![]()

Тәрбие сабағы: «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды».
Тәрбие сабағының мақсаты:Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу; Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру; Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой – өрісін дамыту; Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, альбомдар, нақыл сөздер, плакат, балалар суреттері.
Тәрбие сағатының барысы:
Әнұран.
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі:
1941 жылы маусымның 22- сінде гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады. Ел басына күн туып, әкелеріміз, апаларымыз, «Отан үшін!» деп небір қанды шайқастарға кірді. Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8 мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 – да бұрын – соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
I.Ұ/п.Псих.қ дай-дық
Еламан:
-Армысың, еңселі елім менің!
Дильназ:
-Армысың, бақ-дәулетті жерім менің!
Арнұр:
-Армысың,асқар тауым, көлім менің!
Нұрсұлтан:
-Армысың, ардақты ата, асыл әже!
Бектас:
-Армысың, қамқоршы, отбасының тірегі-әке!
Алмас:
Енді соғыс ешқашанда болмасын!
Елімізде тек тыныштық орнасын,
Елімізге қауіп-қатер төнбесін
Жеңіс оты мәңгі бақи сөнбесін!
Отқа түсті ержүректер ел үшін,
Халқымыз да қолдады елдің жемісін
Сол батырлар арқасында біз бүгін
Көріп жүрміз жарқын өмір жемісін
Іңкәр:
Атам отан қорғаған
Онда қорқақ болмаған
Алтын жұлдыз кеудеде
Нағыз батыр ол маған
Қосылған соң қатарға
Еңбек етем отанға
«Болмасаң да ұқсап бақ,
Деген абай атам да»
Сырым:
Біз ұрпағы- жауынгер аталардың,
Адал іспен алайық баталарын
Кещейік бейбіт күнді елімізбен
Бағындырып елу ел қатарларын.
Жеңіс күні, жеңіс күні кел еріп
Жеңіс күні аталардың ерлігі
Жеңіс күні қуанышы отанның
Мақтанышы батырлардың белгілі
Азамат:
Ару қыздар – алаулатып от кешкендер,
Сыздап тұр – ау әлі күн оқ тескен жер.
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар – алаулап от кешкендер.
Өлең:Отан
Жандияр:
Жанын беріп Отан үшін туылған
Өлу үшін бұл өмірге кім туған
Қорғау үшін туған жерін Отанын
Қан төгісіп қан майданға ұмтылған
Естіліп еді аталардың зор үні
Шарпығанда от жылдардың жасыны
45-тің 9-щы мамыры
Ақ түйенің жарылған күн қарыны
Асыл:
Ардагерлер, біз сіздермен биікпіз!
Ел қорғаған, бабаларды сүйіппіз
Басымызды тек сіздерге иіппіз,
Мәңгі бақи құрметтеуге тиіспіз.
Жау көргенде жауар бұлттай төнсек те,
Аңыз болған ерліктерге сенсек те
Қан кешкен сол бабалардың тағдыры
Ұрпақтарға Аллам енді көрсетпе.
Іңкәр:
Тілейтінім, адамзат,
Енді соғыс болмасын,
Соғыс ашса, кімде-кім
Қарғыс атсын, оңбасын
Қайғырмасын аналар,
Жыламасын балалар,
Аспанымыз ашық боп,
Қирамасын қалалар!
Алмас:
Сұрапыл бұл соғысты
Енді ешкім көрмесін,
Бейбітшілік төріне
Елім ,жұртым, ерлегім
Тәуелсіз менің елім де,
Береке-бірлік орнасын.
Жеңіс күні жыл сайын,
Салтанатпен тойлансын.
Өлең:Бейбітшілік сақталады.
Мағжан:
69 жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
69 жыл шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері 69 рет,
Ашылды жеңіс күннің парақтары
Аружан- Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым, Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын,.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын,
Кеше елге қатер төнгенде,
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды,
Ол кеудесімен қақты,
Сенің келешегің үшін берді ол,
Азаттық жолында аяғын.
Мұғалім: - Ия, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ертіс – Баян өңірін жайлаған біздің Павлодар облымыздың өзінен 46257 адам қатысқан. Ертіс жағалап, Баян тау бөктерін төңіректей қоныстанған елді мекендерімізден аттанған жауынгерлердің 22252 – сі майдан даласынан оралмады. 23 азамат Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды.Сондықтан осы жерлестеріміздің, Қ.Қайсенов, Т.Бигельдинов, Н.Әбдіров, Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, т.б. толып жатқан, аттары аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп құрметпен еске алайық. (1 минут үнсіздік)
Ардақ:
Айналайын әкем менің қорғаным,
Сіз арқылыл бақытты өмір орнады.
Сіз арқылы аман- есен ер жетіп,
Сіз арқылы білімді адам болғаным!
Эльмира:
Жақсы болу, бізге міндет, түсінем
Үлгі аламыз әкелердің ісінен
Алғысымыз арналады сіздерге
Балаларын әлпештеп-ақ өсірген
Мағжан.
Жаным әке- бәйтерегім саялы
Тамырланып жапырағын жаяды
Өзің барда еркелеймін өмірге
Арқасында алақаныңнын аялы.
Мадияр:
Арқа сүйер асқар тауым, әкешім
Саған балаң ьақыт ылғи әкелсін
Еңбек еткен бала үшін аянбай
Аман жүрші, айналайын әкешім
Аружан:
Жаным әке, сен мен үшін пірімсің
Айтылатын әсем әуен жырымсың
Өзің барда қысылмаймын қашанда
Мейірімді шуағымсың, күнімсің
Өлең: Әке туралы жыр.
Мұғалім: - Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әруақытта естерінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады.Біз олардың жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз, әр есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Балалар, Отанымызды сүйіп қастерлей білейік. Ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Ел жұртымыз аман, берекелі заман болсын. Жақсы оқып, тәрбиелі, Отанын сүйетін нағыз азамат пен азаматшалар болып өсіңдер.
Сонымен бірге 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен де ер азаматтарды құттықтаймыз.Осы мерекеде сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ашық аспан, құт – береке тілейміз.Аулымыздан жырақта Отан қорғау жолында жүрген балаларыңыз абыроймен елге оралсын. Барып келген балаларыңыз бейбіт күнде табысты еңбек етіп беделдері арта берсін. Балалар, осы сендер әкелеріңді неге теңейсіңдер?
Саялы бәйтерекке теңеймін
Байлығы мол жерге
Асқар тауға
Жайқалып өске гүлге
Жеміс берер ағашқа
Ашық аспанға
Жадыраған жазға
Нұрлы көктемге
Қыран құсқа
Биік шыңға
Жарық жұлдызға
Мөлдір көлге
Тамыры терең ағашқа теңеймін
Хормен: Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін,
Есен - аман болайық,
Енді соғыс болмасын.
Өртенбесін туған жер,
Өркендесін туған ел,
Шайқалмасын асқар бел,
Шайқалмасын шалқар көл!
Джапанова Гүлнұрдың орындауында домбырамен «Ата толғауы» күйі және қобызбен «Аққу» күйі.
Мұғалім: Осымен біздің мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
7-9 мамыр мерекелеріне байланысты "Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды"

шағым қалдыра аласыз