400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 сынып мәтіндік тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұгалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жасушалық биология

Жасуша

Жасуша – ағза құрылысының негізгі бөлшегі. Жасуша деген түсінікті ең алғаш рет Р.Гук қолданған. Ғалымдар жасушадан тыс тіршілік болмайтынын, яғни өсу, көбею, қоректену, қоршаған ортамен зат және энергия алмасу үдерістері тек тірі жасуша ішінде ғана жүзеге асатынын анықтаған. Барлық өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен жануарлардың жасушасы міндетті түрде үш бөліктен: қабықша, цитоплазма мен ядродан тұрады. Кез келген ағза құрамының жалпы сызбасы бар жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі, тұтас ағза деп жіктеледі. Эволюция барысында миллиардтаған жыл ішінде көпжасушалы ағзалардың біртипті жасушалары ұлпа түзеді. Ұлпадағы барлық жасушалар біртипті, бірдей тіршілік әрекеті үдерістеріне қабілетті. Бұл оларға бірыңғай қызмет атқаруға және әсерге бірдей реакция көрсетуге мүмкіндік береді.

  1. Жасуша дегеніміз не?

  2. Жасуша ұғымын кім еңгізді? Қалай?

  3. Барлық жасушалар қандай үш бөліктен тұрады?

  4. Ұлпа жасушаларының біртипті болуы неге мүмкіндік береді?

  5. Кез келген ағза құрылымынң сызбасын көрсет?



Өсімдік жасушасы мен жануарлар жасушасының құрылысы

Адам мен жануарлар организмдері жасушалары цитоплазмасындағы белгілі қызмет атқаратын тұрақты құрылымдарды органоид дейтініміз белгілі. Вакуоль сұйықтығы бар көпіршік. Ол суды сақтайтын және қайта бөлетін қордағы орын болып табылады. Хлоропластар жасыл түсті болады. Онда өсімдікке және оның тіршілігіне маңызды үдеріс фотосинтез жүреді. Жалпы өсімдіктер мен жануар жасушаларының ұқсастықтарымен қатар айырмашылықтары да бар.

  1. Органоидқа анықтама беріңіз?

  2. «Қойма» немесе «Қоқыс салатын шелек» рөлін атқаратын органоид?

  3. Фотосинтез үдерісін түсіндір?

  4. Өсімдік жасушасы мен жануар жасушасының ұқсастығы бар ма? Түсіндіріңіз.

  5. Өсімдік жасушасы мен жануар жасушасының айырмашылығы бар ма? Түсіндіріңіз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.04.2021
1473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі