7 сыныптардағы химия пәндерінің жаңартылған білім мазмұны бойынша берілу жағдайы анықтама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

7 сыныптардағы химия пәндерінің жаңартылған білім мазмұны бойынша берілу жағдайы анықтама

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныптардағы химия пәндерінің жаңартылған білім мазмұны бойынша берілу жағдайы анықтама
Материалдың қысқаша нұсқасы

37 мектеп-лицейінің 7- сыныптарға химия пәнінің жаңартылған білім мазмұны бойынша берілу жағдайына жүргізілген бақылау



АНЫҚТАМАСЫ

Зерттеу объектісі: 7- сыныптардағы химия сабағы, ҚМЖ

Зерттеу мерзімі: 09-31 қаңтар, 2024 - 2025 оқу жылы


Тексеру мақсаты: Оқушылардың танымдық деңгейлері мен функционалдық дағдыларының деңгейін анықтау

Бақылау нысаны: Тақырыптық


Тексерді: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары


Бақылау барысында анықталды:



37 мектеп-лицейде 2024-2025 оқу жылында химия пәнінен 7 сыныптарға Тілеуғабыл Қайрат, Дауренбек Гүлжаухар сабақ береді. 7 сыныптардағы үздік оқушылардың даму деңгейі мен қабілеті жоғары, оқушыларға ізденіс тапсырмаларын беруді жиі қолданады. 7 сыныптардағы үздік оқушылардың ерекшелігі - оқушылар еркін сөйлеп, өз ойларын айқын жеткізе алады. Үздік оқушылар сабаққа белсене араласады. Пән мұғалімі әр сабақ сайын жоғары деңгейдегі тапсырмаларды дайындап,үнемі қосымша тапсырмалар беріп отырып, жұмыс жасайды.

Сыныпта екпінді, орташа деңгейдегі балалар да білім алады. Пән мұғалімі сабақта техникалық құралдарды қолдана отырып, деңгейлік тапсырмаларды орындатады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында зертханалық жұмыстар орындайды, топтық,жұптық,жеке жұмыстар жүргізіледі. Әр оқушы өзінің қызығушылығына қарай , өз үлестерін қосады.

Пән мұғалімі химия оқушыларға білімді игерту мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,ойын тапсырмаларын, зерттеу сұрақтарын дайындап, сабақ жүргізуді өз міндеті деп түсінеді. Сыныптағы әр оқушымен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау қабілетін бақылап отырады. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа белсене араласып, қызығушылығы арта бастағаны байқалады. Топпен жұмыс жасай отырып,оқушылар еркін сөйлеп, өз ойын еркін жеткізе алатын дәрежеге жетті. Пән мұғалімдері қосымша тест алып білім деңгейін анықталып отырады.

Жалпы, жаратылыстану пәндері, оның ішінде химия - айналамыздағы орта, жаратылыс туралы оқытатын ғылым. Сондықтанда оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың маңызы өте зор.

7-сыныптырында химия пәнін жүргізуде пән мұғалімінің алға қойған мақсаты -оқушыларды бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасауға, пікір алмасуға,табиғи ортаның құпияларын ашуға,ғылыми жұмыстармен айналысуға қызықтыру. Сынып оқушыларының қабілетін арттыру мақсатында химия пәнінен табиғатқа саяхат жасау,сыныпта әртүрлі тәжірибелер жасауды жиі қолдану керек.



Ұсыныс:

  1. Химия сабағында оқушылардың тәжірибиелік жұмыстарды жасау дағдыларын анықтау мақсатында сабаққа түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ өткізу;

  2. Оқушыларды бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасауға,пікір алмасуға,табиғи ортаның құпияларын ашуға,ғылыми жұмыстармен айналысуға қызықтыру жұмыстарын жүргізу;

  3. Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ҚМЖ –ны жоғары деңгейде дайындауды міндеттеу;





Бақылауды жүргізген директордың

оқу ісі жөніндегі орынбасары: Тауекелов Д

Молдажарова А



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі