«Ширату» әдісі
Суреттегі берілген мысалдардың ортақ құбылысы не? Әр топ
өзара талқылайды.Қозғалып жатқан денелердің суреттер топтамасын
көрсету, сұрақ қою арқылы ой тастау. Суреттер арқылы тақырыбын
анықтау.

Оқушылар өз ойларын
айтады.
Мұғалім: Бүгінгі
жаңа
тақырып:« Механикалық қозғалыс және
оның сипаттамасы. Санақ жүйесі».
Ой қозғау. «Экрандар
сөйлейді»
Электронды оқулықтан
бейнеролик бойынша оқушылардың ойын
талқылау.
Топтық
жұмыс.
«Ақпарат
жинау» әдісі бойынша оқушылар
ұсынылған видеокөрсетілімнен және оқулықпен жұмыстану арқылы
тақырыптарына сай ақпарат жинақтайды және сұрақтарға жауап
береді.
-
Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен
салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте
алады.
-
Дене
тұтасымен қозғала ма?
-
Әлде
кейде оның бөліктері де қозғала ма
екен?
-
Бұл
бейнероликтен не байқадыңыздар?
Оқушылар
жауабы: аяғымызбен бірге қолымызда
қозғалды.
Олай
болса, бұдан қандай қорытынды жасауға
болады?
№1
тапсырма: Лабиринт ойыны
а)Лабиринттен шығу:Топтардың әрқайсысына лабиринт суреті
беріледі.Оқушылар түзу сызықтар сызу арқылы жылдам лабиринттен шығу
жолын табады.


ә)
Траекторияны өлшеу: Сызған сызықтарының дене траекториясы
екенін еске сала отырып,осы сызықтарды сызғышпен өлшеу тапсырмасы
беріледі.
б)
Оқушылар жүрілген жол анықтамасын, белгіленуі, өлшем бірлігі мен
скаляр шама екенін тұжырымдап, дәптерге
жазады.
Қозғалыс
траекториясының ұзындығы жүрілген
жол деп аталады.
Белгіленуі: S
ХБЖ
өлшем бірлігі: [м]
Жүрілген жол - скаляр
шама
в) Ең қысқа жол: Лабиринттегі дене аз ғана уақытта өз
мақсатына жету үшін қандай траектория сызу
керек?
Оқушылар
бастапқы нүкте мен соңғы нүктенің арасындағы ең қысқа жолды
сызғышпен өлшеп, бағытталған кесінді арқылы көрсетеді.Сонымен қатар
екі нүкте арасын қосатын қарама-қарсы бағытталған екі кесіндінің
әртүрлі векторлар екеніне назар
аудартылады.
г) Орын
ауыстырудың анықтамасын, белгіленуін,формуласын, өлшем бірлігі және
векторлық шама екенін тұжырымдап, дәптерге
жазады.
Орын
ауыстыру векторы – қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі
орнымен қосатын бағытталған
кесінді.
Белгіленуі: S
ХБЖ
өлшем бірлігі:[м]
Орын ауыстыру –
векторлық шама
Формуласы:
S=x-x0
Дескриптор:
Саралау: «Диалог немесе қолдау
көрсету» әдісі.
Тапсырма бойынша оқушылар
бір-бірімен диалог әдісімен байланыс орнату арқылы қасындағы
жолдастарымен тапсырмалардың шығу жолдарын
талдайды.
ҚБ: "Түстер арқылы
бағалау"
№2
тапсырма.«Миға
шабуыл» әдісі, есептер
шығару:
1.
Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамаман 15
км жүгіретіні анықталды. Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде жол ма
?
2. Жүргізуші автомобиль
есептеуішінің көрсеткіші 500 км-ге артқанын
көрді.
Бұл нені білдіреді:
автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыру ма
?
1.Таксиге біз не үшін ақша төлейміз? Жүрілген жол
үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе?
2.
Спортшы 500м қашықтық жүгіріп өтіп мәреге қайтып келді. Спортшының
орын ауыстыруы мен жолы неге тең?
1.
Дене шеңбер бойымен радиусы 2 м қозғала отырып бастапқы орнына
келді. Жүрген жолы мен орын ауыстыруы тап.
2.
Автобус пен такси бір бағатта жүреді. Автобус кешке дейін 12 рейс,
ал такси 5 рейс жасайды. Такси мен автобустың орын ауыстыруы мен
жүрген жолын салыстыр.
Дескриптор:
-
Есептің қысқаша шартын
жазады
-
Өлшем бірлікті ХБЖ-не
түрлендіреді
-
Есепті шығару
формуласын жазады
-
Жол мен орын ауыстыруды
ажыратады.
Саралау:
«Тапсырма» және «Қарқын»
әдісі. Деңгейлік есептер
шығару.
ҚБ: Стикерге жазылған мақтау,
мадақтау сөздер арқылы бағалаймын.
№3
тапсырма. Жеке
жұмыс
Әскери-патриоттық ойын кезінде
оқушылар тобы келесі арақашықтықты өтіп шығуға тапсырма алды:
солтүстікке қарай 400 м, шығысқа 500 м, 600 м оңтүстікке, 200 м
батысқа, 200 м солтүстікке және 300 м батысқа. Топтың қозғалыс
траекториясын сызып, олардың барлық жүрген жолы мен орын ауыстыруын
анықтаңыз. Масштабты өзіңіз таңдап алыңыз.

Дескриптор
-
қозғалыс траекториясын
сызады;
-
жүрілген жолды
анықтайды;
-
орын ауыстыруды
анықтайды.
Саралау:
«Бағалау»
әдісі
Оқушылар үнемі бағаланып
отырады, осылайша педагогикалық қызмет оқушылардың қажеттіліктеріне
қарай үнемі түзетіліп отырылуы керек.
ҚБ: «Шапалақтау» әдісі арқылы
оқушылар өз-өздерін бағалайды.
№4
тапсырма
Топтық
жұмыс:«Үлестірмелі карта»әдісі
Төмендегі суретте кейбір денелердің қозғалыс траекториясы
көрсетілген.
Қай
траектория: Айдың Жермен салыстырғандағы қозғалыс траекториясына,
лифттің қозғалысына, араның ұшуына және газ бөлшектерінің
қозғалысына сәйкес келеді?

-
сурет______________________________________
-
|