7-9 сыныптардағы география пәнінің берілу жағдайы анықтама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

7-9 сыныптардағы география пәнінің берілу жағдайы анықтама

Материал туралы қысқаша түсінік
7-9 сыныптардағы география пәнінің берілу жағдайы анықтама
Материалдың қысқаша нұсқасы

37 мектеп-лицейінің 7-9 сыныптардағы география пәнінің берілу жағдайын зерделеу бойынша жүргізілген тақырыптық бақылаудың

АНЫҚТАМАСЫ

Зерттеу объектісі: 7-9 сыныптардағы география сабағы, ҚМЖ


Зерттеу мерзімі: 9-31 қаңтар, 2024-2025 оқу жылы


Тексеру мақсаты: Оқушылардың оқу сауаттылығын, картамен жұмыс, иньтерпретация жасау дағдыларын анықтау


Бақылау нысаны: Тақырыптық


Тексерді: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары


Бақылау барысында анықталды:


37 мектеп-лицейде 2024-2025 оқу жылында география пәнінен 7-9 сыныптар бойынша Рысқұлова Айгүл, Ержанов Рүстем, Бижекеева Гүлбаршын білім береді. Аталған мұғалімдер оқушылардың оқу сауаттылығын, картамен жұмыс, интерпретация жасау дағдыларын анықтау арқылы жұмыс жасайды.

7-9 сынып арасында білім сапасы 60%-дан жоғары. Бұл сыныптарда үздік, екпінді, орташа деңгейдегі балалар да білім алады. Берілген сыныптар бойынша үздіктердің барлығы картамен жұмыс жасай алады. Рысқұлова Айгүл, Ержанов Рүстем, Бижекеева Гүлбаршын географиялық карта дағдыларын дамытуға және географиялық деректерді түсіндіруге баса назар аударады. Аталған мұғалімдердің сыныптарында оқушылардың 80% - дан астамы географиялық сауаттылықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл карталармен жұмыс істеуді, географиялық процестер мен құбылыстарды түсінуді қамтиды. Рысқұлова Айгүл, Бижекеева Гүлбаршын сабақта карта секілді материалдарды қолдана отырып, деңгейлік тапсырмаларды орындатады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында топтық,жұптық,жеке жұмыстар жүргізіледі. Әр оқушы өзінің қызығушылығына қарай, өз үлестерін қосады.

География сабағының барысында картамен жұмыспен қатар географиялық есептерге үлкен назар аударылады. Сыныптағы әр оқушымен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау қабілетін бақылап отырады.Сабақ барысында оқушылардың сабаққа белсене араласып, қызығушылығы арта бастағаны байқалады. Бұл сабақтан бүкіл сынып бойынша әр деңгейге сәйкес келетін оқушыларды түгелімен бақылауға алып, олардың іс-әрекетін бақылауды алға мақсат етіп қойды. Оқушылардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру бағытында зертханалық және сарамандық жүмыстардың маңызы зор. Рысқұлова Айгүл, Ержанов Рүстем, Бижекеева Гүлбаршын географияны оқыту кезінде көрнекіліктер түрі, ситуациялық, проблемалық, ғылыми-ізденіс, жаттығулар мен эртүрлі топографиялық, картографиялық есептермен ұштастыра біледі.

Жалпы, география пәні —жаратылыстану және қоғамдық циклдар оқу пәндеріне кіретін жеке дара мектеп пәні.Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың маңызы өте зор. 7-9 сыныптардагеография пәнін жүргізуде пән мұғалімдерінің алға қойған мақсаты - оқушы білімінің сапасын арттыру оның көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыру, география пәніне қызығушылықтарын арттыру. Рысқұлова Айгүл, Ержанов Рүстем, Бижекеева Гүлбаршын берген тәжірибелі білім сапасы оқушылардың өзіндік танымдылық деңгейін дамыта түседі.

Бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар:

  1. Барлық мұғалімдер сабақ үдерісінде талапқа сай берілген бағдарламаларды меңгертуге жұмыс жасады.

  2. Мұғалімдер Қысқа мерзімді жоспардың құрылымын, мазмұнын, дайындауға қойылатын талаптарды сақтайды.

  3. Мұғалімдердің жұмысы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында шебер сыныптар, тренингтер ойластырып жоспарлау.



Ұсыныс:

  1. Оқушылардың тәжірибиелік жұмыстарды жасау дағдыларын анықтау мақсатында сабаққа түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ өткізу;

  2. Оқушыларды бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасауға,пікір алмасуға,табиғи ортаның құпияларын ашуға,ғылыми жұмыстармен айналысуға қызықтыру жұмыстарын жүргізу;

  3. Пән мұғалімдеріне түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ҚМЖ –ны жоғары деңгейде дайындауды міндеттеу;





Бақылауды жүргізген директордың

оқу ісі жөніндегі орынбасары: Тауекелов Д

Молдажарова А






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі