Материалдар / 7-сыныпқа қазақ тілі пәніне арналған Тест тапсырмалары, жауабымен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7-сыныпқа қазақ тілі пәніне арналған Тест тапсырмалары, жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныпқа қазақ тілі пәніне арналған Тест тапсырмалары, жауабымен
Авторы:
23 Қырқүйек 2024
1815
21 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні, айы, жылы «_____» ___________
Оқушының аты-жөні:_______________________________________
Сыныбы:
7 «_____»

  1. сыныптарға арналған қазақ тілі пәнінен тест сұрақтар

1.Түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздерді не деп атаймыз?
А) Бейнелеуіш сөз Б) Еліктеуіш сөз В) Негізгі еліктеу сөз Г ) Туынды еліктеу сөз

2.Бөлшектеуге келмейтін түбір еліктеу сөздер не деп аталады?
А) Дара еліктеу сөз Б) Негізгі еліктеу сөз В) Еліктеуіш сөз Г ) Күрделі еліктеу сөз

3.Түбірге жұрнақ жалғануы арқылы жасалған еліктеу сөздер не деп аталады?
А) Туынды еліктеу сөз Б) Күрделі еліктеу сөз В) Бейнелеуіш сөз Г ) Негізгі еліктеу сөз

4. Екі сөздің қосарлануынан жасалған еліктеу сөздерді не дейміз?
А) Күрделі еліктеу сөз Б) Туынды еліктеу сөз В) Дара еліктеу сөз Г ) Негізгі еліктеу сөз

5. –аң,-ең, -ың, -ің, -ң жұрнақтары арқылы қай еліктеу сөз жасалады?
А) Негізгі еліктеу сөз Б) Дара еліктеу сөз В) Туынды еліктеу сөз Г ) Күрделі еліктеу сөз

6. Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың болмысқа, шындыққа қатысын білдіретін етістік формалары не аталады?
А) Ашық рай Б) Бұйрық рай В) Рай Г) Шартты рай

7.Бұйрық рай дегеніміз не?
А) Қимылдың болу-болмауының үш шаққа да қатысты екенін көрсететін етістіктің формасы.
Б) Адамның ниеті, ықыласы, ынтасына қатысты ақпаратты білдіреді.
В) Іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын көрсететін рай түрі.
Г) Іс-әрекетке қозғау салып, оның міндетті түрде орындалуын талап етеді.

8.Шартты рай жұрнағын көрсетіңіз.
А) –айын, -ейін, -иын, -иін Б) –ғы, -гі, -қы, -кі В) –са, -се Г) -ыңдар, -іңдер, - ңдар, -ңдер

9. Өткен шақтың неше түрі бар?
А) 5 Б) 2 В) 4 Г) 3

10. Ауыспалы өткен шақ дегеніміз не?
А) Сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді.
Б) Болғанына көп уақыт өткен іс-қимылды білдіреді.
В) Іс-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді.
Г) Сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс-қимылды білдіреді.

11. Жедел өткен шақ жұрнағын табыңыз.
А) –ған,-ген, –қан,-кен, -ып, -іп,-п Б) – атын, -етін, -итын, -итін
В) -ды, -ді, -ты, -ті Г) -а, -е, -й

12.Бұрынғы өткен шақтың жұрнағы арқылы жасалған сөз мүшесін анықтаңыз.
А) Мен баратынмын, сен білетінсің, ол келетін.
Б) Мен барғанмын, сен ұқпапсың, ол келген.
В) Мен бардым, сен келдің, ол келді.
Г) Мен барармын, сен келерсің, ол келер.

13. Сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-қимылды білдіретін шақ түрі не деп аталады?
А) Келер шақ Б) Нақ осы шақ В) Өткен шақ Г) Болжалды келер шақ

14. Болжалды келер шақ дегеніміз не?
А) Іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.
Б) Алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді.
В) Іс-қимылдың келешекте болатынын дәл көрсетпей, болжай ғана білдіреді.
Г) Күнделікті дағдылы боып жатқан іс-қимылды білдіреді.

15.Түбір не туынды етістікке есімшенің –мақ, -мек, -бақ, -бек, жұрнағы, оған –шы, -ші және жіктік жалғауы жалғанатын келер шақ түрін белгілеңіз.
А) Мақсатты келер шақ Б) Ауыспалы келер шақ В) Келер шақ Г) Болжалды келер шақ

16.Осы шақтың неше түрі бар?
А) 3 Б) 4 В) 2 Г) 5

17. Нақ осы шақтың жасалу жолын табыңыз.
А) Таң атады, күн шығады, мұнда жаңбыр жиі жауады
Б) Бармақпын, көрмекпін, тыңдамақшы, кетпек
В) Барармын, айтпаспыз, білмес
Г) Әжесі отыр, немересі жүр, мен келе жатырмын

18. Етістікке –у жұрнағы жалғанғанда, сол сөз қимыл-әрекеттің атауын білдіреді мұндай сөздерді не деп атаймыз?
А) Есімше Б) Тұйық етістік В) Көсемше Г) Есімдік

19. Бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі не деп аталады?
А) Есімдік Б) Көсемше В) Есімше Г) Тұйық етістік

20. Есімше жұрнағы кезігетін сөйлемді табыңыз.
А) Арнайы іздеп келеді Б) Музыканың құдіреті біздің жан дүниемізді толқытады
В) Оның даусы қазақ даласындай кең де биік Г) Менің айтқаным дәл келді

21. Фразеологизмдер дегеніміз не?
А) Айналадағы, табиғаттағы әртүрлі заттар мен құбылыстардың дыбыстарына, қимыл әрекеттеріне еліктеуден немес олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер.
Б) Ауызша сөйлеуде әртүрлі сазды үн шығады. Адамның сөйлеу әрекетінде эмоциялық бояу басым болады .
В) Тілімізде бірнеше сөзден құралып, бір ұғымда қолданылатын, сөйлем мүшелеріне ажыратуға келмейтін, грамматикалық мағыналарын өзгертіп, тіркестегі орындарын алмастыруға болмайтын, тарихи қалыптасқан тұрақты тіркестер.
Г) Сөйлеушінің айтылған пікірге әртүрлі көзқарасын білдіретін сөздер.

22. « Телефон арқылы жүргізілетін әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады » берілген сөйлемде қай етістіктің жұрнағы жалғанып тұрғанын көрсетіп, сөйлемнен түбір мен жұрнақты тауып сызып қойыңыз.
А) Есімше Б) Көсемше В) Тұйық етістік Г) Есімдік


23.  І жақ та етіс тік ке -ай­ын,­-ей­ін, -йын,­-йін; көп ше түр де -ай­ық,­-ейік,­-йық,­-йік;  ІІ жақта қосымша болмайды,  көпше  түрде  ­ың­дар,­ -ің­дер,­ -ңдар,­ -ңдер;
  ІІІ жақ та -сын,­ -сін  қосымшаларының  жалғануы арқылы жасалатын рай түрі?
А) ) Қалау рай Б) Бұйрық рай В) Шартты рай Г) Ашық рай

24. Жедел өткен шақты табыңыз.
А) Мен барғанмын Б) Сен білетінсің В) Мен бардым Г) Сен ұқпапсың

25. Мәтіннің мазмұн-мағынасына, кейіпкердің іс-әрекетіне, көңіл күйінің құбылуына байланысты кідірістің түрін не деп атаймыз?
А) Ло­ги­ка­лық Б) Грам­ма­ти­ка­лық В) Пси­хо­ло­гия­лық Г) Интонация

26. Бейнелеуіш сөзді анықтаңыз.
А) салдыр-гүлдір Б) тасыр-тұсыр В) қисаң-қисаң Г) шыр
-шыр еткен

27. Заттың көп екенін және сол заттың көпке ортақ екенін білдіру үшін сөзге қандай жалғау жалғаймыз?
А) Жіктік жалғау Б) Көптік жалғау В) Септік жалғау Г)Тәуелдік жалғау

28. Түбір мен қосымшаның жігіндегі және сөз аралығындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етуін не деп атаймыз?
А)Жіктік жалғау Б) Дыбыс үндестігі В) Кейінді ықпал Г) Буын үндестігі

29. Кідірістің неше түрі бар?
А) 5 Б) 2 В) 3 Г) 4

30. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін көмекші сөздің бір түрі не деп аталады?
А)Жалғау Б)Шылау В)Жұрнақ Г) Кідіріс



  1. Жауаптар қазақ тілі7 сынып
    1.Б

  2. Б

  3. А

  4. А

  5. В

  6. В

  7. Г

  8. В

  9. Г

  10. А

  11. В

  12. Б

  13. А

  14. В

  15. А

  16. В

  17. Г

  18. Б

  19. Б

  20. Г

  21. В

  22. А

  23. Б

  24. В

  25. В

  26. В

  27. Б

  28. Б

  29. В

  30. Б





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!