АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
5
Мақала: «Білім беру сапасын
бағалау саласындағы мамандар даярлау
қажеттігі»
Орындаған: Камаш
Зере
Мамандығы:
БК
Топ:
1
Курс:
3
Тексерген: Сүлеймен
С.Б
Білім беру сапасын бағалау
саласындағы мамандар даярлау қажеттігі
Қазіргі заманда білім беру
саласында педагогикалық кадрларға жаңа талап қойылуда. Олардан жаңа
технологияны жетік меңгерген, жаңаша ойлайтын, интеллектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік, рухани және де басқа да көптеген адами
келбеті қалыптасқан бәсекеге қабілетті педагог болу талап етілуде.
Бұның нәтижесінде компьютерлерді қолдауға қатысты мәселелерге
көзқарастар түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Осы жағдайлар оқу
үрдістеріне де қатысты болып, білім берудің классикалық
принциптерінен бас тартпай білім беру жолдары мен әдістерін сапалы
өзгерту мүмкіндіктерін туғызады.
Бүгінгі таңда кез келген
мұғалім қайда жұмыс жасайтынына, қандай пәнді жүргізетініне
қарамастан, ол интерактивті технологияларды пайдалану саласында
құзыретті болуы қажет. Шынында да, интерактивті технологиялар
ақпаратты ұсыну, мұғалімнің жұмысын жеңілдететін құрал ғана емес,
сондай-ақ кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін бүкіл білім
беру үрдісін өзгерту құралы болып табылады. ХХІ ғасыр –технология
ғасыры болғандықтан, Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу
формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді.
Сонымен қатар өкініштісі елімізде ақпараттық қоғам әлі толық
қалыптаспай жатыр. Сұранысқа орай технология даму үстінде. Бірақ
соңғы жылдары SMART технологиясы ұғымы яғни ақылды оқыту пайда
болды және Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart қондырғы,
Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз. Қазіргі таңда Smart
технологиясын өндірушілер – АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері.
Қазір елордамызда да Smart мектептер қалыптасып келеді.Инновациялық
стратегияларды енгізу мекеменің тиімділігі мен бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етуге қабілетті құзыретті көптілді
педагогикалық ресурстарға деген сұранысты арттыруға
негізделген.
Педагогикалық үдеріс барысында
сынып мұғалімінің ұстаздық мамандыққа бейім тұлғасын
қалыптастыру:
-
бейімделу мүмкіндіктері (өзін
— өзі кәсіби бағалау, қобалжу т.б.)
-
қарым – қатынас, тіл табысу
қасиеті;
-
педагогикалық бағыттылығы,
ынтасы, қызығушылығы;
-
жалпы білім, білік, дағдысының
даму деңгейі.
-
Шығармашылық белсенділігін
қалыптастыру:
-
мәселені шешуде қалыптан тыс
тәсілдерді қолдана білуі;
-
мәліметтер жинау (портфолио),
ілгері жылжу және болжамды тексеру,
-
нәтиже
(рефлексия);
-
ғылыми ойлау амалдарын
қалыптастыратын оқу және зерттеушілік
-
сипаттағы міндеттер тізбегі
(анализ, синтез, модельдеу, фондық көрнекілік
т.б.).
Кәсіби тұлғалық қасиеттерін
дамыту:
-
педагогикалық
шеберлік;
-
математикалық
ойлау;
-
қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу,
өзінің іс — әрекетіне өзі талдау жасау сияқты психиканың
функционалдық тетіктері;
-
ерік, жігер, темперамент,
мінез, қабілет.
Қорытындылайтын болсам,
еліміздің білім беру ордаларында уақыт талабына сәйкес инновациялық
технологияны қолдану арқылы жаңаша дәріс беру өмір талабынан
туындап отырғандығы мәлім. Сапалы мамандарды дайындау үшін жоғарыда
көрсетілген технологияларды пайдаланудың пайдасы тиері
сөзсіз.