Материалдар / 7 модульдің кіріктірілуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7 модульдің кіріктірілуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа әдіс тәсілдерді сабақ барысында кіріктіру есептері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2018
618
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрал Гүлбахар Ергешқызы бастауыш сынып мұғалімі




7 МОДУЛДІ КІРІКТІРУ БОЙЫНША РЕФЛЕКСИЯ
Бастауыш сынып пәні бойынша жеті модульді қамту арқылы бағдарламаның жеті модульін кіріктіре отырып ,19 мамыр күні күні Әдебиеттік оқу пәнінен 2 сыныбына сабақ өттім. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламны басшылыққа алдым. Сабақты бірінші ұйымдастыру кезеңінен бастадым және оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендедім.

Мектеп тәжірибесіндегі 3 -сабақта 2-сыныпқа бастауыш сынып пәні бойынша Шыңғыс Айтматовтың «Бұғы ана »тақырыбында сабақ өттім.Бұл сабағым бағдарлама бойынша 1 сағатқа берілген. Сабақтың мақсаты оқушыларға мәтіннің мазмұнын талдата отырып,  негізгі   идеясын ұғындыру.әңгіме мазмұнына болжау жасау арқылы сын  тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.жалғыздықтан бездіру, анаға деген сүйіспеншілікті арттыру, қайырымдылық жасауға баулу.Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастадым. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп сыныпқа жағдайларын сұрай отырып, сыныпқа жылы ахуал қалыптастырып алдым. Одан кейін сынып оқушыларын қалыпты оқушыма сынып оқушыларын сыныпты 3 топқа біріктіріп , әртопқа көшбашылар сайланып топтың атауын кеспелер арқылы білді 1- топ Ана тобы 2-топ Бала тобы 3- топ Бұғы тобы . Әр топ өзінің тобына байланысты мәліметтері мен сипаттамасын тереңінен айтып өтті . Сынып оқушыларын 3-топқа бірікті. 1-топ бұғының қасиеттерін , 2-топ Бұғының пайдасын 3-топқа - сипаттау, тақырып бойынша постер қорғап шығу тапсырылды. Үй тапсырмасына «Жау шапқанда» мәтініне шолу мақсаты бойынша оқушылардан жеке-жеке мәтінннің мазмұны мен түсініктерін айтып шықты . Осы тақырыпта отырып,. Қызығушылықты ояту мақсатында оқушыларға келесі жаңа тақырыптағы ақсақ кемпір ұл мен қызды қада апарар екен деген сұрақ қойдым.

­­­­­­ Олай болса, оқушылар, шын мәнінде бала мен қызға не болды екен? Оны білу үшін аңызды одан әрі түсініп оқиық.

деп жауап берді. Мен оқушыларға осы сұрақ арқылы оқушыларға Бұғының және бесік тербеткен ананың суретіне сипаттама беріп, ассоциация әдісін қолдана отырып , постер қорғауға бердім. Оқушыларға үш топқа тапсырмалар беріліп , оны оқушылар топтаса отырып постерлерін қызығушылықпен орындап, қорғады. Постерлерін қорғай отырып, 2 топ бір-біріне «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бойынша бағалады . Постер қорғауда оқушылар «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша бір -бірін бағалады. Бағалау кезінде екі топ екі жетістіктері мен бір ұсыныстарын айтып кетті. Екі жетістіктері екі топта сөздерді қате оқығандарын айта келе болашақта кемшіліктер жібермесе деген ұсыныстарын айтып кетті. Қызығушылықты ояту кезеңінде сәтсіз жерлер оқушылар сөздерді оқуда қателесті, ал сәтті жері оқушылар екі жұлдыз, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалауда қатты қызығушылық танытқаны байқалды.

Оқыту жүйесінде диалогтік оқытудың атқаратын маңызы өте зор деп ойлаймын. Себебі, әрбір сабақ өткізу барысында сұраққа-жауап беру, топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірлерін білдіріп, ортаға салу, үйренгенін көрсете білудің өзі диалог арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімнің сабақ барысында өз мақсатына жетуі, сол мақсатының қаншалықты деңгейде орындалғандығын анықтауда диалогті оқыту басты рөл атқарады.Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады» [МАН, 39 - бет] деп түсіндіреді. Сынып оқушыларын топқа бөлу кезеңінде, оқушылардың сыни ойлауын дамытудың өзі диалогтік оқыту арқылы іске асырылады. Қай сабақта болмасын, топқа бөлу үшін, тақырыпты ашу барысында түрлі мазмұндағы сұрақтар қойылды. Ал мұндай сұрақтар қою оқушының белсенділігін арттырады, тұлғааралық қарым-қатынас орнатады, мұғалім мен оқушы арасында диалогтың жүруіне мүмкіндік туғызады. Осы постер қорғау арқылы оқушыларға бұғы мен ананың арасындағы жақындықты , мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін, адам бойындағы қасиеттер жануар бұғының да бойында табылғанын оқушылар өз түсініктерімен еркін өз ойларын саралап айтып , мәтіндегі адамдардың жауыздық әрекетіне жануар бұғының жақсылықпен қайтарғаны жөнінде жеңіл сұрақтар арқылы оқушылармен диалог түрінде пікірлесіп, ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақтың тақырыбын ашып алу мақсатында «Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді» және көздеуде де осы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуль негізінде «Қалай оқу керектігін үйрету» бағытын ұстандым. Сұраққа өте жақсы жауап берген оқушылар болды. Табиғат ананың адамға берері мол екеін түсінді. Мейірімділік пен қатегездіктің қандай айырмашылығын бар екенін түсінді .
Бақылау нәтижесінде байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын тұратын оқушылар болды. Олардың ішінде өзім зерттеуге алған білім деңгейі жоғары оқушым Темірлан және білім деңгейі орташа оқушым Ақниет болды және білім деңгейі төмен оқушым Сырым . Аталған оқушылар сабақ үстінде өз деңгейлерінде тапсырмаларды орындады. Орындай отырып, оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмалар бере отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттырып отырдым. Дарынды және талантты оқушылар алдыңғы сабақтардағыдай тапсырмалар барысында көзге түсіп отырды және күрделенген тапсырмаларды орындап отырды

Сабақ тың ортасы бөлімінде оқушыларға бүгінгі сабаққа ақпар бере отырып, оқушыларға Ақпаратты коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа сөздерді интерактивті тақтадан слайд арқылы көрсете отырып, онда оқушылар жаңа сабақта кездесетін жаңа сөздердің оқылуы мен аудармасымен жұмыс жасады. Сөздікпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың сөздік қорлары молая түсті. Оқушылар өздеріне қажет сөздерін сөздік дәптерлеріне «Инсерт» әдісі арқылы түртіп алды. Тапсырмаларды орындау барысында «Құрастыр, одан кейін жауап бер» әдісі арқылы трек сөздерді қарапайымдылық пен қамқорлық слайд арқылы оқушылар сәйкестендірді.
келесі сабақтар қазақ тілінен өткен сабқты пысықтай отырып , жаңа сабақтың мақсатын сөзжұмбақ арқылы тауып , оқушыларды топтастырдым . Байқағаным оқушылар арасындағы қарым –қатынас нығая түсіп, ынтымақтастықтары артып диалогтық әдісі орын алды . Сын есім, сын есімдердің қандай кезде сөз таптарымен , заттың пішінін , дәмін , көлемін , сапасын білдіретін сөздермен байланысып , тұратынын жөнінде түсініктерін тиянақтау болды
Оқушылар бұл тапсырмаларда қызығушылықпен орындады. Осы тапсырма орындаған оқушыларды ынталандырушы сөздермен ынталандырып отырдым. Мысалы : өте жақсы қызығушылықпен орындаған оқушылар Бақтілек, , Аружан , Аянат ,Мерей ,Жансая осы тапсырманы өзі қол көтеру арқылы шықты. Бұл оқушы менің зерттеуге алған оқушым болатын.Алдыңғы сабақта өзі тақтаға шығуға ұялатын кездері болатын. Махабат бұл сабақта өзін топта еркін,топ мүшелерімен белсене араласа қатысып отырды. Ой толғаныс бөлімінде «Маған көрсет» әдісі Акт арқылы , олардың қандай сиапттамаға сай келетінін сыни тұрғыда ойлана отырып сәйкестендірді. Алдымен жеке жұмыс жасалды. Одан кейін бірінің жауабын бір- бірін тексерді. Осы тапсырмадан кейін мен оқушыларға қызығушылықтарын арттыра түсу үшін ашық сұрақтар қойып, оған нәтижелі қорынтын ды жасауға мүмкіндік берді . Оқушылар «Иә» деп атап айтты, Осы жерде сұраққа жауап берген оқушылар болды. Олар Берікбол , Ерсайын , Мамадияр Сабрина , Нұрмұхаммед. Осы тапсырмадан кейін оқушыларға интерактивті тақтадан жемістерге пішініне , көлеміне , түсіне,дәміне қарай түрлі болып келетініне сипаттама беріп , оқушылар дың туралы әр топтан жарыса тапсырманы орындады. АКТ арқылы слайдтар көрсетіліп , Оқушылар суреттер бойынша ерекшелігі мен маңыздылығын олардың қалай аталатыны жөнінде толық ақпар алды. Мен осы слайдтан кейін оқушыларға жеңіл сұрақтар қойдым. Жабық сұрақтарға ия – жоқ деп жауап берді. Осы жерде оқушылардан ойындардың ерекшелігі мен маңыздылығы жөнінде қаншалықты түсінгендіктерін білу мақсатында мен оқушыларды сөйлеуге, өз ойын айта білуге, түсінгендерін бір - бірімен пікірлесуге шақырдым.Оқушылар сабақтан алған мәліметтерін өте қызығушылықпен орындай отырып, бір - бірімен пікір алысты. Сабағымның келесі бөлімі «Кім шапшаң?» ойыны арқылы 3-топқа 3-жаттығуды орындауға бердім.Осы тапсырма бойынша оқушылар жаңа сөздерді сұрақ қоя отырып, сабақты пысқтады . екі топ бір-бірімен жарыса білді. Аталған 2-топ бір –бірінен қалыспай Жигсо әдісін пайдаландым. Әдістің мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау жауап беріп, сабаққа деген қызығушылықтары артты және сөздік қорлары молайды. «Сергіту сәті» бойынша оқушылардың шаршағанын болдыртпау мақсатында сергіту жаттығуларын орындаттым. Оқушылар сергіту сәтін қызыға отырып , орындады. Мәтінмен жұмыс бөлімінде оқушылар 3-топқа бөлінді. 1-топ-Бұл топ бойынша оқушылар мәтінмен жеке-жеке танысты ,таныса отырып , жеке, жұппен орындады,болған соң топпен жұмыс жасады. Әр топ алдымен оқып, түсінгендерін түсіндірді және тапсырмаларын орындап болған соң бір-біріне басбармақ әдісі арқылы , баға берді.Оқушылар мәтінге өте жақсы түсінді.Оқушылардың сыни тұрғыда ойлана отырып, өздерінің ойларын терең айта білді.
Келесі тапсырма бойынша «Детальдарды қосу» әдісі бойынша 153-154 беттердегі 4-жаттығуды орындады. Оқушылар өздерінің тобының мәтіні бойынша 3-жаттығудағы жаңа сөздерді қай сөз табына сәйкес келетінін жазды. Оқушылар өте қызығушылықпен орындады, әр топ өздерінің тапсырмаларын қорғады , болған соң «Қол шапалақтау» арқылы бір-бірін бағалады. Осы тапсырмаларды орындау барысында топта топ басшылар анықталды. 
«Оқытуды басқару және көшбасшылық» бағытында оқушыларға түрлі жаңаша әдіс - тәсілдермен байланыса жасалған түрлі тапсырмалар бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырдым . Оқушылар мен берген тапсырмаларды сыни тұрғыда ойлана отырып , өздерінің сабаққа деген құштарлығын байқатты. Сабақты бекіту кезінде әр топқа тапсырма бердім, венн диаграмма жасады. 

Топтан бір-бір оқушы шығып өз жұмыстарын қорғады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар бір- бірімен ұйымдаса отырып , орындағандарын байқадым және өзім жаңаша әдістермен тапсырмалар беруде топтан- топ басшылар шықты.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» алдыңғы сабақ үдерісіндегідей «Бағалау кретерииі» және «Өзін - өзі бағалауы» «Жұппен бағалау» «Топты бағалау» сияқты стикерлік ұсыныстар мен пікір білдіруде көрінді.Мен сабақ барысында оқушыларды әрбір орындаған тапсырмалары үшін «Өте жақсы» «Жақсы» «Керемет ! » деген ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым.Бағалау бөлімінде әр топқа топ басшылары оқушылардың қаншалықты деңгейде қатысқандығын түрлі фигуралар арқылы бағалады. Онда жұлдызша -5 деп, төртбұрыш-4, ұшбұрыш-3 деген бағалау арқылы әр топ мүшелерін бағалады. Топ басшыларын бағалау кретериилері бойынша бағалады және өзін - өзі бағалаттым. Өзін - өздері бағалатуда оқушылар сабаққа қаншалықты дәрежеде болғандарын әділ бағалап шықты.Әр топ басшылары мен оқушылар өздерін бағалап , болған соң өзім оқушылардың оқыту барысындағы іс - әрекеттеріне қорытынды баға бердім және үйге тапсырма бердім. Бағалап болған соң , оқушылар көңіл-күйлерінің қандай болғанын жақсылық , ағашына түрлі - түсті стикерлермен көрсете білді және сабақ соңында оқушылар «Бүгін сабақтан не алдым?» тақырбында эссе жазды. Бұл сабағымның да оқушылар мүмкіндігінің артуына, белсенділікпен жұмыс істеуіне, өз көзқарастары мен пікірлерінің негізге алынатына көз жеткізетіндей дәрежеде өткеніне қуандым. АКТ мен нәтижелі өткізген әр сабақ тек қана оқушы үшін емес мұғалімге зор шабыт туғызатыны еш күмәнсіз ақиқат екеніне шүбә келтіре алмаймын. Әсіресе, оқушыларым сабақ барысында мәтіндерді өздері түсініп, аударып өз ойларының артқанын және бір бірінен қалыспай, өте қызықты дәлелдер мен пікірлер келтіре алғаны мені қатты қуантты.
Сабақта болған сәтсіз тұстары: оқушылардың сөздерді оқуда қателесуі 
Сабақтағы сәтті өтуі:оқушылардың сабаққа жақсы түсінуі және оқушылардың топпен белсенді жұмысқа қызыға араласып жұмыс жасаулары, бір - біріне көмектесе ақылдаса тапсырмаларды орындауы, нашар оқитын оқушыларыма қасындағы жақсы оқитын оқушыларымның сабақты түсіндірулеріне көп белсенділігі тиді.
Алдағы уақытта нені өзгертер едім: оқушылардың өздігінен ізденіп, сөздік жұмыстармен көп жұмыс жасауын, бір - бірімен жиі диалогтық сөйлесулерін қазақ тілінде айта білуге ,сөздік қорларының молаю үшін әртүрлі оқушылар деңгейіндегі сабақтың тақырыбына байланысты , сұрақ қоюымды , алғы мақсатқа қоямын .
Үшінші сабағым әдебиеттік оқу пәнінен Үйге берілген тапсырманы тиянақ тап оқушылардан сұрап тақырыптты бекіттім С . Көбеевтің «Түлкі мен Қырғауыл» атты мысалы тақырыбында сабақтың тақырыбын жұмбақтың шешуін табу арқылы негізгі тақырыпты тауып шығып , яғни сабақтың мақсатын түсіндіріп өттім. Түлкі мен Қырғауыл туралы не білетіндерін , «Күн шұғыласы» суреті бойынша тірек
сызба арқылы жазып тиянақталды . Спандияр Көбеевтің өмір мен шығармашылығы туралы не білетіндерін алдымен пікір ағашына жазып шығып , толтырды. Сұрақтарға жауап алу Түлкі мен қырғауылдың арасында қандай әңгіме болды?Түлкі қырғауылды не деп алдады ? Қырғауыл қандай тапқырлық жасады? Мысалдың , Аңыздың өзі ертегіге ұқсас болып келеді деп , оқушыларға түсіндіріп шықтым. Оқушылар тапсырма бойынша постер қорғап шықты . Кеспелер арқылы тапсырмаларды орындады ,топтық жұмыстың нәтижесінде оқушылардың арсында қарым-қатынас орнап ұйымшылдықты байқадым . АКТ арқылы сергіту сәтін қимыл –қозғалысын жасады көтеріңкі көңіл –күй пайда болды. «Түлкі мен Қырғауыл» мысалын Спандияр Көбеевтің ролге бөліп оқып шықты. Мұнда әр топтан жұптасып авторы , түлкі , қырғауыл роліне қарай топпен орындап шықты . Топтар бір –бірін басбармақ әдісімен бағалады. Оқушылардың жаңап сабақ кезіндегі тапсырмаларды орындауда мәтін арқылы жұмыс дәптерімен жұмыс жсауды жоғары деңгейде жүзеге асты десем қателеспеймін . Сабақта қлодлданған тиімді әдіс- тәсілді оқу мен оқыту арқылы мәтінді жұппен және топпен жұмыс жасады. Топта жаңа сабақты талқылау кезінде енжарлық көрсеткен оқушылар болды, сабақтың басында өз ойларын толық ашып айта алмаған оқушылар да байқалды. Сабақ соңына қарай сол оқушылардың талпынысы артақанын байқадым . Дегенмен де көзімнің жеткені сабақтағы таңдалған тақырыптың ең ұтымды әдісі болды . бұл оқушылардың сабаққа деген қзығушылы артақанын көрсетіп отыр. Ой қозғауда оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетінің дамитынын білеміз. Сыни тұрғыдан ойлау модулі оқушыны жаттандылықтан , нақтылыққа алған білімін өмірмен байланыстыра алуға жетелейді . Сонымен қатар сыни тұрғысынан ойлау оқушының сабаққа деген қызыгушылығын арттырады және оқушының бір бірінен қалғысы келмей иапсырмаларды орындап , нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылар дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды . Сабағымда оқушыларды қос шеңбер әдісін пайдаландым , бұл әдісте қырғауыл мен түлкінің ортақ қасиеттерін айтып , сонымен қатар айырмашылығы мен ерекшеліктерін де оқушылар әр топта бірі- бірімен жарыса айтып шықты . АКТ – ның пайдалы жақтарын осы топпен жұмыс жасау барысында көп тиімді екендігін байқап көрдім. Топтасып жұмыс істеуде ұйымшылдық танытқанына қатты қуандым. Бағалу кезінде күлекеш пен басбармақ әдісі арқылы сонымен бірге бағалау парақшаларына күлекештерді жапсыру арықыл белгілеп бағаланды және өзін – өзі бағалау жұмыстарын жасай алды. Қорыта келе айтар болсақ оқушылар белсенді , шығармашыл , білімді , тапсырмаларды шапшаң әрі тез арада орында алатындарын көрсете білді . Әр сабағымның мәні мен мазмұнын ашу үшін жаңа әдіс –тәсілдерді қолданып , 7 модульді кіріктіріп сабқ өтуіме осы бағдарламаның педагогикалық тәжірибемнің заманға сай дамуына үлкен көмегі тигенімен ойландыруға жетелегенін байқадым .Алдағы уақытта осы сәтсіз шыққан әдіс – тәсілдерді сәтті шығу жолдарына үлкен үлес қосамын деп ойлаймын











Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналағн нұсқаулық

Оқулық «Атамұра» баспасы Әдебиеттік оқу 2013жыл


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!