400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

7-мамыр патриоттық әндер байқауы сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
7-мамыр патриоттық әндер байқауы сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

БЕКІТЕМІН:

Мектеп директоры:

__________



















7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған

патриоттық әндер байқауы мен

дала ойындары жарысының бағдарламасы


8-10 сыныптар













Дайындаған:

педагог-ұйымдастырушы




2023-2024 оқу жылы


Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындаға жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери, еңбек дәстүрлерін жалғастыру; жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көрсету.



ЖОСПАР

Өткізілетін орны: мектеп алаңы

Уақыты: 4 мамыр 2024ж. Сағ 11:00

Жарысқа қатысушылар: 8-10 сыныптар

Киім түрі: әскери форма


БАҒДАРЛАМА


І. Оқушыларды сапқа тұрғызу

1.1 ҚР Гимні орындалады

1.2. Әскери патриоттық би флешмоб

ІІ. Алғашқы құттықтау сөз

ІІІ. «Жас сарбаз» әскери патриоттық үйірмесі мүшелерінің ант қабылдау рәсімі

ІV. Патриоттық әндер байқауының ережесімен таныстыру

4.1. Патриоттық әндер байқауының жеңімпаздарын марапаттау

V. Дала ойындары жарысының ережелерімен таныстыру

5.1. Дала ойындары жарысының жеңімпаздарын марапаттау

VI. ҚОРЫТЫНДЫ






7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық әндер байқауы мен дала ойындары жарысының сценарийі


ҚР ГИМНІ ОРЫНДАЛАДЫ

Би ФЛЕШМОБ орындалады


1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер және оқушылар! 7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған әскери патриоттық іс-шараға қош келдіңіздер! Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

2-жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыға!

Құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаздары, жігіттер! Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

1-жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2-жүргізуші: Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ,

Ел намысын қорғамақ,

Ұл-қыздар шықсын ортаға,

Жас сарбаз бүгін атанбақ, - дей келе, «Жас сарбаз» әскери патриоттық үйірмесінің мүшелері, 8 «Ә» сыныбының ант қабылдау рәсіміне кезек береміз.

(«Жас сарбаз» мүшелері салтанатты түрде ант қабылдайды)

1-жүргізуші: Әскери патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық жағынан даярлау болып табылады. Әрбір жасөспірім жасынан «Қазақстан – менің Отаным», «Ол мен үшін жауапты болғаны сияқты мен де ол үшін жауаптымын» — деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

2-жүргізуші: Ендеше, 8-сыныптар арасында әскери патриоттық әндер сайысын бастамас бұрын, әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.

  1. ____________________________________________________

  2. ____________________________________________________

  3. ____________________________________________________


1-жүргізуші: Байқау 3 номинация бойынша бағаланады:

  1. «Үздік саптық жүріс»

  2. «Үздік киім үлгісі»

  3. «Үздік саптық ән»

2-жүргізуші: Сайысымызды бастау үшін АӘД жетекшісі Абдрахимов Төлеген Адильхановичке сөз беріледі.

8 а,ә,б,в,г,ғ,д,е сыныптары кезеңдер бойынша сайысқа түседі.

1-жүргізуші: Рахмет, құрметті қатысушылар! Байқаудың әділқазылары әділ шешімін шығарғанға дейін әсем әуенді қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Бүгінгі патриоттық әндер байқауының жеңімпаздарын марапаттау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.

Марапаттау рәсімі

1-жүргізуші: Осындай патриот жастарымыз көбейе берсін дей отырып, 9-10 сыныптар арасындағы дала ойындары жарысына да кезек жетті.

Бұл сайыс 8 кезең бойынша бағаланады:

  1. Кермеге тартылу (3 ұл бала)

  2. Арқаға жату қалпынан денені көтеру (2 қыз бала)

  3. 1000м. жүгіру ( сөре жоғары тұрыстан басталады) 3 ұл бала

  4. 100м жүгіру (сөре жоғары тұрыстан басталады) 2 қыз бала

  5. Қол гранатасын лақтыру (қашықтыққа) 1 ұл, 1 қыз

  6. Пневматикалық мылтық ату кеуделік (1 ұл, 1 қыз)

  7. Арқан тартыс 3 ұл, 2 қыз

  8. Гир тасын көтеру ( 1 ұл бала)

2-жүргізуші: Сайысты бастау үшін қатысушы командалар мен әділқазы алқаларын спорттық алаңға өтулеріңізді сұраймыз.

1-жүргізуші: Дала ойындары жарысының жеңімпаздарын марапаттау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.

Марапаттау рәсімі

2-жүргізуші: Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Сондықтан, білімді де, іскер де, білікті патриоттар қалыптастыруда әскери-патриоттық сайыстардың маңызы зор.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге  алғысымыз шексіз. Келесі кездескенше,  сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.05.2024
458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі