Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
7-9 СЫНЫПТАРДА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ордабасы ауданы, «Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
7-9 сЫНЫПТАРДА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Көктөбе елді мекені
«Бекітемін»
Мектеп директоры: М.Накипов
«Келісемін»
Аудандық білім
бөлімінің әдіскері: С.Реңдібаева
Авторы: «Математика» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдардың магистрі, математика пән мұғалімі Зұлпыхар Мұхан Ерғалиұлы
Пәні: математика
Тақырыбы: Сынаптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Сыныбы: 7 -8 - 9 сыныптар
Бағыты: Жаратылыстану – математикалық бағыты
Кіріспе
Мектепте математика пәнін оқытудың негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістерді жүйелі түрде пайдаланып оқушыларға тұлғалық-бағдарлы білім беру, оқушының логикалық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен танымдық іс-әрекетінің белсенділігін қалыптастыру, шығармашылық ізденістерге баулу, өз бетімен үздіксіз білім алу дағдыларын дамыту болып отыр. Соңғы жылдары елімізде білім беруді дамыту, оны халықаралық деңгейге жеткізу тұрғысында нақтылы қадамдар жасауда. Оның басты бағыты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «білім беру жүйесінің міндеттері –ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқушылардың шығармашылық рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауаттық өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту; белсенді азаматтық ұстаным бар жеке адамды тәрбиелеу; оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану». Оқушылардың бағдарламалық білімін толықтыру, пәнге, ғылымға қызығушылығын ояту. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, қиялын, ой өрісін ұштау.
Жұмыстың өзектілігі: Мектеп математикасы бағдарламасында қарастырылған білімдерді игерту мен дағдыларды қалыптастыру жұмыстарымен математиканы оқытудың мақсат-міндеттері бірден жүзеге аса бермейді. Оның басты себебі: оқуды бірдей бағдарламамен бір сыныпта бастаған оқушылардың өзі олардың жеке ерекшеліктеріне байланысты бірінші сыныптан бастап-ақ оқу үлгерімдерінде айырмашылықтар байқала бастайды. Оқушылардың біразы математикалық білімді жоғары қызығушылықпен оқып, жеңіл және табысты игереді. Көпшілік оқушы бағдарламалық материалдарды қиындықсыз меңгерсе, бірнеше оқушы оны қиындықпен, көп еңбектене отырып игеретіні байқалады.
Мектепте математиканы оқыту әдістемесі оқушылардың осы ерекшеліктерін ескере отырып құрылады.
Соның нәтижесінде математиканың сыныптық сабақтарынан бөлек, жекелеген оқушыларымен математикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге тура келеді.
Дегенмен қоғамның, ғылым мен техниканың, оқыту технологияларының өзгерістеріне, қарқынды дамуына байланысты математиканың мектептік бағдарламасы да жиі өзгерістерге ұшырауда. Соның әсерінен кешеге дейін факультатив сабақтарда оқытылып келген материалдар бүгінгі күні мектептік бағдарламаға енгізіліп, олар сыныптық сабақтарда оқытылуда.
Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың негізгі мақсаты
1.Математика мен оны практикада қолдану мәселелеріне оқушылардың тұрақты қызығушылығын ояту және қызығушылықты дамыта түсу.
2.Оқушылардың бағдарламалық материалдарды игеру деңгейін кеңейту және тереңдету.
3.Оқушылардың математикалық қабілеттерін мүмкіндігінше жетілдіру және оқушылардың математикалық ғылыми – зерттеу сипатындағы жұмыс дағдыларын қалыптастыра бастау.
4.Оқушылардың жоғары математикалық ойлау мәдениетін тәрбиелеу, жетілдіріп отыру.
5.Оқушылардың оқулықтармен, ғылыми –көпшілік әдебиеттермен өз бетінше және шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және оны үнемі дамытып отыру.
6.Математика ғылымының техникада және әлеуметтік өмірдің басқа салаларында қолданылуы туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру және дамыту.
7.Оқушылардың өз бетінше жеке жұмыс істеуімен қатар ұжымдасып, бірге жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Жұмыстың міндеті. Сыныптан тыс жұмыстардың әрбір түрінің мәні мен сипатын анықтау. Әрбір жұмыс түрінің өткізілу ерекшеліктерін айқындау. Оқушылардың математикалық сыныптан тыс жұмыстарға қатысуын ұйымдастыру тәсілдерін анықтау. Сыныптан тыс жұмыстар түрлеріне қажетті материалдардың үлгілерін, нұсқаларын дайындау.
Зерттеу нысаны.Мектепте математиканы сыныптан тыс оқыту жұмыстары.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Практика, психология, дидактика, логика ғылымдарының негіздері, практик-мұғалімдердің іс-тәжірибелері құрайды.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Математиканы сыныптан тыс оқыту жұмыстарының түрлері толық анықталып, оларды іске асырудың тиімді әдістемелері қолданылса, оқушылардың математика пәніне, ғылымына қызығушылығы артып, математикалық шығармашылық жұмыстармен айналысудың тәсілдерін үйренеді. Математикалық біліктіліктерінің артуы олардың болашақ мамандықтарын жаңылмай таңдауына әсер етеді. Оқушылардың практикалық есептеу дағдылары дамиды.
Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, математиканың пәндік оқу бағдарламалары, математика оқулықтары, әдістемелік құралдар кешені, ғалымдардың ғылыми зерттеулері мен математика пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибелері.
Жұмыстың жаңалығы. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері топталып, толықтырылды. Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын материалдардың мазмұны математиканың қазіргі бағдарламаларына сай жаңартылды.
Жұмыстың практикалық құндылығы. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың барлық түрлерін барлық жалпы білім беретін мектептерде қолдануға болады. Осында жинақталған материалдарды математика мамандығы бойынша оқып жүрген студенттердің оқып зерттеуіне, мектептің математика пәні мұғалімдерінің мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу кезінде басшылыққа алуына болады.
-
1-тарау Математикадан 7-9 сыныптарда өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері.
1.1.Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың жалпы сипаттамасы.
Тәжірибе көрсетіп жүргендей, математика үйірмесі сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ең жиі қолданылатын және ұтымды түрлерінің бірі болып табылады. Үйірме жұмысын ұйымдастыруда басшылыққа алынатын басты қағидат-үйірмеге оқушыларды ерікті түрде қарыстыру.
1.2.Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың негізгі мақсаты.
Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлерін толық анықтау. Сыныптан тыс жұмыстардың жоспарын жасаудан бастап, оларды өткізудің әдістемесін жүйелеу. 7-9 сыныптарда өткізілетін сыныптан жұмыстардың әрбір түріне қажетті материалдардың нұсқауларын жинақтау. Сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің әдістемесін талдай отырып, оларды жалпы мектеп практикасында қолдану туралы ұсыныс-пікірлер жүйесін жасау.
1.3.Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мазмұны.
Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мынадай деп шектеп тастауға болмайды. Оны мектептерді мүмкіндігі, оқушылардың біліктілік деңгейіне қарай айқындауға болады.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің көптен қалыптасқан дәстүрі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мектептегі сабақтарда оқылатын мәселелердің өзі болмаса да, одан көп ауытып қоймайды. Яғни сыныптан тыс жұмыстарда мектептердегі сабақта оқылатын дүниелермен байланысты үзбей, оны тереңірек, кеңірек ауқымда қарастырады.
1.4.Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың негізгі түрлері.
Математиканы оқып үйренуге қызығушылығы бар екінші топтағы оқушылармен математикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің мынадай негізгі түрлері қолданылып жүр:
1) математикалық үйірме;
2) математикалық викториналар;
3) математикалық байқаулар, эстафеталар;
4) математикалық олимпиадалар;
5) математикалық апталықтар, математикалық кеш;
6) математикалық экскурсиялар;
7) математикалық әдебиеттерді оқу, математикалық рефераттар мен шығармалар жазу;
8) математикалық қабырға газеттері, бюллетеньдер.
2-тарау 7-9 сыныптарда математикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің әдістемесі.
2.1. 7-9 сыныптарда жүргізілетін математика үйірмесі жұмыстарының жалпы сипаттамасы.
Тәжірибе көрсетіп жүргендей, математика үйірмесі сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ең жиі қолданылатын және ұтымды түрлерінің бірі болып табылады. Үйірме жұмысын ұйымдастыруда басшылыққа алынатын басты қағидат-үйірмеге оқушыларды ерікті түрде қатыстыру. Әдетте математикалық үйірме математика пәндерін жақсы, ең болмағанда орташа үлгеретін оқушылардан құралады. Математикалық үйірменің жылдық жоспарын жасағанда оның әрбір сабағында қарастырылатын мәселелер мазмұны, оның өткізілу мерзімі, өткізуге жауапты кісілер қажетті әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Үйірменің әрбір сабағының құрылымы өзгеріп отырылуы мүмкін. Бұлай ету оқушылардың қызығушылығын арттыра түседі.
Енді үйірме сабақтарының кейбіреуінің мазмұнын мысал үшін келтірейік.
-
1) Теңдеулер туралы ілімнің тарихы
2) Теңдеу құруға берілген есептер
3) Математикалық жұмбақтар
2. 1) Натурал сандардың қасиеттері
2) Сандардың бөлінгіштік қасиеттерін қолдануға берілген есептер.
3) Математикалық ребустар
3. 1) Пифагор және Пифагор теоремасы
2) Пифагор сандарын табудың тәсілдері
3) Математикалық софизмдер
4. 1) Аудандарды өлшеу
2) Геометриялық ұғымдар
3) Логикалық есептерді шешу
5. 1) функция және функция және оның графигі
2) Дәлелдеуге берілген есептер
3) Олимпиадалық есептерді шешу
6. 1) Карл Фридрих Гаусс
2) Сан тізбектеріне берілген есептер
3) Ертедегі есептер
7. 1) Диофант теңдеулер
2) Математикалық эстафета
3) Геометриялық басқатырғыштар.
2.2. Математика үйірмесі сабақтарында тарихи – математикалық материалдарды қарастыру тәсілдері.
Үйірме сабақтарында математика ғылымының тарихындағы алыптарды жан – жақты таныстырып, математиканың қалыптасып, дамуындағы солардың еңбектерін көрсету қажет. Сыныптан тыс үйірме сабақтарында тарихи математикалық мәліметтерді пайдаланатын мұғалім оқушыларға негізгі математикалық ұғымдар мен идеялардың қалай дамығанын көрсетеді, қоршаған ортаны танудағы математиканың маңызын ашады, оларды саналы түрде және терең түсінуге ықпал етеді. Пән және ұғымдардың қалыптасу тарихы бойынша терең білімсіз мұғалімдердің өзіне математиканы оқыту әдістемесін толық меңгеруі. Үйірме сабақтарында ғалымның өмірбаяндық деректерін жинақтағанда мыналарды басшылыққа алған жөн.
1.Ғалымның өмірбаянын ол өмір сүрген кезеңнің сипаттамасымен бірге берген дұрыс. Яғни, оқушыларға ғалым өмір сүрген кезеңдегі қоғамдағы қалыптасқан дәстүрлер, ғылымдағы қиыншылықтар туралы толық мағлұмат берілсе, ғылымға қосылған еңбектің шын бағасы ашыла түседі.
2.Ғалымның математика ғылымындағы алған орнын ашып көрсету, бағасын беру.
3.Ғалым еңбегінің ғылымның басқа мәселелеріне әсері, жалпы ғылымның дамуындағы маңызын көрсету.
4.Ғалымның өмірі мен қызметін оқушыларға үлгі ретінде пайдалану.
2.3. Математикалық олимпиадалар.
Математикалық олимпиадалар өткізудің мақсаты мен міндеттері. Математикалық олимпиадалары өткізудің басты мақсаттарының бірі оқушылардың математикаға қызығушылығын ояту, дамыту, оқушыларды математика үйірмесіне қатысуға тарту. Оқушылардың әсіресе төменгі сыныптарда өз қатарластармен стандартты емес есептерді шешуден жарысқа түсуге қызығушылығы жоғары болады. Өздерінің математикалық біліктіліктерін, есеп шығара алу мүмкіндіктерін байқай алуы үшін олимпиадаға жақсы оқитын оқушылармен бірге үлгерімі орташа оқушылардың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Жарысқа қатысуға деген жай құмарлық баланың жасы өскен сайын, өзіне сенімділігі артып, нағыз қызығушылыққа ұласады. Математикалық олимпиадаларды табысты, нәтижелі өткізу үшін алдымен мына шарттардың орындалуы тиіс:
-
математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрін жыл бойына жүйелі жүргізу;
-
математикалық мектепішілік олимпиадаларын жүйелі жүргізілуін қамтамасыз ету;
-
әрбір олимпиаданың өткізілуіне жауапкершілікті, мазмұнды дайындық жұмыстарын жасау;
-
олимпиаданы өткізу талапқа сай ұйымдастыру;
-
олимпиада тапсырмаларының қызғылықты, мазмұнды болуы.
2.4. Математикалық эстафеталар.
Оқушыларды математикаға қызықтыратын жарыстардың бір түрі–математикалық эстафета.Математикалық эстафета оқушыларды жылдам іс-әрекет жасауға, тез қорытынды жасауға, шапшаң есептеуге дағдйландырады. Математикалық эстафетаны үйірме сабақтарында, математикалық кештерде, математикалық күн мен апталықтарда өткізуге болады. Математикалық эстафета қатар сыныптардың арасында немесе бір сыныптағы оқушылар топтары арасында өткізуге болады.
2.5. Математикалық апталықтар, кештер және оларды ұйымдастыру, өткізу.
Математикалық кешті өткізудің мақсаты да оқушыларды өз бетінше ізденуге баулу, білім қорын дамыту, интелектуалдық, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Мектептерде өткізілетін кештер, соның ішіндегі математикалық кештер оқушыларды өте қызықтыратын және оларды молынан қамтитын сыныптан тыс жұмыстың түрі болып табылады. Математикалық кеш әдетте математикалық апталықтардың соңында қорытынды шара ретінде өткізіледі. Математикалық кештердің білім беру, үйрету бағытымен қоса тәрбиелік мәні де ерекше болады. Кеш оқушылардың ғылыми, саяси-идеялық көзқарастарын қалыптастыруға, еңбек сүйгіштікке баулуға ықпал етеді.
-
Математиканың дамуы тарихы негізге алынған кеш.
-
Тарихи - өмірдеректік кештер.
-
Математиканың басқа ғылымдарда, техника мен тұрмыста, күнделікті өмірде қолданылуы туралы кештер.
4. Қызықты математика кештері.
5. «Пифагор» және «Жүз өгіз» теоремасы» тақырыбындағы кештің жоспары:
1. Пифагор теоремасы және Пифагордың өмірі және математикалық еңбектері туралы хабарлама-әңгімесі.
2. Залдағы жалпы көрермендермен жұмыс.
3. Қатар екі сынып оқушыларынан құралған «Үшбұрыштар» және «Төртбұрыштар» командаларының арасындағы жарыс.
4. Математикалық викториналар, жұмбақтар.
5. Математикалық фокустар, софизмдер.
6. Көркемөнер бөлімі.
7. Кешті қорытындылау, марапаттаулар.
Математикалық викторина
Викторина сөзі белгілі бір тақырыпқа арналған сұрақ-жауап ойыны дегенді білдіреді. Математикалық викториналарды әр түрлі нұсқада ұйымдастыруға болады. Әдетте сұрақтарды жүргізуші жалпы көпшілікке арнап қояды. Оған берілген жауаптардың дұрыс-бұрыстығы осы жерде көпшілік талқысына салынады. Бұл сұрақтың дұрыс жауабы туралы келесі бір оқушының пікірі де тыңдалады. Осындай талдау-таразылаудан кейін дұрыс жауап қабылданады. Осының әсерінен бұл сұрақтың дұрыс жауабы оқушылардың естерінде ұзақ сақталатын болады.
Математикалық жұмбақтар
Профессор С.И.Шатуновский Есеп деп бір-бірмен және берілген нәрселермен көрсетілген қарыс-қатынасындағы басқа «белгісіз нәрселерді», «берілген» нәрселер бойынша «табу» талабын баяндауға ұғады. Бұл пікір есеп ұғымының дәл анықтамасы болмаса да есепте берілген нәрселер бойынша белгісіз нәрселерді табу қажеттігін меңзейді. Жұмбақ сөзі де жасырын құпия жайды ойлап табу, шешу дегенді білдіреді. Қазақ халқында жұмбақтар көбіне қысқаша өлең немесе әңгіме түрінде берілетін болған. Жұмбақты шешу осы жасырылған нәрсені, құпияны табу деген сөз.
Жұмбақ – есептер көбіне өте қызықты, әрі құнды проблемалы – танымдық ойлауға негізделген мәселелерді табу есебі етіп ұсынады.
Математикалық жұмбақтар оқушылардың зеректігін, тапқырлығын жетілдіреді, дүниетанымдық кеңейтеді, сөздік қорын жетілдіріп, сөйлеу мәдениетін дамытады. Жұмбақты шешу адамзаттың байқампаздығын анықтау үшін емес, даналықтың сарқылмас көзін, идеялар байлығын игеруге баулу мақсатын көздеген.
Математикалық жұмбақтардың педагогикалық құндылығы оның оқушылардың зейінін заттар мен құбылыстарға, олардың айқын белгілерін ажырата алуға жаттықтыруында жатыр. Жұмбақтарды шешу баланың ойлау қабілеті мен қиялдау дағдысын арттыра түседі, баланың іс-әрекетін ынталандырады. Бәрінен бұрын оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, жалпы әлем туралы түсінігін кеңейтеді.
Математикалық софизмдер
Софизм-бір қарағанда дұрыс болып көрінетін,қағидаға құрылған ой қорытындысы.Ежелгі грацияда өзінің оқушыларын ойлану, шешен сөйлеу және шебер орындауға үйретуші философ мұғалімдерді софисттер деп атады.Олар кейде білімді ортада өз айтқан пікірлерінің жалған екенін білдірмеу үшін, қалайда қарсы пікір айтушыларды жеңіп шығу үшін бір қарағанда дұрыс болып көрінетін, жалған пайымдарды пайдаланып көретін болған.Бұндай «ептіліктер» математикада да пайдаланылады.
Математикалық фокустар
Мектепте, математика үйірмесі сабақтарында, математикалық кештерде де математикалық фокустар жасап, таңқалдыруға болады.
Математикалық фокустар әдетте жұмыстан шаршай бастаған оқушыларды сергіту, назарды жинақтау мақсатында пайдаланылады. Дегенмен, математикалық фокустар оқушылардың осы фокусты жасаған кезде пайдаланып математикалық заңдылықтарды байқап, оларды есте сақтау қабілетін жетілдіру мақсатында қолданылады.
2.6. Математикалық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстың жеке қабілетті оқушылармен жүрігізілетін түрінде оқушылардың математика бойынша теориялық білімдерін және практикалық іс-әрекеттері мен машықтарын тереңдету мен кеңейту, олардың пәнге ықыласы мен қабілетін қалыптастыру және дамыту, ғылыми зерттеу машықтарын, шығармашылық қызмет дербестігін тәрбиелеу, математикалық білімді уақытдауға баулу, мамандық таңдауға көмектесу жүзеге асады.
-
Қорытынды
Мектепте оқушыларға толымды математикалық білім беру ісі мектеп бағдарламасына сай сыныптық сабақ өткізу, факультативтік сабақтар өту және сыныптан тыс жұмыстарды кешенді түрде жүргізу арқылы жүзеге асады. Олардың ішіндегі математикадан сыныптан тыс жүрігізілетін жұмыстардың орны ерекше. Өйткені сыныптан тыс жұмыстардың өткізілуінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар, сыныптық сабақтардан мүмкіншіліктер мол.
Сыныптық сабақтар бекітілген, өзгертуге болмайтын бағдарламамен өткізіледі және оған сыныптағы барлық оқушы міндетті түрде қатысады. Сыныптық сабақтарға уақыт шектеулі болғандықтан бағдарламалық материалдардан тыс мәселелерді қарастыруға мүмкіндік болмайды. Ал сыныптан тыс жұмыстарға оқушылар өз еркімен қатысады. Ең бастысы сыныптан тыс жұмыстардың алуан түрде өткізілуінде болып отыр. Үйірме сабақтарында бағдарламалық материалдар бойынша оқушылардың біліктілігін арттырады. Математика және математиктер туралы тарихи материалдармен танысады. Әр түрлі математикалық ойындар ойнап, жұмбақтар шешу оқушылардың математикаға қызығушылығын арттырады. Математикалық эстафеталарға қатыса отырып, оқушылардың ұжымдасып жұмыс істеуін, бір-біріне алдын ала көмектесіп, дайындалу дағдыларын қалыптастырады. Математикалық олимпиадаларға қатыса отырып есептерді шешудің жаңа, тиімді тәсілдерін үйренеді. Математикалық ойындар ойнап, ребус, жұмбақ шешу, өзара жарыс жұмыстарын математикалық шығармашылық ізденістерге жалғастыруға мүмкіндік туады. Математикадағы белгілі тақырып бойынша ғылыми жобалар жазып, ғылыми тұжырымдар жасауды үйренеді. Математикаға қызығушылығының артуы, білім қорының кеңеюі оқушының болашақ мамандығын таңдауға игілікті әсер етеді.
Математикадан 7-9 сынып оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың бұлардан басқа сыныптардағы түрлері мен оларды өткізудің ерекшеліктерін зерттеп, жалпы қорытынды жасау қажеттігі байқалады. Сондықтан математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды теориялық және практикалық тұрғыда зерттеу жұмыстарын жалғастыруға болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама, Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2007.-192б.
2. Методика преподавания математики в средней школе. Общая методика. Учеб.пособие для студентов физ.-мат. фак.пед.институтов. М., «Просвещение», 1975.-462с.
3. Бидосов Ә. Орта мектепте математиканы оқыту методикасы. Пед.инс.физ.-мат. фак.студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, «Мектеп» 1989.-224бет.
4. Әбілқасымова А.Е., Көбесов А.К., Рахымбек Д., Кенеш Ә.С. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Білім, 1998.-208 бет.
5. Байжанова З.Т. Жалпы педагогика: Оқу құралы.-Алматы: «Тоймас» баспа үйі. 2008.-168 бет.
6. Қожабаев Қ.Ғ. Математиканы тәрбиелей-дамыта оқыту: ғылыми-әдістемелік негізі, тәжірибе. Оқу құралы.-Көкшетау, КМУ баспасы, 2008,-203 бет.
7. Кадыров Н. Взаимосвязь внеклассных и факультативных знятий по математике: Кн.для учителя. – М.: Просвещение, 1983.-64с.
8. Исқақов М.Ө., Назаров С.Н. Математика мен математиктер жайындағы әңгімелер. Бірінші кітап.-Алматы. «Мектеп» баспасы. 1967-268б.
9. Глейзер Г.И. История математики в школе VII-VIII кл. Пособие для учителей.-М.:Просвещение, 1982-240с.
10. Петраков И.С. Математические кружки в 8-10 классах: Кн.для учителя.-М.:Просвещение, 1987.-224с.
11. Абжаппаров А.А., Зұлпыхар М.Е. 7-9 сыныптардағы математикалық үйірмелерді ұйымдастырудың талаптары, әдістері. /«Математика дидактикасы» журналы. №2-4, 2015 ж.
12. Зарубежные математические олимпиады. /Конягин С.В., Тоноян Г.А., Шарыгин И.Ф., и др.-М.:Наука. 1987.-416с.
13. 5-11 класс оқушыларының Қазақстандық математика олимпиадасына арналған жаттығу есептерінің жинағы. –Алматы. 1964-82б.
14. Петраков И.С. Математические олимпиады школьников. Пособие для учителей. Москва «Просвещение» 1982-96с.
15. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектептік, аудандық олимпиадалары ұйымдастыру мен өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 1999-109 бет.
16. Бейсеков Ж., Шарипов Т.А. Из опыта проведения школьных математических олимпиад в Чимкентской области. Чимкент. 1991.
17. Колмогоров А.Н. Математик мамандығы туралы. Орыс тілінде үшінші болуынан аударған М.Ө.Исқақов. Алматы «Мектеп» баспасы. 1966.-64б.
18. Ізтілеуұлы Қ. Трапецияны мектепте оқытудың мәселелері. /«Математика дидактикасы» журналы. №2-4, 2015 ж.
19. Перельман Я.И. Қызықты алгебра. – Алматы «Мектеп» 1986.-190 бет.
20. Перельман Я.И. Жанды математика. – Алматы «Мектеп» баспасы. 1978.-184 бет.
21. Гусев В.А., Орлов А.И., Розенталь А.А. Математикадан кластан тыс жұмыс 6-8 кластарға арналған. Алматы «Мектеп» 1986-296б.
22. Колосов А.А. Книга для внеклассного чтения по математике для учащихся VIII класса. Москва Учпедгиз 1958.
23. Игнатьев Г.И. В царстве смекалки. Москва «Наука» 1978.
24. Гарднер М. Математические чудеса и тайны. Математические фокусы и головоломки. / Перевод В.С.Бермана. Москва «Наука» 1978.
25. Нагибин Ф.Ф., Канин Е.С. Математическая шкатулка: Пособие для учащихся. М.Просвещение, 1984.
26. Лоповок Л.М. Математика на досуге: Кн.для учащихся сред. школьного возраста. – М.: Просвещение. 1981-158 с.
27. Кордемский Б.А. Очерки о математических задачах на смекалку./Пособие для учителей. Москва. 1958.
28. Шпорер З. Ох, эта математика! : Перевод с хорватско-сервского Д.П.Мансфельда.-М.:Педагогика. 1985-128с.
29. Коваль С. От развлечения к знаниями. Математическая смесь. Перевод с польского Ольгерд Унгурян. Warszawa 1975.
30. Абдуллаева И.М., Көкенова Ж. ІV-VІІ кластарда математикадан жүргізілетін кластан тыс жұмыстар/Мұғалімдерге арналған көмекші құрал. Алматы «Мектеп» 1974.
31. Қырық қазына. Қазақ халқының ауызша есептері. Алматы «Мектеп» 1987.
32. Хамитов А. Ертегі есептер. Қызықты аңыз-ертегілерге құрылған есептер. Алматы 1997.
33. Нұрсұлтанов Қ. Ертегі есептер. – Алматы «Таймас» баспа үйі, 2008.-72 бет.
34. Нұрсұлтанов Қ., Нақышбекова Г. Жүлдегерлік жүз есеп. – Алматы. «Таймас» баспа үйі, 2009-104 бет.
35. Абыханов А. Математикалық жұмбақтар. – Алматы 2004.
36. Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар./Құраст. Рамазан Омаров, -Алматы: Өлке. – 2012.-320 бет.
37. Интернет желісі.