7-сынып Қазақ әдебиеті Батыр Баян "Күңіреніп көкірегі нар қобыздай"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

7-сынып Қазақ әдебиеті Батыр Баян "Күңіреніп көкірегі нар қобыздай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабағымыздың тақырыбы: «Күңіреніп көкірегі нар қобыздай...» Бүгінгі сабақта: Біз Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша шығармадағы автор бейнесін ашамыз. Сенің білетінің: • Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының мазмұнын Сенің меңгеретінің: • мәтін мазмұнын түсінесің; • автор бейнесін ашасың.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді сабақ жоспары

Мектеп атауы:

«ОРОММИК» КММ

Мұғалімнің аты-жөні:

Ахметкалиева О.А.

Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 7-сынып

Күні:

21.01.2025жыл

Тарау немесе бөлім атауы:

3-бөлім: Балалар мен үлкендер

Сабақтың тақырыбы:

«Күңіреніп көкірегі нар қобыздай...»

Оқу мақсаттары:

7.2.2.1.эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

Бағалау критериі:

  • мәтін мазмұнын түсінеді;

  • шығармадан автор бейнесін анықтайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Тапсырманың мақсаты

Ресурстар

2 минут


Ұйымдастыру

Қайырлы күн оқушылар!Біз сіздермен әдебиет сабағынан осы тоқсандағы 4-сабақты бастаймыз.

Сабағымыздың тақырыбы: «Күңіреніп көкірегі нар қобыздай...»

Бүгінгі сабақта: Біз Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша шығармадағы автор бейнесін ашамыз.

Сенің білетінің:

Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының мазмұнын

Сенің меңгеретінің:

  • мәтін мазмұнын түсінесің;

  • автор бейнесін ашасың.


Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

3 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабаққа кіріспе.Видеоны тамашала.

https://www.youtube.com/watch?v=q67XqLfb1ok


Видео-аудио суреттер, презентация, электронды құралдар, т.б.

3 минут










Тапсырмалар

1-тапсырма. Берілген ақпараттардың дұрыс не бұрыстығын анықтаңыз

Дескриптор:

- ақпараттардың мазмұнын біледі;

- берілген ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын ажыратады.

Ақпараттар

дұрыс

бұрыс

Мағжан Фирдауси, Сағди,Хафиз, Омар хаям, Низами, Науаи сынды шығыс жауһарларымен танысады.



Халық жауы деген жала жабылып, еңбектері жойылады.



Ғалия медресесінде оқыған.



Мағжанның білім алуына әкесі көмектеседі.



Петербургте жоғарғы оқу орынында білім алады.



Университетте мұғалімдік қызмет атқарады.





Өзіңді тексер!

Ақпараттар

дұрыс

бұрыс

Мағжан Фирдауси, Сағди,Хафиз, Омар хаям, Низами, Науаи сынды шығыс жауһарларымен танысады.

+


Халық жауы деген жала жабылып, еңбектері жойылады.

+


Ғалия медресесінде оқыған.

+


Мағжанның білім алуына әкесі көмектеседі.


+

Петербургте жоғарғы оқу орынында білім алады.


+

Университетте мұғалімдік қызиет атқарады.

+




2-тапсырма. «Қос жазба күнделігі» әдісін пайдаланып, үзіндіден автор бейнесін анықта.

Өлең үзіндісі

Автор бейнесі

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да.


Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,
Толғанып қарауым сол баяғыға.
Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар
Әдемі ертегідей баяғыда.
Әдемі еткенді ойлап айнымасам,
Сұм өмір күшті уын аяды ма?


Дескриптор:

-үзінді мазмұнын түсінеді

-Автор бейнесін анықтайды


Өзіңді тексер!


Өлең үзіндісі

Автор бейнесі

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да.

-Саналы, білімді адамдар өз білгенімен халықпен бөлісе алмай, абақтыда отырғандай шарасыздық бейне. Жүрегі зарлы.

-бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ дегендей, автор мұң-зарын шығармалары арқылы жеткізгісі келеді,өкінеді.

Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,
Толғанып қарауым сол баяғыға.
Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар
Әдемі ертегідей баяғыда.
Әдемі еткенді ойлап айнымасам,
Сұм өмір күшті уын аяды ма?

-өмірінен қажыған, шаршаған, өзіне дейінгі өмірден, тарихи оқиғалардан жүрегіне дауа табады.


















2 минут

Бекіту

Бекіту сұрақтары:

1.Неліктен Мағжанның шығармалары жарты ғасырдан артық танылмай келді?
2.Мағжан туралы 3 дерек айта аласың ба?
3. Шығармалары арқылы авторға қандай сипаттама бересің?





1 мин

Қорытынды

Оқу мақсатына жеттің бе?

Оқу мақсатына жету үшін қандай тапсырмалар орындадың?















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2025
127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі