен бас кетер. Жаманмен жолдас болсаңыз, Көрінгенге күлкі етер. Жақсымен жолдас болсаңыз, Айырылмасқа серт етер. Ит жүгіртіп, құс салсаң, Киген тоның түлкі етер. Сыпайы сырын білдірмес, Ақырын ғана бүлк етер.
«Досыңызды кафеге шақырыңыз» рөлдік ойыны |
Оқушылар әңгімені тыңдайды. Жалпы өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар ойы.
Оқушылар рөлдерді сомдайды. |
https://www.youtube.com/watch?v=1QeW91CZtgE
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Азаматтық және патриотизм |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Толеранттылық деген не? |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Жалпы мағлұмат беру. Адам қарым- қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу.
— Толеранттылық дегеніміз не деп ойлайсыздар? — Осыған дейін толеранттылық деген сөзді қайдан естідіңіздер? Ендеше мен сіздерге толеранттылық деген сөздің мағынасын білдіретін сөздерді табуды ұсынамын. Керекті сөздер: Бірлік, татулық, шаңырақ, тыныштық, татулық, тұрақтылық, бейбітшілік, мерейтой, халық, ел , тағдыр, бауыр, болашақ, ынтымақтастық, патриотизм, этнос, жанжал, реформа, үйлесімділік, шыдамдылық, мәдени мұра, сенімділік, қамқорлық, төзімділік, еркіндік достық, сабырлық, агрессия, өшпенділік, ашу, адал, мейірімді, шыншыл қайырымды, ұқыпты. жанашыр. қамқор. түсіністік, сыйластық.
«Толеранттылық»
Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia — шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-. құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді. Толеранттылық -халықаралық қолданыстағы термин. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы «Толеранттылық қағидаттары» туралы декларация қабылдады. Толеранттылық мәні қазақ тілінде тіпті терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді. Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді. Толеранттылықтың негізгі маңызы — әр мемлекеттегі ұлтаралық қатынастардың қауіпсіздігі болып табылады. Ұлттық толеранттылық- біздің жалпы тарихи — мәдени кеңістігімізді қоғамда топтастыратын белгілі фактор. Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды. Қабан жырау Асанұлы өсиет өлеңдерінде: -Бақыт қайда барасың? -Соғысқа құмар ойы жоқ, Ұлан-асыр тойы көп, Бейбіт елге барамын! -Бақыт қайда барасың? -Көршімен болған бірлігі, Тағат, ғибадат тірлігі, Ұйымшыл елге барамын!-деп, өрелі жұртты өрге сүйрейтін негізгі құндылық бейбітшілік пен бірлік екенін еске салады. Бүгінгі таңда толеранттылық — қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі қағидатына айналуда. «Төлерантты адам» тезистерін құрастырайық. Ø Толеранттылық- жеке қасиет. Ø Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам. Ø Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісе алатын , оны түсіне білетін адам. Ø Абсолютті толерантты немесе толерантсыз адам болмайды. Мына бір аңызға тоқталайық «Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан…. » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!
|
Әр топ алдына сөздер таратылады. Соның ішінен тауып тақтаға жапсырады.
Бейнесюжетті тамашалайды.
Тақырып жайлы ой қозғау.
Аңыз жайында оқушылар пікір білідіреді. |
https://www.youtube.com/watch?v=e6_Z5e9nLX0
Интербелсенді тақта |
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Азаматтық және патриотизм |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Біз – біртұтас халықпыз! |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Оқушыларға сурет көрсетіледі.
-Жалпы қандай құндылық түрлері бар еді? Дүниеде өзара сенім мен ынтымақтастық негізінде шешуге болмайтын проблемалар жоқ екеніне сенімдімін. Мұны ұғыну үміт ұялатып, болашаққа деген сенімді нығайтады. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
Тұңғыш Елбасымыз Н. Назарбаев
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір
тағдыр»! деп сөйлеген
сөзінде:
Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі бауырмал қазақ елі! Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен. Әлеуметтік жоба
|
Суреттен не байқадыңдар?
Достық,татулық құндылығы жайлы ой пікір.
Оқушылар әлеуметтік жоба құрастырады. |
https://www.youtube.com/watch?v=NP3ZANBrL8
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
|||||
Бөлімі |
Азаматтық және патриотизм |
|||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Отанға арналады |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Челендж сөзінің мағынасын ашу. Отанын сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу. |
|||||
Сабақтың барысы: |
||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы |
Амандасу. Челлендж - интернет-роликтер жанрының бір түрі. Онда блогер бейнекамерада тапсырманы орындап, оны желіге орналастырады, содан кейін бұл тапсырманы досына немесе қолданушылардың барлығына қайталауды ұсынады. Челлендж сөзінің өзі әдетте «шақыру жіберу» тіркесінің аясында «шақыру» деп аударылады.
Сара Тоқтамысовадан еліміздің егеменді ел болған күніне арнау.
«Отанға арналады» челенджі
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
Челендж сөзіне түсініктеме беру.
Арнауды тыңдайды.
Челендж ұйымдастыру |
https://www.youtube.com/watch?v=HtRh6h0GEiE
Кері байланыс тақтайшасы |
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Азаматтық және патриотизм |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Елім деп соққан жүрегім! |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. «Өз елім» әні
Әңгімелесу «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі? Туған жер – адамзаттың, кең дүниені есігін ашып, өмірге келген, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен. Туған ел – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» – дегендей әркімнің өзінің туған жері, елі, атамекені Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры не деп ойлайсыңдар? Отанға деген сүйіспеншіліктің түп-тамыры сыйластық, татулық, бауырмалдық, бірлікте болады.Отанды, туған жерді сүю адам өміріндегі ең бағалы құндылық. Өзіңнің кіндік қаның тамып, туып өскен жерің. Жерін басып, суын татып ер жеттік. Сондықтан да елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры деп ойлаймын. Ш.Айтматов айтпақшы, Туған жер, атамекен әр адамның тағдыры. Одан алғангыңды жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю, өз еліңе байланыпи қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу. Оқушылар шығармашылығы |
Оқушылар әнді тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді. |
https://www.youtube.com/watch?v=KVtJdoaLwuo
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Бейнехостинг (YouTube) |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Хостинг сөзіне түсініктеме беру. Шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу.
ХОСТИНГ ОЛ Сіздің сайтыңыздың интернеттегі орны, яғни сайтыңыздағы материалдардың сақталатын жері. Олар арнайы серверлерде сақталып, ол информацияның қауіпсіздігін хостинг беруші компания қамтамасыз етеді. Ақысын ай сайын немесе жылына бір рет төлейсіз. Хостинг пен қатар домен сөзін де естіген шығарсыз, бұл екеуі әдетте қатар жүреді. Домен ол сіздің сайтыңыздың атауы. Яғни сайтыңыздың атын тіркеуден өткізіп, бұл үшін де жылына бір рет ақшасын төлейсіз. Қазір көптеген хостинг компаниялары 12 айға хостинг ақысын төлесеңіз доменіңізді тегін тіркеп береді. Техникалық емес қарапайым тілде түсіндіріп көрейін. Мысалы сіз бір дүкен немесе бутик ашқыңыз келеді. Ашу үшін алдымен орын керек, яғни бір сауда орталығынан арендаға жер аласыз. Сол жер үшін ай сайын немесе жылына бір рет ақысын төлейсіз. Өйткені ол сіздің жұмыс орныңыз немесе заттарыңыз тұратын, сақталатын жер. Ол жердің үлкен бола ма кішкентай бола ма көлемін өзіңіз анықтап алып сәйкесінше жер іздейсіз. Егер болашақта сыймай бара жатса, кеңейту жолдарын іздейсіз. Хостинг те дәл сондай. Сіздің сайтыңыздың интернеттегі орны, яғни сайтыңыздағы материалдардың сақталатын жері. Олар арнайы серверлерде сақталып, ол информацияның қауіпсіздігін хостинг беруші компания қамтамасыз етеді.
Шығармашылық жұмыс
|
Оқушылар жалпы түсініктеме алады. |
https://www.youtube.com/watch?v=jDIlnDkRBw8
Презентация
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Прокрастинация |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Мағынасын ашу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу.
ПрокрастинацияАл мына суреттен нені байқадыңдар?
Психологияда прокрастинация дейтін термин бар. Мағынасы – істі кейінге қалдыра салу әдеті, содан туған психологиялық шаршау. Адамның психикасы нәпсіге ауыр кез келген нәрседен қашуға бейім. Сондықтан ауыр істің бәрін кейінге қалдыруға тырысады. Әйтеуір сылтау табуға дайын тұратынымыз содан. Осыны прокрастинация дейді. Бірақ прокрастинацияның асқынғаны түрі кәдімгідей психологиялық дертке әкеледі. Оған шалдыққандарды прокрастинатор дейді. Прокрастинатордың ерекшелігі сонда – еріншек күшін үнемдеуге тырысып, артық жұмыстан қашса, прокрастинатор болса энергия үнемдеудің не екенін білмейді. Қазір істелуі тиіс істі уақытында орындамай, басқа нәрсемен айналысып жүре береді. Яғни, тыным жоқ, мазасыз келеді. Істі істеудің орнына әлеуметтік желіні шарлап, ғаламтор ақтарып кетуі мүмкін. Егер прокрастинация күнде болып, бірнеше сағат уақыт босқа кетсе, бұл адамның әлеуметтік жағдайына да, психологиялық жай-күйіне де зиянын тигізеді. Зерттеуге сүйенсек, мұндай адамның жалақысы аз, уайымнан денсаулығы нашар болады екен.
Жалқаудан айырмасы Еріншек адам мен прокрастинацияға бейім адамның айырмасы көп. Бір айырмашылығын жоғарыда айттық. Еріншек адам – бір нәрсе істеуден мүлдем қашатын, қолын қимылдатуды қаламайтын жан. Ал прократинация – шаруаны бастаудан тартынатын адам. Біріншісі мүлдем істегісі келмесе, екіншісі істеуге жасқанатындар. Мәселен бір жобаны істеу керек дейік. Еріншек адам жауапкершілік арқалаудан қашып, оны істемеймін деп бірден бас тартады. Ал прократинатор жауапкершіліктен қашпайды, бірақ істі бастап кетуге де бармайды. Стартты ақырын алады. Мұндай адам жобаны кейін жүріп алуы мүмкін. Яғни, бұл жерде айырмашылық ниетте. Жалқау қосымша істі мүлде істегісі келмейді, оның мәніне бармайды. Ал екіншісі "істей аламын, бірақ істегім келмейді" деген ойда жүреді. Бір сөзбен айтқанда, прокрастинация – демалмай жұмыс істеу әрі істі де бітірмеу.
Прокрастинацияның себептері Мұның себептері қарапайым. Созылмалы дертке айналмаса, себебін табу оңай.
Келесідей себептері болуы мүмкін: - Шешім қабылдай алмау; - Ішкі мотивацияның болмауы; - Жоспарлай алмау; - Қорқыныш пен үрей; - Перфекционизм; - Соңында істей саламын деген жалған сенім. Кейде адамның арман-мақсаты болмауы мүмкін. Өмірлік мақсаты жоқ адамның бір нәрсені істеуге де ішкі сенімі жетпейді. Фобия жетістігі мен жеңісін тұмшалап тастауы мүмкін. Ал перфекционист адам істі үтір-нүктесіне дейін идеал орындауға тырысады. Сол себепті бастап кетуге батпай немесе жібі түзу жолды іздеп, біраз жүріп қалуы мүмкін. Негізі бұл да адамды күйзеліске әкеледі. Арылу жолдары Жоспарлау
Жұмысты соңына қалдырмас үшін графикті дұрыс жасап алған абзал. Ең дұрысы жоспарлаған кезде, позитивті жағына басымырақ мән беріңіз. Жоспарлаудың мұндай түрі Нейл Фьроның 1988 жылы жазылған кітабында біршама айтылған. Оның жазғандарын бүгінге де қолдануға әбден болады.
Ақырын жүріп, анық бас
Адамның істі кейінгі ысыруының бірден-бір себебі – тапсырманың ауырлығы. Сондықтан оқжетпеске қол созбай, шағын, қарапайым деңгейден бастау керек. Істер іс жай, жеңіл болса, оны істеу де оңай. Мәселен, кешке ағылшын тілін оқу керек болса, бүгін ағылшын тілді кітаптың 1-2 бетін оқимын деп жоспар қойыңыз. Оны орындау жеңіл шығар.
Маңай тап-таза болсын
Істі бастарда, көңіл аударар, кедергі келтірер нәрселерді, дүниелерді алып тастаңыз. Мәселен, жұмыс істеп жатқан смартфонның біршама зияны бар. Хабарламаға жауап беремін деп, басқа нәрсеге көңіл ауып кетеді. Содан концентрация бұзылады. Ал бұл істі істеуге деген ниетті қашырып жіберуі мүмкін.
15 минут
Психологияда 15 минут ережесі бар. Яғни, бір сағат жұмыс істеп, 15 минут тынығып алу. Сағат сайын кеткен 15 минутым-ай деп қам жемеңіз. Сол 15 минутқа психологиялық түрде пайдалы болар, шаршағанды басар дүниені істеп қалған абзал. Мәселен, серуендеу, телефонмен сөйлесу.
Процестен ләззат алу
Бір істі бастауға желкеңіз кері тартып, қол жүрмесе, позитивті амалдар қолданып көруге болады. Яғни, істің пайдалы бір тұсын тапқан дұрыс. Немесе шаруаны позитивті бір нәрсемен ұштастырыңыз.
Үйді жуғыңыз келмей ме, онда спортпен байланыстырып қимыл жасап, осы уақытты пайдалы нәрсеге арнауға болады.
Шаруаның нәтижесіне емес, процесіне мән беру арқылы да оңды тұсын табуға болар. |
Бұл сөз сендерге таныс па?
Жалпы түсінік алу |
https://www.youtube.com/watch?v=_cdAI68clnI
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Отбасылық табыс. |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Отбасы бюджетін үнемдеу жолдарын анықтайды. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Миға шабуыл -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Отбасы бюджеті дегеніміз -әрбір отбасының кірісі мен шығысы есептеліп жасалған қаржылық жоспар. Отбасы бюджеті: Кірістер Зейнетақы,айлық жалақы,жәрдемақы,үкіметтен алған сыйақылар,шәкіртақы..... Отбасы бюджеті: Шығыстар Ақша,киім-кешектер,жиһаздар, қажетті техникалық құралдар,азық-түліктер.... Ақшаны үнемдеудің ең тиімді тәсілі- жоспарлау. № 1 кеңес. Шығыс пен кірісті жоспарлаңыз Ескерерлік жайт, кейбір адамдар өздерінің табыстарының нақты сомасын білмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда отбасылық бюджетті қалай үнемдемекпіз? № 2 кеңес. Несиеге «жол жоқ» Қаржы кеңесшілерінің айтуы бойынша, егер несиеге алынатын зат оны төлеу уақытынан ұзақ қызмет ететін болса, ары қарай табыс табуға септігін тигізетін болса, несие алған дұрыс. Мәселен, кәсіпкерлікті кеңейту үшін несие алуға әбден болады. Ал басқа мақсатта алынған несие – адамның өз ақшасын тиімді басқара алмайтынының көрсеткіші. Егер, Сіз, бүгін бір затты алу үшін ақша жинай бастамасаңыз, кейін мүлде қиналып қалуыңыз мүмкін. № 3 Ақшаңызды жинаңыз Отбасылық бюджетті үнемдеу үшін, ай сайынғы табысыңыздың 10%-ын жинақтауға кеңес береміз. Бұл сома айтарлықтай көзге көрінбегенімен, кейін қомақты қаржыға айналары сөзсіз. Қолыңызға күтпеген жерден ақша түссе, оны жұмсамай, жинақтаңыз немесе қарыздарыңыздан құтылып алыңыз. № 4 кеңес. Жоспарсыз сауда жасаңамыз Дүкенге барып, өзіңіз қатты қалап тұрған затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Осы оймен ұйықтап көріңіз. Таңертең оянғаныңызда бұл зат бұрынғыдай ерекше әрі сатып алуға тұрмайтындай көрінуі мүмкін. Мұндай «қажетті» заттарға: опа-далап, арзан аяқ-киім, ұсқынсыз жемпірлер мен жеңілдікпен алынған техниканы жатқызуға болады. Аталған заттар тек бір күндік қуаныш әкелуі мүмкін. Одан да қымбат әрі сапалы дүние алғаныңыз артық. Олар сізге ұзақ уақыт қызмет ете алады. № 5 кеңес. Дүкенге жұмыс күндері барыңыз Ұзақ мерзімді картоп, макарон, қант, жарма сынды тауарларды көтерме саудада үлкен қапшықтармен сатып алыңыз. Осылайша сіз ақшаңызды ғана емес, уақытыңызды да үнемдейсіз. Әркез сатып алуды қажет ететін нан, сүт өнімдерін дүңгіршектерден алған дұрыс. Үлкен дүкендердегі түрлі тауарлар мен науқандар көздің жауын алып, артық шығынға әкеліп соғуы мүмкін. № 6 кеңес. Тізімді қадағалаңыз Адам дүкенге барған кезде, міндетті түрде жарма, етті, сүтті өнімдермен қатар тәтті әрі зиянды өнімдерді де сатып алады. Тізімнің 30%-ын қытырлақ картоп, майлы жаңғақ сынды айтарлықтай қажеті жоқ тауарлар алады. № 7 кеңес. Ұсақ-түйекке жол бермеңіз Көше тамағы, шоколад, автоматтағы кофе, сағыз секілді ұсақ-түйектер отбасылық бюджетке жіті әсер етеді. Оның орнына кір жуғыш машинаны сатып алған әлде қайда арзан әрі тиімді. Мәселен жоғарыда атап өтілген тауарлардың бағасы арзан болғанымен, жинала келе қалтаңызды қағуы әбден мүмкін. Егер осы шығындарды жазып отырсаңыз, оны баяғыда байқаған боларсыз. № 8 кеңес. Үйде тамақтаныңыз Көпшілік сырттан тамақтанғанды ұнатады. Жол жөнекей коктейль ішіп, пицца жегіңіз кеп қалады. Салат пен бір стақан шырынды сатып алғаннан келіп кетер ештеңе жоқ секілді көрінеді. Десе де, жинала келе бір ай ішінде айтарлықтай шығын шығаруы мүмкін. Әрине, бюджетті қадағалаймын деп, мүлде өзіңізге шектеу қоймаңыз. Әрбір шығыныңыз алдын ала жоспарлансын. № 9 кеңес. Қымбат әрі сапалы заттар сатып алыңыз «Арзан дүние алатындай жағдайымыз керемет емес» деген сөз әлі күнге дейін өз күшін жойған жоқ. Жақсы әрі сапалы аяқ-киім ұзақ қызмет етері сөзсіз. Әр мезгіл сайын жөндетуді және ауыстыруды қажет етпейді. Нәтижесінде қымбат зат өз бағасын толығымен өтейді. Сонымен қатар киім, техника, косметика мен тамақтың да қымбат болғаны дұрыс. Сапасы жоғары дүниенің бағасы арзан болмайды. № 10 кеңес. Тазартқыш құралды үнемдеңіз Түрлі тазартқыш ұнтақтар мен еден жууға арналған арнайы сұйықтықтардың бағасы көкке шарықтап тұр. Кейбір фирмалар арнайы концентраттар өндіреді. Олардың бағасы қымбат болғанымен, ұзақ мерзімге жетеді және аз шығындалады. Бағасын көре сала теріс айналмай, қызмет ету мерзімін есептеп көріңіз. Осы кеңестерді өмірде қолданып жүрсеңіз, көп ұзамай ақшаңыздың демалысқа шығуға да жаңа ұялы телефон алуға да жеткілікті екенін байқайсыз. Осылайша сіз өз бюджетіңізді жоспарлауды үйренесіз. Отбасылық бюджетті үнемдеу – қарапайым әйелді нағыз ханшайымға айналдыра алатын, керемет өнер. |
Бейнесюжетті тамашалайды
Түсінік қалыптастырады.
Мамандар кеңесін тыңдайды. |
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Болашақта үнемдеу схемасын құруға ниет бар ма? |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Тіршілік қауіпсіздігі. |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ережелер мен заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік. |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу.
«Бала құқықтары»
«Қылмыс» деген сөзді қалай түсінесің?
Қосымша мәліметтер: Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14 ке толған, бірақ 18ге толмаған адамдар танылады (78-бап) Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері – 79-бап • Айыппұл : • Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ; • Қоғамдық жұмыстарға тарту ; • Түзеу жұмыстары ; • Бас бостандығын шектеу ; • Бас бостандығынан айыру ; Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады · Азамат 14 жастан бастап қылмыстың - кісі өлтіру (96 – бап) • Денсаулығына зиян келтіру – 103 бап • Тонау – 175 бап • Ұрлық – 178 бап • Бұзақылықтың ауыр түрін жасау - 179 бап • Мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жою – 187 бап • Қаруды, әскери оқ- дәріні ұстау – 255 бап • Адам ұрлау – 125 бап • Терроризм – 233 бап Жаза түрлері : • Айып салу • Құқықтан айыру • Қоғамдық жұмысқа тарту • Еңбекпен түзету жұмысы • Бас бостандығын шектеу • Тұтқындау • Әскери тәртіп бөлімінде ұстау • Бас бостандығынан айыру • Сотталушының мүлкін тәркілеу • Өлім жазасы Статистика көрсетіледі. «Сенің құқығың!» бөлімі ҚР Конституциядағы баптармен танысайық. «Әділет» тобы 14-бап 1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды. Бала құқығы конвенциясы «Әділет» тобы 1-бап Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 15-бап. 1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. |
Бейнероликті тамашалайды.
Постер құрастыру.
Ережелермен танысады. |
https://www.youtube.com/watch?v=RPiqH-z7I_g
Презентация
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Тіршілік қауіпсіздігі. |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Жеке басына қол сұқпаушылық құқығы |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Тақырып туралы түсінік беру. Өз ата заңын құрметтеуге тәрбиелеу. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу.
Бар екен де жоқ екен Ерте, ерте, ерте екен Ешкілері бөрте екен Қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен «Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы жалмауыз кемпір ұстап алып, баланың өміріне қауіп төндіреді, өлтірмекші болады. Бұл туралы Конвенцияда қандай құқық көрсетілген? Баланың құқығы бұзылды ма? (Ия, 37 бап азаптау жәнек бас бостандығынан айыру) Жеке басқа қол сұқпаушылық — азаматтардың конституциялық құқы мен бостандықтарының негізгі принципі. Ол туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында (12-бап, 2-тармақ.) “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” деп жазылған. Сондықтан азаматтарды заңда көрсетілген реттерде ғана соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Тұтқындалған адам заңсыз әрекет туралы сотқа шағымдануға құқылы. Прокурордың санкциясынсыз азаматтарды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана қамауда ұстауға болады. Қажетті жағдайда әр адамның білікті заң көмегін алуға құқысы бар. Әрбір адамның жеке өмірі, отбасының құпиясы, абыройы мен ар-намысы, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы алысқан хабарларының құпия сақталуы заңмен қорғалады. Сонымен бірге азаматтардың тұрғын үйіне заңсыз басып кіруге, тексеру, тінту жүргізуге жол берілмейді, ол үшін заң орындарының тиісті рұқсаты қажет. Тұрғын үйден айыруға сот шешімінсіз жол берілмейді. Адамдардың жеке басы мен өміріне қол сұғу әрекеттері азаматтардың конституциялық құқығын бұзу болып табылады, ол үшін айыпты деп табылған адам тиісті жауапкершілікке тартылады.
|
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Жеке басқа қол сұқпаушылық бойынша түсінік алады. |
Презентация |
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Тіршілік қауіпсіздігі. |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Алғашқы көмек көрсету ережесі |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға алғашқы көмек туралы түсінік беру. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Бейнесюжетте не жайында айтылған? Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру. АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ АЛГОРИТМІ Абдырап қалмай, алғашқы көмекті дұрыс көрсету үшін мына әрекеттер тізбегін сақтау маңызды:
Ол жағдайға байланысты мынадай болуы мүмкін: - тыныс алу жолдарының өтуін қалпына келтіру; - жүрек-өкпе реанимациясы; - қан кетуді тоқтату және басқа шаралар.
Жағдаяттар шешу
|
Бейнесюжетті талдау. Алғашқы көмек жайында түсінік алады.
Алғашқы көмек көрсету алгоритімімен танысады. |
https://www.youtube.com/watch?v=h8pmXpZo858
Презентация |
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Экологиялық мәдениет |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Табиғатқа деген сүйіспеншілік |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Балаларға қоршаған ортаға саналы, мейірімді көзбен қарауға, табиғат аясында ережелерді сақтауға, дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу, туған өлкесінің сұлулығына, табиғат тіршіліктеріне деген сүйіспеншілігін, махаббатын ояту. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Табиғат – біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөлдерін бөліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті — балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.
Экологиялық білім берудің басты міндеттері:
-өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру. -қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру. -қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру. -табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату. -адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдарымен жеткізу.
Ақпараттық буклет жасау
|
Тақырып жайында түсінік алады.
Оқушылар топқа бөлініп буклет жасайды немесе лэбпку жасайды. |
Презентация
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Экологиялық мәдениет |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Болашақта жер қандай болуы керек? |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. «Жер-Ана»
Табиғат, Жер - Ана, Отан, Туған жер, Атамекен
деген киелі сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім
ұялататын ұлы да қасиетті
ұғымдар. «Көгілдір қазына» дегеніміз не? Әрине тіршіліктің тірегі – су. «Су бар жерде өмір бар» деп ата - бабаларымыз текке айтпаса керек. Осы «Көгілдір қазына» деп аталатын өзендер мен көлдер адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған береке бастауы болып саналады. Ендеше,осы су жайында өз ойларыңды ортаға салсандар.
«Күн райын бақыла»
1. Шырыны ақ қайыңның көк түске
енсе,
«Жасыл желек» |
Шыңғыс Айтматовтың трагедиясынан үзінді тамашалайды. Жер-Ананың қадір,қасиеті туралы ой қозғайды.
Оқушылар пікір алмасады. Бұл бөлімде оқушылар ата - бабаларымыздың табиғат құбылыстарына қарап ауа - райын қалай болжағаны туралы мәлімет алады.
Оқушылар осы тақырыпта экологиялық жоспар құрады. |
http://youtube.com/watch?v=sT-8ZUp0YHo
Презентация |
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Білім беру ұйымы |
Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі |
||||||
Бөлімі |
Экологиялық мәдениет |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Акдаулетова С |
||||||
Күні: |
|
||||||
Сынып: |
8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Табиғи апаттар. Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік /2 сағат/ |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Табиғат апаттары туралы мағлұмат бере отырып,қоршаған ортаға зиян келтіру бойынша жауапгершілікті күшейту. |
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Амандасу. Табиғат апат Табиғи зілзала - бұл орын алған аумаққа айтарлықтай зиян келтіретін орасан зор күші бар жойқын құбылыс. Мұндай апат кезінде үлкен шығын келтіріледі. Олар мыналар болуы мүмкін: жер сілкінісі, цунами, көшкін, құрғақшылық, су тасқыны, торнадо, дауыл және т.б.
Табиғи апаттар - бұл адамның араласуынсыз болатын, өмірге және адамға кері әсер ететін оқиғалар. Көптеген жағдайларда адамдар техникалық ақаулардың, немқұрайлылықтың немесе жаман жоспарлардың салдары үшін жауап береді. Байланысты апаттарды тудыратын табиғи құбылыстардың түрлеріне сәйкес табиғи апаттардың себептері көп. Жалпы, табиғи апат болып табылады климаттық құбылыстар, геоморфологиялық процестер, биологиялық факторлар немесе кеңістіктік құбылыстар тудырған. Бұл құбылыстар шегіне жеткенде апат болып саналады. Климатқа байланысты табиғи апаттарға тропикалық циклондар, су тасқыны, құрғақшылық, дала өрттері, торнадо, ыстық және суық толқындар жатады. Екінші жағынан, бізде ғарыштық апаттар жиі кездеседі, олар метеориттер мен астероидтардың әсерінен әлдеқайда аз. «Экологиялық құқық бұзушылық» және «экологиялық зиян» ұғымдарын теориялық тұрғыдан терең зерттеу қажеттілігіне 80-ші жылдардың басында белгілі ғалым С.Б.Байсалов назар аударған. Қазақстандық құқықтық әдебиетте экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мәселелері бойынша жекелеген зерттеулер шығып, онда қаралып отырған мәселенің кейбір аспектілері өз шешімін тапты. Заң жобасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді. «Қазақстанның ұлттық саябақтары мен басқа да табиғи ресурстарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерінде қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті күшейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Заң жобасымен заңсыз ағаш кесудің тұрақты динамикасын ескере отырып, келесі көрсеткішті төмендету ұсынылады: елеулі залал 100-ден 50 АЕК-ке дейін, ірі залал 1000-нан 500 АЕК-ке дейін. Бұл ретте аса ірі залал көрсеткіші өзгеріссіз қалады және 2000 АЕК құрайды. Сондай-ақ, 324, 325, 326, 328, 329, 330 және 333-баптардағы «қоршаған ортаға келтірілген залал» ұғымының қылмыстық заңнамада құқықтық анықтамасы болмағандықтан, «залал» деген ұғыммен ауыстырылды», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова. |
Постер құрастыру
Жалпы түсініктеме алады.
Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік түрлерімен танысады. |
https://www.youtube.com/watch?v=mmQQSCeEI10
|
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... |
|
Кері байланыс тақтайшасы |
|
Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жаһандық құзіреттілік» таңдау курсының
Күнделікті сабақ жоспары
(7,8 сынып, Барлығы 36 сағат саны)
2022-2023 оқу жылы
Құрастырған:
музыка пәнінің мұғалімі
Акдаулетова С.Н.
Қарсақбай кенті

