Аналар – асыл
қазынам!
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық
мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге,
қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Қымбатты ата-аналар, сүйікті әжелер, құрметті
әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні
әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.
Мерекелеріңіз кұтты
болсын!
Бала, бала, бала
деп,
Түнде шошып
оянған
Түн ұйқысын төрт
бөліп,
Түнде бесік
таянған.
Қаймақты сүттей
қалқытқан
Суық болса
жөргегі
Қорғасындай
балқытқан
Айналасына ас
қойып,
Өзенді көлдей
шалқытқан.
Қолын қатты
тигізбей,
Иісін жүпар
аңқытқан
Тәрбиеші:
Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы келген
қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді
бастаймыз.Олай болса ортада «Құлыншақ» тобын қарсы
алыңыздар!!!
Бүгін наурыздің 8 -
і
Сұлулықтың
негізі
Әдемі сөз
адамның
Анаға айтар
лебізі.
Ортада балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл
алыңыздар!!!
Клоунның
келуі....
(Балалар клоунға құттықтауды
үйретеді.)
Балалардың жылы лебізін қарсы
алыңыздар.
Айым:
Жылылықтан
тараған
Құшағы оның таң
мекен
Бекарыс:
Менің айдай
анамнан
Асқан сұлу бар
мекен
Әмина:
Ақ анашым,
аппағым,
Өзің жайлы
тақпағым,
Өзің жайлы әнім
де,
Арнадым саған бәрін
де.
Алихан:
Анашым
анам,
Ризамын
саған.
Тілінді
алам,
Ақылды
болам.
Тәрбиеші: Тобымыздың әншілері,
Орнымыздан тұрайық.
Мейірімді аналарға,
«Құттықтаймын ана, туған
күніңмен!» әнін сыйлайық!
Ән: «Құттықтаймын ана
туған күніңмен»
Тәрбиеші:Ананың — біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз!
Тек сіздерге арналады,
Міне, біздің биіміз!
Би:
«Мадагаскар» Ал біздің ұл-қыздарымызды биге
шақырып, биден шашу шашайық.
Клоунның сергіту
сәті.
Тәрбиеші:
Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де
мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар»
деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады
құрметті әжелер.
Тақпақтар:
Ахмади:
Мені жақсы
көреді,
Күндей күліп
жүреді,
Көп ертегі
біледі,
Маған айтып
береді.
Айлин:
Әлпештеген
аялаған
Ақ сүт берген
апатайым.
Сәлем жазып бүгін
саған,
Мейрамын мен
құттықтаймын.
Ғарифолла:
Менің әжем
мейірбан,
Мені жақсы
көреді.
Медина:
Әр сөзімді
жаттаған,
Жүрегімде
сақтаған,
Анашым деп
мақтанам,
Айналайын ақ
мамам.
Аяулым:
Менің әжем жыр
әжем,
Шуағы мол, нұр
әжем.
Клоунның балаларға арналған
ойыны.
Би: «Аю»
биі
Ойын:»Кім тез гүл
тереді?»
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры,
мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген
балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл
алыңыздар.
Тақпақтар:
Сабира:
Анамды мен жақсы
көрем,
Айтқан тілін алып
жүрем.
Қасымда анам
жүргенде
Шаттанып ойнап
күлем.
Әміре:
Сенен өскен
балалар,
Батырлар мен
даналар
Құттықтаймыз
мейраммен
Құрметті
аналар.
Тәрбиеші:Аналардың мейірімі ерекше,
Талпындырған асулар мен белеске.
Аямаған шуағы мен жан нұрын,
Берші анама бар жақсылық, тәңірім!!
– деп тілей отырып, сіздерге дайындаған сыйлығымызды табыс етейік…
(сыйлықтарын аналарға береді)
Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін
беру
Ән: «Топ - топ
балақан»
Клоунның
қоштасуы:
Тәрбиеші:
Астанамыз тұнып тұрған бау болсын,
Сүті теңіз, еті ерен тау болсын,
Бала үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
О, аналар!! Дендеріңіз сау болсын!!
Мерекелеріңіз мәңгілік болсын!
Тәрбиеші:
Сүйкімді ғой
балалар
Өнерлі ғой
баршасы
Міне, осындай
қойылым
Көрсетті «Айгөлек»
бақшасы.
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді
«Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз.
Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан
аман болсын!
Бекітемін:
Келісемін:
«Айгөлек Д» балабақшасының
«Айгөлек Д» балабақшасының
меңгерушісі
_____________Рахимжанова З.М. Әдіскері_________Кирбасова
Н.М.
«Аналар – асыл
қазынам»
«Құлыншақ»тобы
(ертеңгілік)
Тәрбиешілер:
Қуанышбаева
З.С.
Хайратбай
Г.
Қараөткел
ауылы
2021
жыл