Балалар және Жеткіншектер сарайы
ҚР Шағын ғылым академиясы Орталық Қазақстан бөлімі
Бағыты: Математика
Тақырыбы: 7 санының құпиясы
Жобаның авторы: Жаңаарқа ауданы
Қызылжар ЖОББ мектебінің
3 «А» сынып оқушысы
Сағындықов Ізбасар Саматұлы
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды – 2017
Жаңаарқа ауданы Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі
мемлекеттік мекемесінің
3 «А» сынып оқушысы Сагындиков Избасардың
«7 санының құпиясы» тақырыбында жазылған ғылыми
жұмысына
Пікір
Ғылыми жұмыс «7 санының құпиясы» деген тақырыпта алынған. Жобада оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинаған. Математикалық санау жүйесімен тығыз байланыста, сонымен қатар қазақ халқының өзіне ғана тән таным – түсінігі қатар алынған.
Әрбір құбылыс пен өзгерістен өзінше ерекшелік күтіп, алдағы уақыттан еш үмітін үзбеген халқымыздың барлық сандарға тән сырлары мен құпиялары осы ғылыми жобада орын алған.
Бұл ғылыми жобада білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт – дәстүрлерін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде үлкен маңызы бар.
Халық қазынасының тереңіне бойлап, оның аса құнды да мазмұнды шығармасын көпшілік қажетіне ұсынып отырған бұл оқушымның қадамы әбден құптарлық іс.
Ғылыми жетекшісі: Смағұл Шолпан Шынтемірқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Аннотация
Зерттеу мақсаты:
7 санының құпиясын ашып, оның тәрбиелік мәнін меңгеру;
Зерттеудің мақсаты:
-
Халқымыздың таным – түсінігінде кеңінен орын алатын сандар құпиясына зер салу.
-
Сандарға байланысты құпиялылық пен терең сырдың маңызына тоқталу.
-
Сандарға байланысты басқа да халықтардың ерекшелігін атап көрсету.
Зерттеудің нәтижесі
Әрбір күннің райын, табиғат құбылысын күнделікті тұрмыс – тіршілікте өз бетінше болжап, әрбір тіршілік иесін ерекше көріп, мән беретін қазақ халқының сандарға да терең ойлана қарауы – әрине, таң қаларлық іс емес. Сондықтан осы ғылыми жұмыста сандарға ерекше көңіл бөлініп отырса да, әлі де айтылмаған, қалыс қалған тұстары көп. Бұдан байқағанымыз, сандардың шексіз құпиясының көптігі. Бір ғана осы ғылыми жобада оның бәрін ескеріп өту мүмкін емес.
-
Нысаны: сандар сыры
Бағыты: халқымыздың сандар туралы сыры
Шешім: егер сандар құпиясына терең үңілетін болсақ, халқымыздың бүкіл жүріп өткен жолы, тұрмыс – тіршілігі көз алдымызда болмақ.
Мазмұны
І.Кіріспе
1.1 Сандар сыры......................................................................5
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Сандардың шығу тарихы................................................6
2.2 7 санының қасиеті...........................................................7
2.3 7 санына байланысты ырымдар.....................................
ІІІ. Қорытынды.......................................................................
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер...............................................12
І. Кіріспе
-
Сандар сыры
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халқымыз үшін сандардың да өзіндік қасиеті болған. Расында, қазақ халқы бір санынан бастап, әрбір санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатын мақсаты мен мағынасы болатынын сезіне, түйсіне білген. Соның ішінде қазақ халқының таным – түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден –ақ жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған.
Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән – мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым – нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән – мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін терең ұғынуға тырысқан. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады.
Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Мысалы, көптеген адам 13 санынан қорқады. 13 саны байқалған жерде жоспарлап қойған жұмысын кейінге шегеріп жататындар да бар. Сосын 9 санынан да үнемі сақтанады. Жеке адам тұрмақ, бұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе?
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Сандардың шығу тарихы
Негізі математика – ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Математиканың ең негізгі ұғымдарының бірі –(1,2,3,4,5,.....) натурал сандар. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көрі қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарына айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен.
Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б.з.д. 2 мыңжылдықта болған деген сөз бар. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған.
Қазақстанда сандар теориясының дамуын арттыруда Б. Оразбаев шәкірттерімен бірге көп еңбек етті. Аналит.әдістерді алгебрада қолдануды қажет ететін есептерді, яғни абсолют абельдік өрістер санының натурал қатарда орналасу заңдылығы жазық облыстардағы бүтін нүктелер санының бағасы, кейбір мультипликативтік функциялардың бағасы зерттелді.
Негізі, сан – математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Қарапайым түрде алғашқы қоғамдарда – ақ пайда болған. Сандардың мынадай түрлері бар:
-дағдылы сандар;
-бүтін сандар;
-тиімді сандар;
-рабайсыз сандар;
-нақты сандар;
-терім сандар;
2.2 7 санының қасиеті
Ал, халқымыздың «жеті ырысымыз» деп танып, жеті қазынасына жатқызғаны:
-
Адамның ақыл – ойы,санасы.
-
Денсаулық
-
Ақ жаулық.
-
Бала(өмір жалғасы)
-
Көңіл
-
Жер
-
Ит.
Ал, жігіттің жеті қазынасы:
Жүрдек аты – жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты
Құмай тазы – бастан берік сенімі
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сұсы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті, себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.
Қазақтардан басқа халықтарда жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз – әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады: 1.Көк аспан
2.Күн
3.Ай
4.От
5.Су
6.Жер
7.Ит
Міне, қарап отырсақ жай ғана 7 саны деп санап өтетін қарапайым санның өзіндік ерекшеліктері қаншама...
Аптаның күнін санасақ та, бір аптада 7 күн. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі. Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Жарық та жеті түстен тұрады: қызыл, сары, жасыл, көк, көгілдір, қызғылт – сары және күлгін.
Ал, Жеті жарғы жайлы бәріміз тарих толғауынан әрине, қанықпыз. Тәуке ханның (1678-1718) тұсында қабылданған Қазақ халқының әдет – ғұрпы заңдарының жинағы. Ол 20 – ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты болуы мүмкін деген тұжырым бар.
Жеті жоқ:
-
Жерде өлшеуіш жоқ.
-
Аспанда тіреуіш жоқ.
-
Таста тамыр жоқ.
-
Тасбақада талақ жоқ.
-
Аллаһта бауыр жоқ.
-
Аққуда сүт жоқ.
-
Жылқыда өт жоқ.
Жеті жетім. Бұл жөнінде мынадай даналық сөздер бар:
-
Тыңдаушысы жоқ сөз жетім.
-
Киюсіз тозған бөз жетім.
-
Иесіз қалған жер жетім.
-
Басшысы жоқ ел жетім.
-
Аққу, қазсыз көл жетім.
-
Жерінен айырылған ер жетім.
-
Замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.
Айта берсек, жеті санының кереметі де, киесі де шексіз екен.
Соның ішінде әлемнің жеті кереметін тастап кеткеніміз, әрине дұрыс емес.
-
Египет пирамидасы.
-
Вавилонның аспалы бағы.
-
Артемида храмы
-
Зевс мүсіні.
-
Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.
-
Жерорта теңізі аралындағы Гелиос мүсіні.
-
Александрия маягі.
2.3. 7 санына байланысты ырымдар
Әрбір санның әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері, тіпті тарихтары бар. Ал, ерекше атап айтатын болсақ, 7 санының киелі сипат беруі тек қазақ халқына ғана емес, дүниедегі көптеген халықтарға тән құбылыс. Мысалы, ол Ислам дінінде де киелі сан болып есептелінеді. Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран» - да «жер бетіндегі нәрсенің бәрін сендер үшін жаратты. Оған жеті қат аспанды үлестірді.» деген сөз бар. Яғни, «аспан – жеті қабат» деген ұғымды білдіреді. Үнді мәдениетінде де «жеті» киелі сипат алған сандар қатарына жатады. «Жеті нан», «жеті мүше» ұғымын көне үнділер таратқан.
Жапондықтарда да «жеті» санын киелі деп есептейді. Олардың ойынша «жеті» саны адамға жақсылық әкеледі. Демек, «жеті» - нің киелі мән алуы түркі халықтарына ғана тән болып қана қоймай, дүниедегі көптеген басқа халықтарға да тән құбылыс екен.
Қазақ халқында «жеті шелпек» деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан – жеті шелпек таратады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: «Қабыл болсын!», - дейді. Бұл жеті санының киелі, қасиеттілігінен болар. Әйтпесе, алты немесе сегіз нан пісіруге де болады ғой. Ендеше, бұл наным – сенімге жаппай халық болып сенетініміз рас емес пе?
Қазақтардың таным – түсінігінде жеті ата, яғни адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі кең қолданылады. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты – жөнін білуге міндетті. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін арттырады. Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата – бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген - жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиеттеп, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты шежірелерінде мәңгі сақтаған.
ІІІ. Қорытынды
Міне, 7 санының біраз қасиетіне қанық болған сияқтымыз. Себеі, сандар әлеміне саяхат жасап отырып, сандардың көптеген сырларына қанық болдық. Жан- жағымызға қарасақ, сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Жай ғана мысалғ егер 10 саны болмаса, біз қарапайым телефонды да соға алмаймыз. Байырғы кезде халық әр – алуан құбылысқа бақылау жасай келе олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Сандар адам өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған.
Біле білсек, біздің тұрмыс – тіршілігіміз – 7 санының құпиясымен тығыз байланысты сияқты. Ең аяғы, ұлттық аспаптарымыз да 7 санымен қоян – қолтық екен. Мысалы, жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспаптарының бірі. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген деп аталған. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші – өнерпаз жасап, «Жетігеннің жеті күйін» шығарыпты деген аңыз да бар. Жеті ішекті музыкалық аспаптың тағы бірі – сылдырмақ. Халқымыз ертеден көшпелі халық болғандықтан,түрлі аспапты кеңінен қолданған. Жігіттің төресін де «Жігітке жеті өнер де аз» деп, 7 санымен байланыстыра таңдаған. 7 санын жақсылығы мен қатар қауіппен де қатар алып жүруге болады. Мысалы, «Жұт жеті ағайынды» деген де ұғым барын бәріміз білеміз. Сонымен ерте заманнан – ақ киелі санның қатарында алдыңғы орында тұрған жеті саны – ол дегеніміз: 7 қазына, ұлттық тағамға қосылатын 7 қоспа, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, ертегідегі 7 ұл мен 7 қыз, кемпірқосақтың 7түсі, Тәуке ханның Жеті жарғысы, Жетіқарақшы жұлдызының 7 құрамы және т.с.с
Егер адам жеті ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі.
« 7 санының құпиясы» тақырыбындағы ғылыми жобаны
зерделегеннен кейінгі ұсыныс:
-
Сандарға байланысты киелі ұғымдар бар екені, көп екені баршаға аян, бірақ арнайы кітапша болып басылып, оқушыларға ұсынылса;
-
Ұлттық ерекшелігімізге байланысты қолданылатын сандық ұғымдар құпиясы мектептің тәрбие саласында көбірек қолға алынса;
-
Елімізде «нумерология» ғылымы тереңірек дамыса.
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер:
-
Әлімбай Т.Р «Математикадан тыс жұмыстар»
Алматы «Рауан» 1992 ж.
-
Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті Алматы 2012 ж
-
Ұлттық дүниетаным Аюбай Құралұлы
Алматы 2002
-
Интернет беттерінен
18
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
7 санының құпиясы

шағым қалдыра аласыз