400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

№82 К.Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Гимнастикада жеке, жұптық және топтық жаттығуларды сипаттай және талқылай, жасай және көрсете алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар 3 бөлім № 15-16

Мектеп: №82 К.Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Күні: 28.10.2019ж.

Сынып: 9 Мұғалімнің аты-жөні:

Торгауытов Галымжан Сапаралиевич

Сабақ тақырыбы: Акробатикалық элементтер жиынтығын құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.1. Қозғалыс әрекеттері кезінде сақтандыруды және өзін - өзі сақтандыру орындау

9.1.2.1. Кең ауқымды жаттығуларда, олардың жүйелі түрде комбинацияларды жетілдіру

Сабақ мақсаттары

Қозғалыс әрекеттері кезінде сақтандыруды және өзін - өзі сақтандыру орындай алады

Кең ауқымды жаттығулар жиынтығының комбинацияларын құрады және жетілдіреді

Кәсіби даму мақсаты

Белсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың қозғалыс әрекетін дамыту.

Бағалау критерилері

Акробатикалық жаттығулар кезінде сақтандыруды және өзін - өзі сақтандыру орындайды.

Кең ауқымды жаттығуларда, олардың жүйелі түрде комбинациялар жиынтығын құрады және жетілдіреді

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

  • қауіпсіздік сақтау техникасы, сақтандыру, өзін-өзі қауіпсіздендіру

  • аударылу, тоңқалайлар, тік тұрулар, топтастыру, домалау;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Гимнастикалық жаттығулар сіздің көңіл-күйіңіз бен жақсы сезінуіңізге қалай әсер етеді?

  • Өз жаттығуларыңызды сапалырақ қалай орындауға болады?

Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу.

Командалық жұмыс жүргізуге дағдыландыру

Пәнаралық байланыстар

Адам ағзасындағы өзгерістерді анықтау. Биология

Бастапқы білім

Гимнастика туралы жалпы түсінік

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу

Сабақтың мақсатын түсіндіру .

Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.

2.Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық


Сабақтың ортасы

10 минут




20 минут










(Б) Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

(Б, Т, Ф) Оқушылар топтарға бөлінеді. Бұрын оқыған элементтерден топ бойынша акробатикалық амалдарды орындайды. Амалды басқа топқа көрсетеді. Акробатикалық элементтерді орындағаннан кейін топтар оалрдың жақсы және жаман жерлерін айтады, оларды жетілдіру үшін нұсқаулар береді.

Дескриптор

-Қауіпсіздік ережесін біледі

-Жаттығулар жиынтығын құрады

-Жаттығулар реттілігін орындайды

Бағалау

Оқушылар топпен бірін бірі «екі жұлдыз -бір тілек» әдісімен бағалайды.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, гимнастикалық маттар, таяқтар, әр түрлі доптар, құрсаулар, гимнастикалық көпір, батут


30 минут

















(Т, Тәж, Ф) Жұмыс 4-5 оқушылық топтар ішінде өтеді.

Оқушыларға үйренген техникалық элементтерден акробатикалық композиция дайындауды ұсыну.

Мысал бойынша:

Қыздар: Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, қол жоғары. Бір аяқта тепе-теңдік (ласточка); түзетілу кезінде – бастапқы қалып жүзуші старты, жинақталып, екі біріккен тоңқалаң асып түсу; аударыла домаланып, жауырынға тұру; отырып, аяқ жан-жаққа, қолмен арттан тірелу; аяққа қарай денені еңкею (қолды алға созып); түзелу кезінде, арқада жатқан қалыпқа келу (аяқты бүгіп); мост; бір тізеде тұрып тіреліп бұрылу – жарты шпагат; отырып тірелу; жоғары секіру (қолды сермеп).

Дескриптор

- Бір аяқта тепе-теңдік (ласточка) тұра алады

- біріккен алға асып түсе алады;

- аударыла домаланып, жауырынға тұра алады;

- отырып, аяқ жан-жаққа, қолмен арттан тіреледі;

- аяққа қарай денені еңкейеді

Оқушылар «бағдаршам» әдісімен топты бағалайды.

Ұлдар: тепе - теңдіктегі жаттығу - “ласточка”;

  • алға ұмтылыс, түзу қолдар жан-жаққа;

  • отырып тірелу;

  • алға екі тоңқаланып түсу;

  • жауырында тұру;

  • артқа екі домалану;

  • баспен және қолмен тұру;

Дескриптор

- алға аунап түсе алады;

- жауырында тұра алады;

- артқа екі домаланады;

- баспен және қолмен тұрады;

- акробатикалық жаттығулар ретін орындай алады.

Сұрақ қою: Қай комбинациялар бір-бірімен рет бойынша жақсы үйлеседі? Бір элементтен басқасына дұрыс өтуді қалай орындау керек?


Бағалау

Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалау.



Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, гимнастикалық маттар, арқан




Сабақтың соңы

10 минут

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.

  • Оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты жаттығулар ұсыну.

Топтық композиция мен талқылау сапасы бағалу.

Бірін бірі бағалау

Өзін өзі бағалау.

Гимнастикалық жаттығулар кезіндегі қауіпсізздік ережесін білу.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі