Материалдар / 7-сынып.8-бөлім.Сабақ жоспары." Дұрыс тамақтанудың басы-тазалық" Бейнелеуіш сөздер

7-сынып.8-бөлім.Сабақ жоспары." Дұрыс тамақтанудың басы-тазалық" Бейнелеуіш сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс тамақтанудың әдебі тақырыбындағы Бейнелеуіш сөздерге ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Шілде 2024
65
0 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: __________

Пән мұғалімі________

Пәні: қазақ тілі

Мектеп: № Х.Доспанова атындағы №30ЖОББМ

Бөлім: 8

Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар.

Күні: 23.02.24

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсенбаева Әйгерім Буранбайқызы

Сыныбы: 7 «а»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Дұрыс тамақтанудың басы – тазалық. Бейнелеуіш сөздер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.4.1 – мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау;

7.4.4.2 – еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну.

Сабақтың мақсаты

-мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды;

-бейнелеуіш сөздерді сөйлеу кезінде қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут


І. Ұйымдастыру бөлімі

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тазалығына мән беру. Сабақтың тақырыбын анықтап,оқу мақсатымен таныстыру.


Үй тапсырмасы.



Оқылым алды

«Ой шақыру» әдісі

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Мұғаліммен амандасады.





Үй тапсырмасын айтады.




Ықтимал жауабы:

Қолын сабындап жуып жатыр.

Қонақтың қолына су құйып жатыр.

Аузын шайып жатыр.










«Қазақ тілі»

7-сынып. «Мектеп» баспасы.








Сабақтың

ортасы

35 минут

ІІ. Жаңа сабақ.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Ондағы негізгі ойды анықтаңдар.

Қазақ халқы ас-су, азық-түлік тазалығы тәрбиесінде ұрпақтарына «Тазалығың жақсы болса, денің сау болады», «Лас су ішіп, бұзылған тамақ жеген – аурудан айықпас», «Ауру мен дерттің анасы – ластық», «Қол мен ауызды жумай ас ішкенің – тас ішкенің» деп сусын мен азық-түлік тазалығына мұқият қараған. Тіпті «Тазалығы жоқтан ар-ұят сұрама» деп тазалықты ар-ұятпен сабақтастырған.

Бұл тәрбиеде қазақ халқы перзенттеріне ас-тағам әзірлейтін кезде немесе түйе, қой, бие, сиыр сауу алдында қолды, ыдысты таза сумен жуып, онан соң ас-су әзірлеп, мал сауу керек екендігін ұғындырады. Асқа отыратын кезде міндетті түрде қол жуып, онан соң ас ішілетіндігін, қонақ келсе қолына су құйып, таза орамал ұсыну қажеттігін егжей-тегжейлі үйретеді.

Қазақ халқы ауызсу тазалығына да ерекше көңіл бөлген. Ұрпақтарына таза бастау, бұлақ сулары мен құдық суларын пайдалануды үйретіп, лас, жарамсыз суларды пайдалануға қатаң тыйым салған. Ас-тағамдарды таза қолдану, ет-сүтті әбден пісіріп барып пайдалану, тамақтың алдында, соңынан қол жуып, ауыз шайқау, азық-түліктердің бетін ашық-шашық тастамай жауып жүру, тісті аршадан басқа нәрсемен шұқымау, түрегеліп жүріп, жатып, жүрелеп отырып ас ішпеу және тамақ іше салып жата кетпеу сияқты толып жатқан ғылыми қағидаларды түсіндіріп, ұрпақтарының таза, ретті азамат болып жетілуіне күш салады.


«Тал бесіктен жер бесікке дейін» кітабынан



А тапсырмасы

«Түртіп алу» әдісі арқылы мәтіндегі мақалдарды дәптерлеріңе теріп жазып алыңдар.
































В тапсырмасы

Мәтінде қарамен берілген сөз тіркестері білдіретін іс-қимылдардың дыбыстық ерекшелігін ескере отырып, сәйкес еліктеуіш сөздерді табыңдар.








«Сөйле, сурет» әдісі

Аю қалай жүреді?


Қаз қалай жүреді?


Жылан қалай жорғалайды?

Мұғалім оқушыларға сурет бойынша қорытынды жасатады.





Тілдік бағдар



3-тапсырма.

«Пирамида» әдісі арқылы еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерді орын-орындарына қойыңдар.


Арс, дүрс, арсалаң-арсалаң, ырс, барқ, шаңқ-шұңқ, қаңғыр-күңгір, ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, қайқаң-қайқаң, гүрс, ыржың-тыржың, митың-митың, қорс, жалт-жалт, жалт-жұлт, қылқ, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ, шырт, қызараң-қызараң, қайқаң-құйқаң, бүгжең-бүгжең, жалп, желп, күңк, маңқ-маңқ, салаң-сұлаң, ербең-ербең, тасыр-тұсыр, сылтың-сылтың, жапыр-жұпыр, бажаң-бажаң.










А тапсырмасы

Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын анықтаңдар.



Мәтінді оқиды. Ондағы негізгі ойды анықтайды.

Ықтимал жауабы:

Негізгі ой:

Қазақ тәрбиесіндегі тамақтану гигиенасы.

Тазалық – денсаулық кепілі.
































«Түртіп алу» әдісі арқылы мәтіндегі мақалдарды дәптерлеріңе теріп жазып, мағынасын түсіндіреді.

Ықтимал жауабы:

«Тазалығың жақсы болса, денің сау болады». Бұл жерде тамақтану гигиенасын, таза киім кию, уақытылы суға түсу - деніңнің сау болуының кепілі.


«Лас су ішіп, бұзылған тамақ жеген – аурудан айықпас». Бұл жерде дәретсіз тамақ ішу, мерзімі өтіп кеткен тамақтарды қабылдау ауру болуға әкеледі.


Ауру мен дерттің анасы – ластық». Бұл жерде, гигиена болмаса,гендік өзгеріске ұшыраған арнайы фаст-фуд тағамдарын пайдаланса, адамды түрлі ауруларға әкелуі ықтимал.


«Қол мен ауызды жумай ас ішкенің – тас ішкенің». Бұл жерде қазақ халқы тазалыққа мән берген. Соның ішінде тамақтану гигиенасына баса назар аударған. Сенің қол мен ауызыңды жумағаның өзге біреулерге әсер етеді.


«Тазалығы жоқтан ар-ұят сұрама». Өйткені сен айналаңа тазалығыңмен сәнді әрі қадірлі боласың.








Мәтінде қарамен берілген сөз тіркестері білдіретін іс-қимылдардың дыбыстық ерекшелігін ескере отырып, сәйкес еліктеуіш сөздерді табады.

Ықтимал жауабы:

Сиыр сауу – күрп-күрп

Су құю – шылп-шылп

Ет-сүтті пісіру – бүлк-бүлк

Ауыз шайқау -










Ықтимал жауабы:

Аю қорбаң-қорбаң жүреді.

Қаз маң-маң басып жүреді.

Жылан ирелең-ирелең етеді.
















Оқушылар сурет бойынша қорытынды жасайды.

Ықтимал жауабы:

Жануарлардың қимыл, жүрістерінің бейнесі көрінді.



Тілдік бағдармен танысады.












«Пирамида» әдісі арқылы еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерді орын-орнына қойып жазады.


Еліктеуіш сөз

Бейнелеуіш сөз

арс, дүрс, ырс, барқ, шаңқ-шұңқ, қаңғыр-күңгір,гүрс, қылқ, қаңқ-қаңқ, шырт, күңк, маңқ-маңқ, тасыр-тұсыр.

арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, қайқаң-қайқаң, ыржың-тыржың, митың-митың, қорс, жалт-жат, жалт-жұлт, қалт-құлт, қызараң-қызараң, қайқаң-құйқаң, бүгжең-бүгжең, жалп, желп, салаң-сұлаң, ербең-ербең, сылтың-сылтың, жапыр-жұпыр, бажаң-бажаң.



Ықтимал жауабы:

Арсалаң-арсалаң:

Арс – түбірі, -алаң – бейнелеуіш сөз тудырушы жұрнақ;

Сылтың-сылтың:

Сылт – түбірі, -ың - бейнелеуіш сөз тудырушы жұрнақ;

Шаңқ-шұңқ – екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалып тұр.









































Сабақтың соңы

5 минут

ІІІ. Қорытынды. Сабақты «Бағдаршам» әдісі арқылы қортындылайды.



Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Үндестік заңы тақырыбын еске түсіре отырып, төмендегі еліктеуіш сөздердің жіңішке нұсқаларын тауып жазыңдар. (201-бет)

5-тапсырма. Суреттерге қарай отырп, қай жанураға қандай іс-әрекет келеді, соған сәйкестендіріп сөйлем құраңдар. (201-бет)





Сабақтан алған білімдерін бағдаршамның түстерін көтереді. Мұғалімге кері байланыс береді.















Күнделікке жазып алады.



























Күнделік


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!