400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

7-сынып, ҚМЖ Сынып сағаты. 17.02.2025 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып, ҚМЖ Сынып сағаты. 17.02.2025 жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекші:



Күні:

17.02.2025

Сынып: 7



Сабақтың тақырыбы:

«Қауіпсіз қоғам»

«Жол белгілері және олардың мақсаты» ЖЖЕ


«Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпті сигналдар»

Мақсаты

Оқушыларға қауіпсіз қоғам құрудың маңыздылығын түсіндіру;

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы білімдерін арттыру;

Оқушыларды жауапкершілікке, тәртіпке, өзгелердің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға тәрбиелеу.


Оқушыларға бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіп-қатерлерді түсіндіру.

Қауіпті жағдайларды тану және олардан қорғану жолдарын үйрету.

Оқушылардың өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту.




Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу:

Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!

Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді.





Көңілді әуен

Сабақтың ортасы


Оқушыларды «қауіпсіздік» сөзіне байланысты ойларын ортаға салуға шақыру.

II. Негізгі бөлім

1. Қауіпсіз қоғам дегеніміз не?

Қауіпсіз қоғам – бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтін, заңдар мен тәртіп сақталатын орта.


Қоғамдағы негізгі қауіптер: көлік апаттары, интернеттегі қауіптер, төтенше жағдайлар, құқықбұзушылықтар.



2. Қауіпсіздікті сақтау жолдары

Жолда жүру ережелері.


Интернеттегі қауіпсіздік (кибербуллинг, фишинг, алаяқтардан қорғану).


Төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны).


Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтан аулақ болу.

3. Топтық жұмыс:

Оқушыларды 3 топқа бөліп, келесі жағдайларды талқылату:


1-топ: Қоғамдық орында өзіңді қалай ұстау керек?

2-топ: Жолда жүру қауіпсіздігі.

3-топ: Интернеттегі қауіпсіздік ережелері.

Әр топ өз тақырыбын постер арқылы қорғап шығады.













Оқушылар сұрақтарға жауап береді.













Жауаптар талқыланады.





Әр жағдаят бойынша оқушылар өз пікірлерін айтып, заңға сәйкес шешімін ұсынады.




Оқушылар бірін -бірі бағалайды

























Оқушылар бір -бірінің жұмыстарын бағалайды





Ақ қағаз, фломастерлер



Сабақтың соңы


III. Қорытынды бөлім

Оқушыларға «Қауіпсіз қоғам қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?» деген сұрақ қойып, жауап алу.


«Келісемін – келіспеймін» ойыны (мұғалім әртүрлі қауіпсіздікке байланысты тұжырымдар айтып, оқушылар өз пікірлерін білдіреді).




Оқушылар ақ қағазға ойларын қысқаша жазады

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Ақ қағаз

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

Ой қозғау:

"Бейтаныс адам" дегеніміз кім?

"Сен танымайтын адамнан қандай қауіп тууы мүмкін?"

Қысқа видео немесе суреттер арқылы талқылау жүргізу.

Негізгі бөлім

1. Түсіндіру

Мұғалім бейтаныс адамдардың қауіпті әрекеттерін сипаттайды:

Тәтті немесе сыйлық ұсыну.

Ата-анаң жіберді деп алдау.



Көмек сұрап, алысқа апаруға тырысу.

Жасырын жерге шақыру.

"Бұл біздің құпиямыз" деп айту.

Топтық жұмыс

Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа тапсырма беріледі:

Бір топ қауіпсіздік ережелері бойынша көрініс қояды.

Екінші топ "Қауіпті және қауіпсіз жағдайлар" атты постер жасайды.

Үшінші топ "Қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керек?" тақырыбында қысқа мәтін құрастырады.

III. Қорытынды бөлім

1. Қайталау және бекіту:

Оқушыларға "Дұрыс – бұрыс" ойыны ойнатылады (мысалы, "Бейтаныс адам сені ертіп кетсе, бару керек" – бұрыс, "Көмек керек болса, ата-анаңа немесе полицияға хабарласу керек" – дұрыс).

2. Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай маңызды ақпарат алғандарын айтып шығады. 3. Үй тапсырмасы: "Қауіпті жағдайдан шығу жолдары" тақырыбында шағын әңгіме жазу немесе сурет салу.

ЖЖЕ

Жол белгілері және оның мақсаты


Жол белгілері – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы туралы ақпарат беретін арнайы белгілер. Олардың негізгі мақсаты – қозғалысты реттеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және апаттардың алдын алу.


Жол белгілері бірнеше түрге бөлінеді:

1. Ескерту белгілері – қауіпті аймақтар туралы алдын ала ескертеді (мысалы, "Жол жөндеу", "Қауіпті бұрылыс").

2. Тыйым салу белгілері – белгілі бір әрекеттерді шектейді немесе тыйым салады ("Кіруге тыйым салынады", "Жылдамдықты шектеу").

3. Міндеттеу белгілері – белгілі бір бағытта жүруді немесе әрекеттерді орындауды міндеттейді ("Оңға бұрылу міндетті", "Жаяу жүргіншілер өткелі").

4. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері – жолдағы маңызды ақпараттарды көрсетеді ("Қонақүй", "Дәріхана").


5. Қосымша ақпарат белгілері – негізгі белгілердің мағынасын нақтылап, қосымша ақпарат береді.

Жолда жүру ережелері

Жол қозғалысы ережелері (ЖҚЕ) – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормалар жиынтығы.

Негізгі жол жүру ережелері:

Жол қозғалысына қатысушылар (жүргізушілер, жаяу жүргіншілер, жолаушылар) ережелерді сақтауы керек.

Бағдаршамның түстерін дұрыс түсініп, оларды орындау қажет.


Жүргізушілер жылдамдық режимін сақтауы тиіс.


Жаяу жүргіншілер белгіленген жерден ғана жолды кесіп өтуі керек.

Автокөліктер арасында қауіпсіз қашықтық сақтау маңызды.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – өзіміздің және өзгелердің өмірін қорғаудың кепілі.




Оқушылар тақырыпты сұрақтарға жауап беру арқылы түсінеді.









Оқушылар мұқият тыңдайды.










Сұрақтарға жауап береді




Әр топ өз жұмысын таныстырады.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырып, түзетулер енгізеді.










Презентация



Әңгімелесу, тәжірибелік жаттығулар, суреттер мен бейнероликтер арқылы түсіндіру.

Презентбейнематериалдар (жанжал кезінде қарым-қатынас туралы).



Тапсырма парақтары.





Бейнероликтер мен слайдтар.








Сабақтың соңы

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16.02.2025
133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі