7санын қосу және азайту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

7санын қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
7саны және цифрымен таныстыру. 7санының шығу тарихын ұғыну. Киелі сан екенін меңгерту.Саналы түсіну машығын жетілдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика. (Ашық сабақ.)

Сабақтың тақырыбы: 7санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1. 7саны және цифрымен таныстыру. 7санының шығу тарихын ұғыну. Киелі сан екенін меңгерту.Саналы түсіну машығын жетілдіру
2) Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы танымдық қабілеттерін логикалық ой - өрісін дамыту.
3) Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, суреттер т. б
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ертегі желісімен.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сабаққа назарын аудару.
Бүгін балалар бізде ерекше сабақ болады. Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр. Бір сабақта бірнеше пәннен білімдерімізді қайталап ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Сабағымыздың мақсаты: Өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу, тиянақтау Сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін. Оқушыларды екі топқа бөлу.
1-топ «Алғырлар» 2-топ «Білгірлер»
2. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері.
Мұғалім: - Екі көз не үшін керек? Күннің көзі ашылып,
Балалар: - Жақсылықты көру үшін.
Көкке шуақ шашылып,
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?
Құтты қонақ келіпті,
Балалар: - Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Төрімізге еніпті,
Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?
Амандасу үлкенге
Балалар: - Елге көмек беру үшін.
Тәрбиенің басы ғой.
Мұғалім: - Екі аяқ не үшін керек?
Ал кәнекей бәріміз
Балалар: - Шетте жүрсең,
Сәлем делік үлкенге
Туған жерге жету үшін.
Сәлеметсіздер ме,ұстаздар.

Мұғалім: Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. – деп,
Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.

Ұранымыз: Оқу - білім бұлағы.
Білім өмір шырағы.

«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.

Ұранымыз: Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.

Арайлап нұрлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырап әсем табиғат,
Желекке бөлеп аймақты.

II. Үйге тапсырма: №6 75- бет.
Мағынаны тану:
«Жұмбақ өлең шешейік»
Бір аптаны бөлгенде,
Жеті күн бар білгенге.
Жеті зат бар сөмкеде,
Қарындаш, пенал, оқулық,
Өшіргіш берер тазалық.
Қаламсап керек жазуға.
Үйретер бізді әріпке,
Бәрін қайта атап шық
Саусақ бүгіп санап шық. (жеті)
II. Жаңа сабақ
Балалар бүгін біз 7 санын қосу және азайтуды өтеміз.
7 саны қазақта киелі сан болып есептеледі. Сендер қандай ұғымдарды білесіңдер.

7ата, 7 қазына, 7 күн,
7 санының баспа және жазба түрін көрсету
. 7 саны тақ сан ба? Әлде жұп сан ба? Тақтаға жеті санын жазып көрсету.
Ауада жаттығу.
Теориялық білім беру

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазуға бүгін біз 7 санын жазамыз.

Бір, екі, үш, Отырамыз тып тыныш Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз,

Қаламсапты қолға аламыз, Дәптерді қиғаш қоямыз. Денемізді тік ұстап, Әдемі етіп жазамыз.

1 Қосындының және айырманың мәндерін табу

8+4=12 11-5= 6 9+5=14 12-4=8 8+7=15 6+6=12

9+7=16 16-7=9 7+9= 16 16-9=7 14-7=7 13-6=7

  1. Ойын: Бауырсақ ертегісі: бауырсаққа көмек қажет болып жатыр екен.

Бауырсаққа берілген тапсырманы орындасақ бауырсақты жан-жануарлардан қорғап қаламыз.

Қоянның тапсырмасы: Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

Қасқырдың тапсырмасы: Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

Аюдың тапсырмасы: 100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

Түлкінің тапсырмасы: 2 тапсырмасы бар екен. 1)Математика пәніне арналған қандай тақпақтар білесің?
Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика - Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

2)Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)

Сонымен бауырсақ берілген сұрақтардың барлығына жауап беріп, жан – жануарлармен дос болыпты.

2 «Сынап көру» тәсілімен орындалады.

7+х=15 15-х=7 х=7=8

7+х=16 16-х=7 х-7=9

2)Ойын: «Сөзжұмбақ»
Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбаққа қиналмай
Лезде шешіп тастайық.

«Алғырлар» тобына.
1. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3. Ондықтан құралған сан. Қырық
4. Бір таңбалы сан. Үш
5. Кеміту амалы. Азайту
6. Ұзындықты немен өлшеймііз. Сантиметр, метр


«Білгірлер» тобына.
1. Бір таңбалы сан. Бір
2. Геометриялық фигура. Төртбұрыш
3. Бұрыш түрі. Сүйір
4. Уақыт өлшем бірлігі. Сағат.
5. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер

6. Ең кіші екі таңбалы сан.

3 Өрнектерді жазып, мәнін табу.

7+а а=50, 52, 7

А-7 а=57, 59, 14



3)Ойын: Кірпіге саңырауқұлақ теруге көмектесейік.

4

ШShape2 Shape1 : Тор көз дәпт. – 30 - ? дәптері бар Ш: Тор көз дәпт.-30 -?

Жолды дәпт. – ?, 10–ы кем Жолды дәпт. -? 10-<

  1. Ш: 1) 30-10=20 (дәпт.) – жолды дәпт. Ш:1)30-10=20(дәпт.)-жолды дәпт. 2) 2) 30+20=50(дәпт.) - барлығы

  2. 30+20 = 50 (дәпт.)- барлығы Жауабы: барлығы 50дәптер. Жауабы: 20 жолды дәптер.

3)Ойын: «Пойыздағы есеп»

5 Shape3 Сол жақ бөліктегі есеп оқылады.

ШShape4 : 1-бөшке – 30 кг қ. -?кг қияр

2-бөшке - ? кг, одан 10 кг кем

Ш: 1)30-10=20 (кг қ.) – 2 бөшкеде

  1. 30+20=50 (кг қ.)-барлығы

Жауабы: екі бөшкеде 50 килограмм қияр бар.

Оң жақ бөлігін оқу, шығару. Ш: 1-бөшке – 30 кг қ.

2-бөшке - ? кг, одан 10 кг кем

Ш: 30-10=20 (кг қ.) – 2-бөшкеде Жауабы: екінші бөшкеде 20 килограмм қияр бар.

Сергіту сәті:

Қолға қалам алайын,
Қанша сан бар жазайын.
Қарап тұрмай, сандарды
Қайта-қайта санайын.

Мұғалім, тапсырмаға жауап беру керек.

- Біз сабақта … (тыныш отырамыз).

Біздің көзіміз зер сала қарайды, барлығын … (көреді).

Біздің құлағымыз мұқият тыңдайды және барлығын … (естиді).

Басымыз жақсы … (ойлайды).

Біз сабаққа … (әрқашан дайынбыз).

Пысықтау кезең
«Саққұлақ бидің» сөзімен қорытындылау
Адамның басшысы - ақыл
Жетекшісі - талап
Жолаушысы – ой
Жолдасы - кәсіп
Қорғаны - сабыр
Қорғаушысы – мінез
Сынаушысы – халық

Бағалау. Оқушыларды бағалау. Әр топтың ұпай санын есептеп, жеңген топты мадақтау. Қуанышты хабарлама тарату

Жүректен – жүрекке
Күндей болып күлеміз
Шуақ шашып жүреміз
Бізге келген қонаққа
Гүлді сыйға береміз
Оқушылар өлең жолын айтады.



Үйге тапсырма:

Күнделікті енді алайық, Үй тапсырмасын жазайық. Математикадан алған білімді, Ұмытпай есте сақтайық.

«5» деген бағаға анамыз – «бәрекелді» дейді ғой, «4» деген бағаға – «шіркін» дейді. «3» деген бағаға – «әттең-ай» дейді, Сол себептен бәріміз кілең бестік аламыз.

Қорытынды.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
492
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі